Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Баға - бала өміріндегі маңызды оқиға
Баға қоюдың шәкірт психологиясына әсері.
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы
Мұхит атындағы ОЖББ мектебінің психологі
Қобланова Гүлжихан Ермекқызы
Бағалау - бұл оқушылардың үлгерімі жөніндегі мәліметтерді жинақтау және сараптау. Ол оқу үрдісінің түрлі сатысында оқушының білімін, біліктілігін және сезімдерін айқындайды. Бағалау үрдісіне қатысушылардың барлығы бағалау құралдарын, мақсатын, міндетін, объектісін, қағидасын, әдістерін жақсы түсінуі тиіс.
Баға мен бағалау жүйесінің кемшілігі бала жанын жаралауы мүмкін.
Бала өмірінде бағаның маңызы қандай?
Ол ең алдымен психологиялық мінездемемен, өзін-өзі бағалаумен, жетістіктерді жетілдірумен, қобалжуына, эмоциялық жағдайына, қоршаған ортамен қарым-қатынасына тығыз байланысты.
Психологтарға өзін-өзі жоғары бағалайтын адамдар өмірде жолы болғыштығымен бірге, мақсаттары орындалып, жетістіктерге қол жеткізсе, керісінше өзін-өзі төмен бағалайтын адамдардың өмірде жолы болмай, көздеген мақсаттарына жете алмай жат атыны жақсы белгілі.
Әрбір төмен баға баланың өзін-өзі төмендетуіне себеп болады. Сол себепті өзін оқуда ештеңеге жарамсыз деп санап, басқа жолға түсіп кетуі мүмкін.
Сонымен қатар, жоғары бағалау баланың жетістіктерге жетуіне, әрі қарай жақсы дамуына тікелей әсер етеді.
Психологияда <<талаптану деңгейі>> термині бар. Ол бір оқушыда жоғары, біреуінде төмен болады. Сондықтан талаптану деңгейі жоғары оқушы <<2>> алса, ол осы бағасын жоюға тырысып, намыстанып, келесі сабаққа дайындалып келеді. Талаптану деңгейі төмен оқушы жаман баға алса, өзін басқалардан төмен санайды. <<Мен бәрібір ол екіні жоя алмаймын>> деген ойда қалады.
Әрбір бала алғашқы мектеп табалдырығын аттаған күні <<Мен үздік>> боламын деген оймен келеді. Егер мұғалім баланы қатаң бағалап, әсіресе бастауыш сыныптарда төмен баға қойса, оқушы қолын бір сілтеп, ештеңеге қызыөпай қалуы мүмкін. Ондай бала келешекте ешнәрсеге қол жеткізе алмай қалуы мүмкін.
Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға - бала өміріндегі маңызды оқиға. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мұқият болу керек.
Бала үйге келгенде ата−ана ең алдымен <<қандай баға алдың?>> деп сұрайды, яғни ол ата−ананың көңіл−күйіне де әсер етпей қоймайды. <<Баға>> баланың өз құрбы−құрдастарының арасында беделін қалыптастырады. Сонымен қатар <<Баға>> суицидке себепші болуы мүмкін.
Енді мынадай сұрақ туындайды:
<<Сонда төмен баға қоймау керек пе?>>. Жоқ, қою керек, бірақ төмен баға қояр алдында ол баға не үшін, қандай себептермен қойылғаны балаға түсіндірілуі керек.
Мынадай ситуацияны елестетіңіз: жаңадан оқушы келеді және оны алдыңғы мұғалімі сізге жалқау, нашар деп жамандайды, сіз оған сүйеніп, баланы одан да төмен бағалап жіберуіңіз мүмкін. Немесе балаға зор сенім артатыныңызды айтып, келесіде жақсы нәтиже беруін ескертіп, жеке басының намысына тимей, жұмысынан кеткен кемшілігін ғана айтып, тқмен бағасын қойыңыз. Сонда ғана оқушы алға қарай жылжиды.
Мақтаңыз, орнымен, керек жерінде,реті келсе мақтай беріңіз. Жылы сөздерді көбірек пайдаланыңыз. Балаға: << Мен ешкімнен кем емеспін >> деген сөздерді көп қайталата беріңіз. Кейде қатесін де мақтап жіберуге болады, өйткені әрбір адам қателесуге құқылы. Қателесу арқылы қателеспеу жолын табуға да болады. Баланы ешқашан басқамен салыстырмаңыз. Бақылау, сынақ жұмыстарында уақытты созыңқырап, кішкене көмектесіп жіберіп, баланы стресті ситуациядан алып шығыңыз. Бұл әсіресе флегматик типті балаларға қатысты. Балаға тәртібі үшін <<екі>> қоймаңыз. Оның әлеуметтік жағдайына, өмірдегі жағдайларына қарап, бағаны абайлап қойыңыз. Өйткені күйзелісте жүрген бала күтпеген жағдайлар жасауы мүмкін. Егер баға талас тудыратындай жағдайда болса, баланың ойымен келісу қажет. Осы жоғарыда айтылған әңгімені қорытындылай келе, баланың тұлға болып қалыптасуына <<бағаның>> тікелей маңызды әсері бар дегім келеді.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz