Теңдеу және оны шешу: жанама түрде тұжырымдалған есептерді теңдеулер арқылы шешу

Математика

Тақырыбы : Теңдеу, оны шешу. Жанама түрде тұжырымдалған есептерді теңдеу арқылы шығару.

Мақсаты : 1) теңдеу және оны шешу тәсілдерін қайталау, есептерді теңдеу

құру арқылы шығару;

2) ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын,

ойын арқылы танымдылық қабілеттерін, логикалық ой-өрістерін

дамыту;

3) Қазақстанның болашағына деген сенім және білімнің әрқашан

қымбат екенін тұсіне білуге және тиянақтылыққа, шапшандыққа,

үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу, Оқушы бойына адамгершілік

қасиеттерін енгізу.

Көрнекіліктері : ребус, слайдтар, карточкалар, оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, әңгімелесу, қорыту.

Түрі : аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс : ана тілі, дүниетану, ағылшын тілі

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  • оқу құралдарын тексеру;
  • психологиялық дайындық: Мен оң қолымды жайып, жүрегімнен

алып сендерге сыйлаймын.

  • Жер бетінде ең ақылды кім?

Сендер де адамсыңдар, сендер ең күшті, ақылды, зерексіңдер. Ендеше, біз өз білімімізге сеніп, сабағымызды «Миға шабуыл» деген кезеңмен бастайық.

Слайдпен жұмыс:

1 м= дм ені 2 см; ұзындығы 4 см Р-?

1 м= см Р =

1 дм= см Р =

1 км= м Р =

S=

Логикалық тапсырмалар:

1) Уақыт бірліктерін салыстыру:

50 мин. *1 сағ. 2 сағ. *46 мин.

45 с. *4 мин. 36 с. *5 мин

3 тәул. *35 сағ. 20 сағ* 2тәул.

1 ғасыр*100 жыл 110 с. *1 мин. 50 с.

2) 5 бұтақты қайында

Бұтақ сайын 5 алма.

Біреуін бер Әділге,

Сонда қалады неше алма?

Аспаз шұжықты 4 рет кесті. Шұжық неше бөлікке бөлінді? (5 бөлікке)

3) Суретте неше үшбұрыш бар?

Амалдарын көрсет:

(126:4+12) :2*3

-аптада неше күн бар?

-заттарды бөліп алуға қандай амал қолданылады?

Математикалық диктант:

-Өрнек түрінде жаз:

А) 760-тың 76-ға бөліндісін 10 есе кеміт;

ә) 240 пен 360-тың қосындысын 60-қа бөд;

б) 18-дің 5-ке көбейтіндісінен 36-ның 4-ке бөліндісін азайт.

Жаңа сабақ:

Жаңа тақырыпқа көшу үшін мына сөзжұмбақты шешейік:

1. қөпбұрыштың қабырғаларының қосындысы;

2. Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңқу, еңқу жер шалмай . . . деп жырлаған ақынның аты?

3. 2-ші жақ тәуелдік жалғау;

4. ұзындықтың 4 өлшем бірлігі;

5. сандар мен амалдардан құрастырылған жазу;

6. шығыстың жаңа жылы.

-ортасында қандай сөз шықты?

-теңдеу дегеніміз не?

Теңдеу дегеніміз құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік.

Сонымен бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы мен мақсаты :

Слайд:

Тақырыбы : Теңдеу, оны шешу. Жанама түрде тұжырымдалған есептерді теңдеу арқылы шығару.

Мақсаты : 1) теңдеу және оны шешу тәсілдерін қайталау, есептерді теңдеу

құру арқылы шығару;

2) ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын,

ойын арқылы танымдылық қабілеттерін, логикалық ой-өрістерін

дамыту;

3) Қазақстанның болашағына деген сенім және білімнің әрқашан

қымбат екенін тұсіне білуге және тиянақтылыққа, шапшандыққа,

үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу, Оқушы бойына адамгершілік

қасиеттерін енгізу.

Түсіндірме жұмысы:

Оқушыны тақтаға шығарамын:

Өрнек түрінде жаз:

-10 мен 3-тің көбейтіндісін;

-х пен 3-тің көбейтіндісін;

-47 мен 17-нің айырмасын.

-Неше өрнек жаздық? Олар қандай өрнектер? Осы өрнектердің әрбір екеуін теңдік таңбасымен жалғастырып жаз.

10*3=х*3

Х*3=10*3

Х*3=47-17

47-17=х*3

47-17=10*3

10*3=47-17

-Барлығы неше теңдік жаздық? Оларды неше топқа бөлуге болады?

Санды теңдіктерді бір бағанағ, құрамында әріп бар теңдіктерді екінші бағанға теріп жазыңдар.

-Енді осы теңдіктер тура болып табыла ма, соны тексерейік:

47-17=10*3

10*3=47-17

Теңдіктің екі бөлігіндегі амалдарды орында. Көбейтіндінің мәні неге тең болды? 30. Айырманың мәні ше? 30. Тура теңдік шықты ма? Иә.

30=30 - тура теңдік, оның екі бөлігін де 3-ке бөлейік, сонда 10==10 теңдігі шықты. Бұл да тура теңдік. Оның екі бөлігін де 2-кебөлейік, сонда тағы да 5=5 түріндегі тура теңдік шықты.

-берілген теңдіктерді тура санды теңдікке айналдыратын әріптің мәнін табу керек болса, онда теңдіктердің әрқайсысын теңдеу деп атауға болады.

Теңдеу дегеніміз:

Теңдеу дегеніміз құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік.

Оқулықпен жұмыс:

№4 бет-111 (4 оқушы)

Х*10=1600+200

96800:х=5840-5740

Х*5=630

984:х=4

№5 бет-111

Екі қабырғасы 2 см;

Үшінші - х см, 3 есе арттырғанда

Р-? өрнек түрінде жаз

Сергіту сәті:

Ағылшын тілінде:

Оқулықпен жұмыс:

№7 бет-112: қысқаша жаз

Б. - 30м/с

Шешуі: 30-10=20м/с

Л. - ? м/с, 10 м/с артық

Б. -30 м/с

Л. - х+10 м/с


Ұқсас жұмыстар
3-сынып: Есептерді теңдеу құру арқылы шешу
4-сынып математикасы: Есептерді теңдеу құру арқылы шешу
Сабақ жоспары: Мазмұнды есептерді теңдеу құру арқылы шешу
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары және есептерді шешу
9-сынып алгебрасы: мәтіндік есептерді квадрат теңдеулер арқылы шешу - сабақ жоспары
4-сыныпқа арналған математика сабағы: Теңдеу және оны шешу
Теңдеу және оны шешу тәсілдері: 4-сыныпқа арналған сабақ жоспары
5-сынып математикасы: мазмұнды есептерді теңдеу құру арқылы шешу - ашық сабақ жоспары
8-сынып алгебрасы: мәтіндік есептерді квадрат теңдеу құру арқылы шешу - сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және мәтінді есептерді теңдеулер арқылы шешу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz