Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Анттың мәтіні

Новоишим қазақ орта мектебі

Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий
/<<Жас Ұлан>> <<Жас қыран>> ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты рәсімі/

Дайындаған: Амиржанова Б.К.

2014-2015 оқу жылы

1 жүргізуші:
Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

2-жүргізуші:
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.
Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!

1-жүрізуші: Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан - мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.

2-жүргізуші: Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет - Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді.
Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

Мектеп оқушыларының әдеби монтажы

1-жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған және Республикалық бірыңғай <<Жас Ұлан>> балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына оқушыларды қабылдау салтанатты мерекелік жиынға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:
Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз.

1-жүргізуші:
Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар, сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат,жігер
Шырқалсын шаттық әнұран әнім!

ҚР ГИМНІ орындалады

2-жүргізуші:
<<Жасұлан>> ұйымының әрбір мүшесі:
Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.
Ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.

1-жүргізуші:
<<Жасұлан>> ұйымының әрбір мүшесі:
Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.

2-жүргізуші:
<<Жасұлан>> ұйымының әрбір мүшесі:
Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.

1-жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал.

2-жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші

1-жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.

2-жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.

1-жүргізуші:
Білімді - көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!

2-жүргізуші:
Бүгін <<Жас Ұлан>> балалар мен жасөспірімдер ұйымына 21, ал
<<Жас қыран>> қатарына 32 оқушы қабылданады.
1-жүргізуші:
<<Біз ...>> Оқушылар: <<Жас Ұлан>>

2-жүргізуші:
- Ұранымыз Оқушылар: <<Қазақстан - Нұрсұлтан - Жас Ұлан>> - 3 рет.

1-жүргізуші:
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
<<Жас Ұлан>> ұйымының біз түлегі- дей отырып, құрметті қонақтар,
ата-аналар, сіздерді <<Жас Ұлан>> ұйымына қабылданатын оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук табыстау рәсіміне шақырамыз.
(Әуен ойнайды, галстук тағылады)

2-жүргізуші:
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін <<Жас Ұлан>> ұйымы қатарына қабылданушы 9 <<а>>- сынып оқушысы Маргиев Әлімге беріледі.
Маргиев Әлім: Анттың мәтіні:
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай <<Жас Ұлан>>
балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып,
Өз Отаным - Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
<<Жас Ұлан>> Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге салтанатты түрде ант етемін.

Хормен: АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

<<Жас Ұлан>> әнұраны орындалады.

1-жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп директоры Сүйесінова Сарсенкүл Төлеуханқызына беріледі.
2- жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер <<Жас Ұлан>> деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

1-жүргізуші:
Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!
Ән: <<Қазақстаным>> Балташ Әлішер

2- жүргізуші:
Құрметті қонақтар, назарларыңызға мектеп оқушыларының мерекелік концертін ұсынамыз.
1-жүргізуші:
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!

Концерттік бағдарлама

№1 <<Айдана>> әні Жұманбекова Інжу, Амангелдиев Ералы
№2 <<Адай>> күйі Тайжан Арман 11-сынып
№3 <<Айналайын>> әні Арман, Таир, Сания, Томирис, Ақбөпе, Дариға,
№4 <<Самға>> тобы КВН
№5 <<Жақсы көрем>> Мырзагелді Аяжан даярлық топ
№6 <<Айгөлек>> әні Томирис, Айдана 5-сынып

2- жүргізуші:
Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
1-жүргізуші:
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.
Тұңғыш Президент күніне байланысты мерекелік салтанатты жиынға келгендеріңізге көп рахмет!

1-2- жүргізуші: Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!!!

Ұқсас жұмыстар
Республикалық бірыңғай Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарийі
Бірінші турға кезек берсек, екі топ өздерін таныстырып өтсе
Саптық адым. 11 сынып
Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты
Сипаттау мәтіні. 4-сынып
Химия тұрмыста
Кім білімді
Тақырып - Сипаттау мәтіні
Сыйлық аукционы
Бейорганикалық химия
Пәндер