Күтілетін нәтиже

3-бөлім. Өзім жұмыс істейтін мектептің өзгеруі үшін
менің не істеуім керек?
Мектептің даму бағдарламасын талдау кезінде бағалау үдерісін жетілдіру және оқытудағы бағалау жаңа тәсілдерін дамыту механизмдері қарастырылмаған. Мектеп мәселесінде білім сапасын көтеру сөзі бар да, оны қалай жүзеге асыру жолдары айқындалмаған. Осы жұмысты дұрыс жолға қойылса, ішкі уәжді көтеріп, оның нәтижесінде білімді жүейлі меңгеруге қол жеткізіледі. Әрбір сабақтың соңында оқушы оқыту нәтижесін көріп, алдыңғы білім мен соңғы білімді салыстыра білуі маңызды. Оқыту үдерісін әрбір оқушы өзінің жетістіктері мен осал жақтарын көріп, оны салыстыра алатындай етіп құру қажет. Қазіргі кездегі бағалау білімді меңгеру нәтижесін ғана көрсетеді. Бірақ баланың зерттеушілік белсенділігі мен қалыптастырылған құндылықтар жүйесін көрсетпейді.
Сондықтан педагогикалық ұжымның бастапқы міндеті бағалау жүйесін мақсаттармен сәйкестендіру міндеті тұр. Сондықтан, өзекті педагогикалық міндет болып бүгінгі күні бағалау жүйесі қойылған міндеттерді білім беру мақсаттарымен сәйкестендіру керек. Мәселенің шешуі ретінде оқыту үшін бағалауды алуға болады. Педагогикалық кеңесте мектептің даму жоспарына өзгерістер енгізу керектігі талқыланды. Мектептің даму жоспарына оқыту үшін бағалау мәселелерін әзірлеу қажет. Оқыту үшін бағалауды енгізу оқушыларда оң уәж тудырады, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау дағдалыры қалыптасады, мақсат қою және рефлексия дағдылар жетілдіріледі. Егерде оқушыда білім алу тілегі мен дағдыларын қалыптастырса, онда ол жоспарланған нәтижелередің сапасын көтеруге әсер етеді.
Мектептің бастапқы жағдайын қарап отырсам, педагогикалық ұжымының сапалық құрамы жақсы, екі жас маманнан басқасы, яғни 25 (92, 5%) мұғалім 2011-2013 жыл аралығында облыстық біліктілікті жетілдіру курстарынан түрлі тақырыптарда өткен. Оның ішінде, 2(7%) жаңа форматтағы деңгейлік курстың 3 деңгейінен өткен. Дегенмен де оқыту үдерісінде мектеп әкімшілігінің айтуы және талдауы бойынша білім сапасы қатерлі деңгейде. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде ортақ ұпай жоғары болғанымен (83), білім сапасы - 25% құрады. «Алтын белгі» үміткері өз білімін нақтылай алмады. Білім сапасын көтеру үшін не істеуге болады?
Келесі қадам. Мұғалімдер, оқушы мен ата-аналардан сауалнама алдым. Мақсаты: мұғалімдердің сабақ үрдісінде пайдаланылатын бағалау жүйесін анықтау және саралау. Сауалнамаға қатысқан мұғалімдер саны - 17. Бағалауды қандай өлшемер арқылы жүргізесіз деген сұраққа 2 мұғалім (11%) білімі белгіленге нормаларға сәйкестендіремін деп жауап берген, 3 мұғалім (17%) бағдарлама талаптарымен сәйкестендіріп, білім деңгейін ескере отырып бағалаймын деп жауап берген, 4 мұғалім (25%) бағдарлама талаптарымен сәйкестендіремін деп жауап берген, 8 мұғалім (47%) білім деңгейін ескеремін деп жауап берген. Осыдан мұғалімдердің басым бөлігі тек оқушылардың біліміне ғана назар аударатындығы анықталды. Бағалау кезінде мұғалімдер келесі әдістерді пайдаланады: бағалау парағы 6 мұғалім (35%), 4 мұғалім (23%) күнделікке жазамын және бағалау парағын қолданамын десе, 5 мұғалім (29%) ауызша мадақтаймын деген, 2 мұғалім (11%) ауызша мадақтап, күнделікке жазамын деген. Бағалауда мұғалімдердің 58% бағалау парағына жүгінетіндігі анықталды.
12 мұғалім (70%) оқушылардың білімін дәстүрлі бағалаймын деп белгілеген, 1 мұғалім (5%) геометриялық фигуралармен бағаласа, 1 мұғалім түрлі-түстермен бағалайтындығын жазған, оларды да дәстүрлі бағалау түріне жатқызуға болады, тек 3 мұғалім (17%) ғана бағалауың жаңа формаларын жазған: үлкен саусақ, бағдаршам, түрлі-түстермен т. б.
Бағалау кезіндегі қандай қиындықтар көресіз дегенде мұғалімдердің басым көпшілігі дәстүрлі бағалаудағы 5 балдық жүесінің жеткіліксіздігін, оқушылар өздерін бағалауда дұрыс нәтиже шығара алмайтындығын, ауызша жауап беру мен жазбаша жұмыстарын тексеруде қарама-қайшылықтар болатындығын жазған.
Сауалнама нәтижесіне мектеп мұғалімдерінің 83% дәстүрлі бағалауды падаланатындығы және осы жүйеге анықталды. Және де оқушылардан алған сауалнама қорытындысы бойынша да мұғалімдердің көпшілігі дәстүрлі бағалауды пайдаланады деп 22 (76%) оқушы жауп берген. Ата-аналардан алынған сауалнамадан да дәстүрлі бағалаудан басқа баға түрін білмейтіндіктері анықталды. Осы сауалнама қорытындысы мен мектептің бастапқы жағдайын (білім сапасының төмендігі) басшылыққа ала отырып, яғни мұғалімдерге бағалау әдіс-тәсілдерін үйрету керектігі анықталды. Сондықтан, мектептегі бағалау жүйесіне өзгеріс енгізу керек деген тұжырымға келдім.
Зерттеу сұрағы: Өзін-өзі бағалау білім сапасын көтеруге қалай ықпал етеді?
Міндеті: Алты апта ішінде өзін-өзі бағалау арқылы оқушылардың өз қажеттіліктерін түсінуге, көруге мүмкіндік туғызу. Мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесі туралы ойландыру. Ынтымақтастық және сәттілік ортасын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Мектеп үшін: Білім сапасы көтеріледі. Заман талабына сай сапалы білім береді. Әдістемелік жұмыс дұрыс жолға қойылады. Жоғары оқу орындарына түсетін түлектердің саны артады. Мектептің даму жоспары заманға сай жасалады. Мектеп- мұғалім-оқушы -ата-ана ынтымақтастық үдерісі нығаяды.
Мұғалім: Нені? Қалай? Не үшін? Оқыту түсінеді және тәжірибеде қолданады. Оқушыға бағытталған сабақ беруге үйренеді. 7 модульді өте жақсы меңгереді. Соған сәйкес қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспар құруды үйренеді. Пәннің білім сапасы көтеріледі. Әдістемелік шеберлігі артады. Бағалаудың дәстүрлі емес түрлерін қажет жерінді сәтті пайдалана алады. Өзінің іс-әрекетіне сыни тұрғыда бағалай алады. Яғни, сабақ тиімділігі мен кемшіліктерін көре алып, саралап, түзетулер енгізе алады.
Оқушы өзін-өзі бағалау арқылы жетістіктері мен кемшіліктерін саралап қажеттілігін анықтайды. Өзін-өзі бағалау түрлерімен танысады. Сыни көзқарас қалыптастырылады. Өз іс-әрекетін реттеу дағдысы қалыптасады. Топта жұмыс істеп адамдармен қарым-қатынас жасау қажеттілігі мен біліктілігі артады.
Мектеп мұғалімдерінен алынған сауалнама негізінде мұғалімдер педагогикалық стратегияларды біледі. Көбінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы стратегиялары туралы мағлұматтары бар. Кейбірі сабақтарында кубизм, инсерт, доп лақтыру, Венн диаграммасы, ішке-сыртқа т. б. стратегияларын сабақ барысында пайдаланады. Барлығы өз пәндерінің мамандары, білімі бар. Мектептегі әдістемелік жұмыс оқудың белсенді тәсілдерін ұтымды қолдануға, ұстаздың шығармашылық қабілетін дамытуға, озат іс-тәжірибені зерттеп, оны таратуға көңіл бөлуде.
Мектеп мұғалімдері оқушылардың білімі мен іскерлік дағдысын жетілдіруде, жаңа оқыту технологияларын өз сабақтарында пайдаланады. Сауалнама қорытындысы бойынша, сыни тұрғыдан ойлау мен дамыту - 6 мұғалім, ұжымдық оқыту -1, функционалды семантикалық технологиясы -1, дамыта оқыту әдісі -7, модулдік оқыту-1, сатылай кешенді талдау, әдебиетті үлгілей оқыту (Қ. Бітібаева) 4 мұғалім, жобалау технологиясы - 2 мұғалім сабақ барысында өз жұмыстарын атқарды.
Мұғалімдердің ішінде бірлескен оқуға, оқушылардың «жаңалық» ашуына барлық мұғалімдер ықпал етеді, деп айту қиын. Бір жағынан мүлде жұмыс істелмейді деп айтуға болмайды. Әрине мектептегі көп сабақтар дәстүрлі өтеді. Сабақта топтық жұмыс ұйымдастырып, топтық жұмыстың ережесін сақтамайды. Топтық жұмысты ұйымдастыруда бірлескен оқу қағидаттарына сүйенбейді. Сабақтарда мұғалімдер өздері ғана сөйлеп, оқушыларға білім алуға мүмкіндік бермей жатады. Оқушылар сабақ барысында дайын ақпаратты ғана қабылдап, аз сөйлейді. Бұндай сабақтар оқушыларды жалықтырып, қызығушылығын төмендетеді. Сабақтан кейінгі талдауда: «Неге өзіңіз бәрін айтып бересіз?»- дегенде. «Енді бірдеңе біліп кетсін» дегенді айтады. Тапсырмалардың көпшілігі мұғалімнің үлгісі бойынща немесе нұсқаулығы бойынша жүргізіледі. Тапсырмаларды орындауда уақыт белгіленбейді. Бақылау сирек жүргізіліп, мұғалімдер өздері бағалайды және қорытынды жасайды. Оқушы естігенді емес, өзі оқып, қолымен түртіп, жасап көргенде ғана бірдеңені біледі дегенді түсінсе де, тәжірибеде орындамайды.
3 деңгейді өткен мұғалімдер сабақтарына өзгеріс енгізуге тырысып жатыр. Олардың сабақтарына кірсең, 7 модульдің талаптарын орындап, сыныптағы барлық оқушылардың білім алуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға тырысады. Бұл сабақтардың соңында кері байланыста оқушылардың көңіл-күйі көтеріліп, оқуға деген құлшыныстары артады.
Осы жолда оқытудың Кембридж бағдарламасының маңызы зор. Бұл Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Дәстүрлі оқытуда алынған білімді оқушылар жаттанды түрде есте сақтайды және ол мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалана алады, бірақ мән мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Мұғалімдер тұтастай алғанда оқу үдерісінің мәнін, жекелеген оқушыларды ынталандыру жолдарын, олардың эмоционалдық ахуалын және сыныптан тыс өмірін түсінеді. Себебі, мектепте оқушы саны аз, әрбір оқушының мінез-құлқын, әлеуметтік жағдайы мен қызығушылық деңгейін біршама біледі. Оқушының пәнге деген қызығушылығы арттыруда түрлі сайыстарға қатыстырады. Осы жұмыс сапалы болу үшін оқушылармен кері байланыс жүргізліп, олардың мұң-мұқтажын, қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін саралау қажет. Ол үшін оқушылардың мектептен тыс өмірі жөнінде де ата-анамен байланыс арқылы мағлұмат алуға мүмкіндік болады. Сауалнамаға қатысқан ата-аналар да оқушылардың оқу үлгірімі жөнінде айта келіп, мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс күшейтілсе деген ұсыныстарын айтты.
Мектептің мұғалімдері аудан мектептері мұғалімдерімен семинар, конференцияларда, аудандық шығармашылық топтарда 5 мұғалім жұмыс істейді. Олар мектепке келіп өз жинақтаған іс-тәжірибелерімен бөліседі. Пәндік олимпиадаларға қатысып, өз біліктіліктерін тексереді. Бұл жұмысты кәсіби желілік қоғамдастық деп айтуға болмас, себебі, бұл жұмыстардың нәтижесі көрінбейді. Жүйелі жұмыс көрінбейді. Көрген ашық сабақ пен берілген шығармашылық есептен нәтиже шығару қиын деп ойлаймын. Себебі, көптеген семинар, конференциялар баяндама оқумен шектеледі. Тек теориялық біліктілікті көтеру басым. Ал, Кембридж бағдарламасы бойынша әзірленген курстарда теория мен практика ұштасып жатыр. Сондықтан да қандайда бір нәтиже күтуге болады.
Мұғалімдердің көпшілігі білім беру технологияларын пайдаланылады. Оларда Облыстық педегог мамандардың біліктілігін арттыру институты курстарынан алған білімдері қалыптасқан. Сабақтарда Сындарлы оқытудың мақсаты оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Ал мұғалімнің басты міндеті оқушыларға тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгерт ( Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 10бет) . Сабақ үстінде оқыту әдіс-тәсілдері көп-ақ, бірақ оқушылардың білім- білік дағдыларын қалыптастырушы әдіс- тәсілдердің ішінен тиімдісін таңдап алу мұғалімнен жоғары шеберлікті талап етеді. Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттерді қойған. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушыға тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша оқушы өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімге Шульман «үш көмекші» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады. Тағы да сабақта оқыту технологияларын дұрыс жүйелі қолданбай және ол оқушы құзыреттілігін ашатындай болмаса, ол білім сапасының төмендеуіне әкеледі. Технологияларды пайдалану дегенде мектептің әрбір мұғалімі сабағында 7 модульді пайдаланып орта мерзім жоспар құра білу керек. Сонда оқушылардың қызығушылықтары артады деген ойдамын. Әр мұғалім іс-әрекеттеудегі зерттеу айналымына сәйкес жоспарлап, іс жүзінде іске асырып, сабақ барысында қадағалап, сабақтан кейін рефлексия жасау керек. Яғни, мұғалім сабақ оқыту әдіс-тәсілдерін өзгертіп, оқушылармен қарым-қатынасына басқаша көзқарас енгізу керек. Қазіргі кезде мұғалім сындарлы оқытудың теориялық негіздері мен оқыту технологиясын меңгеру міндет. Нәтижесінде: оқушы сыни ойлау қабілеті дамыды; талдау дағдылары қалыптасады; іс-әрекетті жоспарлап, нәтижесінде өз іс-әрекетіне рефлексия жасайды; білімін суммативті және формативті бағалау дағдылары қалыптасады; маңыздысы алған білімін өмірде пайдалана алады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz