Қызықты есептер: логикалық ойлауды және есеп дағдыларын бекітуге арналған жарыс сабағы

Тақырыбы: Қызықты есептер
Мақсаты: 1. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру.
2. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін
дамыту, белсенділігін, пәнге болған қызығушылығын арттыру.
3. Оқушыларды шапшаңдыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа

тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабағы. Сабақ типі Бекіту.
Сабақтың әдісі :
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. (3 минут)
Сабақ эпиграфымен таныстыру :«Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін
математика, сондықтан оны оқу керек»
М. В. Ломоносов
ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру

ІІІ Бекіту кезеңі

І кезең : «Математикалық эстафета» . (5 мин)

Бағалау - әр бір сұраққа 1 ұпай
І нұсқа
1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
2. Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (21)
3. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат)
4. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6 - ға тең. Ол қандай сан? (1, 2, 3)
5. Түнгі сағат 11 - де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)

2 - нұсқа
1. Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше жан бар? (4)
2. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин)
3. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4)
4. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)
5. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)
ІІ кезең «Тапқыр болсаң, шешіп көр». (7 минут)

Бағалау - 3 ұпай

Есеп шартын түзсе 1 ұпай;

Шешуі дұрыс шешілсе 1 ұпай;

Жауабына 1 ұпай;
І нұсқа

Дүкенге әрқайсысы 50 кг-нан 75 қап ұн әкелді. Бір күнде осы ұнның бестен бірі сатылды. Қанша килограмм ұн қалды?

ІІ нұсқа

Бірінші алаңнан 72 жәшік, ал екінші алаңнан 80 жәшік сәбіз жиналды. Екінші алаңнан біріншіге қарағанда 160 кг сәбіз артық жиналды. Әр алаңнан қанша кг сәбіз жиналды?

ІІІ кезең «Математикалық диктант» (7 минут)

І нұсқа

1. 45 ті 2 мен 7 сандарының көбейтіндісіне көбейт.

2. 2т - 67 кг = \mathbf{\ \ \ =}

3. 1 сағаттың бөлігін тап

4. 6км 6м-ден қаншаға артық?

5. 480 ді 80 мен 3 санының көбейтіндісіне бөл.

ІІ нұсқа

1. 50 ді 3 мен 8 сандарының көбейтіндісіне көбейт.

2. 2т - 76 кг =

3. 1 сағаттың бөлігін тап

4. 5км 5 метрден қаншаға артық?

5. 540 ты 30 мен 9 сандарының көбейтіндісіне бөл.

Сергіту сәті көбейту кестесіне «Хоп» ойынын ойнату арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту. (5 минут)

ІҮ кезең « Математикалық лото» .

Берілген өрнектерді дұрыс шығарып, сандардың орнына әріптерді қойсақ мақал шығады.

«Бір тал кессең, он тал ек»

4*4= б 7*3= і 12/2 = р 11*7 = о 10/2 = н 7*4= т 14*8= а 6*4= л 0*1 = к 15*7= е 13*3= с 5*4= ң

Еріншектің ісі - екі . 2*2 =е 5*5 = р 3*3= і 3*4 =н 2*5 =ш 4*4 = к 0*5 = т 4*6 = ң 6*3= с

ІҮ Үйге тапсырма беру


Ұқсас жұмыстар
Қызықты есептер: тез есептеу және логикалық ойлауды дамыту
Қызықты есептер: геометриялық және логикалық ойлауды дамытуға арналған сабақ
Қызықты есептер: геометриялық денелер мен логикалық ойлау дағдыларын дамыту
Математика: Қызықты жаттығулар - тез есептеу мен логикалық ойлауды дамыту
2-сыныпқа арналған қызықты математикалық ойындар: логикалық есептер, білімді пысықтау және экологиялық тәрбие
Бастауыш сынып оқушыларына арналған қызықты есептер мен логикалық тапсырмалар
Мақал арқылы логикалық ойлау мен есеп дағдыларын дамытуға арналған ойын сабақ
Қызықты рамкалар: геометриялық ұғымдар мен логикалық ойлауды дамытуға арналған ойын сабақ
Күрделі теңдеулерді шешу: жылдам есеп шығару мен логикалық ойлауды дамытуға арналған аралас сабақ
4-сынып: Табиғат құбылыстары бойынша кеңістік ойлауды дамытатын логикалық есептер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz