Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жаһандану және қазақ тілі

Рахманбек Д.Қ.
С.Сейфуллин атындағы
орта мектептің қазақ тілі
пәнінің мұғаламі
Жаһандану және қазақ тілі
Жаһандану ұғымы ХХ ғасырдың 80-жылдары АҚШ-та қолданыла бастады. Алғашқы еңбектердің аттары <<Шекарасыз әлем>>, <<Біртұтас әлем>> деген аттармен жарық көрді. Жаһандану әлемнің тұтастығын, өзара байланысын, өзара тәуелділігін, өзара икемділігін қоғамдық санаға сіңірді. Шындығында, бұл бүкіл әлемді бір қалыпқа салу емес, бірлесу, топтастыру, әр түрлі, әр текті ұлттық діни, саяси мүдделердің, өркениеттердің ықпалдасуы. Жаһанданудың сапалық мәні осында.
Дамудың бұл формасы Қазақстан үшін ғана емес, мемлекеттігінің тарихы біздің жыл санауымыздың әлдеқайда бұрын қалыптасып үлгерген батыс елдері үшін де зор қауіп туғызуда. Ұлттық мүдде, ұлттық дәстүр, ұлттық рух деген сияқты қасиетті ұғымдарды олар уақыты өткен, болашағы жоқ көне критерийлер деп, ал оны ұстанушы адамдарды консеваторлар деп есептейді.
Қалай болғанда да, біз өмір факторларынан құтыла алмаймыз. Ол идеялармен санасу керек. Санасу - ол идеяны қабылдау деген сөз, рухани жан дүниесі, күллі болмысы мен мәдениеті, моралі мен тұрмыс-тіршілігі, ол жоғалса ділі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, әдебиеті мен өнері сияқты күллі мәдени құндылықтары жойылып, ұлт ретінде жер бетінен жойылып кету қаупі бар екенін меңзеп тұр.
Бұл жағдайды түсінген көптеген мемлекет өкілдері ұлт ретінде өмір сүруінің негізгі көрсеткіші оның тілі екенін жете түсініп, оған мемлекеттік мәртебе беріп, оның қолдану аясының кеңеюіне, лексикалық қорын байытуға, тіл тазалығы үшін күрес жүргізуге үлкен бетбұрыс жасап отыр.
1995 жылы Франсуа Миттеран компьютер бағдарламаларын ағылшын тілінде жүргізуге және 1975 жылдан бастап ресми іс жүргізуге фирмаларға ағылшын-американдық атауларды пайдалануға тыйым салатын француз тілін қолдану туралы заң шығаруы жоғарғы билік тарапынан мемлекеттік тілге қаншалықты мән беріліп, қолдау көрсетіліп отырғаны айқын дәлел бола алады. Ал Германияда мемлекеттік тілдің мемлекеттің тұтастығын топтастырушы негізгі фактор ретінде санап, оның құзіретіне күмәндаған азаматтар мен мәселелерді қатаң әкімшілік жауапкершілікке тартады.
Орыстың ұлы ойшылы А.Н.Толстой <<...біздің сөз сөйлеуіміз бен жазуымыз орысша болмай барады>> деп күйінген екен. Соның кері бізге де келгелі қашан.
Бүгінгі республиканың үлкен қалаларының барлығында дерлік, әсіресе, Алматы мен Астанадағы түрлі сауда-саттық құрылымдардың, орталықтардың, мәдени ошақтардың маңдайшаларында шет тілінде ағылшынша, түрікше, немісше, қытайша, корейше жарқырата жазылған атаулардан көз сүрінеді. Қазақтарды мемлекеттігінен, ділінен, тілінен алыстатудың, тіпті бірте-бірте айырудың ұсақ-түйек көрінсе де бір жолы. Сондықтан мұндай әрекеттердің де алдын-алу жолдарын қарастырып, мүмкіндігінше заңдастыру керек.
Айрықша назар аударуды қажет ететін фактордың бірі қазақ тілінің жалпы жұртшылық, әсіресе, қазақ жастары тарапынан кең қолдауға ие бола алмай отыруы. Қазақ балалары мен жастары ана тілін жақсы біліп тұрса да мүмкіндігінше орысша сөйлеуге бейім. Ал орыс тілін білмейтіндерінің өзі сол тілді үйренуге барын салады. Бұған ұзаққа бармай-ақ қаладағы қазақ мектептерінде оқитын қазақ балаларының үзілісте, көшеде бір-бірімен орысша сөйлесетінін келтірсек те жеткілікті. Қазақ тілінің құлашын жаза алмай отыруының басты кедергілерінің бірі де осында жатса керек. Мұның себебін санамызға сіңісті болған отарлық езгіден, батыстық өмір салты мен мәдени құндылықтарға төтеп берерлік, олардың орнын ауыстыра алатындай қазақ тілді балама құндылықтардың қалыптаспай отырғандығынан, қазақ тілді мамандардың мемлекеттік мекемелерде орыс тілінсіз аттап баса алмайтындай жағдайдың орныққандығынан іздеген дұрыс.
Мемлекеттік тілдің кейбір мәселелерін шешуде Германия мен Балтық теңізі жағалаудағы Латвия, Эстония сияқты мемлекеттерден үлгі алғанымыз жөн. Оларда мемлекеттік тілге қамқорлық, оны оқытудағы қиын мәселелерді шешу жолдары, мемлекеттік тілді жаппай барлық орта мектеп пен жоғары оқу орындарында, мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарда оқыту мәселесі жүйелі түрде жолға қойылған. Тіл туралы заңдарында шегелеп тұрып бекіткен.
Қорыта айтсақ, қандай да бір халықтың болмысы, өркениеттілігі, саналылығы және сауаттылығы оның тіл мәдениетімен, сол тілдің қолданыс ауқымының кеңдігімен, орамдылығымен өлшенеді.

ӘДЕБИЕТ
1. Күркебаев К.Қ. Жаһандану: Қазақстан тіл саясатындағы мемлекеттік тілдің ахуалы.// <<Тіл және жаһандану: бүгіні мен болашағы>> халықаралық ғылыми-теориялық конференция. Алматы, 2008ж. 117б.
2. Оразбаева Ф. Жаһандану және мемлекеттік тіл. //<<Егемен Қазақстан>> - 2007ж. 29 тамыз.4б.

Ұқсас жұмыстар
Шетел тілдерін оқытудың өзекті мәселелері
Үш тілде оқыту – заман талабы
"Болашақ бүгіннен басталады"
Жеткіншек ұрпаққа тәрбие беру мәселелері
Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы
Қазақ тіл білімі лингвистика
Логарифмдер
Оқытудағы құзіреттілік технологиясын қолдану
Сандық қасиеті
Ғали Орманов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
Пәндер