Оқушы білімін бағалау

Шығыс Қазақстан облысы. Өскемен қаласы.
“ Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы”
Математика пәні мұғалімі Сахариева Бальзам Мұхтарқызы
Математика білім сапасының көрсеткіші төмен пән екендігі белгілі жайт. «Неліктен білім сапасы төмен?» Бұл сұраққа жауап беру қиындық тудырмайды. «Ал білім сапасын қалай арттыруға болады?» - деген сауалға жауап беру күрделі, бұл сауалдың жауабын мұғалімдер жылдар бойғы қажырлы еңбектерінің нәтижесінде жинақтап келеді. Ендеше мен де бұл үдерістен қалыс қала алмадым. Білім сапасының төмен болуының себебін мен оқушылардың тақырыпты меңгеру сабақтарында көрсеткен білімін уақыт өте келе көрсете алмауында деп ойлаймын. Өйткені оқушылар көргені мен естігенін жылт еткізіп пайдалана қояды, ал тереңіне үңілмейді. Жаңа білімді меңгеру кезінде оқушылар жаттанды оқиды, күрделі ойлау, ой қорыту әрекеттерін жүзеге асырмайды, олар тек қана осы сабақта баға алуды көздей отырып мұғалімнің үйреткенін механикалық түрде қайталаумен ғана шектеледі. Сондықтан бұл ақпарат уақыт өте келе ұмытылып қалады. Бір тарауды аяқтағанда немесе тоқсан соңында, сондай-ақ бақылау жұмысына дайындалғанда оқушы қалай дайындалу керектігін білмейді немесе білсе де ондай іс-әрекетті жүзеге асыру дағдысы болмағандықтан көбі ешқандай дайындықсыз келеді. Осы және басқа да оқу үдерісі барысындағы туындаған біршама сауалдар төңірегінде ойлана келе «Математика пәнін оқытуда оқушы құзыреттілігін белсенді-әрекетті технологияларды қолдану арқылы дамыту» деген тақырыпты өзекті тақырып етіп алуға тоқталдым. Бұл тақырыпты таңдауымның екінші себебі де бар. Қазақстан 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында жеке тұлғаны қалыптастырудағы білім берудің мақсаты мен оның тәсілдерін жетілдіру міндеті айқын көрсетілген. Атап айтқанда, онда «орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отырған дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әр түрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны, яғни құзыретті тұлғаны тәрбиелеу болып отыр.
Өзекті тақырыпты жүзеге асыру мақсатында өзекті тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын іске асыру жобасын жасадым.
Қалалық өзекті тақырып:
«Қазіргі заманғы мектептегі білім сапасын жетілдіру: білім беру үрдісінің субъектілерін дамыту шарты ретінде».
№3 мектеп гимназиясының өзекті тақырыбы:
«Көпсалалы мектеп-гимназия жағдайында білім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттілігін сыни тұрғыда ойлауды дамыту жобасы негізінде дамыту».
Математика және информатика кафедрасының өзекті тақырыбы:
“Көпбейінді мектеп гимназия жағдайында математика, информатика пәндерін оқытуда білім беру үрдісі субъектілерінің түпкілікті құзыреттілігін белсенді-әрекетті технологиялар негізінде жетілдіру ”.
Мұғалімнің өзекті тақырыбы:
«Математика пәнін оқытуда сыни ойлауын және құзыреттілігін белсенді-әрекетті технологияларды қолдану арқылы дамыту».
Зертеудің өзектілігі
Қазіргі заман талабына сай әр оқушы қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған бай мәдени мұрасы әдет-ғұрпын, өз ұлтының рухани байлығын терең меңгерген, ғылыми терең біліммен қаруланған, егеменді мемлекетіміздің болашағы болатындай нағыз азамат болуы керек. Ол үшін теориялық оқу материялын оқу бағдарламасы бойынша ғылыми негізде ең жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және теориялық білімін практикада саналы түрде қолдана білуі тиіс. Мектеп оқулықтарымен шектелмей қосымша әдебиеттер, ғылыми көпшілік журнал материалдарын қолданып өз білімін толықтыра білуге дағдылануы керек. Яғни меңгерген материалдарын толық пайдаланып салыстыра отырып қорытынды жасауға, талдай білуге, ойын айтып пікір таластыра алуға үйренуі керек. Өз ойын ауызша-жазбаша тиянақты жеткізе алатын, ойлау қабілеті жетілген азамат болуы тиіс.
