Балабақшаға арналған тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көжекпен ойын - қ дыбысы, сөздік және сөйлем құру дағдыларын дамыту

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Көжекпен ойналық

Мақсаты: а) Сөйлемді толық құрауға, етістік сөздерді қолдана білуге үйрету, дыбысты анық айтуға дағдыландыру.

ә) Ойлау қабілеттерін дамыту.

б) Жануарларға деген сүйспеншілік оятуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:қоян. .

Қолданылатын көрнекі құралдар: с презентация, сұр түсті қоян жұмсақ ойыншық,, тіл дамыту дәптері.

Мотивациялық-қозғаушылық :

Ғажайып сәт: ойыншық сұр қоянды қонақ ретінде таныстыру. (Балалар қызығушылық танытады. )

Негізгі бөлім: Сұрақ-жауап:

-Балалар бұл не? (қоян)

-Кәне, қайталаймыз.

(Қ дыбысын буын ішінде келтіріп қайталату арқылы жаттығуды орындату. )

Презентеция : Балаларға суреттерді көрсетіп қ дыбысының дауыссыз дыбыс екендігін, ауыз қуысынан шығатындығын айтқызу арқылы ажырату. (Суреттерге қарап сөзін қайталау арқылы, «қ»дыбысын анық айтуға тырысады. )

Қо-қо-қо-қоян,

Құ-құ-құ-құлақ

Қа-қа-қа-қалам.

Қы-қы-қы-қылыш.

Қу-қу-қу-қулық.

Қоянға сипаттама беру:

-Қоянның түсі қандай?(қоянның түсі сұр. )

-Оның жүні қандай?(оның жүні жұмсақ, мамық, үлпілдек. )

-Қоянның құлағы қандай?(қоянның құлағы ұзын. )

Ұзын ба, әлде қысқа ма?

-Неше құлағы бар?(оның екі құлағы бар және оның екі көзі, тұмсығы, аузы, мұрттары, төрт аяғы, кішкентай құйрығы бар. )

Сергіту жаттығуы: «Сұр қоян».

Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпандап,

Көжегі екен өзінің. (балалар орындарынан тұрып, жаттығуды орындайды. )

(сергіту жаттығуын қимыл-қозғалыс арқылы орындайды. )

-Балалар көжек деген не?(көжек-қоянның баласы)

(К дыбысын буын ішінде келтіріп қайталату арқылы жаттығуды орындату. )

Кө-кө-кө-көжек.

Кө-кө-кө-көже.

Кө-кө-кө-көкек.

Кө-кө-кө-көрпе.

-Балалар көжек қандай болады?(көжек кішкентай, жүндері жұп-жұмсақ және сүп-сүйкімді болады. )

Дидактикалық ойын: «Көжекпен ойыналық»

Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту және жылдамдылыққа үйрету.

Ойын шарты: тіл дамыту дәптермен орындалады, Көжектің сәбізге дейінгі жолын сызып көрсет.

-Қоян жүзеді ме?Әлде ұшады ма?(жоқ, қоян секіріп жүгіреді)

-Ол қандай жабайы аңдардан қорқады?(қоян әсіресе түлкіден қатты қорқады)

-Жабайы аңдарға нелер жатады?(жабайы аңдарға түлкі, қасқыр, аю т. б. жатады)

Мақалдың мағынасын түсіндіру.

Малжуасы-қой.

Аң жуасы-қоян.

-Балалар, қой-үй жануары, ал қоян-жабайы аң немесе жабайы жануар деп те айтуға болады.

(Балаларды мақал-мәтелді жаттап үйрету. )

Мақал-мәтелді «Үш дауыс» әдісімен жаттау.

Әдістің қолданылуы:

Бірінші жоғары дауыспен;

Екінші ортаңғы дауыспен;

Үшінші төмен дауыспен қайталанылады.

Рефлексия: дыбыстарды анық айтуға ұсыныс білдіру, қорытындылап мадақтау. (дыбысты анық айтуға тырысу. Балалар қоянға ризашылығын білдіреп көштасады. )


Ұқсас жұмыстар
Балабақшаға арналған тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекесі: Көктем келді
Шағын топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (тіл дамыту): Үй құстары
Тіл дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Үй жануарлары (Балапан тобы, ІІ сәбилер)
Мектепке дейінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: үштілді тіл дамыту - Менің отбасым
Тіл дамыту мен сурет салу арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қыс қызықтары
Балабақшаға арналған оқу-іс әрекеті жоспары: Күзгі баққа саяхат - табиғатпен таныстыру, тіл дамыту және шығармашылық
Мектепалды даярлық тобына арналған Көктем тақырыбы бойынша тіл дамыту және құрастыруға бағытталған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Көлік түрлері: балабақшаға арналған ұйымдастырылған оқу-тәрбие іс-әрекеті
С дыбысы мен әрпін оқытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тіл дамытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Үй жануарлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz