Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Допты екі қолмен төменнен қабылдау

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы << Пятимар жалпы орта білім беретін мектебі>> коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Волейбол добын қабылдаудың түрлері
\Әдістемелік баяндама\

Дайындаған: дене шынықтыру пәні
мұғалімі: Исабай Орынбаев Доскалиевич

Сыныбы: 10 сынып

2014-2015 оқу жылы.

Жоспар
І. Кіріспе
Волейбол ойынының тәрбиелік мәні.
ІІ. Негізгі бөлім
А. Ойынның негізгі ережелері.
В. Волейбол добын қабылдаудың түрлері.
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Волейбол бүкіл дүние жүзіне тез әрі кең тараған спорттық ойын.Бұл ойынның пайда болғанына да баскетбол сияқты жүз жылдай уақыт өтті. Волейбол спорттың қызықты және қолайлы түрлерінің бірі болып есептеледі. Бұл ойынның кең тарауына ережесінің қарапайымдылығы мен орындалатын қимыл- қозғалыстарының күрделі еместігі, сонымен бірге волейболды кез- келген жастағы адам ойнай алатындығы себеп болады. Ойын бұлшық еттердің секіргіштік, икемділік және қозғалыс реттілігінің үйлесімді дамуына көмектеседі.
Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған. Уильям Дж. Морган бұл ойынды <<МИНТОНЕТ>> деп атаған екен. Негізінен волеболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған.
1900 жылы волейбол танымдылығы жағынан АҚШ- тың шеңберінен шығып, әлемнің өзге елдеріне таныла бастады. Ойынға алғашында Канада, кейін Үндістан мен Азия елдері қызығушылық танытқан. 1905 жылы Куба, 1906 жылы қытай, 1908 жылы Жапонияда волейбол құрамалары құрылды. 1909 жылдан бастап Пуэрто- Рикода бұқаралық ақпарат құралдарында волебол мачынан репортаждар беріле бастады.
1900 жылы Американың <> фирмасы алғашқы волейболдық доп
жасап шығарды. 1922 жылы Канада мен АҚШ- та Христиан Жастар
қауымдастығы жетекшілерінің қолдауымен волейболдан алғашқы ойын
өткізілді. Бірте- бірте волейбол халықаралық дәрежеге жетті. 1922 жылы АҚШ-
та волейболды олимпиада ойындарына қосу туралы ұсыныс жасалды.

Кез- келген адамның ақыл- ой деңгейі, қабілет - қарымы, діттеген мақсатқа
жету мүмкіншілігі оның денінің саулығына тікелей байланысты. Мұны өзіне
сенімді, белсенді азаматтардың әрқайсысы жақсы біледі.
oo Еңбек пен спортты ұштастыру - Елбасы жолдауларында көрсетілген
басым бағыттарды жүзеге асыруға деген ұмтылысты көрсетеді.
Елбасының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы игі бастамасы бірауыздан қолдау тауып, спорттық жарыстарға қатысушы оқушылар санының жылдан - жылға көбейіп келе жатқандығы көңілге үлкен қуаныш ұялатады.

Ойынның негізгі ережелері.
Волейболда әрқайсысында 6 адам болатын екі команда ойнайды. Бір команданың ойыншылары алаңның ортасында тартылған тор арқылы допты екінші команда жағына алаң шекараларының ішіне түсетіндей немесе қарсылас ойын ережелерін бұрын қабылдап, қайыратындай ретте бағыттайды.
Алаңның ұзындығы - 18, ені - 9 метр болып, тор арқылы 2 тең бөлікке бөлінеді.
Жарыс 3 немесе 5 кезеңнен тұрады. Олардың әрқайсысы командалардың бірі 25 ұпай жинағанша жалғаса береді. (есеп 24: 24 болып тұрғанда командалар бірінің екіншіден 2 ұпай артықшылығы болғанда ойнайды). Оқушылар жарысы көп жағдайда 3 партиядан тұрады.
Жас-
өспірімдер
13-14
жастағылар үшін
15-16
жастағылар үшін
17-18
жастағылар үшін
Ер балалар
Қыздар
2 м. 20 см.
2м. 10 см.
2 м. 35 см.
2 м. 20см.
2 м. 43см.
2 м. 24 см.

Допты екі қолмен жоғарыдан беру.
Ол үшін волейболшының тұрысынан ойыншы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп доп бағытына сәйкес қозғалыс жасап, ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады. Доп қолына тиісімен жазылып, серпіле бере оны тиісті жаққа бағытта жібереді. \1 слайд\
Допты екі қолмен төменнен қабылдау.
Қарсыластың ойынға қосқан не шабуылдайтын немесе алдайтын соққымен жіберген добын төменнен екі қолмен қабылдаған жақсы. Бұл жағдайда допты қабылдаудан көп қате кетпейді. Қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қоллдың қозғалысын қиындатпау үшін оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін, допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдың қарын (тоқпан жілікті) көтеріп, бұрады.
Допты жұдырықпен қабылдағанда доп дәл тимей, шоршып, доп алаңның сыртына кетуі мүмкін. Допты алақанмен қабылдауға болмайды. Ойынның ережесі бұған рұқсат етпейді. Оған себеп- доп алақанда көбірек кідіріп қалуы мүмкін. Допты қабылдауды көбіне орын ауыстырғаннан кейін, әсіресе қорғаныста ойнағанда орындауға тура келеді. \2 слайд\
Ойын алаңында тұру және орын ауыстыру.
Дұрыс тұра білу- жаңа басталған волейболшы үшін басты шарт. Ойыншының дұрыс қалпы аяғы иық кеңдігіне тізеден бүгілген күйінде кеуде ілгері кеңейтіледі, аяқтың біреуі шамалы ғана ілгері шығарылады. Қол шынтақтан бүгілііп, бір - біріне қаратылады. Бұл қалып тұрақты болып қалмауы керек, ол ойын кезіндегі жағдайға байланысты өзгертіліп отырады. Егер тордан шоршыған допты қабылдау керек болса, онда ойыншы біршама бүгіледі де, секіре жазылып, допты соғу арқылы ойынды жалғастырады.
Волейболшылар алаңға қосылғанда адыммен жүгіру және секіру арқылы орын ауыстырады.
Допты төменнен тіке ойынға қосу.
Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Шынтақ буынынан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады. Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта тұрған аяғын жазып, алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді. Допты ойынға қосқаннан кейінгі ойыншының қалпы доптың соңынан ұмтылғандай ыңғайда болады. \3 слайд\
Тіке шабуылдау соққысы.
Шабуылдау соққысы екпін алудан, секіруден және жеке соққы жасаудан тұрады. Ұшып келе жатқан допты кеудеден кейін, қолдарын алға әрі жоғары көтере серпіле секіру керек. Ұратын қол допты соғу үшін сермеледі. Кеуде шамалы ғана артқа шалқайтылады. Соғу кезінде кеуде соғатын қолмен бір мезгілде ілгері қарай ұмсынады. Соққы допқа күшті тиюі үшін қолдың ұшы бос ұсталуы керек. Соққы дәл болу үшін саусақтар жинақы болғаны дұрыс.
oo Бір не екі қадаммен секірген кездегі аяқ пен қол қимылдарының үйлесімділігін орындап көру;
oo Шабуыл соққысын жасау:
oo Екпін алып, тор арқылы допты лақтыру(бұл жаттығуды орындағанда шабуылдап доп соғуға тән қимыл- қозғалыстардың ырғағын сақтай білу):
oo Екпін алып секіру, допты қағып алу:
oo Волейбол добын жоғары лақтырып, тор арқылы <<шабуыл соққысын>> жасау (әуелі тек жай секірістен және жұппен орындау)
oo Серігінің көтере лақтырып берген добын тор арқылы соғу.\4 слайд\
Дене шынықтыру пәні мұғалімі балаларға білімдер жинағын беріп қана қоймай, оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек.өйткені дене тәрбиесі- оқушының денсаулығын қалыптастыру мен қоса отаншылдық және рухани тәрбиенің көзі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. С. Қасымбекова. Әдістемелік құрал <<Волейбол>>
Алматы <<Атамұра>>
2. М.Т. Тұрыскелди <<Қимыл- қозғалыс ойындары>>.
3. С. Тайжанов, С. Қасымбекова <<Дене тәрбиесі>>
Алматы <<Атамұра>>
4. Бағдарламалар дене тәрбиесі.
5. <<Мектептегі дене шынықтыру>>
Республикалық ғылыми- әдістемелік журналы №5 2014 ж.

Ұқсас жұмыстар
Волебол
Допты қабылдау, қайтару әдістері
Дене шынықтыру сабағында Волейбол ойынның тәрбиелік мәні
Қолды белге аяқтың сыртымен жүру
Орта және қысқа мерзімді сабақ жоспары
Допты қабылдау
Допты екі қолмен жоғарыдан беру төменнен қабылдау
Волейбол, волейбол сеткасы,доптар,ысқырғыш
Велейбол, допты төменнен және жоғарыдан қабылдап серігіне беру
1.Волейбол ойынының техникасы, тактикасы 2.Қазақтың ұлттық спорт ойындары
Пәндер