Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Оқытудың түрлі әдістемелері
Білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие жұмыстарының тиімді жолдары
Оразалина Самал Ибраевна
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы
Мұхит атындағы ЖОБМ-нің
бастауыш сынып мұғалімі
Халқымыздың <<Білікті-бірді, білімді-мыңды жығады>> деген ұлағатты сөзі білімнің шын мәнінде баға жетпес үлкен рухани қару екенін, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екенін көрсетеді. Расында да, білімнің күш қуатына тең келетін басқа идеялық-рухани күш, қуат көзі жоқ. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа идеология ең алдымен білімге, білім күшіне сүйенеді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білімге негізгі басымдық беріп отырғандағы басты себебі осы.
Еліміздің өркениетті ел ретінде танымал болып, халықтың әлеуметтік жағдайы,білімі мен білігі, өнері мен мәдениеті және ғылымы өркендеп,дүние жүзі мемлекеттерімен теңесуі үшін ел мүддесі жолында аянбай тер төгіп, мағыналы да, маңызды жұмыстар атқару-Республикамыздың әр азаматының парызы.
Қазақстан Республикасының Білім беру Заңында: <<Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғалымдардың коммерциялық желілерге шығуы>>- деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1]. Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.
Мектеп міндеті-әр оқушыға терең білім беру.Сонымен қатар, оқушының ойлау қабілеттілігін арттыру. Осы мақсаттарды іске асыру барысында көптеген ғалымдар еңбек етуде. Еңбектерінің нәтижесі-білім беру жүйесінде оқытудың жаңа жетілдірілген бағдарламасының жасалуы. Жаңа бағдарламада ең алдымен, оқушының білім алуға деген ынтасын, жауапкершілігін арттыру, берілетін оқу материалының күрделі әрі басты рөлде теориялық білімінің болуы, баланың білім алу үрдісін сезінуі қамтылған.
Білім беру саласындағы осындай оңды өзгерістер әрбір мұғалімнен өз ісіне мұқияттылықты талап етеді. Жоғарыдағы ұстанымдардың орындалуы үшін әр мұғалім өзі мен оқушының тең дәрежеде екенін естен шығармай, оны жеке тұлға ретінде қабылдап, оған беретін сабақтың оқыту әдістерін түрлендіріп, жетілдіруі қажет. Үйреншікті әдіс-тәсілдер бүгінгі баланы қызықтырмайды. Сондықтан баланың ойынам, сезіміне серпіліс ендіруді мақсат етіп қою керек. Әр түрлі әрекеттер арқылы ақыл-ойды жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, сенімділігін, жауапкершілігін дамыту жолдарын іздестіру-осының бәрі бүгінгі қажеттілік.
Нағыз өз ісінің шебері ғана жетістіктерге жете алады. Әр оқушының жүрегіне жол таба білу, оны қызықтыра білу,ойландырып, сөйлете білу, ойлау қабілетін арттыра білу, сол қабілетін белсенді ету- мұғалімнің басты міндеті болуы тиіс. Ойланып, толғанған оқушы, әрине сөйлей де біледі, тыңдай да біледі, өз ойын жеткізіп, пікірін де айта алады. Ол үшін мұғалім оқыту әдістерінің тиімділерін іріктеп, оларды жиі қолданып, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастырып тұруы қажет.Ол жүйе мына төмендегідей болса, нәтижелі болады деп есептеледі:
1.Қызықты жағдайлар, хабарламалар.
2.Оқушылардың өз бақылауларынан, өз ойларынан шығарған, қиялынан шыққан жағдайлар, туындылар.
3.Шығармашылықпен жұмыс істеуге бағытталған тапсырмалар.
4.Әр түрлі әдебиеттермен жұмыс істеуге дағдыландыру және ғылыми білімге баулу.
5.Ғылыми әдебиеттерді оқыту.
6.Жарыстар, сайыстар ұйымдастыру.
7.Сабақтың әр түрлі формада өтуін қамтамасыз ету.
8.Әр түрлі танымдық ойындар ұйымдастыру.
9.Телеарна, кинофильмдерді қолдану.
10.Мұғалімнің айшықты, жарқын, өмірден алынған дәйектерді сабақта қолдана білу[2].
Мектепке қоғамның қоятын талаптары мен мектептің қажеттіліктері де артып келеді.Сонымен бірге сабақтарға қойылатын талаптар да өсіп келеді.
А.Айтманбетова дәстүрлі сабақ жөніндегі сабаққа қойылатын талаптарды былай деп береді:
1.Әрбір сабақтың айқын мақсаты, мазмұны, жоспары және сабақтың құрылысы алдын-ала белгілі болуы тиіс.Осыған сәйкес мұғалім өзінің және оқушылардың сабақтағы жұмысын ұйымдастырады.Сабақ мұғалім мен оқушы арасындағы іс-әрекет екені ескеріледі.
2.Оқыту процесінің негізгі мақсаты білім беру, тәрбие беру және дамушылықтың бірлікте болуы, ең алдымен сабақта жүзеге асырылуы қажет.
3.Танымдық процестің логикасын сақтап,оқу процесінің дамытушылық сипаты қажет ететін пікірмен ой қорытындыларын жасауға үйрету.
4.Әр сабақтың өзіндік дидактикалық міндеттері алдын-ала ойластырылуы керек.
5.Оқу материалына,тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын үнемі оятып отыру, танып білу қажеттілігін қалыптастыру.Сабақтың өн бойында жағымды эмоциялық жағдай болуына назар аудару.
6.Оқушының жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әдістері мен оқу материалының қиындық және жеңіл дәрежесін дұрыс айқындау; оқытуды дифференциациялау және даралау.
7.Оқытушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оларға шамадан тыс күш түсірмеу, жағдайын есептеу.
8.Қазіргі қоғамның үздіксіз білім беру бағытына сай жас ұрпақты ғылым негіздерімен қаруландыру ғана емес, оларды білімді өздігінен меңгерудің әдіс-тәсілдеріне қажетті іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру.
9.Білімнің қоғамдағы дәрежесін көтеру үшін дарынды балаларды анықтау, әр оқушының бейімділігін, қабілетін дамытуға жағдай жасау.
10. Әрбір сабақты білім берудің гуманистік мақсатымен педагогикалық ынтымақтастық негізінде өткізу [3].
Бұл талаптар дәстүрлі емес сабақ түрлерін ұйымдастыруда да басшылыққа алынуы тиіс деп білеміз. Сонымен қатар білім мазмұнына сәйкес дәстүрлі емес сабақ түрлерін үйлесімді таңдау талабын қосу қажет.
Оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделей келе, сабаққа қойылатын жалпы талаптарды атап көрсетуге болады.
1.Мұғалімнің жетекші рөлі.
2.Оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, отаншылдыққа тәрбиелеу.
3.Оқушылардың ғылыми білімдер негіздерін жүйелі игеру.
4.Теория мен практиканың байланысы, негізі.
5.Оқушылармен жеке және ұжымдық жұмыс.
6. Оқытудың түрлі әдістемелері.
7.Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру.
8.Мұғалімдер әрекеттерінің педагогикалық бірлігі.
Мектептердегі қазіргі сабақтарға қойылатын талаптарды зерттеушілер төмендегідей етіп көрсетеді:
-Оқушыларға саналы, терең және берік білім беру.
-Оқушыларды қоғамдық пайдалы өнімді еңбек етуге даярлау үшін әдет пен іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
-Сабақтың тәрбиелік әсерін арттыру.
-Оқушыларды жетілдіру үшін олардың жалпы және арнаулы мүмкіндіктерін жетілдіру.
-Өмір мен жұмыс барысында кездесетін күрделі мәселелерді ұтымды шешуге, жетуге баулу.
-Алған білімдерін толықтыру, жетілдіру және оларды пайдалана білу қабілеттерін дамыта түсу.
-Балалардың танымдық қызығушылықтарын, оқуға ұмтылуларын, білімнің қажеттіліктерін жете түсінуге, еңбекке деген оң көзқарастарын қалыптастыра түсуге ұмтылу.
Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, қоғам мен отбасының игілігі үшін еңбек етуге, еңбек адамдарына құрмет жасауға тәрбиелеу.
Шәкіртті оқыта білу үшін оның білім алуға деген таудай талабын төмендетпеу үшін әрбір оқушының мінез-құлқымен жеке басының ерекшеліктерінің есте болғаны абзал.Балалардың бәрін оқыта білуге жету педагогтардың алдына оқу еңбегінің көлемін шамалай білу, шәкірттерге саралаумен және жекелей қатынас жасай білу, оқыту, еркіндік бере білу, әрбір еңбегін лайықты, орынды бағалай білу, қайырымдылық пен қызығушылық, білуге құштарлығына бағыт, көмек бере білу талаптарын қояды.
Бүгінгі жас өскін- елімізде қабылданған стратегиялық маңызы бар бағдарламаларды жүзеге асыратын болашақ маман. Ол-еліміздің кемел келешегі.
Пайдаланған әдебиеттер
1. ҚР <<Білім туралы>> Заң.-Алматы: Юрист, 2003.-22 б.
2.Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. Монография.-Алматы: Ғылым, 1998.-255 с.
3.Ильясова А.Н. Становление и развитие педагогической теории Казахстана (1900-1960гг.).-Алматы: РИК, 1997.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz