Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ислам діні, ислам сөзі дегенді қалай түсінесің

Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Жасқайрат ауылы
Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебінің Кітапхана меңгерушісі:
Құсанова Айшолпан Сайынқызы

Тақырыбы: <<Ислам діні-ғылым.
Мақсаты: Ислам діні және оның құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру.Қоғамдағы ислам діні атын жамылған және өзге діндердің секталарының ұстанымдарының бағытына түсіп кетуден сақтануға үйрету. Оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке үйрету.
Түрі:Дөңгелек үстел.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер,кітап көрмесі, слайд т,б.
Сыныбы: 9-10 сыныптар.
Жүру барысы:
І.Кітапханашының кіріспе сөзі.
ІІ. Дін-ғылымның анасы.
ІІІ.Имандылық-инабаттылық мұраты
ІҮ. Ы.Алтынсариннің кітабындағы бүгінгі тақырыпқа сай жазылған әңгімелерінен үзінді оқып, мәнін ашу.
Ү.Сұрақберіп,жауап алам.
ҮІ. Дөңгелек үстелді қорытындылау.
І.Кіріспе: Ислам діні-басқа діндерге қарағанда ең жас дін. Дін-қоғамдағы барлық салаларды реттеуші бірден-бір құрал.Дінді жақсы ұстау үшін ең алдымен оған құрмет керек, ал құрметтеу үшін иманды, әдепті, қайырымды болу адамның ең тамаша қасиеттерінің бірі. Бүгінгі дөңгелек үселіміздің мақсаты оқушыларға ұлттық сананы,халықтық қадір қасиетімізді,әдет-ғұрпымызды насихаттау және жандандыру.
Дөңгелек үселімізді бастамас бұрын оқушыларымызды екі топқа бөліп алайық.
І-топ. <<Ақиқат>>Ұраны: <<Ақиқат бар-жерде шындық бар>>
ІІ-топ. <<Ождан>>Ұраны: <<Өлімнен ұят күшті>>
ІІ. Дін-ғылымның анасы. Бұл бөлімде оқушыларға ислам діні жөнінде сұрақтар қойылып,оқушылар сол жөнінде өз қарастарын білдіріп, түсініктерін қалыптастырды.
1.Ислам діні,ислам сөзі дегенді қалай түсінесің?
Ислам діні-келгенге дейінгі кезең ислам шариғатындағы <<надандық дәуірі>> деп аталды. Басқа діндердің ішіндегі ең кеш келген жас дін-ислам діні. Тарихи,әдеби деректерге сүйенсек ислам дініАрабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы-Меккеден шықты.Ислам сөзі табыну,бойсыну,бейбітшілік деген мағынаны білдіреді.
2.Діннің заңды ережелерінің жиынтығы <<Шариғат>>жөнінде не білесіздер?
Исламда шариғат 4 мәселені қарастырған.Сенім,амал,тәрбие,құқықтық істер.
Намаз оқу,ораза ұстау,зекет беру,қажыға бару. Орта Азия мен Қазақстанда исламның кең таралуына бірден-бір себепкер болған орта ғасырлық ғұлама Йассауи болған.Йассауи ілімі адамның рухани жетілуімен таза адамдық - моральдық еркіндікке жетелейтін өзіндік ерекшеліктерге ие.Дін ғылымдар-анасы. Діннің зерттеу нысаны-рух,ал ғылым тәнді зерттейді.Дін-жүрекке, ал ғылым миға әсер етеді,екеуінің мақсаты бір.

3.Адамзаттың тарихы мен мәдениетінің ажырамас бөлігі дін жөніндегі пікірлеріңіз қандай?
Адамзаттың дінсіз тарихы да,мәдениеті де болмаған.Дін қоғамның алғашқы кезеңінде дәстүр ретінде қалыптасқан,дінсіз дәуір болмаған. Діни наным,сенім,қағида,ілімдер,діни аңыздар қала салуда,мешіттер,тарихи тұлғаларға ескерткіштер орнатуда кеңінен орын алған. <<Кейбір тұрғыда өзіңнің діни рухыңды сақтау тарихта тұтас халықтарды сақтаудың кепілі болады>>,-деген әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының ІІ - ші съезіндегі өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.
ІІІ.Имандылық-инабаттылық мұраты
4.Имандылықтың қағидалары адамдар арасында қалай насихатталады.
Иман дегеніміз-сенім. Адам сенімсіз,үмітсіз, армансыз өмір сүре алмайды. Қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың көкірегіне ұялап, қанына сінген ислам дінінің имандылық қағидаларын адамдар ізгілік,қайырымдылық,адалдыққа тәрбиелеуде кеңіннен пайдалануда.
5.Адамның ең тамаша қасиеттері
Адамның өзін-өзі билеуі,қиыншылықтарды жеңуі-сабырлылық болса,ең тамаша қасиеттердің бірі жомарттық,сонымен қатар аздың өзіне қанағат етіп жүретін қанағатшылдық.Міне осы үш қасиетті бойына жақсы сіңірген адамды иманды адам десек артық айтпаған болар едік.
6.Әдеп, адалдық,имандылық амандасудан басталады.Иманды екен,иман жүзді екен деген сенім сәлемдесуден басталады.Сәлем беру өткінші міндет емес,өмірлік міндет.Ендеше одан жаңылуға да,жалығуға да болмайды.
Сәлемдесуге байланысты мақал-мәтелдер:
1.Сәлем-сөздің анасы. 3.Сәлем беруде парыз,
2.Әдепті елдің баласы, Сәлем алуда парыз
Алыстан сәлем береді.
ІҮ.Ы.Алтынсариннің <<Таза бұлақ>>, <<Әдеп>>, <<Қанағат>> деген әңгімелерінен үзінді оқып, тақырыпқа сай әңгіменің мәнін ашу.
Оқушылар тақырыпқа сай әңімелерге қосымша өз пікірлерін айтып,өз ойларын ортаға салды.Бұл әңгіме бұлақтай таза болуға,ерінбей еңбек етуге, имандылыққа баулиды.
Ү. Сұрақ беріп,жауап алам.
1.Діннің заңды ережелерінің жиынтығы. (Шариғат)
2.Құранда тыйым салынған істер,әрекеттер,қылықтар.(Арам)
3.Құранның түсіндірмесі. (Тапсир)
4.Салт-дәстүрден жұрдай адам? (Мәңгүрт)
5.Ислам діні Арабиядағы қай қаладан шыққан?(Мекке)
6.Ислам дінінің негізін салған кім ? (Мұхамед Пайғамбар)
7.Исламның қасиетті кітабы (Құран)
8.Мұхаммедтің шыққан руының аты? (Күрейшт)
9.Күрейшт тайпасының құдайы?(Алла)
10. Дүние жүзілік діндердің ішіндегі ең кеш келген дін (Ислам діні)

ҮІ.Қорытынды.
Ақыл ойдың алыбы Абай атамыз <<Алланың өзі де рас, сөзі де рас>> - деп толғаса, ақиық ақын Мұқағали <<Дін ғылымның - анасы>> деп жырлаған.Өз бойына жомарттықты, сабырлылықты, адалдықты жинаған адам иманды болатыны сөзсіз.Осы жақсы қасиеттердің бәрі сендердің бойларыңнан табылса деп тілеймін. Өз пікірлеріңді ортаға салып,ат салысқандарыңыз үшің рахмет айтамын. Осымен <<Ислам діні-ғылым>> атты дөңгелек үселімізді аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Діни ағымдардан аулақ болайық
Ибалы адам, иманды қоғам
Тәрбиелік шараның мақсаты
Ислам тағылымы
Намаз. Иман
Адамды адам ететін де,сұлтан ететін де иман
Ислам дінінің пайда болуы және таралуы жайлы ақпарат
Тегіміз Түркі, дініміз - Ислам
Ислам дінің бес парызын ата
Мұсылман құқығыны неізгі мектептері
Пәндер