Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Іштей бағалау - оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау

ЖАҢА ӘДІС - ЖАҢА БАСТАМА

Темиргалиева Роза Мерхановна
Пятимар жалпы орта білім беретін мектебі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы

Қазіргі таңда орта білім беру жүйесінде әлемге тиімді деп бағаланған танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Елбасының қолдауымен елімізде білім сапасын арттыру, жеке тұлғаның кез келген уақытта бәсекелестікке қабілетті болуына бағытталған ұстаздар біліктіліктерін арттыру үшін үш айлық деңгейлік бағдарламамен курстан оқытылуда. Мен осы курста оқу барысында өзіміздің біліктілікті арттырудың маңыздылығы мен жаңа заманауи әдіс - тәсілдерді басшылыққа алу керектігі білім сапасын жоғарлатып қана қоймайды, сонымен қатар оқушылардың сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін дамытып, функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын ұғындым. Бұл бағдарлама негізінен сындарлы оқыту теориясына негізделген және күтілетін нәтижелері: оқушы қалай оқу керектігін үйренеді, ынталы, өзіне сенімді, еркін өз ойын дәлелдей алады, сыни көзқараста пікір айта отырып тұжырым жасай біледі. Сонымен қатар білім беру мен оқытудың қазіргі замандағы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби құзіреттілігімен өзара байланыста қарастырылады. Жаңа деңгейлік бағдарламада қазіргі заманғы оқыту әдістері ретінде жеті модуль арқылы берілген. Жалпы орта білім беру мемлекеттік стандартының жаңа жобасын алып қарасақта оқушылардың функционалдық сауаттылығына баса назар аударылған. Елбасы 2012 жылғы 27 қaңтардaғы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқyшылaрының функциoналдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар қабылдағаны баршамызға белгілі. Сонымен бірге Елбасы Н. Назарбаев оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны, құрылымы функционалдық сауаттылықтың құзыреттілігіне сай жазылуы тиіс екендігіне ерекше тоқталған болатын.
Ұлттық жоспaрдың мақсaты - Қaзақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық caуаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады. Oсыған орай, Ұлттық жоспарда функционaлдық сaуaттылықтың төрт негізгі механизмін бөліп көрсетеді.
Бірінші механизмі - оқыту әдістемесі мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Ол үшін мұғалім оқушыны әлеуметтік ортаға бейімдеп, алған теориялық білім, білік, дағдыларын практикада тиімді пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек.
Олар:
1.Көшбасшылық /жағдаяттан шығу немесе шешу құзіреттілігі/;
2.Ақпараттық құзіретілігі /өз бетімен ақпарат көздері арқылы білімін үнемі толықтырып отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін дамыту/;
3.Коммуникативтік /үш тілде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау;
4.Әлеуметтік / кез келген ортада, қоғамда іс-әрекет жасай алу қабілеті/;
5.Тұлғалық / өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу/;
6.Азаматтық /қазақ халқының салт-дәстүрі,тарихы, мәдениеті, діні мен тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі/
7.Технологиялық / ақпараттық технологияларды, білім беру технологияларды сауатты пайдалану/;
Оқушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді /әр пәннің мазмұны арқылы/ меңгеруі тиіс[1].
Мен өз тәжірибемде осы құзіреттіліктерді басшылыққа ала отырып, сыныпта топтық жұмыс арқылы сынып оқушыларының ішінен көшбасшы оқушыны көріп отырамын. Көшбасшы оқушы кез келген уақытта сыни тұрғыда ойлап, өз пікір уәжін айта алады, ақпараттық құралдарды тиімді қолдана алады, құрдастарының еңбегін әділ бағалай біледі, өз білімін саралап тұжырым жасай біледі. Топтық жұмыс пен диалог арқылы оқушы кез келген ортада өз ойларын ашық айтуға ғана емес, сонымен қатар өз қатесін түсініп, өзгенің жұмысын әділ бағалауды меңгереді /1-сурет/.
Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың екінші механизмі - оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. Бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау- оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау- әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері /ҰБТ,ОЖСБ/. Сондай-ақ халықаралық /TIMSS , PISA және PIRLS/ зерттеулерге қатысуы . Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде оқушы білімін бағалау 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға болатыны /жазба жұмыстарынан басқа/ нақты анықталмаған. Жаңа тәсілде бағалау оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау болып екіге бөлінеді. Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады. Ал бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша жиынтық бағалау немесе оқуды бағалау деп аталады[2]. Жалпы бағалаудың негізгі мақсаттары: оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс жасау немесе уәж айта білу, бағалау арқылы оқушының дамуын сұрыптау және дамуын болжау, стандартты бақылау және орындау, оқыту бағдарламаларының мазмұнын бақылау. Оқыту үшін бағалау немесе формативті бағалауда оқушылар өздерінің білім деңгейлерінің қандай сатыда тұрғанын, қандай деңгейге әлі алда жету керек екендігін, кездескен қиындықты қалай жеңу керек екенін, топтың немесе сыныптастарының жұмысын бағалайды. Өз тәжірибемде оқушылар білімдерін формативті бағалауға үнемі бағыттап отырамын.Оқушылар үй тапсырмасын тексеруде "басбармақ" әдісі; топтық жұмыста, мәтінмен жұмыс-постер қорғауда "екі жұлдыз, бір тілек" әдісі; бекіту бөлімінде немесе жұппен жұмыста "бағдаршам" әдісімен бағалап отырады 2-сурет. Сабақ соңында сабақтың тиімділігі туралы кері байланысқа түрткі сұрақтары арқылы шығып отырамын. Түрткі сұрақтары: сабақта не ұнады, не қиын болды, қиындықты қалай жеңдің, алдағы уақытта тағы не білгің келеді, болашақта сабаққа қандай өзгерістер енгізер едің деген сұрақтар бөлініп беріледі. Келесі сабақтың жоспарын жасауда кері байланыстағы уәж ескеріліп отырады.
Функционалдық сауаттылықтың үшінші механизмі - ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-ананың ұрпақ алдындағы парызы оның бойына сәби кезінен ұлттық адами құндылықтарды дарытып, саналы өмір сүруге баулу және баланың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мектеппен, мұғалімдерімен тығыз қарым қатынаста болып, байланыс жасауы. Ата-ана баласының ең бірінші қасиеті танып, қабілетін дамытатын, қоршаған ортадағы жағымсыз әдеттерден қорғап, бала бойына ұлттық рухани құндылықтарды, әдет-ғұрыптарды дарытып, жағымсыз қылықтардан арылтуға күш салатын бірінші адам. Өкінішке орай, барлық ата-ана ұрпақ тәрбиесіне, білім алуына бірдей көңіл бөліп отырған жоқ. Ата-ананың бойында еліміздің болашағы - ұрпағымыздың қолында екенін, ол үшін ұрпақ сауатты, бәсекеге қабілетті, мәдениетті жеке тұлға екенін түсінетін фукционалдық сауаттылық болуы тиіс. Ата ананың да функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мемлекет жаңа әдістемені әзірлеуге кірісті және әдістеменің негізінде ата-аналарға арналған семинарлар мен тренингтер ұйымдатырылып, өткізіледі. Аталған жұмысқа Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) және азаматтық қауымдастықтың басқа да секторлары белсенді тартылады.
Төртінші механизм - қосымша білім беру жүйесін дамыту. Баланың дарындылығы мен талантын ашу мен дамыту мақсатында Ұлттық жоспарда мектептен тыс оқу тәрбие ұйымдарының жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған. Қазақстанның тарихында алғаш рет мектептен тыс оқу-тәрбие ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жаңартылатын болады. Бұл оқушылардың білімге, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады, мектептен алған білімін дамытады, өмірде қолдана алатын болады. Бұл үшін жаңа технологиялар мен инновациялық және интерактивтік формалары енгізіледі.
Оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын ояту үшін сыни тұрғыдан ойлау және ізденушілік дағдыларын қалыптастыру менің алға қойған мақсаттарымның бірі болып табылады. Математика пәнін оқыту үшін "пәнді қалайша терең меңгертуге болады, оқушылардың пәнге, оқуға деген қызығушылықтарын қалай арттыруға болады?" деген сұрақтар туындайды. Осы сұрақтарқа жауапты оқытудың жаңа тәсілдерінің бірі сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын қолдану арқылы алуға болады деген тұжырымға келдім.
Оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыра білу әрбір мұғалімнің құзыреттілігінде. Оқушылардың сыни ойлауын дамытуды диалог арқылы жүргізіп отыру үлкен нәтиже беретінін сабақтарымның соңында көре бастадым. Оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын дамыта түсу үшін жас ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі деңгейде сұрақтар дайындап отырдым. Әрбір оқушының бақылау, таңдау, қорытынды және интерпретация дағдыларын қалыптастыру арқылы сыни ойлай алуын зерттедім. Үлгерімі орташа оқушылар сұрақтарға тез жауап беріп, өз қателерін тауып түзетуге ұмтылды. Сондықтан сабақтың мазмұнына сай сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын ЖИГСО, ассосация, эссе жазу, семантикалық кесте, Блум таксономиясы, постер жасау әдістерін қолданып отырдым. Оқушыларды топтарға бөліп топпен жұмысты жаңа сабақ меңгеруде қолдансам, жеке жұмысты бекіту бөлімінде қолдандым. Тәжірибеден өткен кездегідей емес оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеруге бағытталған, жұптық әрі топтық талдау жасау арқылы тақырыптың мазмұнын ашып отырды, көшбасшы ретінде тақырыптың ашылуына диалог орнату арқылы бағыт бердім. 5-сынып оқушыларының жаңа әдіске бейімділігі басым екені көрініп тұрды, жоғары сыныптарға қарағанда қызығушылықтары да артып, белсенділіктері сабақ барысында жоғары болды. Өз ойларын ортаға салуда, мысал келтіріп, қолдау көрсету мен көмекке баруда да қабілеттерін көрсетіп отырды. "Ондық бөлшектер" тарауында мысалдар арқылы амалдардың орындалу алгоритмін тұжырымдап отырды. Жоғары сынып оқушылары жаңа тақырыпты ашуда түгел қатыспағанмен, жаңа тақырыпты бекітуде постер арқылы тұжырымдауда, бағалауда сыни тұрғыда ойларын ашық айтып, әділ бағалады. Тәжірибе кезінде көшбасшы оқушылар көбіне баяндаушы, қорғаушы ретінде өз ойларын үнемі ортаға салып отырса, енді үлгерімі орташа оқушылар да өз ойларын айтып, пікірталасқа қызу қатысатын болды.Әсіресе 10-сыныптың геометрия пәнінде "жазықтықтар мен түзулердің өзара орналасуының әртүрлі жағдайларында" пікірталас болып, өз тұжырымдарын дәлелдеуге дағдыланды. Формативті бағалауда оқушылар әділ бағалап, бағалау критерийлерін өздері бекітіп отырды.
5-сынып оқушылары қайталау сабақтарында мысалдар мен тест тапсырмаларын құрастырып, жұппен көршісінің білімін тексеріп бағалап отырды. Бұл жұмыстануда үлгерімі орташа оқушылар қосымша материалдарды қолданып, өздерінің сабаққа деген құлшыныстарының оянғанын көрсетті. Мысалға, 7-сыныптағы орташа оқитын оқушы бұрын үй тапсырмасын жазуға ерініп басқалардан көшіруге әзір тұратын, енді кітапханадан есептер жинағын алып, сабаққа құлшыныспен даярланып келетін болды.
Дәстүрлі сабақ барысында сұрақты бір-біріне оқулықтан қарап қоя беретін оқушылар, енді жауабын өзі түсіне отырып қоятын болды, яғни жауап беруге қарағанда сұрақ қоюдың қиын екенін түсіне бастады. 10-сыныптағы зерттеушілік конференция арқылы оқушылыр рефлексия, зерттеу жасау, талдау, талқылауды білді.
Топпен жұмыс жасауда оқушылар топ ережесін ескеріп, формативті бағалауда бір-бірінің көңіліне қарамай әділ бағалауды меңгерді және өз білімін бағалау кезінде де сыни тұрғыдан әділ бағалады, деңгейлік тапсырмалар орындау кезінде оқушылар өз қабілеттерін анықтай отырып, ашық және жабық сұрақтар қоюға дағдыланды. Оқушыларды сындарлы сөйлеуге, зерттеуге дағдыландыру, қызығушылығын ояту, сыни тұрғыдан ойлауға ынталандыру мақсатында қайта бағыттау сұрақтарының маңызы зор.
Сабақ барысында қиындық туғызғын сәттер: интерактивті тақтаның жұмыс жасамауы, өз беттерімен ізденістің аздығы. Дегенмен, оқытудағы қиындықтарды және түсінбеушіліктерді сыныппен, топпен бірлесе отырып анықтап, шешіп отыруға мүмкіндік алдым.
Сабақты талдау кезінде жіберілген кемшіліктер мен сәтсіздіктердің орнын қалай толтыру керек және келесі сабақты қалай жоспарласам мақсатыма жетем деген ой мені үнемі мазалап отырды және сабақты мазмұнды, қызықты өткізуге деген талпыныс арта түсті. Оқушылар рефлексия парағында дәстүрлі сабақтан жаңа әдіспен өткен сабақтың қызықты екенін жиі айтып отырды. Басқаша айтқанда, білім беруде басты мақсат "не нәрсеге оқыту", яғни мазмұн емес, "қалай оқыту", яғни әдістеме, сабақ барысының өзі. Бүгінгі күні педагогикада білім алу мен қоғам мүдделері тығыз қарым-қатынаста қабылданады. Мұндай көзқарас бойынша қандай да болмасын білім қоғамда өмір сүріп, әлеуметтік прооблемаларды шешумен тығыз байланыста болуы керек. Бұл ұстанымның екі атауы бар: оның бірі "Сыни сауаттылықты дамыту", ал екіншісі "Қоғамға қызмет жасау негізінде білім беру"[3]. Өмірде білім өз қажетін таба алатын білік пен дағды болып қалыптасу керек, яғни не оқып үйренсек те, оны өмірмен байланыстырып қолдана білуіміз керек.

1-сурет 2-сурет
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. adilet.zan.kz сайты
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі)деңгей. Үшінші басылым.
3.Асхат Әлімов.Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Алматы-2013

Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - өмір талабы
Майлау жүйесінің диагностикалау
Құзыретті оқушы
Автокөлікті жөндеуші слесарь
«қазақ тілі мен әдебиетінен білім сапасын диагностикалау мен мониторингілеудің білім беру сапасын арттырудағы рөлі»
Оқытудың белсенді әдістерін топтастыру
Орта мерзімді даму жоспары
Шығармашылық жұмыстар
ОРЫС ТІЛДІ МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ
Пәндер