Тарих сабағында инновациялық технология элементтерін қолданудың оқушылар ынтасын арттырудағы рөлі

Инновациялық технология элементтерін тарих сабағында пайдалану арқылы оқушының ынтасын арттыру

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып келеді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Заман талабына сай оқыту үшін инновациялық технологиялардың ролі өте зор.

«Технология»- грек сөзі, бізше «өнер, шеберлік» дегенге келеді. «Педогогикалық технология дегеніміз-оқушы мен мұғалім үшін барлық жағынан өте қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастырудың, өткізудің ақырына дейін ойластырылған, әрі бірлесіп жүзеге асырылатын педогогикалық қызметтің моделі»(В. Монохов)

Педогогикалық технологиялар-білімнің мақсаты мен әдістемелерінің оқу-тәрбие үрдісінде өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттері мен формалары. Жоспарланған нәтижеге жетудің басты шарты-оқылатын материалдың мақсатын дәл әрі нақты анықтау. Сондай-ақ оқыту әдіс-тәсілдерін техникалық құралдарды барынша тиімді іріктеу өте қажет. Бүгінгі таңда В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Шаталовтың тірек сызба арқылы оқыту технологиясы, И. А. Амоношвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, Г. К. Селевко мен В. П. Беспальконың сын тұрғысынан ойлау технологиясы, Я. А. Каменскийдің сыныптық-сабақтық жүйесі, ақпараттық технологиялар, мультимедиялық оқыту, электронды оқытулар кеңінен танымал болып отыр.

Қазақстанда М. Жанпейісованың модульдік технологиясы, Оразақынованың сатылай кешенді талдау, Қараевтың үш өлшемді оқыту технологиялары мектептерде кеңінен қолданылуда.

Тарихты бүгінгі заманның талабына сай оқытудағы басты талап-дүние жүзілік дамудағы адамзаттың орны, ол жасаған құндылықтардан хабардар, жан-жақты жетілген, өз тарихының өткеніне көз жүгіртетін, қоғамның даму үрдісіне өзінше баға бере алатын, белсенді, ұлтжанды, патриот азаматты қалыптастыру. Тарих пәнін оқыту, ұлттық идеологиямен сусындаған азаматтар тәрбиелеу, ашық қоғам орнатуға ат салысатын патриот болуға ықпал ету үшін қаншама шығармашылық ізденіс қажет.

Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, болашақ ұрпаққа әсері мен ықпалы ерекше болады. Шәкірттерімнің танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін, төменгі сыныптарда ойын сабақтарын, жоғарғы сыныптарда дебат, конференция сабақтарын өткізіп тұрамын. Осы инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіне тоқтала отырып, бірнеше сабақ үлгілерін ұсынамын.

Мысалы: 5-сыныпта «Тың игеру» тақырыбын оқытқанда оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту үшін төмендегі кестені толтыртамын. Сыни ойлау технологиясы -алған білімін өмірде қолдана алатын, өзін дамыта, таныта білетін жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқушы проблеманы ойлау, пайымдау, дәлелдеу, еркін, ашық пікір білдіру мүмкіндігіне ие болады.

Тың игерудің нәтижелері
Тың игерудің нәтижелері: Пайдалы жағы
Зиянды жағы
Тың игерудің нәтижелері:

Венн диаграммасын қолдану да оқушының сын тұрғысынан ойлауына мүмкіндік береді.

Жаңа сабақты түсіндіргенде ауызша лекциядан гөрі тірек сызба арқылы түсіндірсе оқушы жақсы қабылдайды деп ойлаймын. 6-сыныпта Үйсіндер тақырыбын оқытқанда мына тірек сызбаны пайдаланамын.

Үйсіндер б. з. б. 3-б. з. 4ғас. өмір сүрді
Басшысы гуньмо деп аталды. Оған бек аталатын жеке тайпа көсемдері мен әскербасылары көмектесті
Мал шаруашылығымен, егіншілікпен, түрлі кәсіпшілікпен айналысты

Немесе топтау арқылы түсіндіру, мысалы: 8-сыныптағы Ш. Уалиханов тақырыбын оқытқанда, осылайша Шоқанның әр қырынан танытуға болады.

саяхатшы

ғалым

зерттеуші

Шоқан

этнограф Уалиханов географ

әдебиетші полиглот

барлаушы

Оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында, өз сабақтарымда түрлі ойын элементтерін пайдаланғанды ұнатамын.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін қолданудың бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудағы рөлі
Оқушы ынтасын арттырудағы бағалаудың рөлі: қалыптастырушы және критерийлік бағалау әдістері
Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептегі білім сапасын арттырудағы рөлі мен тиімділігі
Тарих сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі
Физика сабағында ойын элементтерін қолданудың педагогикалық негіздері мен әдістемесі
Биология сабақтарында ұлттық құндылықтар мен жаңа технология элементтерін қолданудың педагогикалық негіздері
Технология сабағында АКТ қолданудың оқушы субъектілігін қалыптастырудағы тиімділігі
Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабағында ойын технологиясының элементтерін қолдану
Тарих сабағында ойын технологиялары мен ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық тиімділігі және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру
Ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолданудың тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz