Аманошвилидің негізгі идеясы ынтымақтастық педагогикасы

21- ғасырда адамдарға соның ішінде балаларға деген эмоционалдық жылулық жетіспейді. Ата-аналар жұмыс басты болып, өздерінің балаларын тек телефонмен болмаса , тек бала күтуші арқылы қадағалауға мәжбүр болып отыр. Қазіргі уақытта ата-ана материалдық қажеттілігін қанағаттандырумен шектеліп, балаларының жан -дүниесін түсіне алмауда . Мұғалімдер де балаларды оқыту мен білім беруге емес өздерінің басшы алдындағы беделін ғана ойлаумен шектеледі. Ен бастысы бала өз проблемасымен қалып қойып отыр. Сондықтан да атақты педагог Ш. А Амонашвилидің «Педагогикадағы гуманизм» атты еңбегі өзекті де маңызды болып саналады. Ол баланың қуанышы мен ренішін мұғалімнің зейіні мен және процестің орталығы деп атады. Аманошвилидің бұл еңбегінде балаға деген үлкен махаббаты әрбір баланың өміріне енуіне және көмек қолын созуына мәжбүрледі. Бұл жерде ешкімде де, яғни ата-аналар тарапынан педагог Аманошвилиге біздің ісімізге неге араласасыз деп қарсы келмейді. Себебі ұстаздың бұл баланың болашағына деген қамқорлығы болып табылады. Аманошвилий балаға тек білім беріп ғана қоймай, психологиялық жылулықпен нәрлендіруге, оның мықты сенімді болуына шын жүрекпен көңіл бөлді. Мұғалім мен ата-ананың махаббаты балаға сенімділік пен қорғаныс береді. Осы орайда мен педагог ретінде жаңашыл ұстаз Ш. А. Амонашвилидің еңбегінде айтылған пікірді қолдаймын. Өзімнің тәжірибемде де бірінші осы қағиданы ұстанамын. Оның педагогикалық процесті басқарудағы әдістемесі бала мінезін қалыптастыру мен оқытуға білімді игеруіне қалай әсер ететіні туралы айтылған. Еңбектің негізгі практикалық құндылығы балаларды оқытумен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру және оны оқыту процесінде қолдану. Тұлғаның рухани адамгершілік және тұлғалық қатынастарды жетілдіруге де өзіндік көмегін тигізеді. Мен өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы ретінде де тәжірибе барысында Ш. А. Амонашвилидің осы идеясын қолданамын. Яғни баланы тұлға ретінде қабылдау және тұлғалық ерекшелігін ескере отырып дамыту. Аманошвилидің негізгі идеясы ынтымақтастық педагогикасы. Ол оқушыны мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап өз бетімен жұмыс істеуге, ізденуге баулу қажет деп санайды. Бұл қазіргі таңда жастар мен оқушылар арасындағы әлеуметтік жобаларды таңдау мен оны орындаудағы негізгі адамның сапаларын айтуға болады.
Шалва Александрович, - «Ұстаз әрдайым жайдарлы жүру керек», -деген ұстанымды насихаттайды. Ол өзінің тәжірибесімен ұстаздың үздіксіз бақылауында болмаған және зорлық көрмеген бала үлкен жетістіктерге жете алатынын дәлелдейді.
Профессор Амонашвилидің ұстанымы келесідей, - «Әр бала белгілі борышпен өмірге келеді. Және әрбір сәбидің тек өзіне тиесілі жаны - ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата-ана мен педагогтың міндеті сол сәуленің жоғалып кетуіне жол бермей, балаға өз өмір жолына бағыт көрсету».
Шалва Александрович балаға тұлғалық-адамгершілікке бағыттайтын тәсілдеменің бар қағидаларын әлемдік педагогика классиктері
-
К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский, Януша Корчак, А. С. Макаренко және тағы басқалардан үйренгендігін айтады.
Атқарушылық, шығармашылық қабілет. Балалардың ақыл-қабілетінің дамуын зерттеген Ш. А. Амонашвилидің, оны атқарушы, және баланың өздігін тез дамытатын, оның ең негізгі қасиеттерін шығармашылық деп бөледі.
Бала дамуының жақын аймағы - үлкендердің көмегі арқылы баланың атқара алатын істері. Көрнекті кеңес психологы Л. Выготский оқыту мен дамудың байланысын зерттеп, баланы дамыту үшін оған күрделі тапсырмалар беруді ұсынды. В. Шаталов ережелері оқылмаған тақырыптар бойынша оқушыларға есеп шығартады
Баланың бір күнінің екінші жартысы оның икемділігін, қызығушылығын дамытуға арналады, бұл міндетті орындауға ересектердің уақыты жетпейтіндіктен, балаға негізінен сабақта білім беріліп, қалған уақытта баланың өзі қызығатын іспен айналысуына жағдай жасаған жөн.
Жаңашылдар баланы өзін-өзі құрметтеуге оқу-тәрбие жүмысының барлық кезеңдерінде үйретеді. Өзін-өзі реттеу баланың өзінің іс-әрекеті арқылы жүреді. Ш. Амонашвилидің тәрбиеленушілері үй жұмысын өз қалауымен алады.
Озат мұғалімдер баланы құрметтеу идеясын іске асырып, бейімділікке қарай жұмыс беріп, оқушының жеке мүмкіндіктерін дамытып, сабақта да қабілетіне қарай жеке тапсырмалар беріп, қарапайым оқыту тәсілдерін қолданып, оқушыларға сабақ бергізіп, олардың шамалы болса да табысын, шығармашылығын мадақтайды.
Басып тастау ма, әлде диалог па? Мұғалімдерге балалар өздерінің естігендерін, өсек-аяңдарды, әзілдерді айтып келеді. Дәстүр бойынша мұғалім оларды қайтарып тастайды. Себебі мүғалім өзіне келетін сөзден қорқады. Егер мұғалім оқушыға ол сөздердің дұрыс-бұрыстығын айтпаса, онда оқушы өз пікірін өзгертпейді. Оқушыларды әлеуметтік және саяси жағынан өсіретін демократиялық диалог және мұғалімнің өзгені өз сөзіне сендіре білуі.
Мұғалім кез келген жерде окушыға ақыл беріп, оған белгілі нәрселерді айта бермейді, диалог және пікірталас арқылы дүние танымын арттырады. түсіндіреді. Аманошвили идеялары қазіргі уақытта білім беру саласында үлкен қолдауға ие болуда. Педагогикалық процесс балаға өмір қуанышын сыйлайтыны да осы психологтардың баланың ішкі жан дүниесін қуаныш отын сыйлау керек дегенге сай келеді
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz