Мұхит ағыстары

Сабақтың тақырыбы: Мұхит суының қозғалыстары.
Сабақтың мақсаты : 1. Дүниежүзілік мұхит ағыстары туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру, ерекшеліктерімен таныстыру.
2. Ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойларын жеткізе білуге, қорытынды жасау арқылы алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру.
3. Оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру, пәнге деген танымдық қызығушылықтарын арттыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пайдаланған технология: СТО, А-КТ
Әдіс-тәсілдер : фронталдық қайталау, графикалық диктант, «Топтастыру» стратегиясы, филворд, сәйкестендіру.
Сабақтың көрнекілігі : интербелсенді тақта, д. ж. ф. картасы, атластер мен кескін карталар, смайлдар, филворд, бағалау парағы, сәйкестендіру тесті, слайдтар, графикалық диктант
Сабақтың барысы :
- Ұйымдастыру кезеңі
«Көңіл күй қоржыны» смайлдары арқылы оқушылардың көңіл күйін білу, сыныптың жағымды эмоциялық ахуалын қалыптастыру
- Өткен тақырыптар бойынша фронталдық қайталау
- Жердің қабықтарын атаңдар
- Атмосфера деп нені айтады?
- Атмосфера қабаттарына сипаттама беріңдер/слайд 1/
- Литосфера деп нені айтады?
- Литосфералық тақталарды картадан көрсетіп, атаңдар
- Жердің ішкі құрылымы туралы не білесіңдер?/слайд 2/
- Биосфера дегеніміз не?
- Тірі ағзалар неше патшалыққа бөлінеді? Оларды атаңдар/слайд 3/
- Гидросфера деп нені айтады?
- Гидросфераның компоненттерін атаңдар
- Мұхиттың орташа тұздылығы қанша? /350/00/
- Не себепті Балтық теңізінде тұздылық аз /2-50/00/, ал Қызыл теңізде жоғары /39-400/00/? Карта арқылы дәлелдеңдер
- Неліктен мұхитты жылу қорының жинаушысы дейді?
- Мұхит суының орташа температурасы қандай? /17, 50С/
Бірін-бірі бағалау. Бағалау парағын толтыру
- Семантикалық картамен жұмыс
Тексеру. Бағалау парағын толтыру.
- Жаңа материалды меңгерту
1/ Мұхит ағыстары. /слайд 4/
Жер шарындағы мұхиттар мен теңіздердің суы бір орында қалмай, ұдайы бір жерден екінші жерге ауысып барып жатады. Су массасының белгілі бір ізбен горизонталь бағыттағы қозғалысы мұхит немесе теңіз ағысы д. а.
Ағыс тудыратын басты себеп - тұрақты желдер .
Суының температурасына қарай ағыстың жылы және суық түрлері ажыратылады. Картада жылы ағыс қазыл, суық ағыс көк түспен көрсетіледі. Ағыс бұлайша салыстырмалы түрде бөлінеді. Төңірегіндегі судың температурасына қарағанда жылы ағыстың суының температурасы жоғары, суық ағыстікі төмен болады. Мысалы Перу ағысында судың температурасы экваторға жақын маңда 22 0 С. Бірақ ол суық ағыс деп есептелінеді, өйткені оның суының температурасы төңірегіндегі судың температурысынан 5-6 0 С төмен. Ал Баренц теңізінде Атлант мұхитынан келетін ағыстың суының температурасы небәрі 2 0 С шамасында. Дегенмен ол жылы ағыс түрінде бейнеленген, өйткені оның суы төңірегіне қарағанда 1-2 0 С болса да, жылы. Әдетте жылы ағыс Жер шарының төмен ендіктерінен жоғары ендіктеріне қарай, ал суық ағыс, керісінше жоғары ендіктерден төмен ендіктерге қарай бағытталады.
1-тапсырма
Топпен жұмыс
Мұхит ағыстары картасынан өз қалауларың бойынша
1-топ - 1 суық
2-топ - 1 жылы ағысқа сипаттама беріңдер.
Ағыстың қайдан басталатыны, қай бағытта ағатынын анықтаңдар. Не себепті суық немесе жылы деп есептелетінін дәлелдеңдер
Жұмыстарын қорғау
Топтар бірін-бірі бағалайды. Бағалау парағын толтыру.
2-тапсырма
1-топ - суық ағыстарды
2-топ - жылы ағыстарды кескін картаға белгілеңдер
Тексеру. Өзін-өзі бағалау. Бағалау парағын толтыру
2/ «Танып ал да, атын ата» атласпен жұмыс /слайд 5/ /Перу, Бенғал, Батыс желдері ағысы/
«40-ызылдақ», «50-жойқын», «60-ызғарлы» ендіктердегі үздіксіз соғатын желдерден пайда болған, оңтүстік мұхиттық ағыстарды атаңдар
Мұхит ағыстарының материк жағалауларының климатына әсері өте үлкен. Ағыстар жауын-шашынның да мөлшеріне әсер етеді. Мұхит суы толқындар мен ағыстардың әсерінен үнемі араласып жатады. Салқын су төмен қарай бағытталып, жылы су жоғары көтеріледі. Терең шұңғымаларда да су өте баяу болса да араласады. Араласқан су өзімен бірге терең қабаттарға қоректік заттар мен газ алып барады.
- Бекіту
1 / Филворд шешу /слайд 6/
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz