Блиц сұрақтар

Аршидинов Раман Кахирманович
« И. Искандеров атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі
Қазақ тілі 2-сынып
Тақырыбы: Зат есім
Мақсаты: І Зат есім туралы оқушылар түсінігін анықтап, қосымша
түсінік беру.
ІІ. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
ІІІ. Уақытты тиімді пайдалануға, алған білімін практикада
қолдануға тәрбиелеу.
Қолданылған технология: «ҮӘЖ» педагогикалық технологиясы
І кезең
а) Ұйымдастыру
ә) Өткен тақырыб бойынша оқушылардың білімін тексеру
«Көпір тапсырмалары»
Өткен тақырыбтар бойынша жаңа сабақты меңгеруге арналған тапсырмалар беріледі
Сұрақтарға жауап бер
Мақалдарды оқып кім?не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
1 . Ақыл - тозбайтын тон ,
Білім - таусылмайтын кен .
2. Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
ІІ кезең (топтық жұмыс) Жаңа сабақты оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау.
а) Оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады.
ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды.
1 қадам «Білу»
Кім? Не?Кімнің? Кімге?Кімді?Кімде?
Кімнен?Кіммен?Қашан?
Қай? Не Істеді? Сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек.
Бос орынға қажетті сөздерді қой
1) Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейді.
2) Адамға қатысты сөздерге кім? Кімдер? деген сұрақ қойылады
3) Жануарлармен заттарға не? Нелер? деген сұрақ қойылады.
2 қадам «Түсіну»
Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? Дәлелде . Түсіндір сұрақтары қойылады.
Сұрақтарға жауап бер
1. Ата, адамдар, оқушы, қыз сөздері қандай сұрақтарға жауап береді?
Жауабы:
Ата, адамдар, оқушы, қыз сөздері кім?кімдер?сұрақтарына жауап береді. Себебі бұл сөздер- адамдарға қатысты сөздер.
2. Не үшін жануарлар мен заттарға не? Нелер? сұрақтары қойылады?
Жауабы:
Жануарлар мен заттарға не? Нелер? сұрақтарының қойылу
себебі, олар адамға қатысты сөздер емес.
3 қадам «Талдау» 1. Салыстыр.
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
Венн диаграммасы
Адамдарға қатысты сөздермен жануарларға қатысты сөздердың айырмашылығымен ұқсастығын анықта
Адамдар Жануарлар мен заттар
4 қадам «Жинақтау»
Қорытынды шығар. Мазмұнды жүйеле. Тірек сызба құрастыр.
Тірек сызба құрастыр.
Зат есім
Адамдар жануарлар мен заттар
5 қадам «Қолдану»
Практика жүзінде бекіту тапсырмалары беріледі. (оқулықпен жұмыс жүргізу)
320 жаттығу. Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, не ? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек топтастыр.
Кітап, сатушы, келді, парта, жоғары, дөңгелек, түлкі, тәтті, жатыр, ағаш, қарға, дәрігер, әдемі, ұста, ата, ұзын.
Кім?-Сатушы, . . .
Не? -кітап, . . .
Сен қалай ойлайсың?
Сөздерді оқып, зат есім екенін дәлелде.
Ақын, әнші, көбелек, қозы, дән, бөбек, же, мұз,
Дәлелдеу үлгісі:
. . .
Бұл - зат есім, өйткені
. . .
Бос орындарға қажетті сөздерді жаз
. . . үреді . . . ұлиды . . . қарқылдайды . . . шақырады.
Берілген сөздерге қосымша жалғап жазыңдар.
Кітап- . . . , мұғалім- . . . , ағаш- . . . , алма - . . . , Арман - . . .
Оқушының жұмыс дәптері
І кезең
а) Ұйымдастыру
ә) Өткен тақырыб бойынша оқушылардың білімін тексеру
«Көпір тапсырмалары»
Өткен тақырыбтар бойынша жаңа сабақты меңгеруге арналған тапсырмалар беріледі
Сұрақтарға жауап бер
Мақалдарды оқып кім?не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
1 . Ақыл - тозбайтын тон,
Білім - таусылмайтын кен .
2. Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
ІІ кезең (топтық жұмыс) Жаңа сабақты оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау.
а) Оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады.
ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды.
1 қадам «Білу»
Кім? Не?Кімнің? Кімге?Кімді?Кімде?
Кімнен?Кіммен?Қашан?
Қай? Не Істеді? Сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек.
Бос орынға қажетті сөздерді қой
1) . . . білдіретін сөзді зат есім дейді.
2) Адамға қатысты сөздерге . . . ? . . . ? деген сұрақ қойылады
3) Жануарлармен заттарға . . . ? . . . ? деген сұрақ қойылады.
2 қадам «Түсіну»
Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? Дәлелде . Түсіндір сұрақтары қойылады.
Сұрақтарға жауап бер
1. Ата, адамдар, оқушы, қыз сөздері қандай сұрақтарға жауап береді?
Жауабы:
Ата, адамдар, оқушы, қыз сөздері кім?кімдер?сұрақтарына жауап береді. Себебі бұл сөздер- . . . қатысты сөздер.
2. Не үшін жануарлар мен заттарға не? Нелер? сұрақтары қойылады?
Жауабы:
Жануарлар мен заттарға не? Нелер? сұрақтарының қойылу
себебі, олар . . .
3 қадам «Талдау» 1. Салыстыр.
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
Венн диаграммасы
Адамдарға қатысты сөздермен жануарларға қатысты сөздердың айырмашылығымен ұқсастығын анықта
Адамдар Жануарлар мен заттар
4 қадам «Жинақтау»
Қорытынды шығар. Мазмұнды жүйеле. Тірек сызба құрастыр.
Тірек сызба құрастыр.
Зат есім
. . .
5 қадам «Қолдану»
Практика жүзінде бекіту тапсырмалары беріледі. (оқулықпен жұмыс жүргізу)
320 жаттығу. Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, не ? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек топтастыр.
Кітап, сатушы, келді, парта, жоғары, дөңгелек, түлкі, тәтті, жатыр, ағаш, қарға, дәрігер, әдемі, ұста, ата, ұзын.
Кім?-Сатушы, . . .
Не? -кітап, . . .
Сен қалай ойлайсың?
Сөздерді оқып, зат есім екенін дәлелде.
Ақын, әнші, көбелек, қозы, дән, бөбек, же, мұз,
Дәлелдеу үлгісі:
. . .
Бұл - зат есім, өйткені
. . .
Бос орындарға қажетті сөздерді жаз
. . . үреді . . . ұлиды . . . қарқылдайды . . . шақырады.
Берілген сөздерге қосымша жалғап жазыңдар.
Кітап- . . . , мұғалім- . . . , ағаш- . . . , алма - . . . , Арман - . . .
Аршидинов Раман Кахирманович
« И. Искандеров атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: «Деңсаулықпен достасу, табиғатпен сырласу »
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың өлі және тірі табиғат туралы ұғымдарын бекіту, адам
игілігі, денсаулығы үшін пайдасын түсіндіру.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, ақыл - ойын, ынта - ықыласын,
танымдық қабілетін дамыту, сабаққа қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Табиғатты аялап қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: «Ой қозғау», «Жалғастыр», «Ойлан, тап»
Көрнекіліктер: табиғат суреттері. слайд
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Раман
«Ой қозғау»
1. Өлеңді мәнерлеп оқыту
О, табиғат, қандайсың,
Тіл жете ме, сыйыңа?
Адамзаттың керегін
Өзің беріп тұрасың.
Жұтсам - ауа, ішсем -су,
Табиғатым - жұмағым.
Раман.
-Балалар өлеңде не туралы айтылған ?(балалардың жауабы)
-Бүгінгі сабақтын тақырыбына байланысты әңгімеміз денсаулық және табиғат жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Денеңнің ауру-сырқаудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Табиғат туралы не білесіңдер? Ал табиғатпен денсаулықтың қарым-қатынасы қаңдай?Бұл сұрақтарға жауапты сендердің жатқа алып келген өлеңдеріңнен тауып көрейік.
«Поэзия минуты»
Оқушылар табиғат туралы өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтады
Денсаулық - ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық - ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Денсаулық ол шыныққан,
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол тыныққан,
Жүйке-тамыр жүйесі.
Үлкен өзен-көлдері,
Үлкен орман -шөлдері.
Үлкен қала, тауы бар,
Бағы жанған жерім бар,
Денсаулықты тілеген
Егеменді елім бар!
Дене қимылы-дәрісіз ем,
Шыныға жүріп дертті жең
Таза болса-табиғат,
Аман болар азамат.
- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?
(балалардың жауабы)
Раман
-Бізді қоршаған орта: жан - жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн, осылардың барлығы да табиғат деген ұғымды білдіреді. Табиғат тірі табиғат, өлі табиғат болып екіге бөлінеді.
-Қалай ойлайсыңдар тірі табиғатқа нелер жатады?
(өсімдіктер, жануарлар, ағаштар, гүлдер т. б. )
-Өлі табиғатқа нелер жатады?
(тау, тас, ауа, су, ай, жұлдыз т. б. жатады)
-Дұрыс айтасыңдар, балалар, тірі табиғатқа тіршілік ететіндердің, өсіп - өнетіндердің барлығы жатады екен. Яғни тірі табиғат өседі, тыныс алады, қоректенеді. Ал өлі табиғат өспейді, тыныс алмайды, қоректенбейді.
Жұмбақ жасыру:
Жылт - жылт етеді,
Жылғалардан өтеді.
(су) (су адам баласына қандай пайдасын тігізеді?)
Көзге көрінбейді
Қолға ілінбейді
(ауа) ауаны не ластайды? Таза ауа болу үшін не қажет?( ағаш туралы әңгімелеу)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(күн) (микроптарды өлтіреді, жерді жылтады)
-Тамаша, жұмбақтың жауабын дұрыс таптыңдар. Енді сендермен бір ойын ойнайық. Ойынның аты «Ғажайып сөзді аяқта»
Ойын: «Жер, су, ауа»
Шарты: Жер дегенде отырамыз, ауа- қолдарын жоғары көтереміз, су- жүземіз, күннің көзі- сәулесін шашамыз.
Ойын: «Ғажайып сөзді аяқта»
Табиғатсыз . . . (өмір жоқ)
Суды . . . (ластамаймыз)
Орманда от . . . (жақпаймыз)
Ағашты . . . (сындырмаймыз)
Құстарды . . . (қорғаймыз)
Ағашты көп . . . (отырғызамыз)
Таза ауамен . . . (дем аламыз)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz