Үстеудің емлесі

Пәні:
Қазақ тілі
Пәні:: Сыныбы:
Қазақ тілі: 6-сынып
Пәні:: Уақыты:
Қазақ тілі:
Пәні:: Сабақтың тақырыбы:
Қазақ тілі: Үстеудің емлесі
Пәні::

Құзыреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық

Қазақ тілі: Ақпарат көздері арқылы үстеу туралы бұрынғы білетін түсініктерін пайдалана отырып, үстеудің емлесін меңгерту.
Пәні:: ә) коммуникативтік
Қазақ тілі: Тақырып бойынша оқушылардың алған ақпаратын ауызша және жазбаша тілде пайдалана білу дағдысын қалыптастыру.
Пәні:: б) проблеманы шешу:
Қазақ тілі: Оқушыларға жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар беру арқылы өз беттерімен жұмыстануға дағдыландыру.
Пәні:: Сабақтың түрі:
Қазақ тілі: Аралас сабақ
Пәні:: Сабақтың әдісі:
Қазақ тілі: Сөздік, көрнекілік, практикалық, морфологиялық талдау әдісі
Пәні:: Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:
Қазақ тілі: АКТ, дамыта оқыту
Пәні:: Көрнекілігі:
Қазақ тілі: Интерактивті тақта, плакат, «Жеті қазына» кітабы (1, 2, 3-кітаптары)
Пәні:: Пәнаралық байланыс:
Қазақ тілі: Әдебиет
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің қызметі:
Оқушының қызметі:
Күтілетін нәтиже:
Сабақтың барысы:: I. Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалімнің қызметі::

-Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар.

-Кезекші, бүгінгі сабағымызда барлығы түгел ме?

-Олай болса, оқу құралдарымызды реттеп, сабаққа дайындалайық.

Оқушының қызметі:: Мұғаліммен амандасу, сабақта кімнің жоқ екенін айту, сабаққа дайындалу
Күтілетін нәтиже:: Сәлемдесу арқылы оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық қатынас орнайды.
Сабақтың барысы:: II. Үй тапсырмасын тексеру
Мұғалімнің қызметі::

-Балалар, қазақтардың ертедегі тұрғын үйлері туралы не білеміз?

-Дұрыс-ақ. Ендеше біздер бүгін киіз үйдің құрылысымен танысамыз. Алдымен киіз үй құрастыру үшін не істейміз?

-Дұрыс. Осы әрбір аталған киіз үйдің бөлшектерінің тапсырмасын дұрыс орындасақ, киіз үйді де тез құрастырып боламыз.

-Ал, ендеше керегенің тапсырмасына көшейік. Үй тапсырмасын тексеру.

-Балалар, сіздерге үйге 288, 289-жаттығулар және аталмай жүрген, ұмыт болған салт-дәстүрлер туралы қосымша мәлімет жазып келуге берілген болатын.

-Ендеше, 288-жаттығудан бастап тексерейік.

-Қане, кім дайын?

-289-жаттығу. Сөйлемдерден үстеулерді тауып, олардың түрлерін ажыратыңдар, қай сөзбен тіркесіп тұрғанын айтыңдар.

-Жарайсыңдар, енді аталмай, ұмыт болған салт-дәстүрлер туралы жазып келген қосымша мәліметтерді оқиық.

Оқушының қызметі::

- Қазақтар бұрында киіз үйде тұрған.

-Керегесін тұрғызамыз.

288-жаттығу

Әдейі, жорта, амалсыздан, босқа, бекерге деген мақсат және себеп-салдар үстеулерін қатыстырып, бірнеше сөйлем құрап жазыңдар.

Уақытты босқа өткізгеннен гөрі салт дәстүріміз туралы білімімізді жетілдірген әлдеқайда пайдалы.

289-жаттығу

Бүгін: мезгіл үстеуі-бүгін көрінсе. Ертең: мезгіл үстеуі-ертең шығады. Таңертең: мезгіл үстеуі-таңертең жетіп. Өте: күшейткіш үстеу-өте көңілді. Енді: мезгіл үстеуі- енді барасың. Тез: сын-қимыл үстеуі -тез қимылдамасақ болмайды. Былтыр: мезгіл үстеуі- былтыр барғанда. Сыртында: мекен үстеуі- сыртында бар. Маңында: мекен үстеуі-маңында болады.

Оқушылар жазып келген мәліметтерін оқиды.

Күтілетін нәтиже::

Оқушылар өткен үстеу, үстеудің мағыналық түрлерін үй тапсырмасын тексерту арқылы пысықтайды.

Үстеу тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, білімдерін пысықтайды.

Сабақтың барысы:: III. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық
Мұғалімнің қызметі::

-Енді киіз үй құрастыруды жалғастырайық. Керегеден кейін киіз үйдің шаңырағын бақанмен көтереміз. Шаңырақтың тапсырмасы санжұмбақ шешу екен.

Балалар, мына санжұмбаққа назар аударайық.

Санжұмбақтың тапсырмалары:

  1. Екі я одан да көп түбірдің немесе сөздің бірігіп, тіркесіп немесе қосарланып тұрақтануынан жасалатын үстеулер.
  2. Қимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіретін үстеулер.
  3. Сынның немесе қимылдың белгісін я сапасын күшейтіп, я солғындатып көрсететін үстеулер.
  4. Ілгері, кейін, жоғары, төмен үстеулері үстеудің қай мағыналық түріне жатады?
  5. Сөйлемде қимылдың, сын-сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын білдіріп, өзгертуге келе бермейтін сөз табы.
  6. Әрқандай тұлғадағы өз деген есімдіктен құралатын есімдік түрі.
  7. Бірде ешқандай қосымшасыз тұрып, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін бірде кім? не? деген сұрақтарға жауап беріп бастауыш я баяндауыш қызметін атқаратын сөз табы.
  8. Таң және ертең сөздерінің бірігуіне жасалған күрделі үстеу.
  9. Қашан? қашаннан? Деген сұрақтарға жауап беретін үстеудің түрі.
  10. Бірталай, онша, сонша, қыруар үстеулері үстеудің қай түріне жатады?
  11. Жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін есімдіктің түрі.
  12. Күшейткіш үстеулер құрамы жағынан қандай болып келеді?
  13. Үстеулердің сөйлемдегі қызметі.
  14. Мен, сен, сіз, ол есімдіктері есімдіктің қай түріне жатады?

-Санжұмбақтың шешуі қалай болды?

-Ендеше, біздің бүгінгі тақырыбымыз -үстеудің емлесі.

Оқушының қызметі::

  1. Күрделі (ү)
  2. Мақсат (с)
  3. Күшейткіш (т)
  4. Мекен (е)
  5. Үстеу (у)
  6. Өздік (д)
  7. Есімше (і)
  8. Таңертең (ң)
  9. Мезгіл (е)
  10. Мөлшер (м)
  11. Жалпылау (л)
  12. Негізгі (е)
  13. Пысықтауыш (с)
  14. Жіктеу (і)
  • Үстеудің емлесі
Күтілетін нәтиже::

Үстеу, үстеудің мағыналық түрлерін пысықтауға арналған санжұмбақты шеше отырып, үстеудің емлесін меңгеруге дайындалады. Қазақтың киіз үйі туралы білімдерін кеңейтеді.

Үстеудің мағыналық түрлерін естеріне түсіреді.

Сабақтың барысы:: IV. Жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру
Мұғалімнің қызметі::

-Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазамыз.

-Балалар, киіз үйдің шаңырағынан кейін оны уықтармен бекітеміз. Ал уықтар бізге үстеудің емлесін дұрыстап түсініп алуды тапсырған екен. Олай болса, мұқият тыңдайық.

-Мына мысалдарды дәптерімізге жазайық:

Әдетте киіз үйі барлар жаздыгүні маусым айында үй тіге бастайтын.

Ақ ордаға жиналған қонақтар емін-еркін әңгіме-дүкен құрды.

Бүгін халық жайлауға көшіп, күні бойы үйлерін тігумен болды.

Оқушының қызметі::

Оқушылар күннің жады мен тақырыпты дәптерлеріне жазады.

Наурыз айының екісі.

Үстеудің емлесі

Оқушылар мысалдарды дәптерлеріне жазып алады.

Әдетте киіз үйі барлар жаздыгүні маусым айында үй тіге бастайтын.

Жаздыгүні : жаздың+күні сөздерінің бірігуі арқылы жасалған, күрделі мезгіл үстеуі.

Ақ ордаға жиналған қонақтар емін-еркін әңгіме-дүкен құрды.

Емін-еркін: күрделі сын-қимыл үстеуі, сөздердің қосарлануы арқылы жасалған.

Бүгін халық жайлауға көшіп, күні бойы үйлерін тігумен болды.

Бүгін: бұл+күн сөздерінің бірігуінен жасалған, күрделі мезгіл үстеуі.

Күні бойы: сөздердің тіркесуінен құралған күрделі мезгіл үстеуі.

Күтілетін нәтиже::

Оқушылар ақпарат көздері арқылы үстеудің емлесін меңгереді.

Мысалдар арқылы сөйлемдерден үстеулерді тауып, оларға сұрақ қойып, қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын ажыратуды үйренеді.

Берілген сөйлемдерді оқи отырып, киіз үй туралы танымдарын кеңейтеді.

Сабақтың барысы::

V. Жаңа білімді бекіту

Мұғалімнің көмегімен бекіту

Оқушының өз бетімен бекітуі

Мұғалімнің қызметі::

-Балалар, киіз үйдің енді есігін орналастыруымыз керек. Киіз үйдің есігі-сықырлауық деп аталады.

Сықырлауықтың тапсырмасына көшелік.

-Оқулықпен жұмыс. Балалар, енді жаттығулармен жұмыстанайық.

-Балалар, киіз үйдің қаңқасын құрастырып болдық. Енді оның сырты киізбен жабылады. Осы кезеңнің тапсырмасын орындайық.

-Осымен балалар, киіз үйді құрастырып болдық. Оның құрылысымен таныстық.

Киіз үйді қазақ халқы «қасиетті, киелі қарашаңырағымыз» деп дәріптеген. Ұлттық құндылықтарымызды қадірлейік, балалар!

Оқушының қызметі::

Оқулықпен жұмыс:

292-жаттығу

Енді -мезгіл үстеуі. Күн-түн -мезгіл үстеуі. Бұрын -мезгіл үстеуі. Ілгері - мекен үстеуі. Күні-түні -мезгіл үстеуі. Талай-талай -мөлшер үстеуі.

293-жаттығу

Әбден ұзап, оң жақ бүйірге қарай, артына түсті, онша жақындаған жоқ, енді жүре бастады, ақырын жүре бастады, алды-артына қарайды, әрлі-берлі бұрылып, жанына жақындай, үстінен гүрс ете түсті.

294-жаттығу

Кейіннен келе жатқан, артына қарады, біраз жүрген соң, жан-жағына қарап тұрды, бір күн жүріпті, бір түн жүріпті, таңертең түскен, үстінде келе жатып, лезде тыпырлағандай, оңынан шығып, солынан


Ұқсас жұмыстар
Есімдіктерді салыстыр
Тіл білімінің салалары
Сабақты етістіктер кімді
Үстеудің мағыналық түрлері. 6 сынып
Практикалық қазақ тілі
Төмендегі үстеулерге мағынасы жуық үстеулер тауып жаз
Күшейткіш үстеу
Ауызекі сөйлеу стилі
Қытай Ұлттық кітапханасы
Өлеңдерінің көркем тілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz