Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар
Файл қосу
Әліппе кезеңінде алған білімдерін көрсету
Қарағанды қаласы № 32 ЖББОМ
Дарибаева Т.К.
Тақырыбы: <<Әліппе, саған мың алғыс!>>
Мақсаты: Әліппе кезеңінде алған білімдерін көрсету, өткен 42 әріпті еске түсіру. Жатқа айту дағдыларын, еркін сөйлеу, тез ойлау қабілеттерін көрсету. Өз Отанын сүюге, үлкенді сыйлауға, кітапты қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: әріптер жазылған қалпақтар, шарлар, тапсырмалар, <<Әліппе>> видео оқулығы, ширма. <<Білім кілті-Әліппе>> ұлағатты сөзі, А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин портреттері мен Әліппенің ,Ана тілінің суреттері.
Күй <<Сарыарқа>>
1 жүргізуші: Қыр гүліндей жайнаймыз,
Ән сап, билеп ойнаймыз.
Бүгін бізде мереке,
Әліппе тойын тойлаймыз.
2 жүргізуші: Тал шыбықтай бойына,
Әдемі көйлек жарасар.
Ортада біздің сүйікті,
Балдырған балғын балалар.
1 жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сАяжанәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілімен құрметімізді көрсетіп,
Бүлдіпшіндерді шақырайық ортаға.
2 жүргізуші:- ортаға 1 <<Ә>> сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Тілеулес Құсайынқызын және 1 <<Е>> сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Баян Исайынқызын шақырамыз.
Музыка <<Үйретеді мектебімде>>алдында сынып жетекшісі, соңында 5 сынып оқушылары бар балалар залға кіреді. Екі қатарға тұра ды.
Мұғалім: -Құрметті ата-аналар, ұстаздар,оқушылар! Бүгін сіздер 1 <<Ә>> және 1 <<Е>> шәкірттерінің << Әліппе саған мың алғыс! атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі - әліппені бітіріп отырмыз. Бүгін біз шексіз құаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан , біздің жақын досымыз әліппемен қош айтысар кез келді. Білім әлемінің беташары - Әліппені табысты аяқтауымен құттықтаймын.
Ендеше, ортаға қонақтарымызды шақырайық. Мектеп директоры: А.И. Хомин. Оқу ісінің меңгерушісі: Ж.М.Мұхаметқалиева. Кітапханашы Г:И.Буяло, ата-анамыз әрі қарт ұстаз Г.М.Керимова және бастауыш сынып мұғалімдерін төрге шығуларын сұраймыз.
Аудио тыңдау <<Әліппенің шығу тарихы >>
1. Аида: Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып.
Қарсы алды ұстаз мейіріммен,
Қадамымды құп алып.
2. Аружан: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
3. Темірлан: Іші толы әріпке,
Мынау әйбат, Әліппе
Барлық ілім-білімнің
Әжесі осы Әліппе
4.Камила: Жақсы кітап Әліппе,
Үйретеді әріпті.
Қуыршақпен қоштастым,
Әліппемен достастым.
5. Айдана: Мынау менің әліппем,
Көгілдір тудың түсіндей.
Ақылшы жақын досымдай,
Қымбатты маған кісімдей.
6. Жанель: У. Анам менен әкемде,
Атам менен апамда.
Небір мықты дарын да,
Тіл сындырып, әріпке,
Ашқан алғаш әліппе.
7. Елдар: Бірінші беттен елімнің,
Елтаңбасын таныдым.
Көк байрақты қазақтың,
Ұрпағымын, сәнімін.
8. Медет: Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық, тойладық.
9. Айкүміс: Оқитын Әліппемді
Ата-анам алып берді.
Тізілтіп жазам енді,
Әдемі әріптерді.
10. Дильназ М: Ең алғаш алғанымда әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Хор <<Әліппе>>
11. Рәміл: Иә, келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе.
12. Мадина: Әліппем, менің, әліппем
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
13.Сәкен: Ата-апа атын сен,
Бізге үйреттің әліппе.
Бізге нағыз жақынсың,
Сенен білдік әріпті
14.Әсел: Арта берді кітапқа,
Бойымдағы құмарым.
Бірге жүрген қасымда,
Кітап болды сыңарым
15. Әділ: Әсем ою өрнекпен,
Көмкерілген әліппем.
Сен болмасаң білімге,
Бастайтын жолды біліп пе ем.
16.Әсем: Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза болып саған жүреміз,
Сүйікті біздің әліппе.
17.Арман: Білімді жолды бастаған,
Әліппем саған мың алғыс.
Оқы деп ұран тастаған,
Әліппем саған мың алғыс.
18. Әлихан: Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің
19. Әбсаттар: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолғ басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты болып шықты міне, балаңыз
20.Нұрмұхаммед: Асыл сөзін тілімнің,
Бойға құйған Әліппе.
Нақ бастауы білімнің,
Қырық екі әріпте.
21. Адель: Ыстық әрбір беттерің
Жазуыңды ұғамын
Ақыл берді Әліппе
Ақыл берді мұғалім
22. Дилара: Әкең менен анаңда,
Әпкең менен ағаңда
23. Жомарт: Шопан, биші,аспаз да,
Ғарышкер де, ұстаз да.
24. Мейіржан: Тіл сындырған әріпке,
Ашқан алғаш Әліппе.
Барлығы: <<Әнімізге ұласар
Әннің аты Әліппе>>
Ән <<Мектебім>>
<<Қошақаным>>(балалар шығып кетіп, орындарына отырады.)
Мұғалім: Ендеше мерекеміздің қадірлі қонағы Әліппені ортаға шақырайық.
Музыка <<Әліппе>> Әліппе келеді қасында билеген 3 бала.
Әліппе:
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген,
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Таудай болса талабың
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Жақсы білім-көрімдік
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық>>
Даяна: Бар әріпті үйреткен,
Міне, менің Әліппем.
Жақсы оқимын сабақты,
Әріптерді танып мен.
Гүлнар: Әліппем, менің әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің
Асыл: Әліппем, менің әліппем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет
Үшеуі : Әліппеге рахмет! Әліппеге рахмет!
<<Әліппе әні >>Орындайтындар: Асыл, Даяна,Гүлнар және Әліппе
Баян мұғалім. - Әліппе, сен неге көңілсізсің? Бүгін сенің мерекең емес пе? А... әлде балаларды қимай тұрмысың?
Әліппе
Өкінішті әрине, қимай тұрмын. Бірақ мен басқа нәрсеге қынжылып тұрмын. Мерекеге барамын деп дайындалып шықсам, әліпбиімдегі әріптерімнің бірнешеуі ұрланып кетіпті. Не істерімді білмей тұрмын.
(әліпбиді көрсетеді)
Мұғалім: - Балалар, әліпбиге не болған?
Балалар: - әріптер жоғалып кетіпті!
Әліппе: - Мен 42 әріпсіз Әліппе болам ба?
Мұғалім: - не істесек екен ұрыларды табуымыз керек, мүмкін олардың ізі қалған шығар, маңайды мұқият қарайық (балалар бес жаққа іздеп кетеді)
(едендегі іздер ширмаға алып барады)
Даяна: - ол жерге бару қауіпті арнайы қызметкерлерді шақырайық
( сирена дауысы, формадағы 1-2 әке ширманың артына барады)
Ата-ана: ұры табылды (ширманы ашып тастайды)
Әдемі музыка <<Еркем-ай>> ойнайды. Теріс қарап, креслода -жалқау отыр, сабын көпіршігімен ойнап отыр, қасында бір ваза кәмпит.
Жалқаулық: - Менің демалуыма кедергі болған кімсің? (ашулы дауыспен креслода отыр)
Басын көтеріп жұмсақ дауыспен - Ой, маған қонақтар келіпті ғой! Өздерің неткен сүйкімдісіңдер! Менің әлеміме қош келдіңдер! Мен қайырымдымын. Ұстаздарың сияқты оқуды талап етпеймін. Мына жерде тәтті кәмпит те көп. (балаларға кәмпит ұсынады) - мына кілемім де жұп-жұмсақ, қараңдаршы, үстіне жатып ұйықтап алыңдар
Әліппе: - тоқтаңдар! Мен мұны білетін сияқтымын, бұл қайырымды әпке-жалқаулық қой.Мынаны қараңдар әріптерім де осында екен. Ұры сен екенсің ғой.
Жалқаулық: - Иә, иә, дәл таптың.
Ұрлаған менмін жалқаулық
Сөзімді бәрің тыңдаңдар,
Оқуды мәңгі тастаңдар
Әліппе: - балалар, оқуды тастағыларың келе ме?!
Балалар: - Жоқ!
Жалқаулық: - Сендер оқып әріп таныдыңдар. Ал келесі жылы келетін балаларға жақсы болды. олар енді Әліппені оқымайды, әріптер жоқ. Ол балалар қуанатын шығар.
Әліппе: - Әріптерімді өзіме қайтарып бер, жалқаулық!
Жалқаулық: мен оларды сиқырлап тастадым. Олар әне тұр.
(ағашқа шарларды іліп қойған , шарда әріптер бар)
* Сендер оларды босата алмайсыңдар, сиқырлап тастадым.
Мұғалім: - балалар, әріптерді босатып аламыз ба?
Жалқаулық: - Сендер үлкен адамдардың көмегінсіз ештеңе істей алмайсыңдар, ал олар ерінеді, әне, орындарына да тұрғылары келмей отыр, ай бәрібір сендерге ешкім көмектеспейді.
Даяна: - Біздің ата-анамыз ондай емес, олар бізді жалғыз тастамайды.
Жалқаулық: - қане, босата алса, сендерге көмектессін, ал ол үшін алдымен менің тапсырмаларымды орындаңдар, сонда ғана әріптерді босатам.
Тілеулес мұғалім : - Жалқаулық тапсырмаңды бер, көрелік.
(Жалқаубек тапсырма береді, ал ол орындалғанда әріптер босайды.
1 сайыс <<Әліпбиді жина>>Музыка эстафетаға Еркем-ай
Екі сыныптан 2 ата-ана мен 12 оқушы
Жүргізуші эстафета жүргізеді. Оған екі команда қатысады. Үлкендер сақинаны (обручты ұстап тұрады), ал балалар оны айналып өтіп, әріпті алады да, тізбекке келіп тұра береді.Сосын ата-аналар К-Ң дейін П-Ұ дейін әріптерді әліпбиге орналастырады. Жеңген команда әріптерді босатып алады.
2 сайыс
Сайысқа екі сыныптан 16 бала қатысады. Екі топқа 1-8 дейінгі сандар жазылған қызыл және көк бас киімдер таратылады.Музыка ырғағымен балалар қозғалады. Музыка тоқтағанда балалар өсу ретімен және түстері бойынша бөлініп тұра қалады. Жеңген команда әріптерді босатады.
3 сайыс <<Жаңылтпаш айту>> әр сыныптан 2 ата-ана мен 2 оқушы(жаңылтпаш)
Шамалы шыршасы шырайлы,
Шынары ішнара ұшырайды.
Үйрек дәйім тіледі.
Үлгілі үйрек болуды
Үкімен бірге үнемі
Үрікпей жүру көңілді
Қауын алғыз,
Дарбыз алғыз
Дәуін жарғыз
Дәмін алғыз
Уықтардың барлығын
Уық қапқа сал күнім
Уық қапқа салған соң
Уыздан жеп ал, күнім
4 сайыс
<<Сөз құра>> әр командадан 4 баладан
Жұмбақтың шешуіндегі сөздерді қиылған әріптерден магнитті тақтаға құрау керек.Ортаға 4 бала шығады.
Жұмбақ
1 Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін Ақ сақалды кісіні кім дейміз?(ата)
Айтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң)
2 Бұл кім? Бала, бала, бала деп, Түнде шошып оянған; Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған; Аялы қолда талпынтқан; Айналасына ас қойып, Өзенді көлдей шалқытқан; Қолын қатты тигізбей, Кірлі көйлек кигізбей, Иісін жұпар аңқытқан. Қаймақты сүттей қалқытқан; Суық болса жөргегін, Қорғасындай балқытқан; Бұл кім? (Ана)
Әлпештеп өзіңдей өсірген, Нағашы әжеңнің баласы. Төрінде жалпиып көсілген, Бұл күнде жиеннің анасы Ол кім? (Анаң)
3 жұмбақ:- Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, циркке, т.б. жерлерге апарады, отбасын қорғаушы, асыраушы, сақтаушы. Ол кім? (ӘКЕ).
Атаңның баласы Кей кезде таласып, Қаласың әжеге Білгенің асады кәдеге? Ол кім? (Әкең)
4 Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім? (ӘЖЕ).:
Аймалайды күнім деп, Мейірімді жүзі күлімдеп. Тәтті - ақ дейді немере Бал шырындай үнің деп. Ол кім? (Әжең)
5.Оттан да ыстық, ол не..? (Отан)Әскерге барғандағы мақсатымыз нені қорғау..?
Анам, әкем, әжем, атам, Отан
Жалқаулық:Енді қандай өнер көрсетесіңдер?
Ән: <<Балалық бағым>> (Адель, Әсем,Әсел,Даяна) (Ұлдар, қыздар киінуге кетеді.)
Би <<Кішкентай аяз аталар>>(ұлдардың орындауында)
6 сайыс <<шөжелер>> биі (қыздардың орындауында)
Әліппе : - көрдің бе, Жалқаулық, біз барлық әріптерді құтқардық.
Жалқаулық: -егер ол әріптен қандай сөз құрауға болатынын айтпасаңдар, олар бәрібір де оралмайды.Кәне, кім құрай алады? (Дильназ) шардан сөз құрайды.(Достық)
Жалқаубек: Не деген сөз шықты?
Хормен: <<Достық>>
Әліппе: - Міне, біздің Әліпбиіміз
Жалқаулық: (жылайды)
-Мені кешіріңдерші балалар, сендер де , ата-аналарың да еңбекқор, әрі ұйымшыл, өнерлі екенсіңдер! Мен де сендер сияқты сауатты болғым келеді.
Әліппе: - Балалар оны кешіреміз бе? Рахмет менің оқушыларым сендер осы уақытқа дейін көп нәрсені үйреніпсіңдер.Үнемі осындай ұйымшыл болыңдар.
Мұғалім: Құрметті әліппе, әріптеріңізге абай болыңыз, әріпсіз буын, буынсыз сөз ,ал сөзсіз сөйлеу мүмкін емес екенін балалар жақсы біледі. Ендеше сөз кезегін сиқырлы әріптерге берелік.
Екі қатар болып музыка <<Қошақан>> әуенімен оқушылар ортаға шығады..
Оқушылардың тақпақтары
Асыл:
А әрпінен басталады,
Абай ата есімі
Тербетілген сырлы әуенмен
Өлең жырдың бесігі. (А)
Даниял:
<<Ә>> әрпінен табамыз
Әжемізді ақылгөй (Ә)
Дилара:
Б дегенің бабамыз,
Бауыржандай батыр ғой( Б)
Мухамед:
В дегенің вал болар,
Толқын күшін шомылар (В)
Әлия:М
дегенің мал болар
Қадір тұтқан бабалар (М)
Ислам:
Г әрпімен гүлденген
Қызғалдақты қырат тау (Г)
Ақмарал:
Ғ әрпімен бір келер
Ғылым атты ұлы тау (Ғ)
Әділ:
Д әрпінен бастасаң
Дархан, дария далам бар (Д)
Жанель У
.Ж дегенің жөргегің
Туып өскен жерлерің (Ж)
Медет:
З әрпімен зердедім
Зергерлердің зергерін (З)
Дамира:
Чемоданын көтеріп
Чемпион кетіп барады. (Ч)
Камила:
И дегенің иманың
Адалдықтың асқары (И)
Нұрдәулет:
К дегенің күй дарын
Домбыраның дастаны (К)
Дильназ:
Ұ әрпі ұлысың
Ағайының өз-елің (Ұ)
Али:
Ы дегенің ырысың
Орман-тоғай өзенің (Ы)
Жанель Ж.
О дегенің отбасы
Отан деген ұғым бар (О)
Аружан:
Я дегенің Яссы
Қала болған бұрындар (Я)
Дилназ М
.Ғарышкері халқымның
Тұңғыш Тоқтар ағамыз (Т)
Темірлан:
Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы
Қайсы әріптен басталған
Соңғы әрпіне де қарашы. (Н)
Аделья:
Қ әрпінен құралған
Бас-аяғы қазақтың
Жасай берсін әрқашан
Жасай берсін азат күн! (Қ)
Нұрсұлтан:
Е-ні ұмытпас ешқашанЕлін сүйген жарандар (Е)
Ұлжарқын:
Р-дегенің рақымМейірің мен пейілің (Р)
Жомарт:
С әріпінен тұратынСый,сияпат,сенімің (С)Әсель:
Ш-дегенің шапағатТие берсін баршаға (Ш)
Арман:
Х-дегенің сәлем-хатҚуанышың қаншама (Х)
Айдана:
Ф Футбол ойыны
Аяқ доп дейді оны (Ф)
Алихан:
Ө өгіз өңкиген,
Өнбойы дөңкиген (Ө)
Гүлнара:
П параход жүзетін
Палубасы ұзын тым (П)
Рәміл:
У жалауша мұны біл
Еліміздің туы бұл (У)
Дилара:
Ү әрпі үкідей
Үлпілдеген үміттің (Ү)
Мейіржан:
І дегенің інідей
Ізбасардың бірітін (І)
Әсем:
Дем алатын жаздағы
Тамаша жер- лагерь-тін (ь)
Аида:
Лақ деген ерке ғой,
Лақ деген бөрте ғой (Л)
Даяна:
Разъезд деген
Темір жол тірегі
Дүрсілдеп жүрегі
Пойыздар жүреді(ъ)
Әбсаттар:
Шапсаң шапшаң
Бұрқырайды ақ шаң (Ң)
Нұрмұхамет:
Ащыда бар,қаттыда жоқ,
Тұщыда бар тәттіде жоқ (Щ)
Сәкен:
Элеватор маңына,
экскаватор тоқтады. (Э)
Данияр:
Эрик ағай тағыда,
Монтёрді жоқтады. (Ё)
Айкүміс:
Ц деген цемент
Өндіреді оны цех (Ц)
Әділ:
Й деген торы тай
Табанында төрт ай (Й)
Мадина:
Һ деген қаһарман
Атамыз Бауыржан (һ)
Елдар:
Ю әрпімен түрленген
Кілем тоқып әжем
Әдемі ою салады (Ю)
Хормен:
Әрбір әріп нұрланып,
Бізге сырын ашады
Әр әріптен бір жарық
Шұғыласын шашады.
Хормен:
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім
Сауатты адам санатына кіргенім
Әліппе:
Айналайын балғындар
Менен білім алдыңдар
Әр сөзімді жаттаған
Достар үшін мақтаған
Рахмет айтып шаттанам
Риза болып аттанам
Алда ұзақ жасым бар
Оқумен өсіп толыңдар
Аман-есен болыңдар.
Көп-көп рахмет, балалар! Енді сендерді әрі қарай жетелейтін достарың Ана тілі болмақ. Ендеше, ортаға Ана тілін шақырайық. (музыкамен Ана тілі келеді)
Ана тілі
Ақниет:Туған елдің тілімін, ақыл менен танымды
Түсіндірер бәріне, Ана тілі пәнімін
Сәлеметсіңдер ме, балалар
Сөйлетер сөзді шеберлеп
Өзіңнің ана тіліңмін
Байыптап, жақсы оқысаң
Негізі менде білімнің
Мұғалім: Әліппе біздің білім есігін ашқан алғаш оқулығымыз болса, Ана тілі сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық.Достар, Ана тіліне арналған өлеңдерің бар ма?Кәне, ортаға салайық
Жанель Ж: Ана тілі - ұраным
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның
Нұрдәулет: Ана тілің- ұраның
Ана тілі-құралым
Ана тілі болмаса
Мықты болмас тұрағым
Нұрсұлтан: Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
Мұғалім: Ана тілі, біздің балалар ұлы-ақын жазушыларымыздың да өлеңдерін жатқа айтады.
Ақмарал: Адам болам десеңіз
Дамира: Кел, балалар оқылық
Даниял:Мектебің мынау класың
Осында он жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың
Хор: <<Балапан>>
Ана тілі:
Рахмет достарым
Бүгін ниет қосқан күн
Аянбаймын сырымды
Баяндаймын ғылымды
Талаптыға бәрі бар
Менен оқып алыңдар
Балалар мен сендерге дайындап әкелген тапсырмам, жұмбағым бар.
Әліппе серігінде жаттаған өлеңдерді сұрау
Ана тілі: Рахмет, балалар, оқуға зейінді болыңдар
Еңбекке бейімді болыңдар, кір шалмасын қабақты
Ақ жол болсын балалар оқығандарың есте болсын
Күнделіктерің беске толсын
Жүргізуші: Мұғалім ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың сенің тойыңа
Арнайды саған бұл әнін
Ән <<Мұғалім ол біздің>>
Қорытынды сөз
5 сынып оқушылары:
1 дегенің жаман баға
Алады оны жаман бала
2 дегенің нашар баға
Інішегім нашарлама
3 дегенің орта баға
Сапасы оның орта ғана
4 дегенің жақсы баға
Алады оны жақсы баға
5 дегенің үздік баға
Оқитын бол үздік қана
Аяжан:Ырым етіп сандықтан
Ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға
Шашу шашпақ аналар
Үлкен әжелерге шашу шашқызу.Балаларға энциклопедия сыйлықтар тарату.
Мұғалім: Құттықтау сөз кезегі ата-аналарға беріледі.
Мектеп әкімшілігі куәлік тапсырады.Музыка
Жаңа жылымыз құтты болсын! Келесі жүздескенше сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz