Шырынды жемістер

Күні Сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Жемістер
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: оқушылардың жемістер бойынша алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, жемістерге тән белгілерді оқып үйренуге жағдай жасау.
Ә) Дамытушылық: оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, кітапқа деген қызығушылығын дамыту, білімін нақтылау және қисынды ойлануын дамыту.
Б) Тәрбиелік: оқушыларды өз бетінше ізденімпаздыққа, шығармашылық қабылеттерін дамытуға, еңбектенуге, өзара білімдерін тексеріп бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ типі : Аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақ әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс.
Көрнекілік: интерактивті тақта, тірек-сызбалар, дидактикалық материалдар.
Пәнаралық байланыс : география, экология
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныпты ІІ топқа бөлу. (І- топ «шырынды жемістер», ІІ-топ «құрғақ жемістер») . Жемістер толы ыдысты ортаға қойып, оқушылардың таңдауы бойынша топқа бөлінеді. .
І. Білу.
«Иә-жоқ» ойыны: слайдта жемістердің суреті тұрады. Әр оқушы жемісті алу арқылы артында жасырулы тұрған сұрақтарға «Иә-жоқ» деп жауап беру керек.
- Қызанақ- ішінде тұқымдары көп, сыртқы қабығы жұқа жидек тәрізді жемістерге жатады ма? Иә
- Шабдалы -құрғақ жемістерге жатады ма? Жоқ
- Алма -шырынды жемістерге жатады ма? Иә
- Асбұршақ- тұқым саны біреу құрғақ жеміске жатады ма?
- Бидай- бір тұқымды, ал жемісі дәнек деп аталады ма? Иә
- Жүзім- жемісі сүйекті шырынды деп аталады ма? Жоқ
- Өрік-сүйекті шырынды жемістерге жатады ма? Иә
- Картоптың -жемісі жидек деп аталады ма? Иә
- Апельсин -сырты жұқа, жемісі жидек тәрізді деп аталады ма? Жоқ
- Лимон - қабығы қалың, қатты, жидек тәрізді жеміс па? Иә
ІІ. Түсіну.
ІІІ. Қолдану.
«Қатені тап» тәсілі :
ІҮ. Талдау.
Сөзжұмбақ «Жемістер»
Сұрақтары:
- Жеміс қабы ағаштанып, қатайып кететін жемістің аты? (жаңғақ)
- Бір тұқымды жеміс? (дәнек)
- Қабығы қалың, жидек тәрізді жемістің аты? (лимон)
- Бір ғана гүлден дамитын, көбею мүшелерінің соңғы сатысы? (жеміс)
- Жемісі құрғақ бұршаққап деп аталатын жеміс? (асбұршақ)
- Сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ шырынды жеміс? (қарақат)
- Піскенде екі жағындағы жіктері өздігінен қақырап ашылып, тұқымдары сыртқа шашылатын жеміс? (беде)
- Сүйекті шырынды жеміс? (алхоры)
Ү. Жинақтау .
«Жұмбақ шешу» әдісі:
І топқа:
Аласа ғана бойы бар,
Қойнына тыққан наны бар.
/Бидай/.
Бойы бір қарыс,
Сақалы екі қарыс.
/Жүгері/.
Мұнда тау,
Онда тау,
Ортасында көп шөп.
/Пісте/.
Көк лағым көгенде тұрып семірген.
/Қарбыз/.
Құдая, құдіретіңнің панасынан,
Таңым бар мен құдайдың бар күшіне,
Анасы туады екен баласынан.
/Қауын/.
Алма дерсің, түсіне қарап,
Жүгері дерсің, ішіне қарап,
Татсаң тәтті, бал шәрбәтті.
/Анар/.
Өзі қызыл, өзі қызық,
Ортасында бір сызық .
/Шабдалы/.
Бұты, бұты ұзын,
Бұтынан да қолы ұзын.
/Жүзім/.
Аласа талда алуан алма,
Алқызыл болмай аузыңа салма.
/Помидор/.
Аласа ғана бойы бар,
Қабат-қабат тоны бар.
/Капуста/.
Жер астында ақбоз ат,
Терісі бар он қабат.
Жалынан ұстап соярсың,
Жей бастасаң жыларсың.
/Пияз/.
ІІ топқа:
Өзі қызық,
Бауырында бар
Жалғыз сызық,
Бұған жұрттың бәрі де ынтық.
/Бидай/.
Жерден шығар көгеріп,
Беліне қылыш байланып.
/Жүгері/.
Соғым үшін сайлап қойдым,
Бордақылап байлап қойдым.
/Қарбыз
Ұзын-ұзын әулие,
Онан да ұзын әулие.
Тораңғылдың түбінде,
Теңкиіп жатқан әулие.
/Асқабақ/.
Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от,
Ішін жарып қарасаң-
Майда, майда қызыл шоқ .
/Анар/.
Ирек-ирек әкесі бар,
Желбіреген шешесі бар,
Тәттібике деген қызы бар.
/Шие/.
Азар, азар кетті,
Әкесі мазар кетті,
Баласы базар кетті.
/Жүзім/.
Бес ай тамам біткенде,
Қаптап алдым құмалақ.
/Картоп
Бір күмбездің ішінде мың күмбез.
/Жуа/.
ҮІ. Бағалау:
Кері байланыс:
ҮІ. Үйге тапсырма.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz