9 санын қосу және азайту жайлы

Сабақ тақырыбы: 9 санын қосу және азайту.
Сабақ мақсаты: Ондықтан аттап 9 санын қосу мен азайту әдістерімен таныстыру.
Сабақ міндеттері:
Білімділік: 9-ды қосу мен азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға жетелеу, екі амалмен шығарылған есепті шығаруға төселдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды нақтылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ауызша есептеу, талдау, өз бетінше жұмыс
Сабақ көрнекілігі: жолақшалар, оқулық, кесте
Сабақ барысы:
Алғашқы ұйымдастыру.
1-кезең. Бағдарлау-мотивациялық кезең.
. Психологиялық сәт.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен -
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "9 санын қосу және азайту ". Біз тоғыз өткелден
өтіп, білімізді көрсетейік.
2. Операциялық-орындаушылық кезең.
1 - өткел. " Қайталау - білім анасы".
№ 3. Үй тапсырмасын шарты мен шешуін жеке тексеру. Түсіндіре отырып орындату.
. Ауызша шығару.
8+8 7+7 6+6 8+6
9+8 8+7 7+6 9+6
2 - өткел. "Білімді өрге жүзеді"
. Жаңа білім
(Жеке шаршылардың онынан құрастырылған жолақшаны ондықтың баламасы ретінде
қолданамыз. Әр шаршы жекелеген бірліктерді білдіреді. Бір жолақша және сегіз жеке шаршы - бір ондық және сегіз бірлікті, яғни он сегіз санын білдіреді. )
9+9 = 18 18-9 = 9
(9+1) +8 = 18 (18-9) -1 = 9
3 - өткел. "Білгің келсе, тауып көр".
№1. Өрнекті жаз және мәнін тап.
(9+1) +8 = 18
(18-8) -1 = 9
4 - өткел. "Қасиетті ұғымдар"
9 саны: қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі. 9 саныныңқасиетіне тоқталсақ, ана
құрсағындағы нәресте тоғыз ай, тоғыз күн өсіп жетіледі. Бұл сан адамныңғұмырында
пайдаболып, жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт өлшемі. 9 өмірге адамды әкеледі. Ол үш үштіктен құралған. Көшпенділер 9 санын болмыстың шыңы деп санаған, олардың салт-
дәстүрлері мен наным-сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген. (тоғыз
шелпек, тоғыз құмалақ, қалың малға үш тоғыз, т. б. )
5-өткел. "Мағынаны таныту"
№2.
Марғұлан - 10 к.
Арман - сонша
Барлығы - ?
Шешуі:10+10 = 20
Жауабы: Екеуі барлығы 20 кітап сатып алды.
6-өткел. "Ойлана біл!"
№3.
Бар еді - 9
Сыйлады - 9
Қалды - ?
Шешуі: 9-9 = 0
Жауабы: Қаламқаста 0 диск қалды.
Сергіту сәті
Бір - иілеміз, шалқайамыз,
Екі - алақанды үш соғамыз.
Басымызды үш изеп,
Төрт дегенде қол созамыз.
Бес, алты дегенде
Орнымызға отырамыз.
7-өткел. "Бірлік бар жерде, тірлік бар" - жұптық жұмыс
№4
Сатып алды - 20 және тағы сонша
Берді - 50 тг.
Алуы керек - ?
Шешуі: 50-(20+20) = 10
Жауабы: Ол 10 теңге қайтарып алуы керек.
8-өткел. "Ойлан, тап" - өз бетінше жұмыс.
№6
7+6 =13 13-6 = 7
17+6=23 23-6 = 17
27+6=33 33-6 = 27
37+6 = 43 43-6 = 37
47+6 = 53 53-6 = 47
57+6= 63 63-6 =57
67+6 = 73 73-6= 67
77+6 =83 83-6 = 77
87+6 = 93 93-6 = 87
9-өткел. "Сөз құрастыр" ойыны
14-9 12-6 13-5 6+5 7+5 8+5 9+7
5 6 7 11 12 13 16
Қ О Қ И Қ А З
3. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
- Міне, біз де барлықөткелден өтіп, берілген тапсырмаларды толығымен орындадық.
- Біз бүгін сабақта немен таныстық?
- Сабақта жаңадан нені білдіңдер?
4. Үйге тапсырма. №5.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz