Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бақшаларда қызарып

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетенің технологиялық картасы.
Білім беру саласы : Қатынас.
Бөлімі: Тіл дамыту.
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Алтын күз.
Оқу іс - әрекетінің мақсаты:
Оқушыларға күз мезгілі жайында түсінік беру.
Оқу іс - әрекеттерінің міндеттері:
1. Күз мезгілі жайында ұғымдарын кеңейту.
2. Күз туралы білімдерін тиянақтау.Оқушылардың ой өрісін, тіл байлығын дамыту,сөздік қорын молайту.
3. Табиғатты аялауға, еңбекті сүюге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1. Күз мезгілі,күз айлары , күзгі еңбек туралы білді.
2. Түрлі тапсырма, ойындар арқылы тілдері, ой - өрістері дамыды.
3. Күзгі жемістерді, көкөністерді ажырата алады.
Көрнекілігі: интерактивті тақта слайдтары, мазмұнды суреттер, дидактика материалдары, атрибуттар.
Оқу іс - әрекетінің типі: жаңа оқу іс - әрекетін меңгерту.
Оқу іс - әрекетінің әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, СТО әдісі.
Оқу іс - әрекеттер барысы:
А) сәлемдесу.
Ә) түгелдеу.
Б) психологиялық сәт.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпенен сіздерге ,
Сәлем бердік біз.
В) топқа бөлу.
-Ал, балалар. Мен сендерді топқа бөлейін.
1-топ <<Жемістер>>
2-топ <<Көкөністер>>.
II. Үй тапсырмасын пысықтау:
1. Сұрақтар:
а ) Балалар, өткен оқу іс - әрекетімізде қандай тақырыппен таныстық?
ә)Қандай көлік түрлерін білеміз?
б) Көлік не үшін қажет?
2. Топтастыру.
велосипед
троллейбус трамвай

ат кеме Көлік ұшақ машина

автобус мотоцикл тікұшақ

oo Жарайсыңдар, балалар!
oo Өткен оқу іс - әрекетін жақсы меңгеріпсіңдер!

ІІІ.Жаңа оқу іс - әрекеті.
Қазір қай мезгіл деп ойлайсыңдар?
Олай болса, біз сендермен бүгін <<Күз мезгілімен танысымыз>>.Бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбы <<Алтын күз>>.
Кіріспе сөз.
Алтын күз, сіз бен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күнін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке , бірлікпенен ортақтассын.
Қазір күз мезгілі. Күз мерзіміне қыркүйек, қазан, қараша айлары жатады. Күзде адамдар қыстық азығын жинайды. Нағыз сары алтындай сары күз - қыркүйек айы.Бұл ай еңбек айы. Қазан мереке айы. Қарашада ағаштар суыққа тоңып дала өң бере бастайды.
Күзде мол өнім жинаймыз. Көкөністер мен жемістердің шипалы және емдік қасиеті бар, дәрумендері өте көп болады.
А) Жаңа оқу іс - әрекетіне байланысты сұрақтар:
1. Балалар , күзде ауа - райы қандай болады?
2.Табиғатта қандай қандай өзгерістер болады?
3. Күзде қандай еңбек етеміз?
4.Егіс даласында нені орады?
5.Бау - бақшалардан нелерді жинаймыз?
6. Қандай көкөністердің түрлерін білесіңдер?
7.Қандай жемістерді білесіңдер?
8. бау - бақшалардан жинаған астықтарды не істейміз?
- Жарайсыңдар , балалар!
- Өте жақсы!

ІҮ.Оқулықпен жұмыс.(мәнерлеп оқу және оқушылармен бірге талдау).
Алтын , сары, қызыл, көк,
Алуан - алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ү. Поэзия минуты.
- Балалар, енді осы күз мезгіліне байланысты, жемістерге байланысты, көкөністерге байланысты қандай тақпақтар білесіңдер? (балаларға тақпақтар айтқызу).
Көкөністер
Пияз
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Сәбіз
Өсіремін бойыңды,
Дамытамын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
Қияр
Атым қияр теріп ал,
Жиі-жиі сұғаріп.

Орамжапырақ Қызанақ
Бақшаларда тізіліп , Тал шыбығым бұралып,
Қаперсіз мен жатамын. Бақшаларда қызарып.
Қабат-қабат киініп. Тұрған ол мен қызанақ,
Қырық қабат аттандым. Күнге қарап ұялып.

Картоп Қызылша
Картоп біздің атамыз, Ақ түсім бар қант алар,
Жер астында жатырмыз. Қызыл түсім қанға нәр.
Бір тамырдан тараған, Зияным жоқ біліп қой
Ағайынбыз бәріміз. Қызылшамын пайдам көп.

Жемістер
Бағбан сөзі: Жүзім
Бағымда менің қарағым, Мынау жүзім жаным,
Жеміс жидек тағыбар. Сөлі балдай шырын.
Қарақат, алша, құлпынай, Тәттілігін біледі ,
Дастарханда табылар. Ара менен шыбын.

Қауын Алмұрт
Иісім жұпар аңқыған, Мынау- алмұрт ақылдым,
Бақшадағы шырынмын. Күзде жинап аламын.
Жеп көргендер тамсанған, Балбыраған біреуін,
Балдай тәтті қауынмын. Жесең тойып қалатын.

Анар Құлпынай
Мынау- анар құлыным Жапырақты тасалап,
Қабығы қалың болатын. Өсетін жері бақша-бақ.
Мөлт-мөлт еткен түрлері. Күрең қызыл шіркін - ай,
Мошақты еске алатын. Оның аты құлпынай.

Өрік, алма, шие, алша,
Жидек жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз.
Дүкендерге түседі.
-Жарайсыңдар, бәрекелді балалар!
- Сендер жақсы-жақсы тақпақтар біледі екенсіңдер!
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Қолға қалам алайық.
Дәптерімізді ашайық,
Әдемі етіп бояйық.
ҮІ. Шығармашылық жұмыс:
Балаларға жеміс және көкөністердің суретін таратып, оларды уақытқа бояту.(қандай түспен бояғандарын сұрап, қай жерде өсетінің сұрау).
ҮІІ. Бекіту.

Балаларға жұмбақ жасыру.
1. Күзде қолға доп боп оралады. (алма).
2. Түбі толған құмалақ. ( картоп).
3. Ұзын мұртты сарылар,қойнында наны бар. (бидай).
4. Доптар жатыр желісі бар, қабат-қабат терісі бар. (орамжапырақ).
5. Ішіне түйме толтырып, бүйірі шықты томпиып.(қарбыз).
6. Қызыл, сары кемелер, су бетінде қалқиды.( жапырақ).
ҮІІІ. Қорытынды.
<<Даналық ағашы >> ойыны.
Сұрақтарға жауап беру арқылы алмаларды себетке жинау.Біздің бақшамызда балалар жиналмаған алма қалып кетіпті. Үйде ата , әжелеріңе көмек бересіңдерме?Олай болса мына алмаларды себетке жинап алайық. Жақында күн суытқалы жатыр, алманы жинап алмасақ үсіп кетеді.
1. Қазір қай мезгіл?
2. Күзде құстар қайда ұшып кетеді?
3. Ауа - райында қандай өзгерістер болады?
4. Күзде жапырақтардың түсі қандай болады.
5. Бау-бақшалардан нелерді жинаймыз?
6. Егін даласынан нені орады.?
ІХ.Бағалау.

Х. Үйге тапсырма.
(жемістер мен көкөністердің суретін салып келу).

Ұқсас жұмыстар
Жемістердің түрлері
Алтын күз қайта келді берекесі
Ойыннан соң Алтын күз
Күз сыйы. даярлық тобы
Алтын күз келді бақшама
Әділ - қазылардың берген бағалары
Аяулы күз, Алтын күз
Келді міне Алтын күз ертеңгілік
Қуандырып біздерді, кел жемісті алтын күз
Ертеректе қолданған жарық көздері
Пәндер