Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жолда жүру ережесін, Есте сақта қалайда

Сабақтың тақырыбы: <<Жол тәртібін білейік!>> Сабақтың мақсаты:
1. Балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметін, таныстыру. Жолда жүру ережесімен таныстыра отырып, бағдаршамның сигналдарын меңгерту.
2. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, көшедегі мінез - құлығын, өзін - өзі ұстауын, жол ережесіне байланысты сана - сезімін дамыту.
3. Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін - өзі қорғай білуге тәрбиелеу.
4. Қ.Ұ.М. жаттығу жасату.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, жол белгілері, бағдаршам үлгісі, жаяу жүргіншлер жолы, ойыншық машиналар.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, құрастыру. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. а) ҚР Гимнін орындау. ә) Шаттық шеңбер.

Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды қаламыз Жайнай түсті даламыз, Жол тәртібін білетін Біз білімді баламыз, Қайырлы күн қонақтар! Қайырлы күн достарым!

ІІ. Негізгі бөлім.
1. Кіріспе.
oo Балалар біздің ата-аналарымыз базарға, қалаға, ауылға барғанда олар немен жүреді?
oo Көлікпен.
oo Қандай көлік түрлерн білесіңдер?
oo Жер үсті, ауа, суда жүретін көліктер.
oo Жер үстінде қандай көліктер жүреді?
oo Жеңіл көлік, ауыр көлік, велосипед, поезд, трамвай, троллейбус, автобус. т.б
oo Жолда жүргенде жол жүру ережелерін сақтайсыңдар ма?
oo Иә.

oo Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Үш көзді батыр, Жолды аңдып жатыр /бағдаршам/
oo Балалар, бағдаршам бізге не үшін керек? /балалардың жуабы тыңдлып, тәрбиеші толықтырады/
oo
2. Тосын сәт
Топқа басын ұстаған аю кіреді.
oo Басым - ай, басым!
Тәрбиеші: Аюжан саған не болды, басыңа не болған?
Аю: - Көшеде бал тиеген машинаны көріп, соған жармасып едім, құлап, басымды ауыртып алдым.
Тәрбиеші: Балалар, онда медбикені шақырайық, аюдың басын таңып берсін. /Тәрбиеші сасқалақтайды. Медбике келе жатады. Тәрбиеші қуанып кетеді де/ - Міне, медбикенің өзі де келіп қалды.
Медбике: - Не болып қалды, не болды? Аю не болғанын айтады. Басын таңып болған соң: - Аюжан, олай көшедегі машинаға болмайды, жол ережесін бұзбау керек. Көшеде бағдаршам бар емес пе? Үлгілі, тәртіпті бала жол ережесін бұзбайды.
Балалар, сендер де көшеде абай болыңдар. Ал енді мен кетейін, сау болыңдар, балалар. Медбике кетеді.
Аю: Мен жол ережесі, көше тәртібі дегенді білмеймін, бағдаршам деген не?
Тәрбиеші: Олай болса жол ережесі, бағдаршам дегенді бізбен бірге үйренесің. Қазір мен сендерге жол ережесі туралы түсінік берейін.

3. Сурет арқылы түсінік беру.
oo Бағдаршам - жол ережесін реттеуші, ол жол қиылысынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүргіншілерді жол апатынан сақтайды. Біз жол ережесін сақтай білуіміз керек. Көлік жүретін үлкен жолдың қапталында, арнайы адамдар жүретін тратуарлар болады. Жүргізушілер мен жаяу адамдар өздерінің жолда не күтіп тұрғандарын білуі тиіс. Бұл туралы оларға жол белгілері хабарлайды. Ол белгілер қарапайым сурет түрінде жасалған. Мысалы: қызыл шеңберде велосипед болса, велосипедпен жүруге болмайды. Егер велосипед көгілдір түсті белгіде болса, онда бұл велосипедпен жүруге болатын жол.жаяуларға арналған белгілердің барлығы көгілдір түсті болады, жаяу адам көшеден тек сондай белгі бар жерден өтуі тиіс.
Аю: Ал енді маған мынаны айтыңызшы, бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?
Тәрбиеші: Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, жүргіншілерге арналған ақ жолақтар болады. Ақ жолақтар болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз және бағдаршам барда қалай жүретінімізді аюға көрсетейік. Балалар қалай өтетінін көрсетеді.

4. Дұрыс - бұрыс ойыны.
Ойынның шарты, балалар дұрыс жауапқа қолдарын шапалақтайды, бұрыс жауапқа шапалақтамайды. Мысалы:
oo Көшеде өткенде бірінші оңға қараймын;
oo Көшенің ортасында доп ойнаймын;
oo Жол ережесін сақтаймын.
oo Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда жүремін; т.б.

5. Дәптермен жұмыс /Мақал - мәтелдер/.
* Сақтансаң - құдай сақтайды.
* Сақтықта қорлық жоқ.
* Жол тәртібін білейік,
Аман - есен жүрейік.

6. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Біздер жолға шығайық.
Ұзын, қысқа жолдарды,
Біліп біздер алайық.
Оң аяқ, сол аяқ,
Жолдан өту оңай - ақ.

7. Бағдаршам құрастыру /Топтық жұмыс/.
Керексіз қалдық заттардан, бағдаршам құрастыру.

ІІІ. Қорытынды.
Айналайын абайла,
Жан - жағыңа қарайла.
Жолда жүру ережесін,
Есте сақта қалайда.
Міне балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білдік. Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек, өзімізді жол апатынан сақтаймыз. Ал енді ережелерді әрқашан орындап, аман болайық!
Ән: Әрқашан күн сөнбесін.
Жолда жүру ережесін,
Білген дұрыс бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап.
Қ - сы:
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұл төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман.

Ұқсас жұмыстар
Ертегілер еліне де - жол тәртібі қажет. 1-4 сынып
Ескерту белгі
Жолың болсын, балақай!
Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік
Сен және көше
Қызыл көзі
Барлығын анықтап тұрады жолыңда
Жасыл топ
Сапта жүру тәртібің, жолы болсын әркімнің
2 санын қосу кестесі 1 сынып
Пәндер