2-сынып математикасы: Санды және әріпті өрнектерді жазу, мәнін табу және есептер құрастыру

Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер

Сабақтың мақсаты: 1. 1-сыныпта алған санды және әріпті өрнектер туралы алған білімдеріне сүйене отырып, өрнектерді жазу және мәндерін табу жолдарын үйрету, берілген сызба нұсқалар арқылы есептер құрастырып шығару жолдарына машықтандыру;

2. Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосып, азайтуды басшылыққа ала отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрістерін арттыру;

3. Есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, шапшаңдыққа, сауатты жазуға, өзара көмекке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, көрнекіліктік.

Көрнекілігі суреттер

Қосымша материалдар : дидактикалық үлестірмелі материалдар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды сабаққа дайындау.

2. Өткенді бекіту: математикалық диктант

- а-ға 6-ны қос; 20-дан а-ны азайт; 2-ге, 4-пен а-ның қосындысын қос

- Қандай өрнектер жаздық? Бұлардың мәнін таба аламыз ба?

- Әріпті өрнектердің мәнін табу үшін не істейміз?

3. Үй тапсырмасын тексеру: парта бойынша тексеріп өту

4. Жаңа сабақ:

Тақтамен жұмыс: №1 есеп: берілген тапсырмаларды оқып, талдау жүргізу;

20 - 1 76 - 6 90 - 10 19 + 1 70 + 6 90 + 10

- Бұлар қандай өрнектер? (санды өрнектер) Олардың мәнін бірден таба аламыз ба?

№2 есеп:

а - 8 а - 30 а = 38 а + 8 8 + а а = 30

  • Бұлар қандай өрнектер? Оларды қалай табамыз? (олардың мәнін табу үшін әріптердің орнына қойылатын белгілі бір сан болу керек)

№2 есеп: Өткенді бекітуге арналған тапсырма: (Оқушылар екі топқа бөлініп орындайды. Әр қатар өз тобының есебін шығарады)

5. Өзіндік жұмыс: № 3 есеп:

Әр жолдағы сандарды салыстыру; Әр бағандағы сандарды салыстыру

Әр қатардағы сандар бір бірлікке, әр жолдардағы сандар 1 ондыққа артып отырады.

6. Сергіту сәті: «Кел, ойнайық!» (жылжымалы суреттер пайдалану)

Күз мезгілі келіп, қара суық басталыпты. Ормандағы аңдар ауырып қалыпты. Олар дәрігер Айболитке келіпті. Айболит олардың кезекке тұруын өтініпті. Біз аңдардың таласпай кезекке тұруына көмек көрсетейік

№4 есеп: Есептер құрастырып, оларды шығару

7. Бекіту: №5 есеп: Суретте берілген көпбұрыштарды салыстырту

- Оларды неліктен көпбұрыштар деп атаймыз?

- Көпбұрыштар үшбұрыштан басталады. Сондықтан бұл жерде төрт көпбұрыш бар.

- Олардың барлық төбесі - 16, барлық бұрыштары - 16, барлық қабырғалары да - 16.

8. Шығармашылық тапсырма:

Самат екі балықтан, Марат бір балықтан ұстаса, барлығы 12 екі балық болса, онда Самат барлығы 8 балық, Марат 4 балық ұстаған .

9. Қорытынды:

- Сонымен әріпті өрнектің мәнін қалай табуға болады? Санды өрнектердің мәнін ше?

- Санды өрнек пен әріпті өрнектің қандай айырмасы бар? Қандай амалдар қолданамыз?

10. Үйге тапсырма: № 6 есеп (33-бет) 11. Бағалау:

(2 сынып математика сабағы)


Ұқсас жұмыстар
Математика 1-сынып: Әріпті өрнектерді құрастыру, жазу және мәнін табу
1-сынып математикасы: Өрнек - әріпті өрнекті санды өрнекке айналдыру және 10-а өрнегінің мәнін табу
2-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Әріпті өрнектің мәнін табу
2-сынып математикасы: Екі және үш амалдан тұратын әріпті өрнектерді салыстыру
Санды және әріпті өрнектер: бастауыш сынып математикасы сабақ жоспары
5-сынып математикасы: Санды және әріпті өрнектерге арналған сабақ жоспары
Бастауыш сыныпта санды және әріпті өрнектерді құру, оқу, салыстыру және тік төртбұрыштың периметрін есептеуде қолдану
2-сынып математикасы: Қосынды мен айырманың мәнін табу және қосу мен азайтудың компоненттері
1-сынып математикасы: Санды және әріпті өрнектерге арналған сабақ жоспары
5-сынып математикасы: Теңдеу - анықтамасы, түбірін табу және теңдеу құрастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz