Шымкент қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі коучинг үдерісінің жаңашыл мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырудағы рөлі

Шымкент қаласы физика-математика

бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Баубекова Нұрсәуле Әлімханқызы

География пәнінің мұғалімі

Коучинг үдерісі және оның жаңашыл педагогтардың шеберлігін арттырудағы ролі

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының екінші деңгей бағдарламасының мазмұны - "Мұғалімдер оқушыларды ххІ ғасырға қалай дайындайды?"- деген мәселені шешуге бағытталған. Оқу кезінде және мектептегі практика жүргізу барысында менің түсініп, байқағаным: коучинг үдерісі - әріптестер арасында оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, жаңа тың идеялармен ой бөлісу, сол арқылы мұғалімдер өз жұмыстарының жекелеген салаларын дамыта отырып, анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді. Менің мұндай пікірге келуіме өзімнің Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі әріптестеріммен бірге өткізген коучинг сабақтарымның нәтижесінде көзім жетті десем болады.

"Диалог-оқыту процесінің басты құралы" тақырыбында әріптестер арасында шығармашылық дағдыларды дамыту мақсатында өткізілген коучингте ұстаздар диалогтік оқыту дегеніміз не, әңгіменің түрлері мен ерекшеліктері, диалогтің оқыту мен оқу кезеңдеріндегі оқушылардың өзара қарым-қатынасында алатын орны жайында топпен іс-әрекеттер жүргізіп, жан-жақты шешуге тырысты. Коуч ретінде мұғалімдерге жалпы диалогтік оқу, оған қысқаша шолу жасай отырып, әңгіменің түрлеріне, оның оқыту процесінде өзара ынтымақтастық орната отырып, бір-бірін, топтың жасаған іс-әрекеттерін бағалай білудегі ықпалы, сол арқылы оқушылармен жұмыс жүргізу барысында жетістікке жетуге болатыны жайлы түсініктеме беріп өттім. Әріптестеріме сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған бірнеше жаңа әдіс-тәсілдерді айта келіп, соның ішінде "Адасқан әріптер" деп аталатын ойын - сабақ өттім. Оның негізгі мақсаты: ойын барысында өзара іс-әрекет ету, жұптаса отырып берілген тапсырманы білу, түсіну, алдыңғы берілген тапсырманың есте сақталу дағдысын дамыту. Онда ұстаздарға әртүрлі әріптердің қиындысын беріп, тақырыпқа байланысты сұрақтар қойдым.

D:\Новая папка\коуч сурет\20150616_154431.jpg D:\Новая папка\коуч сурет\20150616_153348.jpg

Коучинг сабағының келесі бөлімінде «Көзбен көрген айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау» деп аталатын тапсырмалар негізінде топтарға әртүрлі жағдайдағы жеке-жеке суреттер берілді.

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\CTO\102657994_1373015971_pravila_mudroy_zhizni.jpg

Бұл тапсырманың мақсаты: Суретттерге қарай отырып оны жан-жақты, әр-түрлі жағдайда сыни тұрғыдан бағалау, көзбен көру арқылы есте сақтай білу дағдысын қалыптастыру. Осы суреттер негізінде өз ойларын қағазға түсіруге уақыт беріліп, ол туралы топтың ойлары тыңдалынды. Түрткі сұрақтар арқылы жауаптары толықтырылды. Бұл тапсырмаларды орындау барысында әріптестерімнің алдыңғы коучингке қарағанда бір-бірімен біріге отырып іс- әрекет етуі, қарым-қатынас жасай отырып тапсырмаларды орындауы, әр тапсырманы сабақтың қандай кезеңдерінде қолдануға болатындығы жайында өзара ой-пікірлерімен бөлісіп отырды.

«Ауызша алынған ақпараттар туралы сын тұрғысынан ойлау» тақырыбы бойынша берілген тапсырма «Қара жәшік» деп аталынды, мұнда қорап ішіне жасырылған затты коучердің оқып тұрған шығу тарихынан бастап берілген мәліметтеріне сүйене отырып, болжау әдісі бойынша ойлары айтылып, дұрыс болғанға дейін ол зат туралы сипаттама жасалынды. Әр түрлі пікірлер айтылып, соңынан дұрыс жауабы берілді. Осы тапсырманы ары қарай жетілдіре отырып, шешілген жауаптағы затты "Блум таксаномиясы" стратегиясына сала отырып қорғап шығу керектігі тапсырылды. Осы тапсырма аясында жасалынған іс-әрекеттер барысында да әріптестерімнің жаңаша оқыту процестеріне, оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуда сабақ кезінде осындай тектес тапсырмаларды құрастырып берсек те болады екен -ау деген ойлары туындады.

«Оқыту үдерісіндегі кедергілерді анықтау және оны шешу » деп аталатын келесі коучингті таңдап алғандағы мақсатым : оқыту процесінде кездесетін кедергілерді анықтау және оны шешу жолын белгілеу деп алдым. Коучингте «Қашықтықтан басқару» тренингісін пайдаландым. Ортада бір-біріне арқасын беріп отырған екі мұғалім он жолақ қағаздан бірі нұсқаушы ретінде фигураны жасау жолын баяндаса, екіншісі орындаушы ретінде сол фигураны жасап шықты. Нұсқаушының баяндауы бойынша төрт бұрышты фигура бейнесі шығу керек еді, бірақ дәл олай болмады.

20150923_173130 20150923_172047


Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшісінің оқушылардың білім сапасын арттырудағы рөлі: коучинг жоспары және кәсіби ынтымақтастық
Білім беру сапасын арттырудағы мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігі мен филологиялық пәндердің рөлі
Диалогтік оқыту: мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыруға арналған коучинг
Желілік қоғамдастықтар - мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру құралы: коучинг-сессия жоспары
Атырау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Мәңгілік ел-мұратым Бәйтерек зияткерлік сайысы (10-сыныптар, 2015)
Коучинг пен тәлімгерлік: 7 модульді бағдарлама негізінде мұғалімдердің кәсіби дамуы (С. Мәуленов атындағы гимназия тәжірибесі)
Мұғалімдердің кәсіби дамуы: топтық жұмысты ұйымдастыру және сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құруға арналған коучинг
Физика пәні бойынша ҰБТ-ге дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері мен мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру
Lesson Study арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуы және оқыту мен оқуды жетілдіру: Семей қаласы №31 мектептегі коучинг пен зерттеу тәжірибесі
Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер: 12 жылдық білім және мұғалімдердің кәсіби даму рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz