Аяулы анам болып сен

1 сынып

«Қош бол, құтты Әліппе!» атты ертеңгілігі

Мақсаты:

1) Оқушылардың алған білімдерін «Әліппемен қоштасу» кешінде бекіту;

2) өз өнерлерін ата-аналарға көрсету;

3) адамгершілікке, ұқыптылыққа, ертеңгілік барысында өздерін дұрыс ұстай білуге баулу.

Қөрнекілігі: нақыл сөздер, оқушылардың басында «әріптер», ертегі кейіпкерлер бетпердесі, «Әліппе», «Ана тілі», шар, гүлдер.

Барысы:

Мұғалім:

- Кіріспе сөз:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар. Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.

Бүгінгі « Қош бол құтты -Әліппе» атты ертеңгілігімізде 1-сынып оқушыларының осы күнге дейін сауат ашып, оқып, жазуға үйреткен «Әліппе» оқулығынан алған білімдерін ортаға салмақ кез келді. Әліппені бітіру алдағы өмірге жол бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан бүгінгі ертеңгілігіміз сіздер мен біздер үшін ортақ салтанатты мереке. Баршаңызға қош келдіңіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастаймыз.

Бала деген шіркін -ай балдай екен,

Тәтілігі жал мен жаядай екен .

Арып - ашып даладан келгеніңде,

Бал иісін тарттырып алдайды екен!- деп Кенен Әзірбаев айтқандай келесі кезекті оқушыларға берейік.

1-жүргізуші: Қайырлы күн, халайық!

2-жүргізуші: Армысыздар, аталар мен аналар, ұстаздар! Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын!

1-жүргізуші: Армысыздар мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!

2-жүргізуші: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

1-оқушы :Қазақ тілінің 42 әріпімен танысып.

2-оқушы : Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білген.

1- оқушы : Буынды меңгерген мына 1-ші сынып оқушылары «Әліппе » оқулығымен қоштасады.

2-оқушы : «Әліппе» оқулығымен қоштасатын балаларды ортаға шақырайық

Бірге :Мереке баршамызға құтты болсын!
/ балалар вальс билеп ортаға шығады/

1- оқушы : Балалар, мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер соған жауап беріңдер.

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Хормен : Болашаққа жол ашар-

Ол сүйікті Әліппе!

Ол сүйікті Әліппе!

1- оқушы : Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!

Ән: «Менің атым әліппе»

Әліппе: Армысыңдар, жас достар!

Армысыздар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар

Әліппен келді ортаңа.

Менің атым-Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен,

Ағаң менен әпкең де.

Әліппе: -Балалар, төрт айы не оқып не үйренгендеріңді ортаға салыңдар

1. «Әліпби » тақпақтар :

«А»: А дегенің ана ғой,

Ана деген дана ғой.

«Ә»: Әжем әнге басады,

Әтеш ұйқы ашады.

«Б»: Б дегенің бала ғой,

Жұмсаса апаң бара ғой.

«Г»: Г әрпімен гүлденер,

Қызғалдақты қырат, тау

«Ғ»: Ғ әрпімен бір келер,

Ғылым атты ұлы тау.

«Д»: Д әрпінен басталар,

Дархан, дария, далам бар.

«Е»: Е-ні ұмытпас ешқашан,

Елін сүйген жарандар.

«Ж»: Ж дегенің жөргегің,

Туып өскен жерлерің.

«И»: И дегенің - иманың,

Адалдықтың асқары.

«К»: К дегенің - күй-дарын,

Домбыраның дастаны.

«Қ»: Қартқа қол бер,

Жасқа жол бер.

«М»: Мақтанышым ұдайы,

Маңғыстаудың мұнайы

«О»: Отан - жерім, отан - суым,

Отан қуат нәр береді.

Отан - ұран, отан - туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

«Р»: Р дегенің - рақым,

Мейірің мен пейілің.

«Ш»: Ш дегенің шапағат,

Тие берсін баршаға.

«Х»: Х дегенің сәлем хат,

Қуанышың қаншама.

Әліппе: -Мен құр қол емеспін, сендерге тапсырмалар алып келдім:

(Слайд)

  1. Әріптерді атау. (слайд) 2. Суреттердің ішінен үш буынды сөздерді атау. (слайд)

Сұрақ жауап: (слайд)
1. Сөйлемде сөздің бірінші әрпі қандай әріппен жазылады?

2. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)

3. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)

4. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)

5. Адамның аты қалай жазылады? (үлкен әріппен)

Ән: «А» дегенім . . . »

Әліппе: (слайд) - Ал, енді бүгін маған өз білімдерің мен өнерлеріңді көрсетіңдер.

--Балалар! Менің жұмбағым бар кәне кім тез ойланып шеше алады екен?

  1. Қабат-қабат қаптаған

Асыл сөзбен апталған

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. (Кітап)

  1. Күміс алмұрт тілі бар,

Сыңғырлаған үні бар,

Шақыратын білімге,

Сағаты бар, күні бар. (Қоңырау)

  1. Бір үйдің қырық баласы бар,

Сөзге шорқақ екі данасы бар. (40 әріп, 2 таңба)

2-оқушы : Әліппе, біздің балалардың жаттаған тақпақтары бар. Соны сізге айтып берсін:

Әліппе : Жарайды, айтып берсін

Әліппе: -Қане, бері қарайық,

Зейін қойып тыңдайық

  1. Қыркүйекке келдім деСыныпқа кірдім құанып. Қарсы алды ұстаз мейірменҚадамымды құп алып.
  2. Бар білімнің бастауынӘліппеден бастадым. Үйренуге талпындымҚұлшынып балғын жас жаным.
  3. Бірінші беттен елімніңЕлтаңбасын таныдым. Көк байрақты қазақтынҰрпағымын, сәнімін.
  4. Ең алғаш алғанымда ӘліппеніҚызығып қарай бердім әріптерді. Мен үшін жұмбақ болып қалар ма едіҰстазым оның кілтін алып берді.
  5. Келгенде алғаш мектепкеБілмеуші едік әріпте. Оқимыз қазір ертектіҮйреткен оны «Әліппе».
  6. Енді біз жаза білемізӘріпті қосып, әріпке. Риза боп саған жүремізСүйікті біздің Әліппе.
  7. Бар кітапқа бас болған

Әліппе- ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

  1. Әліппені алап қолымаБілімнің аштым есігін. Ақ ниет тілеп, жолымаЖазылды тұңғыш есігім.
  2. Іші толы әріпкеМынау әйбат Әліппе!Барлық ілім білімніңӘжесі осы Әліппе.
  3. Ыстық әрбір беттерінЖазуынды ұғамын. Ақыл бердің ӘліппеАқылды сен мұғалім
  4. Үйретті бізді әліппеҚырық екі дербес әріпке. Сөз, сөйлем құрап әріптенЛайық болдық дәріпке.
  5. Қош бол құтты Әліппем!Тіл тұсауын кестін сен. Аяулы анам болып сенАйыбынды кештің сен.

Әліппе: бәрекелді, сендер менен көп нәрсе үйренген екенсіңдер. Енді маған өлеңді мәнерлеп оқып беріңдерші.

(Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды) (слайд)

  1. оқушы: -Балалар, Әліппе сендерге оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарына не айту кере?

Ұқсас жұмыстар
Ана -өмірдің шуағы. ертеңгілік, ересек тобы
Қадірлейік қасиетті Ананы
Ана тіршілік тірегі
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған. 6-сынып
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым!
Мұғалім
Сыйынар ем ана деген тәңірге
Асыл анам мерекең
Ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке ,ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
Қасиетті менің ана тілімде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz