Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақта құзыреттілікті дамыту жолдары

Шығыс Қазақстан облысы. Өскемен қаласы. " Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы"
Математика пәні мұғалімі Сахариева Бальзам Мұхтарқызы

БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ.

Математика білім сапасының көрсеткіші төмен пән екендігі белгілі жайт. <<Неліктен білім сапасы төмен?>> Бұл сұраққа жауап беру қиындық тудырмайды. <<Ал білім сапасын қалай арттыруға болады?>> - деген сауалға жауап беру күрделі, бұл сауалдың жауабын мұғалімдер жылдар бойғы қажырлы еңбектерінің нәтижесінде жинақтап келеді. Ендеше мен де бұл үдерістен қалыс қала алмадым. Білім сапасының төмен болуының себебін мен оқушылардың тақырыпты меңгеру сабақтарында көрсеткен білімін уақыт өте келе көрсете алмауында деп ойлаймын. Өйткені оқушылар көргені мен естігенін жылт еткізіп пайдалана қояды, ал тереңіне үңілмейді. Жаңа білімді меңгеру кезінде оқушылар жаттанды оқиды, күрделі ойлау, ой қорыту әрекеттерін жүзеге асырмайды, олар тек қана осы сабақта баға алуды көздей отырып мұғалімнің үйреткенін механикалық түрде қайталаумен ғана шектеледі. Сондықтан бұл ақпарат уақыт өте келе ұмытылып қалады. Бір тарауды аяқтағанда немесе тоқсан соңында, сондай-ақ бақылау жұмысына дайындалғанда оқушы қалай дайындалу керектігін білмейді немесе білсе де ондай іс-әрекетті жүзеге асыру дағдысы болмағандықтан көбі ешқандай дайындықсыз келеді. Осы және басқа да оқу үдерісі барысындағы туындаған біршама сауалдар төңірегінде ойлана келе <<Математика пәнін оқытуда оқушы құзыреттілігін белсенді-әрекетті технологияларды қолдану арқылы дамыту>> деген тақырыпты өзекті тақырып етіп алуға тоқталдым. Бұл тақырыпты таңдауымның екінші себебі де бар. Қазақстан 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында жеке тұлғаны қалыптастырудағы білім берудің мақсаты мен оның тәсілдерін жетілдіру міндеті айқын көрсетілген. Атап айтқанда, онда <<орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отырған дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру>> делінген. Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әр түрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны, яғни құзыретті тұлғаны тәрбиелеу болып отыр.
Өзекті тақырыпты жүзеге асыру мақсатында өзекті тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын іске асыру жобасын жасадым.
Осы жоба бойынша іздену кезеңінде зерттеу жұмысының түп қазығы оқушының құзыреттілігі болғандықтан оқушы құзыреттілігіне не жататынын зерттеп талдау жасадым. Құзыреттілік ұғымы <<білім>>, <<білік>> және <<дағды>> сияқты (ББД) ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік - бұл алынған білім мен біліктерді іс жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Оқытудағы құзіреттілік білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, мектептегі оқу сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек <<құзырет>> және <<құзыреттілік>> ұғымдарын мектептегі педагогикалық тәжірибеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Құзырлылықты Джон Равен танымдық, пәндік-практикалық, тұлғалық тәжірибелерінің күрделі пайымдамасы, синтезі деп пайымдайды.
Бүгінгі білім жүйесінде оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасында шоғырлана жүргізіледі. Бұл жағдайда <<оқушы дайын білімді игеруші емес оның орнына оқушы - шындықты танушы тұлға>> түсінігі қалыптасады. Оқушының құзыреттілігінің көрсеткіштері төмендегідей алынды.
Оқушы шындықты танушы тұлға
Мәдени-танымдық құзыреттілік
Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік
Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі
Коммуникативтік құзыреттілік
Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік
Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі
Оқу-танымдық құзыреттілігі

Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі: өзінің қалай оқу керектігін үйрену қызметін бағалай алуы және оны одан әрі жобалай білу қабілеті, ерекше жағдайға бейімделе білу қабілеті.
Әлеуметтік құзыреттілік: бірлескен (ұжыммын, топпен, жұппен) қызметпен айналысу қабілеті.
Ақпараттық құзыреттілік: ақпаратты қабылдау, өңдеу, жеткізу, ақпараттық деректерді өзгерту, компьютерлік сауаттылығы, ғаламтор және ақпараттық технологияларды меңгеруі.
Коммуникативтік құзыреттілік: қарым-қатынас мәдениеті, өз тілінде және пәндік тілде сөйлеу дамыту.
Оқу-танымдық құзыреттілік: математикалық құзыреттілігі, білімділігі мен білімін қолдана білуі.
Ендігі кезекте <<Оқушы құзыреттілігін қалай дамытуға болады? Ол үшін нені өзгертуім керек? Қалай өзгертуім керек?>> деген сауалдардың қойылуы орынды. Оқушы құзыреттілігін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуға көңіл бөлу қажеттігі туындады.
Сабақта құзыреттілікті дамыту жолдары:
Оқушының тұлғалық тәжірибесін білім мазмұнына кіріктіру (оқушының өмірлік тәжірибесі деңгейіне, даму деңгейіне қарай әртүрлі қабілеті ашылатындай ситуация, тапсырма бере отырып білім мазмұнын бала өмірімен ұштастыру).
oo Белсенді-әрекетті техналогияны қолданып топтық, жұптық жұмыс түрлерін ұйымдастыра отырып оқушының білімді өзі игеруіне жағдай жасау.
oo Қосымша материялдар пайдалану арқылы қызығушылығын арттыру, оларды табуға нұсқау беру.
oo Қарым-қатынасқа көңіл бөлу
oo Акт-ны пайдалану.
oo Берілген оқу мазмұнының өмірмен сабақтастығына көңіл бөлу, PISA тапсырмаларын пайдалану.
oo Бағалауды оқушыны білім алуға жетелеуші нәтижеге жету жолдарын айқындаушы құрал диагностика арқылы жүргізу.
Сабақтан тыс уақытта құзіреттілікті дамыту жолдары:
oo Оқушыны зерттеу жұмыстарымен айналыстыру;
oo АКТ-ны дұрыс тиімді пайдалана білуге дағдылану;
oo Портфолио жинақтау;
oo Әр түрлі сайыстар мен олимпиадаларға қатыстыру.
Дәстүрлі білім беру жүйесінде <<жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру>> мақсаты жүзеге асырылды немесе бұл формуланың шешімі мынадай болды деп айту қиын. Дәстүрлі сабақ беру жағдайында оқушыдан жаңа ақпаратты есте сақтап, қайталап беруді есеп шығару алгаритмін үйрете отырып, осы алған білімін тағы бір рет есептің шығарылу жолы бойынша қайталауды талап етеміз. Дәстүрлі оқытуда мұғалім оқушыға дайын, дұрыс ақпаратты береді, оқушы тек тыңдап, ақпаратты қабылдап отырған. Бұл әрекеттер оқушылардың ойлануына мүмкіндік жасамай, керісінше іскерлік қабілеттерін шектейді.
Әр сабақта оқушыға білім алудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін үйрететін болсақ қана өз бетімен жұмыс істеу іскерлігіне үйренеді, яғни қалай оқу керектігін ой елегінен өткізе отырып белсенді әрекетті технология ұсынған жұмыс түрлерін орындау барысында оқушы өзіндік іс-әрекет жасайды, ой қалыптастырады, шешім қабылдауға дағдыланады, танымдық қызметтің түрлерін жүзеге асыра алады. Сондықтан мен өз сабақтарымда оқушы белсенділігінің әсерін арттыру үшін интерактивті әдісті қолданамын, өйткені оқушының құзыреттілігін дамыту оқушының өзін белсенді жағдайға қоятын жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Қазіргі білім беру жүйесінде оқытудың озық технологияларын меңгермейінше табысты оқушы тәрбиелеу мүмкін емес. Білім сапасын көтеру үшін мұғалім шеберлігі жоғары, білімді әрі шығармашыл болуы қажет. Ал жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жағынан өсуіне игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамыта отырып оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі білім беру саласында қолданылатын Интерактивті үдерісті ұйымдастырудың жетекші қағидалары:
oo ойлау қызметін ұйымдастыру;
oo мазмұн шығарушылық қызметті ұйымдастыру;
oo таңдау еркі;
oo рефлексияны ұйымдастыру.
Оқыту мен оқудағы интерактивті әдіс, бұл сабақ барысындағы оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім арасындағы жоғары деңгейдегі өзара әрекеттер. Мұндай өзара әрекеттер ұсынылған шешімнің қаншалықты қажеттілігіне байланысты мәселелердің қандай жолдармен шешілетін нұсқаларын талқылау формасында жүзеге асырылады. Интерактивті әдістің мақсаты тек қана ақпарат беру емес, оқушылардың өз бетімен жауапты табу дағдыларын қалыптастырумен байланысты және педагогикалық өзара ықпалдастық әрекетіне қатысатын оқушылардың мінез-құлық, қызмет үлгілерін өзгерту және жақсарту болып табылады. Өз әрекеті мен серіктестерінің әрекетін талдай келе, әр оқушы өз мінез-құлқының үлгісін өзгертеді және оны саналы түрде меңгереді. Бұл әдістерді қолдану бір қарағанда өте жеңіл болып көрінеді, бірақ мақсатты дұрыс қоя отырып оқушы әрекетін нақты нәтижелерге бағыттаған жағдайда бұл өте күрделі үрдіс екенін көреміз. Білім саласындағы мақсатта, соның ішінде күнделікті оқу үдерісіндегі мақсаттың мәнмәтінінде 45 минутқа қатысушы субъектілердің іс-әрекет нәтижесі, оған жету жолдары мен құралдары қарастырылады. Жалпы мақсат ол қандай да бір етістік арқылы берілетін іс-әрекет. Сондықтан да күнделікті мақсатты қоюдағы талап оқушылардың ойлау деңгейлеріне сай жасалатын іс-әрекетті сөздік формаға келтіру. Сабақты жоспарлау кезеңінде мақсаттарды нақтылау үшін мен Б.С.Блум ұсынған танымдық аймақтағы алты мақсаттар категорияларын пайдаланамын, себебі олар барлық интелектуалдық үрдісті қамти алады. Блум таксономиясы ұғымы <<мақсаттың белгілі бір заңдылықпен орналасуы>> дегенді білдіреді. Бұл таксономияның құндылығы:
oo мақсаттардың нақтылануында;
oo мақсат категорияларына сай логикалық ойдың алгоритмделуінде;
oo білім мазмұнының мақсатқа сай жіктелуінде;
oo оқушы іс-әрекетінің мақсатқа сай дамуында;
oo әр мақсатқа сай тапсырманың саралануында;
oo оқушы білімінің әр мақсат негізінде бағалануында;
oo мұғалім мен оқушының бірлескен қызметіндегі нақтылық пен жариялылыққа қол жеткізілуінде;
oo қойылатын бағаның соңғы нәтижені ғана емес, бүкіл үрдісті қамтуында.
Сабақты жоспарлау барысында оқыту мақсаттарының категориялары бойынша білім мазмұнын жіктеймін және әр категория бойынша төмендегі кестелер көмегімен міндетті талаптар мен нақты амалдарды анықтап аламын. Келесі кезекте осы мақсаттарға жету үшін тұлға бойындағы қасиет қатесіз сараланып, басқа қасиеттерден оңай ажыратылып, анықталуы қажет. Яғни кім үшін, не үшін қандай әрекет жасайтынымды ойланамын. Келесі кезекте бағаланатын қасиеттерді бақылау критерийлерін нақтылаймын. Критерилердің негізінде бағаланатын нәтижелерге сүйенетін бағалау дескрипторларын құрамын. Критерийлер мен дескрипторлар оқушының әрбір ойлау деңгейлеріндегі әрекеттері мен әрекет барысындағы мінез құлқының сандық баламасын бірнеше өлшем бірліктеріне жіктеу әдісі.
1-кесте. Мақсатты айқындау талаптары.
Ойлаудың алты деңгейін сипаттаушы мақсаттар
Мақсаттарды Анықтаудың критерийлері
Білімділік
Білгендерін еске түсіру, білмегенін айқындау
Түсіну
Білмейтін затына терминге, ұғымға деген қызығушылықты арттыру
Пайдалану
Өз тәжірибесін пайдалануына жағдай жасау.
Талдау
Білмеген затын, ұғымын, терминін т. б. Өзіне таныс заттармен ұғымдармен, терминдермен салыстыру арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын іздеттіру.
Жинақтау
Білмеген затына, ұғымына, терминіне байланысты өз тұжырымын жасату.
Бағалау
Бастапқы білмеген затының, ұғымының, терминінің құндылығын қажеттілігін айқындату.

2 кесте. Педагогикалық өлшемдер арасындағы байланыс.
Параметр
Критерий
Дескриптор
Ұпай саны
Білімділік
Оқыған материалды есте сақтау, еске түсіру қайталау
Пайдаланылғантүсініктер мен ұғымдарды біледі.

Нақты фактілерді біледі.

Негізгі ұстанымдар мен ережелерді біледі.

Түсіну
Берілген материалды өз сөзімен басқа формада жеткізу
Ұстанымдарды, ережелерді, фактілерді түсінеді.

Мәтінді басқа (графикалық, диаграмма) формада жеткізе алады.

Нәтижеден туындайтын затты, құбылысты немесе нәтиженің келешегін болжамдай алады.

Пайдалану
Оқыған материалды нақты жаңа жағдайда пайдалану
Әдіс-тәсілдерді орнымен қолдану.

Нақты жағдайларда ілімді, заңдылықты қажеттілігіне қарай пайдаланады.

Ұстанымдарды, ережелерді, фактілерді жаңажағдайда пайдаланады.

Талдау
Кешегі білімі мен бүгінгі білімін салыстыру, талдау жасау
Жасырынболжамды айқындайды.

Өрбіту логикасында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді көре біледі.

Фактілер мен салдарарасындағы айырмашылықты ажыратады.

Жинақтау
Өзінің бүгінгі жинақтаған тәжірибесі негізінде сұрақтар туындату
Проблеманы шешу проетісін жасай алады.

Эксперимент жоспарын құра біледі.

Болжам жасай алады.

Бағалау
Алған білімнің өзі үшін құндылығын бағалау
Материалдың қажеттілігін айқындай алады

Жасалған қортындының жарамдылығын бағалай біледі.

Менің сабақ жоспарларымдағы негігі мәселе ойлау деңгейлерінің мақсатқа жіктелуі, мақсатқа жетуге қойылған талап (критерий), мақсатқа жетуге әсер етуші түрткі, қойылған мақсатқа жеткендігін сипаттаушы белгі немесе зерттеліп отырған объектінің мінез-құлқымен байланысты атрибуты (дескриптор) болып табылады. Мен оқушылардың танымдық қабілеттерін кестеде көрсетілген интелектуалдық дағдылардың талаптарына сәйкес топтастыра отырып тиімді интерактивті әдісті таңдап қолданамын. Егер маған нақты фактілерді меңгерту қажет болса төменгі интерактивті әдістерді, ал білік пен дағдысын қалыптастыру керек болса, онда жоғары интерактивті әдісті қолдана аламын. Мысалы, туыдыны табу формулалары тақырын өткізуді жоспарлайын.
Бірінші қадам
Туындыны табу алгоритмін еске түсіруді ұсыну (төменгі интерактивті фаза)
Екінші қадам
Туынды табу алгоритмі бойынша функциялардың қосындысының , көбейтіндісінің, бөліндісінің формулаларын қорытып шығаруды топпен орындауды тапсыру (жоғары интерактивті фаза)
Үшінші қадам
Жұппен әр формуланы қолданып есеп шығаруды тапсыру (жоғары интерактивті фаза және тиімді қабылдау болады, себебі әр деңгейдегі оқушылар жұпта болады, олардың түсінігі формуланы табу барысында тереңдей түседі)
Төртінші қадам
Жұптық жұмысты тексерген соң әр оқушыға жеке шешу үшін үш есеп береді (төменгі интерактивті тапсырма, бірақ жеке қабілетін тексеру тиімділігі жоғары)
Енді жоғарыда айтылған мәселелердің сабақты жоспарлау және жүргізу барысында қалай жүзеге асырылатынын көру үшін сіздерге 6 сынып математика пәні бойынша <<Сызықтық функция және оның графигі>> тақырыбына сабақты жоспарлауды және оның нәтижесін талдауды ұсынамын. Сабақтың жоғары деңгейде өткізілуі оны жоспарлауға байланысты болғандықтан мен сабақты жоспарлауға үлкен мән беремін. Сабақтың тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі.
I кезең: сабаққа дейін
Мотивация (қозғаушы куші):
Бұл тақырып Функция тарауы бойынша оқытылатын соңғы тақырып, ұ-шы сағат.функциялардың жеке түрлерімен танысу осы тақырыптағы ең қарапайым түрі сызықтық функциядан басталатындықтан оның графигін салуды, берілген нуктенің графикке тиістілігін анықтауды, нуктенің координатасы арқылы формуласын жазуды жетік меңгеруі қажет.
1. Сыни ойлауды дамытуға қандай алғы шарттар бар:
Функция және оның берілу тәсілдерін оқып үйренгендіктен жаңа тақырыпты оқып және оқу барысында логикалық талдау жасауға, өзгелермен ой бөлісіп ойын тиянақтауға, қорытып нақты айтып беруге, есептерді шығаруды талдап, орындауға мүмкіндіктері бар. Топпен жұмыс жасау барысында қажетті икемділіктер мен машықтар оқушы бойында қалыптасқан.
2. Мақсаттар:
а) мазмұн бойынша: бұл сабақтың негізгі 3 мақсаты;
ә) сыни ойлауды дамытуға байланысты: өзіндік ой қалыптастыру;
б) бірлесе оқуға байланысты: өз ойы мен өзгелердің ойын қарама-қарсы қойып салыстыру;
1. Бағалау.
Оқушылардың танымдық қабілетінің даму деңгейін анықтау кестесі арқылы жүргізіледі.
2. Қажетті материялдар және уақытты меңгеру.
Тақырып бойынша әзірленген кесте.
Қызықты ояту кезеңіне - 9 минут
Мағынаны ажырату кезеңіне - 15 минут
Ой толғаныс кезеңіне - 20 минут
Бағалау - 1 минут

Оқыту мақсатының
негізгі категориялары
Оқытылатын білім мазмұны
1
Білім
y=kx + l формуласымен берілген функцияны анықтап, графигі қандай болатынын ажыратады және салуды уйренеді, l-дің және R-ның мәндерін табуды үйренуі жатады. Тәуелді айнымалы, тәуелсіз айнымалы, функция, аргумент, функцияның анықталу аймағы , функцияның мәндерінің аймағы, функцияның графигін салу тәсілін білуі жатады.

2
Түсіну
График бойынша функцияның анықталу аймағын, мәндерінің аймарын көрсете алуы, оқып бере алуы, графикке тиісті нүктенің координаталары нені көрсететінін білуі жатады.
Мәтіндегі негізгі ойды тусінуі және қысқаша өз ойын тусіндіруі жатады. k және l-дің мәндерін графиктегі нүкте координаталары арқылы анықтауды жеткізіп мазмұндау түсіну категориясының көрсеткіші
3
Қолдану
Оқыған білімін есеп шығаруда қолдануы жатады: №1328; 1330; №1331,№1334,№1335 есептерді өзі шығаруы арқылы тақырапты тереңірек игереді
4
Талдау
№1336;1337 есептерді шығаруда есепті құрамдас бөліктерге бөліп орындай алуы функцияның формулаларын жазу (тәуелді, тәуелсіз айнымалыны ажыратып білімін қолдануы) графигін салуы және анықталу облысын табуы жатады және бұл орындағанын түсіндіріп айтып талдай алуы жатады.
Графигі бойынша функцияны формуламен жазуды талдап мысалмен түсіндіре алуы.
5
Топтау
Оқығфн білімі бойынша қысқашы тірек конспектісін құру. (ақпараттың жүйеге келтірілген схемасы)
6
Бағалау
Сызықтық функция формуласын графигін қалай қолдануға болады немесе олардан қандай мәлімет жинақтауға болатынын анықтап жинақтауға болатынын анықтап терминдерді қолданып айтып беру.

Сабақ кезең
дері
Мұғалім қызметі мен мақсаты
Оқушы қызметі мен мақсаты
Мақсаттар категориясы
Құзіреттілікті анықтайтын біліктілігі
Күтілетін нәтиже
ызығушылықты ояту
Топқа бөлу: қиынды бөліктерден бүтінді құрастыру
Мақсат: қызығушылықты ояту
Өзіндегі бөліктің бүтіндегі орнын табады
Мақсат:бүтін суретті анықтау

Мұғалімнің нұсқауын дұрыс орындай білуі
Шапшаңдық

Бүтін беттегі шыққан атауға байланысты ережені айт
Мақсат: ой салу
Топпен ережені еске түсіреді
Мақсат: дұрыс жауапты табу
Білім
әріптестерінің пікірін тыңдай білуі, ойын түйіндеуі
Ережені біледі

Функция мысалдары жазылады, сұрақ: формулаларға қарап не айтуға болады?
Мақсат: Ой салу, белсенділігін арттыру, жаңа білімге көпір салу
Ойланады, топта ой бөліседі, ортақ ойды табады
Мақсат: ойын жинақтау, ойын нақты қысқа айту,
Білім
ақпарат бөлімдерінің арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуелділікті анықтай алуы;
ойлана білуі - салыстыру,
Сызықтық функция формулаларын ұқсастығы бойынша бөліп алады
Мағынаны ажырату
Тақырыпты айтады
Аялдама стр: 1 аялдаманы хабарлайды, тапсырма береді
Мақсат: сызықтық функция анықтамасын, форм-ын, графигі б-ша формуланы жазуды үйрету, нүктенің тиістілігін табу
Мәтін бөлімін оқиды, топпен талқылайды ойын жинақтайды
Мақсат: негізгі ойды анықтап, нақты қысқа жауап беру
Түсіну, талдау,
білім
Түсініп, шапшаң оқи білуі;
оқу процесінде мәтінге логикалық талдау жасай білуі; Ойлана білу, салыстыру, қарама-қарсы қою, ойын түйіндеу
Сызықтық функция анықтамасын, формуласынграфигін анықтайды, форм-ын жазуды үйренеді
Ой толғаныс
Тірек конспект жасауды тапсырамын
Мақсат: мәтінді ой елегінен өткізіп, жүйелеп қайталату, қысқа қорыту
Ойын ортаға салады, қысқа конспект жазады
Мақсат: тақырып мазмұнын ашатын конспект жазу
Білім, қолдану, талдау, топтау
Білім мазмұнындағы тың жаңалықтарды байқай білуі;
ойын түйіндеп жаза білуі; кітаптан материалдарды таба білуі;
Жаңа білімді бекітеді

Есеп шығартамын
Мақсат: білімін жаңа жағдайда қолдануға мүмкіндік беру
Есепті шығаруға білімін қолданып тұжырымдай алуға талпыныс жасайды
Мақсат: білімін жаңа жағдайда қолдану
Білім, қолдану, талдау
әріптестерінің пікірін тыңдай білуі; ойлана білуі
Есеп тапсырмаларын орындап шығарады

Сызықтық функция графигінен, формуласынан қандай мәлімет алуға болады?
Мақсат: оқушы ойын дамыту
Ойланады, ой бөліседі. Сызықтық ф-я қасиеттерін пайдалана отырып екі айнымалының тәуелділігін бағалайды
Мақсат: бағалауды орындау
Бағалау, топтау
өзара байланыс пен өзара тәуелділікті анықтай алуы;
логикалық талдау жасауы; ойын түйіндеуі
Екі айнымалының тәуелділігін анықтайды, нақты жауап табады

Сабақтан кейін
СТО бағдарламасы бойынша сабаққа өзіндік талдау жасау.
1. Сабақ 6 <<б>> сыныбында өткізілді. Сыныпта 25 оқушы білім алуда. 3 оқу озаты, 12 екпінді оқушы, қалғаны орташа оқитын оқушылар. Гуманитарлық бағытқа бейімділігі басым оқушылар жинақталған.
2. Сызықтық функция және оның графигі тақырыбы бағдарлама бойынша 128 сағат жане функция тарауы бойынша 4-ші соңғы тақырып, 9 сағат. Функция туралы жалпы түсінік қалыптасқаннан кейін, оның жекеленген түрлерімен танысу осы тақырыптан басталады, яғни бұл тақырыпты оқу барысында сызықтық функцияның анықтамасын, функцияның графигін салуды, графигі бойынша белгісіз l,k-ны тауып формуласын жазуды, функцияның графигінің орналасуын дұрыс түсіну арқылы келешектк функцияның басқада турлерін оқып үйренуді жақсы меңгеретін болады.
3. Сабақтың мақсыты:
1) Білімділік; y=kx+l формуласымен берілетін сызықтық функцияны анықтайды, графигі қандай болатынын ажыратады, графигін салуды үйренеді, графигі бойынша l,k-ның мәндерін табуды үйренеді.
2) Дамытушылық; тақырыпты талдап оқуға, түйінді ойды табуға, ойын жинақтап нақты айтуға, сызықтық функция туралы алған білімін есеп шығаруда қолдануға дағдылынады.
3) Тәрбиелік; өз іс-әрекетін ұйымдастыра білуге, өзгені тыңдай білуге, жауапкершілікті сезінуге баулимын.
4. Білімділік мақсатты жүзеге асыру үшін:
I-кезең; сызықтық функция мысалдары арқылы оқушыға ой салдым,олар жалпы формуласын жазуға тырысты
ІІ-кезкң; әр аялдамадағы бөлімдегі негізгі берілген сызықтық функция туралы ұғымды сұрақ арқылы ажыратуды орындаттым және бұл сұрақ жауабын тағы бір ой елегінен өткізді.
ІІІ-кезең; осы алған білімін тұжырымдады және өзіне-өзі оқушыны тыңдай отырып баға берді, қайта ойланып еске түсіріп өтті. Мысалды шығарды, әр аялдамадағы негізгі ұғымдарды анықтауға берілген 3 есеп.

Дамытушылық мақсатты жүзеге асыру үшін:
І-кезең; ойын жинақтап айтуға ьаулыдым, сызықтық функция мысалдары арқылы олардың ұқсастығын анықтау.
ІІ-кезең; тақырыпты талдап оқу, түйінді ойды айқындау, ойын жинақтап айту, толығымен әр аялдамадағы жұмыстар орындалып отырды.
ІІІ-кезең; білімін есеп шығаруда қолданды.

Тәрбиелік мақсатқа тоқталсам, сабақтың әр кезеңінде оқушылар берілген тапсырманы тыңдап тез орындай отырып, өзін-өзі ұйымдастыруға, бүкіл жұмыс барысында бірін-ьірі тыңдайды және өз тобының жұмысы оның жауабымен бағаланатынын сезінеді
5. Кездескен қиындықтар одан, шығу жолдары:
Тақырыптың мәтіні үлкен, берілген ұғымдар оқушының толықтай ойлап оқуын талап ететін ауқымды ұғымдар.
І,ІІ бөлімдкрде нүктелердің аргументімен абсциссасы мәндерін қолдануды түсіну. Қыйындықтан шығатын жол бұл бөліп түсіну және ой түйіп әр бөлімде қорытындылап отыру.
6. Оқушы білімін бағалау: сабақтағы әр оқушының танымдық қабілетін мақсаттар котегориясы бойынша іс-әрекетіне баға бере отырып, оқушының білімін бағалаймын.

Оқушының танымдық қабілетін дамыту деңгейін анықтау кестесі.
Сыныбы ......... Пәні .......... Мұғалім ...............................


Аты-жөні
Қ. о.
М. а.
Ой толғаныс

Білім
Түсіну
Талдау
Білім
Қолдану
Талдау
Топтау
Бағалау
1
Қаламқанова Ақпейіл
5
5

5

2
Набикенов Айдар

4

3
Танабай Әсем
3

4

3

4
Ахмергенова Айдана
4

4

3
5
Мырзахметова Айдана

5

5

4
6
Төлеубекова Жұлдыз

4

4

3

Сабақ жоспарларынан көріп отырғаныңыздай интерактивті әдістерді сабақ үрдісінде жүйелі қолдана отырып жұмысымды әр оқушы бойында төмендегі маңызды икемділіктер мен машықтарды қалыптастыруға бағыттай жүргіздім:
+ білім мазмұнындағы тың жаңалықты байқай білу;
+ ақпараттық логикалық жағынан аяқталған бөлімін бөліп алу, ақпарат бөлімдерінің арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуелділікті анықтай алуы;
+ ойлана білу - салыстыру, қарама-қарсы қою, түсініксіз ақпаратты анықтап, сұрақ қою және оның ақылға қонымды жауабын таба білу;
+ түсініп, шапшаң оқи білуі;
+ оқу процесінде мәтінге логикалық талдау жасай білуі;
+ көргені, байқағаны, істегені, ойлағаны туралы ойын жинақтап, нақты айта білу, ойын түйіндеп жаза білуі;
+ жеткілікті дәрежеде жылдам және дұрыс жаза білуі;
+ оқушының өзін-өзі қызықтыратын мәселе бойынша ақпарат көздерінен материалдарды таба білуі;
+ мұғалімді және сыныптастарының пікірін тыңдай білуі, айтылған ойдың қысқаша мазмұнын жазып ала білуі;
+ мұғалімнің мәтінмен және оның құрамдас бөліктерімен жұмыс істеу туралы нұсқауларын орындай білуі.
Міне, осы икемділіктер мен машықтар арқылы оқушының құзыреттілігін дамытуда интерактивті әдістер мен "Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан оқыту" жобасын қолдану тиімді екеніне көзім жетті.
Дәл қазіргі уақытта эксперименттік сынып ретінде 8 "А2" сыныбымен жұмыс жасаудамын. Бұл сыныпты алғаш 2011 жылы 5-ші сыныпта ала отырып, құзыреттілік деңгейлерінің қандай екенін анықтауға тырыстым. Мектеп психологымен бірлесе отырып, әр сынып оқушыларымен әр түрлі сауалнама, тест, бақылау түрлерін жүргізе отырып, олардың құзыреттіліктерін анықтадым.

5 <<А2>> сынып сауалнамасы бойынша әзірленген кесте.
Критерий-лер
Өз бетімен талдау
Жоспар құрып жинақтау
Сыни тұрғыдан шешім қабылдау

Қорытын-дылау

Өзін-өзі бағалауы

Өзінің әлсіз-күшті жақтарын білу

Білімін қолдану

шығармашылық
Жоғары
6
7
6
6
10
10
7
4
Орташа
11
9
11
11
12
12
12
11
Төмен
15
14
13
13
8
8
11
15
Барлығы
30

Анықтау барысында, сынып оқушыларының құзыреттілігінің өз бетімен талдау, шешім қабылдау, қорытынды жасау, алған білімдерін өмірде қолдана алулары төмен деңгейде болса, өзін өзі бағалау, өз әлсіз жақтарын білу, меңгерген, меңгермеген тақырыптарын анықтай алулары орташа деңгейде екенін байқадым. Осы анықтаулардан кейін оқушының өз ойын, идеясын, өз көзқарасы мен бағасын өзінше қалыптастыратын құзыретті тұлға тәрбиелеп шығару мақсатына қол жеткізуді жоғарыда айтылып өтілген интерактивті әдістерді, СТО технологиясын сабағымда қолдану арқылы жүргізе асыра бастадым. Осы сабақ жоспарларымды жинақтап, әр түрлі білім баспа беттері мен интернет сайттарына жариялауға ұсындым. Әріптестеріммен мектепішілік, облыстық семинар сабақтарын көрсеттім.

Диаграммада қазіргі 8 <<А2>> сыныбының бастапқы және биылғы жылғы алынған сауалнама қортындысы бойынша көрсеткіштері берілді. Жалпы осы жұмысты жүргізу барысында алынған мәліметтердің қаншалықты нақты шыққандығын айту қиын, өйткені сынып құрамы жыл сайын өзгеріп отырады және әр жыл сайын оқушының есейіп ақыл тоқтата бастайтынын да ескере отыру керек шығар деп ойлаймын.
Осы диагностикалау қорытындысы бойынша аралықтағы жүргізілген жұмыстардан соң, сынып оқушыларының құзыреттіліктері бойынша мынандай тұжырымдама жасаймын. Құзыреттілік критерийлері бойынша оқушылардың алған білімдерін қолдануда әлі де болса тосылып қалатындары анықталды. Ал, өз бетімен талдау, шешім қабылдау, қорытынды жасай алу дағдылары жақсы дамып келе жатыр. Жауапкершілік, белсенділік қасиеттері жақсы қалыптаса бастаса, дербестік пен шығармашылық қабілеттері әлі де төмен деңгейді көрсетіп отырған оқушылар бар екенін көруге болады.
Жалпы сынып белсенді, пәнге қызығушылықтары, жауапкершіліктері, сабақтағы белсенділіктері мен білімдегі тиянақтылықтары күннен күнге артып келеді. Сыныптың пән бойынша білім сапасы - 80. Ал осы сынып оқушыларының бір жарым жылда әр түрлі пән олимпиадалары, интеллектуалды олимпиада, ғылыми жобаларға қатысу бойынша жеткен жетістіктеріне тоқталайын.

Оқу жылы
Облыстық интеллектуалды сайыс
Республикалық интеллектуалды сайыс
Халықаралық интеллектуалды
сайыс

Оқушы саны
Алған орны
Оқушы саны
Алған орны
Оқушы саны
Алған орны
2013-14
7
1,2,3
4
3
4
2,3
2014-15
9
2,3
13
2,3
8
1,2,3 Диплом
3-кесте Сыныптың пән бойынша жетістіктері.

Сынып оқушылары Сағынбекова Айгерім, Муратбеков Әлішер, Дамиров Әлішер, Казесов Эльдар, Сейтқанова Аида, Жолдасбек Сабина, Құрманғазинова Аружан, Тулегенов Қуаныш, Тұрғынбаев Азат, Социалова Дана, Сарқытова Дана, Юспаева Талшын сияқты оқушылар әр түрлі облыстық "Малахит" пен "Асыл тас", республикалық "Ақбота", халықаралық "Кенгуру", интеллектуалды олимпиадаларға, "КИО" қашықтықтан болатын олимпиадаларға жоғары белсенділік, қызығушылықпен, нәтижелі жетістіктерімен қатысып отырады.

Сонғы оқу жылдары бойынша сабақ беретін сынып оқушыларының жетістіктері төмендегідей:
Оқу жылы
Олимпиада
Ғылыми жоба
Облыстық интеллектуалды сайыс
Республикалық интеллектуалды сайыс
Халықаралық интеллектуалды
сайыс

Оқушы саны
Алған орны
Оқушы саны
Алған орны
Оқушы саны
Алған орны
Оқушы саны
Алған орны
Оқушы саны
Алған орны
2013-14

1қал, 1обл, 1респ
1
1
3
7
2,3
13
2,3
3
2 тур грам.
2013-14

2 қал, 1 обл, 1 респ.
1,2
2
4
7
1,2,3
13
2,3
14
2 тур грам.
2014-15
2 респуб

серт.
2 қал
2 обл
2 респ
1,2
2,2
3,3
9

23
1,2,3
17
2 тур грам - 7

Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, алдағы уақытта мынадай істер атқаруды өзіме мақсат етіп алдым:
1. Алған білімдерін өмірде қолдана алуға дағдыландыру, яғни функционалдық сауаттылықтарын дамыту.
2. Өзін-өзі ұйымдастыра алатын тұлға тәрбиелеуде бағалаудың әлеуетін тиімді қолдану жұмысын жүргізу.
3. Оқушы шығармашылығын арттыру жұмыстарын жүргізу.
4.Құзыреттілікті дамытуға арналған бағдарлама жасау.
Өзім жұмыс жасап отырған интербелсенді технологиялар мен "Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан оқыту" жобасының тиімділігі бүгінгі заман талабын орындауда қолдануға болатын бірден бір тиімді тәсілдер екеніне көзім жетуде. Осы тәсілдерді тиімді де, сапалы қолдана отырып, оқушылардың терең тұжырымдамалық түсінікпен астасқан негізгі сауаттылықты меңгергенін көрсететін, кең мағынасында шешімдер мен іс-әрекеттерді таңдау қабілеттілігі сияқты түйінді құзыреттер жүйесін дамытуға әрі қарай жұмыс жасауды жалғастырамын. Оқушыларды қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде табысты оқытуды өзіме үлкен міндет деп қабылдаймын.

ӘДЕБИЕТТЕР
1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары//ҚР Үкіметінің 25.06.2012ж №832 қаулысы
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // ҚР Президентінің жарлығы 07.12.2010 ж
3. Фаберман Б.Л. Передовые педогогические технологии \\Т.Фан, 2000,с.130
4. Құдайбергенова К.С. // Құзырлылық табиғаты - тұлғаның өздік дамуында. - 2006. - Алматы
5. Құдайбергенова К.С. // Мектептегі іс-әрекетті зерттеу. - Әдістемелік құрал. - 2013. - Алматы

Ұқсас жұмыстар
Құзыретті оқушы
Нені оқыту, қалай оқыту
Барлық баланы оқыту
Математика пәнін оқытуда жаңа технологияның тиімділігі және нәтижелігі
Раушангүлділер тұқымдасы
Оқушының дүниетанымдық қасиетін қалыптастыру
Өсімдіктер- тірі ағзалар
Қараңғы қай кезде қажет
Сипаттау әдістері
Қатысқандар. Қатыспағандар саны
Пәндер