Сондықтан оқушылардың бойында шығармашылық іс-әрекетті, ізденімпаздықты қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, оқу материалын сараптау, талдап салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттігі туындайды. Осы мақсатты іске асыру үшін келесі проблемалық тақырыпта зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындайтындықтан зерттеу жұмысының тақырыбын “Математика пәнін оқытуда оқушының сыни ойлауын, кұзыреттілігін белсенді-әрекетті технологияны қолдану арқылы дамыту” деп алып отырмын.
Оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге үйрету дегеніміз әр сабақта (жаңа білімді игеру, есеп шығару, бақылау сабақтарында) талдау, салыстыру, ортақ байланысты анықтау, жүйелеу, жіктеу, қорытындылау, бағалай білу, кітаптағы мәтінмен жұмыс істей білу, ойын тиянақты жеткізе білу операцияларын жүзеге асыруды өзі орындай алатындай біліктілік пен дағды қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты : Пән бойынша өз беттерімен жұмыс істеу біліктіліктерін жетілдіре отырып, құзыреттілік негізіне қол жеткізу.
Өзекті тақырыпты жүзеге асыру міндеттері:
- Теориялық міндеттер:
а) Оқушының жеке бас ерекшеліктерін, психология-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып өз бетімен жұмыс істеу іскерліктерін дамыту әдіс-тәсілдерін нақты анықтау. Ол үшін новатор педагоктардың әдістемелері мен ғылыми еңбектеріне сүйене отырып осы әдіс-тәсілдердің оптималды екендігін дәлелдеу.
б) Өз бетімен жұмыс істеу іскерліктері аркылы сыни ойлауын, құзыреттілігін дамыту үшін арнайы әдіс-тәсілдердің жоспарын (модель) құру
- Практикалық міндеттер:
а) Жаңа методикалар мен технологияларды қолдана отырып оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу іскерліктері аркылы сыни ойлауын, құзыреттілігін жетілдіріп дамытатын арнайы құрастырылған сабақтарды модификациялау және оларды ұйымдастырудың тиімді жолдарын анықтау, әдістерін айқындау.
б) Оқу үрдісіне модификацияланған сабақтарды енгізіп, апробация жасау.
в) Зерттеу және статистикалық өңдеу әдісін қолдана отырып зерттеу тақырыбының маңызын, зерттеу жұмыстарының нәтижесін анықтау.
Зерттеу нысаны : Сабақ беретін сыныптар.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу іскерлігі аркылы сыни ойлауын, кұзыреттілігін дамыту мақсатында мұғалімнің жүргізетін іс-әрекеті және арнайы модификацияланған сабақтардағы оқушының іс-әрекеті. Оқушы-оқушы, мұғалім-оқушы қарым-қатнасы.
Зерттеу пәні : Сабақ үрдісі барысындағы оқушы.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін жетілдіру үшін арнайы модификацияланған сабақтар жүргізілетін сыныптарының оқу үрдісі.
Зерттеу болжамы
Оқушыларға пән бойынша жүйелі әртүрлі ақпараттық технологияларды қолдану негізінде қалай оқу керектігін үйрете отырып жүйелі жан-жақты терең білім берілсе, пәнге қызығушылықтары артып, шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталанады, ізденуге өз жұмысының нәтижесін көруге асығады, құзыреттілігі қалыптасады.
Зерттеу әдістері :
- Бақылау жүргізу, жинақтау, байқаудан өткізу, талдау, салыстыру, дәлелдеу (тест нәтижелерін, бақылау нәтижелерін) әдістерін қолданамын. Зерттеу барысында статистикалық өңдеу әдісі де қолданылады.
- Ғылыми әдебиет таңдау әдісін қолданамын (мазмұнын талдау, жинақтау) .
- Эксперимент әдісі (модельді апробациялау) .
- Сауал-сұрақ әдісі (анкета алу) арқылы пәнге қызығушылығын, қандай іскерліктерінің дамығанын арнайы сұрақтарға жауаптар арқылы анықтау.
Бағдарлама кезеңдері :
Іздену кезеңі - 2009-2010 оқу жылы.
Теорияны оқып үйрену, семинарларға, ашық сабақтарға қатысу, әртүрлі қажетті материалдар жинақтау
Эксперименттік кезең - 2010-2013 оқу жылы.
Аралық нәтижелерді бақылау, салыстыру, қорытындысын шығару. Оқушы шығармашылығын арттыратындай мәселелермен жұмыс.
Қортындылау кезеңі - 2013-2014 оқу жылы.
Оқушылардың шығармашылық есептерін тыңдау, мақалалар жазу, тәжірибе тарату, педагогикалық жинақтар жасау.
Эксперимент жұмысына қатысушылардың құрамы:
- Оқушылар
- Ата-аналар
- Мұғалім
- Психолог
- ЭЖО
Эксперименттік тәжірибе жұмысына қатысушылардың қызметтік міндеттерінің бөлінуі:
- Пән мұғалімі - терең білім беруге, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелей отырып, нақты шешім қабылдап, өзіндік көзқарасы мен пікірін жеткізіп айналасындағы шынайы өмірге белсенді араласып, оны жақсартуға ықпал ете алатын оқушы тәрбиелеу.
- ЭЖО - мұғалімдерге бағыт бағдар береді.
- Ғылыфми жетекші - оқушылардың жан-жақты білім алып, шығармашылығын арттыратындай зерттеу жұмыстарын жүргізуге ақыл-кеңес беру. Жазылған зерттеу жұмыстарының, мақалалардың, әдістемелік жинақтардың, ғылыми жобалардың ғылымилығына көңіл бөліп, дұрыс жазуға үйрету.
Эксперимент нәтижесі бойынша болжамдар
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады, оқушылардың құзыреттілігі артады, яғни кез-келген жағдаяттан шығуға дайын болады, өз беттерімен шығармашылық жұмыс жасап, талдап, салыстырып, нәтижесін жүйелеп, қорытынды жасап, өмірде қолдануға үйренеді.
Өзекті тақырыптың орындалуы туралы есеп беру:
Математика, информатика пәндері бірлестігі отырысында есеп беріп, тәжірибе бөлісу.
Өзекті тақырыпты жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстардың түрлері:
І. Іздену кезеңі - 2009-2010 оқу жылы.
- Интерактивті технологияны оқып үйрену,
- 12 жылдық білім беру концепсиясын негізге алу,
- 12 жылдық білім беру заңын оқып үйрену,
- Озық технологияларды оқып үйрену
- Бағалаудың жаңа түрі портфолионы енгізу,
- Интерактивті тақтаны қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгеру,
- Білім беру жүйесінің түпкілікті құзіреттіліктері туралы материалдарды оқып үйрену,
- Оқушыларға педагогикалық-психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, даму картасын жасау,
- Өзекті тақырыптың теориялық бөлімі бойынша кафедра және мектеп ішілік семинарларға қатысу.
ІІ. Эксперименттік кезең - 2010-2013 оқу жылдары.
ІІІ. Қорытындылау кезеңі - 2013-2014 оқу жылдары.
Қолданылатын теориялық әдебиеттер тізімі:
- «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» Джинни, Стил С., Крутис С., Мередит.
- «Жобалау әдістемесі» Дж. Дьюи (Метод проектирования)
- Журнал «Педагогика», «Білімдегі жаңалықтар», «РЯКШ».
- 12 жылдық білім беру заңы.
Осы жоба бойынша іздену кезеңінде зерттеу жұмысының түп қазығы оқушының құзыреттілігі болғандықтан оқушы құзыреттілігіне не жататынын зерттеп талдау жасадым. Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты (ББД) ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік - бұл алынған білім мен біліктерді іс жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Оқытудағы құзіреттілік білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, мектептегі оқу сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын мектептегі педагогикалық тәжірибеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Құзырлылықты Джон Равен танымдық, пәндік-практикалық, тұлғалық тәжірибелерінің күрделі пайымдамасы, синтезі деп пайымдайды.
Бүгінгі білім жүйесінде оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасында шоғырлана жүргізіледі. Бұл жағдайда «оқушы дайын білімді игеруші емес оның орнына оқушы - шындықты танушы тұлға» түсінігі қалыптасады. Оқушының құзыреттілігінің көрсеткіштері төмендегідей алынды.
Оқушы шындықты танушы тұлға
Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі: өзінің қалай оқу керектігін үйрену қызметін бағалай алуы және оны одан әрі жобалай білу қабілеті, ерекше жағдайға бейімделе білу қабілеті.
Әлеуметтік құзыреттілік: бірлескен (ұжыммын, топпен, жұппен) қызметпен айналысу қабілеті.
Ақпараттық құзыреттілік: ақпаратты қабылдау, өңдеу, жеткізу, ақпараттық деректерді өзгерту, компьютерлік сауаттылығы, ғаламтор және ақпараттық технологияларды меңгеруі.
Коммуникативтік құзыреттілік: қарым-қатынас мәдениеті, өз тілінде және пәндік тілде сөйлеу дамыту.
Оқу-танымдық құзыреттілік: математикалық құзыреттілігі, білімділігі мен білімін қолдана білуі.
Ендігі кезекте «Оқушы құзыреттілігін қалай дамытуға болады? Ол үшін нені өзгертуім керек? Қалай өзгертуім керек?» деген сауалдардың қойылуы орынды. Оқушы құзыреттілігін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуға көңіл бөлу қажеттігі туындады.
Сабақта құзыреттілікті дамыту жолдары:
Оқушының тұлғалық тәжірибесін білім мазмұнына кіріктіру (оқушының өмірлік тәжірибесі деңгейіне, даму деңгейіне қарай әртүрлі қабілеті ашылатындай ситуация, тапсырма бере отырып білім мазмұнын бала өмірімен ұштастыру) .
- Белсенді-әрекетті техналогияны қолданып топтық, жұптық жұмыс түрлерін ұйымдастыра отырып оқушының білімді өзі игеруіне жағдай жасау.
- Қосымша материялдар пайдалану арқылы қызығушылығын арттыру, оларды табуға нұсқау беру.
- Қарым-қатынасқа көңіл бөлу
- Акт-ны пайдалану.
- Берілген оқу мазмұнының өмірмен сабақтастығына көңіл бөлу, PISA тапсырмаларын пайдалану.
- Бағалауды оқушыны білім алуға жетелеуші нәтижеге жету жолдарын айқындаушы құрал диагностика арқылы жүргізу.
Сабақтан тыс уақытта құзіреттілікті дамыту жолдары:
- Оқушыны зерттеу жұмыстарымен айналыстыру;
- АКТ-ны дұрыс тиімді пайдалана білуге дағдылану;
- Портфолио жинақтау;
- Әр түрлі сайыстар мен олимпиадаларға қатыстыру.
Дәстүрлі білім беру жүйесінде «жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру» мақсаты жүзеге асырылды немесе бұл формуланың шешімі мынадай болды деп айту қиын. Дәстүрлі сабақ беру жағдайында оқушыдан жаңа ақпаратты есте сақтап, қайталап беруді есеп шығару алгаритмін үйрете отырып, осы алған білімін тағы бір рет есептің шығарылу жолы бойынша қайталауды талап етеміз. Дәстүрлі оқытуда мұғалім оқушыға дайын, дұрыс ақпаратты береді, оқушы тек тыңдап, ақпаратты қабылдап отырған. Бұл
әрекеттер оқушылардың ойлануына мүмкіндік жасамай, керісінше іскерлік қабілеттерін шектейді.
Әр сабақта оқушыға білім алудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін үйрететін болсақ қана өз бетімен жұмыс істеу іскерлігіне үйренеді, яғни қалай оқу керектігін ой елегінен өткізе отырып белсенді әрекетті технология ұсынған жұмыс түрлерін орындау барысында оқушы өзіндік іс-әрекет жасайды, ой қалыптастырады, шешім қабылдауға дағдыланады, танымдық қызметтің түрлерін жүзеге асыра алады. Сондықтан мен өз сабақтарымда оқушы белсенділігінің әсерін арттыру үшін интерактивті әдісті қолданамын, өйткені оқушының құзыреттілігін дамыту оқушының өзін белсенді жағдайға қоятын жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Қазіргі білім беру жүйесінде оқытудың озық технологияларын меңгермейінше табысты оқушы тәрбиелеу мүмкін емес. Білім сапасын көтеру үшін мұғалім шеберлігі жоғары, білімді әрі шығармашыл болуы қажет. Ал жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жағынан өсуіне игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамыта отырып оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі білім беру саласында қолданылатын Интерактивті үдерісті ұйымдастырудың жетекші қағидалары:
- ойлау қызметін ұйымдастыру;
- мазмұн шығарушылық қызметті ұйымдастыру;
- таңдау еркі;
- рефлексияны ұйымдастыру.
Оқыту мен оқудағы интерактивті әдіс, бұл сабақ барысындағы оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім арасындағы жоғары деңгейдегі өзара әрекеттер. Мұндай өзара әрекеттер ұсынылған шешімнің қаншалықты қажеттілігіне байланысты мәселелердің қандай жолдармен шешілетін нұсқаларын талқылау формасында жүзеге асырылады. Интерактивті әдістің мақсаты тек қана ақпарат беру емес, оқушылардың өз бетімен жауапты табу дағдыларын қалыптастырумен байланысты және педагогикалық өзара ықпалдастық әрекетіне қатысатын оқушылардың мінез-құлық, қызмет үлгілерін өзгерту және жақсарту болып табылады. Өз әрекеті мен серіктестерінің әрекетін талдай келе, әр оқушы өз мінез-құлқының үлгісін өзгертеді және оны саналы түрде меңгереді. Бұл әдістерді қолдану бір қарағанда өте жеңіл болып көрінеді, бірақ мақсатты дұрыс қоя отырып оқушы әрекетін нақты нәтижелерге бағыттаған жағдайда бұл өте күрделі үрдіс екенін көреміз. Білім саласындағы мақсатта, соның ішінде күнделікті оқу үдерісіндегі мақсаттың мәнмәтінінде 45 минутқа қатысушы субъектілердің іс-әрекет нәтижесі, оған
жету жолдары мен құралдары қарастырылады. Жалпы мақсат ол қандай да бір етістік арқылы берілетін іс-әрекет. Сондықтан да күнделікті мақсатты қоюдағы талап оқушылардың ойлау деңгейлеріне сай жасалатын іс-әрекетті сөздік формаға келтіру. Сабақты жоспарлау кезеңінде мақсаттарды нақтылау үшін мен Б. С. Блум ұсынған танымдық аймақтағы алты мақсаттар категорияларын пайдаланамын, себебі олар барлық интелектуалдық үрдісті қамти алады. Блум таксономиясы ұғымы «мақсаттың белгілі бір заңдылықпен орналасуы» дегенді білдіреді. Бұл таксономияның құндылығы:
- мақсаттардың нақтылануында;
- мақсат категорияларына сай логикалық ойдың алгоритмделуінде;
- білім мазмұнының мақсатқа сай жіктелуінде;
- оқушы іс-әрекетінің мақсатқа сай дамуында;
- әр мақсатқа сай тапсырманың саралануында;
- оқушы білімінің әр мақсат негізінде бағалануында;
- мұғалім мен оқушының бірлескен қызметіндегі нақтылық пен жариялылыққа қол жеткізілуінде;
- қойылатын бағаның соңғы нәтижені ғана емес, бүкіл үрдісті қамтуында.
Сабақты жоспарлау барысында оқыту мақсаттарының категориялары бойынша білім мазмұнын жіктеймін және әр категория бойынша төмендегі кестелер көмегімен міндетті талаптар мен нақты амалдарды анықтап аламын. Келесі кезекте осы мақсаттарға жету үшін тұлға бойындағы қасиет қатесіз сараланып, басқа қасиеттерден оңай ажыратылып, анықталуы қажет. Яғни кім үшін, не үшін қандай әрекет жасайтынымды ойланамын. Келесі кезекте бағаланатын қасиеттерді бақылау критерийлерін нақтылаймын. Критерилердің негізінде бағаланатын нәтижелерге сүйенетін бағалау дескрипторларын құрамын. Критерийлер мен дескрипторлар оқушының әрбір ойлау деңгейлеріндегі әрекеттері мен әрекет барысындағы мінез құлқының сандық баламасын бірнеше өлшем бірліктеріне жіктеу әдісі.
1-кесте. Мақсатты айқындау талаптары.
2 кесте. Педагогикалық өлшемдер арасындағы байланыс.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz