Жалпы орта білім беретін мектептердің 9-сыныптары үшін сызу пәнінде КОМПАС бағдарламасын оқытуды жобалау мен ұйымдастыру

Бисен Жаникешев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Технология және саз бірлестігі

« Сызу пәні сабақтарында КОМПАС бағдарламасын

оқытуды жобалау мен үйымдастыру » тақырыбындағы

курстық жоба жұиысы

Орындаған: Н. Шаутимов

Бисен 2015 жыл

Кіріспе.

Заводтар мен фабрикаларда алуан түрлі машиналар, механизмдер және олардың бөлшектері, күнделікті өмірде пайдаланылып жүрген заттар, материалдар жасалып шығарылады. Осындай өндірісте жасалуға тиісті нәрселерді немесе тобын бұйымдар деп атайды.

Бұйымдарды, олардың атқаратын міндеттеріне қарай, негізгі өндіріс бұйымдары және көмекші өндіріс бұйымдары деп екі топқа бөледі.

Негізгі өндіріс бұйымдарына өнеркәсіп орындарында жасалатын және таратуға (сатуға) арналған нәрселер жатады. Мысалы, Павлодардағы трактор заводының негізгі өндіріс бұйымы - трактор болса, Алматыдагы Октябрьдың ХХ жылдығы атындағы станок жасау заводының негізгі өндіріс бұйымы - темір жонатын станоктар мен автоматтар.

Көмекші өндіріс бұйымдарына өнеркәсіп орындарының өз қажетіне керекті және негізгі бұйымдарды жасауда қолданылатын нәрселер жатады. Мысалы, штамптар, шаблондар, өлшеуіш аспаптар және т. б. осы мекемеде жасалған заттар.

Бұйымдарды негізінен төрт түрге бөледі. Олар: детальдар, құрастырылған бұйымдар, комплектілер және комплекстер.

Деталь деп біртекті материалдан құрастыру операциясынсыз жасалған бұйымдарды айтады. Мысалы, иінді білік, ось, болт және т. б.

Детальдың белгілібір мақсат үшін істелген бөліктерін оның элементтері дейді. Мысалы, фаска, қабырға, кертік, белдеме және т. б.

Құрастырылған бұйымдар деп оның құрамына енетін бөліктері оларды жасайтын өндіріс орнында құрастыру операциясымен біріктірілген және белгілі бір қажетке жарайтын бұйымдарды айтады. Құрастырылған бұйымның мысалы ретінде өздеріңізге белгілі шеңбер сызу үшін қолданылатын циркульді келтіруге болады. Цркуль бірнеше детальдарды біріктіру нәтижесінде алынады және оның қарындаш өзекшесін қыстыратын сирағын жеке құрастырылған бұйым деп қарастыруға болады. Осы сирақта циркульдің негізгі бөлігімен винт пен гайка арқылы біріктіреді.

Комлект деп көмекші ортақ міндеттерді атқаратын бұйымдардың жиынтығын айтады. Оның мысалына қорамсақты (готовальняны) немесе автомашинаны эксплутациялауда керекті құрал-саймандар комплестісін атауға болады. Комплект детальдардан, құрастырылған бұйымдардан және шағын комплектілерден тұрады. Комплектінің өзі күрделірек құрастырылған бұйым құрамына еніп кететін жағдайлар да кездеседі.

Комплекс өз ара байланысы бар қызметтерді орындауға керекті әр түрлі бұйымдардың жиынтығы. Мысалға сызба (чертеж) салуға керекті бұйымдар комплексін алуға болады. Оның құрамына қағаз, сызба тақта, қорамсақ (готовальян), қарындаш, сызғыш, өшіргіш және басқада бұйымдар енеді. Сондай-ақ ас пісіретін бөлмедегі құралдар мен ұй жиһаздары комплексін қарастырыңдар. Демек комплекс кішірек комплекстен, комплектілерден, құрастырылған бұйымдардан және детальдардан тұратынын байқаймыз.

Сызу курсында детальдар және құрастылыған бұйымдар (күрделі емес) қарастырылады. Детальдарды және құрастырылған бұйымдарды жасау, бақылау, қабылдап алу, пайдалану үшін керекті конструкторлық документтер туралы мағұлмат бере кетелік.

Конструкторлық документтерді олардың мазмұнына қарай графикалық және текстілік деп екі топқа бөледі. Әуелі графикалық документтерге тоқталайық.

Конструкторлық документтерді дайындау кезеңдеріне байланысты жобалау және жұмыс документтері деп ажыратады. Жобалау документтеріне техникалық ұсыныстар, эскиздер, техникалық проектілер, ал жұмыс документтеріне деталь сызбалары, құрастыру сызбалары және т. б. жатады.

Оригиналдар деп олардың түпнұсқаларын жасауға арналған документтерді айтады. Мысалы, тығыз қағаздарға салынған сызбалар.

Түпнұсқаларға тиісті қолдары (конструктордың, тексерушінің, бекітушінің және басқалардың) қойылған және көшірмесін бірнеше рет қайталап түсіріп алуға жарайтын документтер жатады. Мысалы, калькаға (жылтыр қағазға) орындалған сызбалар.

Көшірмелер - түпнұсқамен барабарлығын қаматасыз ететін әдіспен орындалған, өндірісте тікелей бұйымды жасау, пайдалану және өңдеу кезінде қолданылатын документтер. Мысалы, түпнұсқаның фотосы, сызбаның синькасы (сәуле сезгіш қағаздардың көмегімен түпнұскадан көшіріп алынған сызбалар)

Кульман сызба тақтасы

. C:\Users\lenovoPC\Desktop\кульман сызба тактасы.webp

Жалпы түр сызбасы (Чертеж общего вида) - құрастырылған бұйымның (машинаның, механизмнің және тағы басқалардың) жұмыс жасау принципін түсінуге, оның құрамына енетін тетіктердің пішіндерін анықтауға мүмкіндік беретін құрылымдық құжат. Жалпы түр сызбасы алғаш ұсынылып отырған жаңа құрасбұйым үшін орындалады. Сызбаны талдаудың және талқылаудың нәтижесінде, машинаны жақсартуға бағытталған өзгерістер енгізілуі мүмкін. Құрасбұйымның жалпы түр сызбасын тетіктеуге, яғни оның құрамына кіретін әрбір бөлшектің жұмыс сызбасын салуға болады.

Кешендi сызба (Комплексный чертеж) - Монж әдісімен салынған, бір-бірімен проекциялық байланыста орналастырылған тікбұрышты проекциялардың жүйесі.

Құрастыру сызбасы (Сборочный чертеж) - машинаны немесе механизмді құрастыру және ажырату үшін пайдаланылатын құрылымдық құжат. Онда құрасбұйымның құрамына кіретін бөлшектер нөмірленіп, ал нөмірлер шығару сызықтарының сәкілеріне жазылып көрсетіледі. Құрастыру сызбасында тетіктер және оның элементтері стандарттарда тағайындалған шартты белгілерді, ережелерді ескеріп ықшамдап кескінделеді. Бөлшектердің қалайша бір-бірімен біріктірілгендері немесе жалғастырылғандары көрсетілгенімен, Құрастыру сызбасын пайдаланып, әр тетіктің пішінін және өлшемдерін анықтауға мүмкіндік болмайды.

Тетiк сызбасы - тетікті жасап шығару үшін қажетті мәліметтер түгелдей көрсетілген конструкторлық құжат; бөлшектің бейнесі мен оның дайындауы мен бақылауына қажетті басқа да мәліметтері бар, негізгі конструкторлық құжат.

Онда тетіктердің кескіндері (көріністер, тіліктер, қималар) сызылады. Кескіндер бөлшектің пішінін анықтауға толық мүмкіндік берулері қажет. Кескіндерге өлшемдер түсіріліп, олардың ауытқу шектері (шақтамасы) тағайындалады. Беттердің кедір-бұдырлығын анықтайтын ақпараттарда болады.

Габариттік сызба - қойылған және қосылған өлшемдерден тұратын өлшемнің контурлық бейнесінің сызбасы.

Жұмыс сызбасы - өнімнің шығарылуын бейнелеуден басқа оны дайындау мен бақылау мәліметі бар бөлшектердің сызбасы. Зауыттатр мен кешенді өндіріс орындарында, фабрика, кәсіпорындарында қандай да болмасын құрастырылатын бөлшекті заттардың Конструктор мен жобалаушы жұмыстардын негізгі түрлері. Қолданбалы инженерлі бағдармалардың түрлері мен топталуы. Жобалаушыға қажет бағдарламаны дұрыс тандау. Есеп шығаруға арналған бағдарламалар, технологиялық үрдістерді автоматтандыруға арналған бағдарламалар, және әмбебап бағдарламалар.

2-тақырып КОМПАС бағдарламаның интерфейстін негізгі элементтері.

КОМПАС бағдарламаның интерфейстін негізгі элементтерімен танысу. Бастапқы жұмыс істеу принциптерімен танысу.

3-тақырып КОМПАС бағдарламаны қолдану арқылы 3D модельдеу.

КОМПАС бағдарламаны қолдану арқылы 3D модельдеудін негізгі жұмыс істеу принциптерімен танысу. Базалық жазықтықты тандау, негізгі тетікті жасау, CОС есептеу.

4 тақырып КОМПАС бағдарламаны қолдану арқылы 3D модель бойынша 2D сызбаны жасап алу.

Cызбаны жасау және икемдеу. Стандартты көріністерді жасау.

5-тақырып КОМПАС бағдарламаны қолдану арқылы жинақ жасау.

Жасалған 3Д модельдерін қолданып жинақ жасау. Түйiндестерді қолдану. Спецификация объектілерін қосу.

6-тақырып Стандартты бұйымдарды модельге және сызбаға қосу.

Стандартты элементтердің кітапханасымен жұмыс істеу негіздері. Массив элементтерін жасау.

7-тақырып. Жинақ сызбаны жасау.

Көріністі жасау және жою тәсілдері. Проекциялық байланыстар. Позициялық сызықтврды шығару.

8-тақырып Бұйымның сызбасын жасау.

Сызбанын мәзірі. Жалпы көріністі жасау. Ассоциативті көрініс.

9-тақырып КОМПАС бағдарламаны қолдану арқылы жобалауды автоматтандыру.

Бағдарламаның мүмкіндіктерін толық қолдану. Басқа графикалық бағдарламарымен жұмыс істеу. Әртүрлі форматтарда сызбаны сақтау.

4. 4 Тәжірибелік сабақтарының мазмұны

Тақырып 3 КОМПАС бағдарламаны қолдану арқылы 3D модельдеу (тәжірибелік сабақ № 1) .

Тақырып 4 КОМПАС бағдарламаны қолдану арқылы 3D модель бойынша 2D сызбаны жасап алу (тәжірибелік сабақ № 2) .

Тақырып 5 КОМПАС бағдарламаны қолдану арқылы жинақ жасау (тәжірибелік сабақ № 3) .

Тақырып 6 Стандартты бұйымдарды модельге және сызбаға қосу (тәжірибелік сабақ № 4) .

Тақырып 7 Жинақ сызбаны жасау (тәжірибелік сабақ № 5) .

Тақырып 8 Бұйымның сызбасын жасау (тәжірибелік сабақ №6) .

Тақырып 9 КОМПАС бағдарламаны қолдану арқылы жобалауды автоматтандыру (тәжірибелік сабақ №7) .

Жобаның мақсаттары мен міндеттері

1. Пәнді оқытудың мақсаты

Келешек мамандарды көлік саласында қолданылатын компьютерлік бағдарламаларымен, және электрондық түрдегі конструкторлық құжаттамаларды жасау үшін қолданылатын қолданбалы инженерлік бағдарламалармен таныстыру.

2. Перереквизиттер: Осы курсты оқып білу «Сызба геометриясы және инженерлік графика», «Ақпаратттану» пәндерден алынған терминдер және білімге негізделеді.

3. Постреквизиттер: Бұл пәнді оқып танысқанда алған білімі, вагон жобалау және есептеу негіздері пәндді толық жан-жақты түсініп игеруіне себтігі тиеді.

Жобаның объектісі: жалпы орта білім беретін мектептердегі 9-сыныптарына арналған сызу пәнінің оқу процессі.

Жобаның пәні : жалпы орта білім беретін мектептегі сызу сабағының оқыту әдістері мен оқыту мазмұны.

Жобаның болжамы : оқушының 3 D кескіндеу технологиясымен жұмыстануында, оның шығармашылық қабілетінің қалыптасып дамуы табысты жүреді, егер:

  • оқушының өзбетіндік жұмысының мазмұны, оның қызығушылығы мен икемділігіне қоса компьютерлік редакторлардағы сауатының басым болуы.
  • оқушының дене пішімдерінің сұлбасын жан жақты елестете, сауатты түсіне оқуы.
  • оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың продуктивті әдіс-тәсілдермен жүйелі шығармашылық жаттығулар (тапсырма) үйлесімді ұштаса, оның сабақта үздіксіз қолданылуы жүзеге асырылса.

Жобаның әдістері : теориялық - талдау, жинақтау, салыстыру, жалпыламалау, нақтылау, жүйелеу; эмпирикалық - бақылау, сауалнама, бақылау тапсырмалар, тәжірибе, пікір алысу.


Ұқсас жұмыстар
Жалпы білім беретін мектептерде бейіндік оқытуды ұйымдастыру: Тайынша қаласы №5 орта мектебінің тәжірибесі
№23 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сыныптары үшін Алтын күз мерекесінің сценарийі мен сайыс бағдарламасы
№23 жалпы орта білім беретін мектептің 1-4 сыныптары арасындағы Соңғы қоңырау мерекесінің сценарийі
Семей қаласы №19 жалпы орта білім беретін мектептің математикалық сайысын ұйымдастыру жоспары
Орал қаласы №2 жалпы білім беретін орта мектебінде экология бағытындағы факультативтік сабақты ұйымдастыру жолдары
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы үшін авторлық бағдарлама: Журналистика негіздері (9 сынып)
Ауыл мектептерінде бағдарлы оқытуды ұйымдастыру: №241 орта мектеп тәжірибесі мен үлгілері
Инклюзивті оқытуды ұйымдастыру: ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды жалпы білімге интеграциялау және қолдау
Жалпы білім беретін мектептердегі информатика пәнін оқытудың құрылымы мен кезеңдері
М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 2019-2020 оқу жылына арналған оқу жоспары мен ұйымдастыру ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz