Мектеп мұғалімдеріне арналған тренинг өту

Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?

«Менің мектебімнің бастапқы жағдайы қандай?» атты рефлексиялық есепте іс - әрекеттегі зерттеудің бірінші қадамы, мұғалімдердің педагогикалық стратегиялар ауқымы, оларды іске асыру жолдарын біріктіру қабілеті, сондай-ақ оларды тиімді және орынды пайдалана алатын педагогикалық орта яғни оқу мен оқыту үдерісіндегі проблемаларды анықтау жөнінде айтылған болатын. Сол анықталған проблемаларды ескере отырып, іс - әрекеттегі зерттеудің екінші қадамы - іс - әрекеттегі зерттеуді, мектептің даму жоспарын жоспарлау қажет. Осы ретте алдымен келесі сұрақтарға жауап беруді жөн санап отырмын.

  1. Мұғалімдер әдістер мен педагогикалық стратегияларды жеткілікті меңгерген бе, сондай ақ оларды біріктіріп қолдану қабілеті, тиімді және орынды пайдалану жөнінде жеткілікті білімі бар ма?

а) Иә, біз оны әрқашан істейміз және дәлелін ұсынуға дайынбыз: Бұл сөздерімді дәлелдеу үшін мына дәлелдерді ұсына аламын:Біздің мектеп мұғалімдерінің 97% жоғары білімді мұғалімдер құрайды. Мұғалімдер қатарынан «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру деңгейлік бағдарламалары» бойынша он екі мұғалім үшінші (базалық) деңгей бойынша екі мұғалім екінші (негізгі) деңгей бойынша екі мұғалім бірінші(Ілгері) деңгейде оқу курстарынан өткен. Осы мұғалімдер ұйымдастыруымен мектепте мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында семинарлар мен коучингтер өтіліп тұрады. Мұғалімдердің сабақтарына кіріп шыққанымда байқағаным, сабақ барысында оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін тиімді қолдану жақсы жолға қойылған. Мұғалімдер өткізген сабағынан кейін сабақтағы қолданылған тәсілдердің тиімділігі туралы ой бөлісу, пікірлесу жүргізіп отырады. Сабақ барысында оқушыларды ойларын еркін жеткізу, пікірлерін еркін білдіру дағдыларын меңгертуге көп көңіл бөлінеді. Үшінші (базалық) деңгей бойынша куртан өткен мұғалімдер мектептегі практикасында жеті модульді ықпалдастыру жұмыстарын тиімді жүргізіп отыр. Мектеп әкімшілігі тарапынан бұл мұғалімдер сабағына әдіс алмасу және үйрену мақсатында жас мұғалімдерге ену міндеттелген. Сонымен бірге мектебімізде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында коучинг пен тәлімгерлік жұмысы да жақсы жолға қойылған. Бұл үрдісті І және ІІ деңгей бағдарламасын оқып бітірген мұғалімдер жүргізуде. Мұғалімдерге өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс - әрекетті талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі коучинг пен тәлімгерліктің барлық түрлерін біріктіруші фактор болып табылады (МАН 40 бет) демекші, мектептегі мұғалімдердің сабақ берудегі стратегияларды білу мен оларды тиімді қолдану жолдарын үйрету жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Алайда осы үрдістер арқасында мектебіміздің барлық мұғалімдері білім беру стратегияларын жетік меңгерді десем бұным шындыққа жанаспас еді. Мектепте әлі де жетілдіруді қажет ететін тұстар жетерлік. Бұл жерде менің айтайын деп отырғаным, мектепте кездесіп жатқан кәсіби кедергілер туралы. Бұл келеңсіздіктер мен кемшіліктерді жеңуде мен мектепте өткізілетін коучингтер мен тәлімгерлік жұмыстарын жүйелеу керек дегім келеді, сол арқылы жағымды өзгерістерге қол жеткіземіз деп ойлаймын. Бұл өзгерістер белгілі бір құзыреттіліктерге айтарлықтай әсер етеді, оқушыларда ХХІ ғасыр дағдыларын тиімді қалыптастыра алу үшін мұғалімдердің өздері де ол дағдыларды меңгеруге тиіс. Осылайша оқушыларды оқытудағы жаңа тәсілдер мұғалімдерді оқытуда да жаңа тәсілдерді талап етеді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 68 бет)

Бірінші деңгей бағдарламасы тәжірибелі мұғалімдерді өз мектептерінде құзырлы коуч пен тәлімгер болуға үйретуге бағытталған. Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша курсты аяқтаған мұғалімдер оқу қоғамдастығын құрып, жаңа идеяларды іске асыру үшін өз мектебінде тәжірибеге өзгеріс енгізуді және әріптестерімен жүргізілетін жұмысты ойластырып, оны жоспарлауды бастайды. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 42 бет) дегендей мен де өз мектебімде өзгеріс жасауға ниеттімін.

  1. Мұғалімдер бірлескен оқуға, оқушылардың «жаңалық» ашуына ықпал ететін, өздігінен оқуға және оқушының өз бетінше жасаған жеке «жаңалығын» ашуға көмектесетін стратегияларды пайдалана ма?

ә) Жоқ, біз оны істемейміз және бұл саланы басқа тәсілмен дамытамыз :Қазіргі технологиялардың өте жылдам қарқынмен даму кезеңінде білім саласында да өзгерістер болуда. ХХІ ғасыр - бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, кертартпалықты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Осындай жылдам әрі қарқынды даму кезеңінде біздің мектепте де оқушылардың әлемде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар ағымынан қалып кетпеуін қадағалау мақсатында дарынды, талантты балаларды дамыту мақсатында құрылған кешенді жоспар негізінде жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда мектепте оқушылар арасында анықталған дарынды - талантты балалармен жеке жұмыс жүргізу жолға қойылған. Сыныптағы сабақ барысында оларға тапсырмалар жиынтығы да өзгеше, күрделендіріліп беріледі. Мұғалім тарапынан бұл балалардың даму аймағын қадағалау, дамыту жұмыстары жүргізіледі. Алайда бұл жерде менің көзқарасым, мектептің бұл жердегі жұмысын дамыту қажет. Себебі дарынды балаларды дайындау, оқыту мен тәрбиелеу жұмысы барысында сынып жетекші жалғыз қалып кетіп отыр. Сыныпқа сабақ беретін басқа мұғалімдер тек сынып жетекшіге ақыл - кеңес берумен ғана шектеледі. Бұл дұрыс емес. Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады(мұғалімге арналған нұсқаулық І деңгей 21 бет) сонда ғана бұл салада жетістіктерге жетеміз. Бұл саладағы көп жұмыс тек қағаз жүзінде қалып қояды. Мен мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстарға қосымша ретінде, жұмыс жоспарына мынадай іс-әрекеттерді қосуды ұсынамын: оқушылар бойында өз бетімен оқып үйренуді ұйымдастыру, дамыту. Оқушылар бойында шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін оқушыларды мұражайларға саяхатқа апару, өнер қайраткерлері, ақын - жазушылармен кездесу өткізу, түрлі тақырыптарда пікірталас, кездесу өткізіп алған әсерлері бойынша шығарма жазу байқауларын өткізу. Мұндай іс шаралар оқушы бойында әлі де байқала қоймаған қабілеттерді ашады. Біз дарынды балаларды атағанда, оларды бөлгенде, тек оқу озаттарын ғана ерекшелеп, дарындылар қатарына қосамыз. Шындығында дәл сондай ма?Дарынды балалар тек оқу озаттары ғана емес, менің ойымша, баланың барлығы дарындылыққа қабілетті. Біздердің мұғалімдердің міндеті- сол дарындылықты аша білу және дамыту.

3. Мұғалімдер тұтастай алғанда оқу үдерісінің мәнін, жекелеген оқушыларды ынталандыру жолдарын, олардың эмоциялық ахуалын және сыныптан тыс өмірін терең түсіне ала ма?

а) Иә, біз оны әрқашан істейміз және дәлелін ұсынуға дайынбыз: Мектепте сынып жетекшілер тарапынан оқушылар бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында көптеген кешенді іс- шаралар жасалады. Мектептегі әрбір сынып жетекшіде сыныбындағы оқушылардың ата - аналармен байланыс дәптерлерімен жұмыс жақсы ұйымдастырылған. Барлық мектептердегідей біздің мектепте де оқу жылы барысында пән әдістемелік бірлестіктерінің апталықтары өтілетіні сіздерге мәлім, ал біздің мектепте пән апталығынан бөлек тәрбие апталықтары өткізіледі. Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы негізінде жасалған жоспар бойынша оқу жылы барысында тәрбие апталықтары өтіледі. Тәрбие апталықтары барысында түрлі іс - шаралар, кездесулер, тәрбие сағаттары мен мерекелік кештер ұйымдастырылып өткізіледі. Сонымен бірге оқушылардың эмоциялық ахуалын зерттеу мақсатында сынып жетекшілер оқу жылы барысында әрбір жеке оқушыға бақылау жүргізеді. Әр оқушыға арналаған жеке папка арналып жүргізген бақылау нәтижелері, зерделеу жұмыстарының талдаулары салынады. Бұл саланы әлі де дамыту керек екенін ескеріп, мен мыналарды ұсынар едім: Ата-аналармен байланыс дәптерлері қанша жерден жақсы жүргізілгенмен, бар жағдайды туырлауға қауқарсыз, тәрбие апталықтары мен жеке зерттеу жұмыстары оқушылар туралы бар мәліметті жинақтауға жақсы болғанмен, сол мәліметтерді қолдануда әлсіздік танытады. Мектеп жұмысына кері байланыс беру мен алуды енгізсек, алдыңғы айтылған жұмыстар мен бірлесе бұнымыз неғұрлым жақсы нәтиже берер еді. Кері байланыс (ағылшын. feedback) - адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы екен. Адамдардың барлығына тән қасиет істеген іс әрекетімізге басқа біреудің айтқан сырт пікірін тыңдағымыз келеді. Сырт пікір бізге білім мен әрекеттерімізді түзету, өзгерту, жақсарту мүмкіндігін береді. 2013 жылдың наурыз айында Амстердамда өткен «Ұстаз сапасы» атты оқытушылық қызметтің Халықаралық Саммитінде оқу мен оқытудың сапасы көп жағдайда кері байланысқа тәуелді екені аталды. Ұстаздардың оқушылар тәрбиесіне жасайтын ықпалын бағалау өте қиын, алайда ата - ана, оқушылар мен қоғам мүшелерінің кері байланысы осы мәселені айқындауға қолғабыс болады. Саммит мұғалімдерге өздерінің кәсіби біліктілігін жақсарту үшін кері байланыстың өте қажет екендігін және біраз жетістіктерге бастайтындығын кеңінен атап көрсетті. (http://asiasociety. org/teachingsummit) Егерде біз жоғарыда айтқан ата-аналармен байланысу құжаттары, мектепте жеке тұлғаны тәрбиелеуге арналған іс- шаралар және оқушылардың іс- әрекеттерін зерделеу құжаттарын жүргізу барысының барлық кезеңдеріне кері байланысты кіріктірсек, онда, әлбетте, біздің жұмыстарымыздың тиімділігі артар еді деп сеніммен айта аламын.

4. Мұғалімдер басқа мұғалімдермен, басқа білім беру ұйымдарының, кәсіби қоғамдастықтардың мұғалімдерімен және мұғалімдер тәлімгерлігін қамтитын басқа да қарым - қатынастарда бірлесіп жұмыс істей ала ма?

а) Иә, біз оны әрқашан істейміз және дәлелін ұсынуға дайынбыз:

Мектепте«Бәйтерек»кәсіби қоғамдастығы2014 жылы құрылған. Қоғамдастық өз шеңберінде мектеп мұғалімдеріне және ата-аналарға қазіргі кездегі педагогиканың тиімді әдіс-тәсілдерін тарату жолдарын жақсы жүргізуде. Қоғамдастық мақсаты мектеп мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу, білім мен біліктілікті дамыту, ортақ жұмыс жоспарын жасау, проблемаларды анықтау және бірлесіп шешу етіп алынған. Қоғамдастық жұмысы өзінің жемістерін де беріп жатыр. Қоғамдастық мүшелерінің ұйымдастыруымен мектепте өткізілген дөңгелек үстелдер мен семинарлар арқасында мұғалімдердің барлығы дерлік педагогиканың қазіргі кездегі тиімді әдіс тәсілдерімен таныс болып, өз іс тәжірибелерінде қолданып жүр. Кәсіби қоғамдастық мүшелері жұмысының табысының бірі деп облыс көлемінде өткізілген «Әлем өзгереді, мен де енді өзгеремін» апталығы. Осы апталыққа эксперт ретінде Алматы қаласынан А. Алимов келіп, оң бағасын беріп кеткенін айтуға болады. Сабақта қолданған әдіс-тәсілдерінің тиімділігіне көздері жеткен мұғалімдер өз әсерлерін желілік қоғамдастық сайтында талқылауды әдетке айналдырған. Алайда қоғамдастық жұмысында дамытуды қажет ететін тұстар да жоқ емес. Мысалы мектепте қоғамдастық жұмыстарына тартылмаған мұғалімдер де бар. Олар қоғамдастық жұмысы тек деңгейлік курстарға барып келген мұғалімдерге қатысты деп қабылдайды. Олардың мұндай қате пікірін өзгерту- қоғамдастық жұмысының ары қарай дамуы үшін өте қажет. Мектепте әр түрлі топтар құру мақсатында бізге түрлі әдістер арқылы адамдарды біріктіру қажет. Шағын топтардың көзқарастары, «ақсүйектік әдеттері» қоғамдастықтың сенімділігін тез арада жоюуы мүмкін. (Мұғалімге арналған нұсқаулық І- деңгей. 64 бет) Сонымен бірге қоғамдастық жұмысына басқа мектеп қоғамдастықтары, жоғары оқу орындары, ата аналар әліге дейін толыққанды тартылмаған. Болашақта кәсіби қоғамдастық жұмысына басқа оқу орындары мүшелерін ата аналарды тарту арқылы және мектеп ұжымының барлық мүшелерін тарта отырып, мектептің білім деңгейін дамытуға болары сөзсіз.

5. Мұғалімдер білім беру технологияларын пайдалану дағдыларын, сондай- ақ оқушылардың оқу үдерісін бақылауды оңтайландырудың тиімді құралы ретінде ақпараттық менеджмент жүйелерін жетік меңгерген бе?

ә) Жоқ, біз оны істемейміз және бұл саланы басқа тәсілмен дамытамыз :Мектепте АКТ құралдары жеткілікті деп те айтуға болады. Бірақ мұғалімдеріміз бұл салада ақсап жатқаны жасырын емес. Мұғалімдер бұл саланы меңгерудің аса қажет екенін түсінеді. Себебі сабақта, білім мен тәрбиелеу үдерісінде АКТ- ыны тиімді қолдану-бүгінгі заман талаптарының бірі. Осыны түсінген мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдерін АКТ- ыны қолдануға үйрету курстары мектепте жұмыс істейді. Ақпараттық менеджмент мектепте жоқ деп айтсам да болады. Оқу үдерісін бақылау сынып жетешілер берген мәліметтерге мониторинг жүргізу арқылы орындалады. Осы жерде мен мектепте егер осы мониторинг орнына e-larning жобасын мектеп жұмысына кіріктірсек, мектептегі білім беру технологияларын пайдалану мен оқушылардың оқу үдерісін бақылаудың оңтайлы жолы болар еді деп ойлаймын. e-larning жобасының артықшылықтары : мұғалімдер электрондық күнделік пен журналға тек баға қою мен шектелмей, оқушы үлгерімін қадағалай алар еді, мектеп әкімшілігі нормативтік - құқықтық базаны жүргізу, есептер мен құжаттарды әзірлеуді автоматтандыру, жылдамдатуға қол жеткізер еді, оқушылар үшін мұнда барлық қажетті модульдер және жүйелер бар, ата аналар өз баласының үлгерімі және оқуға қатысуы туралы дәйекті ақпарат алар еді. Менің ойымша, бұл жоба болашақта мектептердің барлығына енгізіледі деп сенемін.


Ұқсас жұмыстар
Күнсіз гүл өспес, күтусіз ұл өспес
Менің ұстазым
Оқу процесінде назарбаев зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымының тәжірбесін ескеріп қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізудің өзекті мәселелері
Психологтың жылдық жоспары. 2014-2015ж
«оқу үдерісіндегі көшбасшылықты анықтау»тақырыбы бойынша коучинг сабақтары туралы рефлексивті есептер
Ойларыңызға көп рахмет, құрметті ата - аналар
Саяхатқа бірге шығайық тренинг
Заманауй кітапхана және ақпараттық кеңістік
Жұдырық тренингі
Дербес компьютердің архитектурасының қазіргі заманғы даму тенденциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz