Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Әділқазылар алқасы

Армысыздар, құрметті оқушылар! Бүгінгі <<Білім кілті>>атты интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер! Ойынымыздың барысында <<Компландия>> еліне саяхат жасаймыз. Саяхат барысында сіздерге қызықты конкурстар ұсынылады.
Олай болса, ең бірінші Біз <<Процессор>> айлағына келеміз, әрі қарай <<Жоғалған компьютерлер>> алқабына кетеміз, сосын <<Вирустар>> тауына шығамыз, одан әрі <<Терминдер>> болотосынан өтеміз, <<Жады>> орманында боламыз. Жеңімпаз команда <<Білім кілтін>>алып, ортада тұрған сандықшаны ашады.

Бүгінгі ойынымызға қатысатын ойыншыларымызбен танысып өтсек. Олар:
5 <<б>>,5 <<ә >> ,5 <<г>> сыныптары.

Әділқазылар алқасы:
1.
2.
3.

Ұзақ әрі қызықты саяхатымызға шықпас бұрын қай команданың бірінші болып жолға шығатынын анықтау үшін жеребе тастайық.
Ендеше, бірінші болып ойынымызды бастайтын __________ командасы.

І. <<Процессор>> айлағына келу үшін әр команда өздерін таныстырады. Әділқазылар алқасы бұл конкурсты 3 балдық жүйемен бағалайды.

ІІ. Әрі қарай <<Жоғалған компьютерлер>> алқабына жолға шығамыз. <<Жоғалған компьютерлер>> алқабында әр командаға жеке-жеке түбір сөздер қасына адасқан жалғаулар беріледі, сол жалғауларды түбір сөздерге дұрыс жалғау керек. Ойыншыларға сөздерді құрау үшін 2 мин уақыт беріледі. Әр дұрыс жауап 3 баллмен есептеледі.

ІІІ. <<Вирустар>> тауына шығамыз. Бұл кезеңде әр командадан 1 оқушыдан шығып, уақытқа мәтін тереді. Берілетін уақыт 3 минут. Сайыскерлер жазу жазып болғанша команданың қалған мүшелері кестелерде берілген әріптерден информатикаға байланысты сөз құрауы керек. Әріптерді тігінен, көлденеңінен қосуға болады. Тек қиғашынан қосуға болмайды. Жеңімпаздар 5 баллмен бағаланады.

IV.Олай болса, саяхатымызды одан әрі жалғастырамыз. Келесі <<Терминдер>> болотосы. <<Терминдер>> болотосынан өту үшін әр командадан 1 оқушы шығып информатикаға байланысты терминдерді айтып шығады. Әр термин айтқанда бір қадам жасап отыру қажет. Сайыскер кідіргенше ойынды жалғастырады. Берілетін ұпай саны айтқан терминдер санымен беріледі.

V. Келесі бізде<<Жады>> орманы. <<Жады>> орманында экранда берілген гүл күлтелерінде берілген мәтіндік редактордың командалары жасырылған. Гүлдің күлтесін сағат тілімен таңдау арқылы командалардың қызметін айтулары шарт. Әр команда 2 күлтеден таңдайды. Әр дұрыс жауап 5 баллмен есептеледі.

VІ. Десекте, балалар саяхат барысында біз біраз кедергілерден өттік. Енді біз <<Процессор>> айлағына жетіп <<Білім кілтін>> алу үшін экранда берілген <<ИНФОРМАТИКА>> сөзінен бірнеше сөздер шығаруымыз керек. Берілетін ұпай саны командалардың айтқан сөздерінің санымен беріледі.

Қорытынды. Осымен балалар <<Компландия>> еліне саяхатымыз аяқталды. Келесі кезекте әділқазылар алқасына сөз беріледі. Командаларды марапаттайды. Жеңімпаз командаға <<Білім кілті>> тапсырылады.

Ұқсас жұмыстар
Тігістер әлеміне саяхат. 8 сынып
Сыр сандық
Т О Л А Ғ А Й
«т о л а ғ а й» отбасылық сайыс
Сайыскерге қоятын талаптар
Молекулалық- кинетикалық теория негіздері (МКТ) тақырыбын жаңа ақпараттық технологиялар негізінде қайталау
Балдырған арулар мен сал - серілер сайысы
Өнерлі жігіт
"әкем, шешем және мен" отбасылық спорттық сайыс
Қазақ тілін білемін
Пәндер