Халық ауыз әдебиеті

Ана тілі 4 сынып ( Атамұра )
С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Р. Базарбекова.
І бөлім. Халық ауыз әдебиеті үлгілері
№1. Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры. Ер Тарғын жырынан.
Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды көркем сөздің шынайы үлгісімен таныстыру мақсатында қазақтың асыл мұрасы - халық ауыз әдебиеті үлгілері жайлы анықтама беріп, әдебиет теориясынан қарапайым түсініктер беру;
2. Халық ауыз әдебиетінің бір түрі батырлар жырымен таныстыра отырып, өзінше жазылу ережелері болатындығы жайлы, шығарманы толық талдауға жаттығуға баулу;
3. Оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелей отырып, ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау; балалардың өзіндік жұмыс істеуіне, өмірімен байланыстыра отырып білімге деген құштарлығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың ұстанымдары : жүйелілік, көрнекілік, тілдік сезімді дамыту.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, тілдік сезімді дамыту, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: кітап, суреттер, сызбалар.
Сабақта күтілетін нәтижелер:
- Оқушылардың жырды оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
- Сол сезімін әңгімелеп беруге ынталандыру.
Сабақта қолданылатын стратегиялар:
- Ой қозғау.
- Галереяны аралау.
- Түртіп алу жүйесі.
- Топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ . Мақсат қою кезеңі :
сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, оқуға зер салыңдар.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ер Тарғын жырынан үзінді.
Сабақты бастамас бұрын бір шумақ өлең оқылады.
Кіріспе: 1. Ана тілі оқулығымен, жазған, құрастырған адамдар жайлы, шығарған баспамен таныстыру. Кітапты күтіп ұстау, оған көп адамның еңбек еткені, кісі еңбегін сыйлау керектігін, өзінен кейін тағы кіші достары ұстайтынын ескерте кету.
2. Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады. Сендер бұл бөлімде ертегілерден бастап ауыз әдебиетінің көптеген түрлерімен танысасыңдар. Ауыз әдебиетінің түрлері көп, олардың ерекшелігіде әр түрлі.
Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жататынын білесіңдер ме?
- оқулықпен жұмыс.
- Жырды түсініп, іштей, тізбектей, жеке-жеке оқу. б/
Ой қозғау: Енді “Ер Тарғын” сөзіне түсінік берейік, жұпта ой толғау. Ер сөзіне түсінік: ойларын тізбектеп жазамын: ер, ерлік, батыр, ер жүрек, жауынан қорықпайды, жалғыз жауға шабады, мықты т. б. Ер Тарғын жыры туралы айтып, суретін көрсетемін, не байқағандарын сұраймын, басқа да қазақ батырлары туралы сұрақ-жауап аламын. Э
Ал, балалар, енді кітаптың (27-бетіндегі) “Ер Тарғын” жырынан үзінді берілген, соны оқып танысамыз. Қалам алып, түртіп алу жүйесі бойынша (+, ?, v, -) жұмыс жүргізіп, сөздік жұмысты жүргізетінімізді ескертемін.
Мәнерлеп оқытамын. Диалог сұраққа жауап аламын.
- Жыр кімнің атынан баяндалған?
- Жырда қанша кейіпкер бар? т. б. сұрақтар қоямын.
Сөздік жұмысын (-) жүргіземін. Түсінбеген сөз, сөз тіркестерін өздерінен сұрақ-жауап алып, күрделі сөздерге түсінік беремін. Рольмен оқытамын. Топта талдау жұмысы, топпен жұмыс стратегиясы бойынша әр үй тобына сұрақтар жазылған карточкалар таратылады. Әр топқа (5 минут) уақыт беріледі.
Топпен жұмыс:
І топтың сұрағы: Жыр қалай басталады? Жыр туралы не білесің?
Жырда қандай батырлар бар?
Оқиға қай заманда болған?
Тарғын кіммен кездесті?
Не үшін кездесті?
Оның сырт бейнесінен нені байқадың?
ІІ топтың сұрағы: Домбауыл қай елдің батыры?
Ол қандай адам деп ойлайсың?
Саған үнады ма?
Жоқ әлде ұнамады ма?
Неге ұнамады?
ІІІ топтың сұрағы: Жырдан қалмақ батырларының сөзін тап.
Ол Ноғай елінің батырын неге теңейді?
Дұрыс па? Неге?
Келісесің бе?
Келіспейсің бе?
ІV топтың сұрағы: Ер Тарғын қай елдің батыры?
Оның жауабын тауып бер, саған ұнады ма?
Тарғын қандай деп ойлайсың?
Мінездеме бер.
V топтың сұрағы: Тарғын қалай аман қалды?
Оқиға қалай жалғасты?
Екі батырдың шайқасуы туралы не айтар едің?
Кім жеңіске жетті?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz