Шәкәрім лирикаларының идеясы

ШӘКӘРІМ -ЛИРИК АҚЫН

Орындаған:Қарабай Ақнұр Маханбетқызы - үш тілде

оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатының

11 б сыныбының оқушысы.

Ғылыми жетекшісі: Байларова Тұрсынай Хожахметқызы

Оңтүстік Қазақстан облысы. Түлкібас ауданы, Т. Рысқұлов ауылы.

ЖОСПАР

1. Кіріспе . . .

2. Негізгі бөлімі

2. 1 Шәкәрімнің өмірі . . .

2. 2 Шәкәрім-лирик ақын . . .

2. 3 Шәкерім лирикасының идеясы . . .

2. 4 Ақынның лирикасындағы көтерілген мәселелер . . .

2. 5 Шәкәрім лирикасындағы адам тұлғасы және оның

сұлулығы . . .

3. Қорытынды . . .

4. Пайдаланылған әдебиеттер . . .

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Төл әдебиетіміздің даму тарихындағы аса маңызды белеске айналған осынау дәуір ұлттық лирикамыздың жан- жақты баюына, нәрленіп, ажарлануына аса мол ықпалын тигізеді. Бұл дәуірде Абайдың ақындық дәстүрі тұтас мектепке айналып, өзінің ізбасары мен жалғастырушылары арқылы тамырын кең жайды. Осынау ұлағатты дәстүрді нысана тұтқан ақындардың алдында өз заманындағы қазақ даласының әлеуметтік - саяси жағдайынан, рухани мәдени психикалық хал-ахуалынан туындайтын сан тарау тақырыптар бой көтерді. Мұның өзі лирикалық поэзияға аса мол міндеттер жүктеді. Ендігі жерде халықтық лирика бұқараның қоғамдық жағдайы мен эстетикалық таным-түсінігін бейнелеуге ұмтылды. Халық өмірінің әрбір сәтін қалт жібермеуге әзір елгезек лирика жанрының маңызы бұл кезеңде ерекше өсті. Онда айналады болып жатқан оқиғалардан, адамдардың іс-әрекеттерінен туатын қым-қиғаш көңіл күйлері мен сезім сәттерінің біртұтас көркем бейнесі іспетті халықтық болашаққа меңзеген ой-пікірі бүршік жарды.

Тақырыптың дәрежесі: Осынау заман талабына сай өркен жайған жаңа әдебиеттің, тың өрнектегі лириканың ұлы Абайдан кейінгі алғашқы көрнекті өкілдерінің бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы болды. Ол өзінің алдындағы Абайдың поэзиясынан нәр ала отырып, Ақылбай, Мағауия, Әріп, Әсет, Уәйіс, Көкбай, Нарманбеттер тәрізді талантты замандастарымен бірге ұстаз дәстүрін ілгері дамытты. Абай үлгісіндегі ұлттық лирикамызға Шәкәрімнің қосқан үлесі, әкелген жаңалығы әралуан. Ақын поэзиясының басты қасиеттерін айқындайтын да осы үлес.

Лирика (грекше Іуга - ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музьжа аспабы) - әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі. Көбіне, өлеңмен жазылады.

Тақырыптың мақсаты мен міндеті: Лирикалық шығармаға ақынның ішкі дүниесінің сыртқы себептермен, жалпы ақиқат шындықтың әсерімен аса қатты толқынуы, автордың өз басының алуан-алуан нәзік түйсіктері, күйініш-сүйшіші тән болып келеді. Ақын басынан кешкен сезім, ақын басында болған түрлі-түрлі толғаныс -субъективті нәрсе; бірақ, сонымен қабат кәдімгі объективті дүниенің әсері. Ақынның көңіл күйі әркашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал-жайына байланысты, өзін қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік сырымен сабақтас. Ол қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да, - лирикада сол өз кезінің шындығы мен сыры жатады.

2. 1 Шәкәрімнің өмірі

Қазақ әдебиетінің бірегей классигі, ұлы Абайдың мұраттас мұрагер шәкірті, аса ірі ақын, ойшыл философ, тарихшы ғалым Шәкәрім (Шаһкәрім) Құдайбердіұлы 1858 жылы 11 шілдеде Семей облысы Абай ауданында дүниеге келді. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді мен ұлы ақынымыз Абай ағалы-інілі туысқан адамдар.

Шәкәрімнің бозбала жастық шағы іздену, үйрену, оқу бағытында Құнанбай қажы ауылында қалыптасқан өнерлі ортада өтті, яғни ұлы Абай ұйытқы болған өнер-білім мектебінің шәкірті болып өсті, сөз өнеріне, қолөнеріне, музыка өнеріне төселіп тәлім-тәрбие алды, үлгі-өнеге көрді.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық жазу жұмысына біржола ден қойып кірісуі қырық жасынан, яғни 1898 жылға тұспа келеді. Туған халқының бітімі мол бай ауыз әдебиетінен сусындаған Шәкәрім ендігі жерде шығыс пен батыс әдебиетіне жетік көз жіберіп, әйгілі шығыс жұлдыздары Қожа Хафиз, Физули, Науаи мұраларымен танысса, батыста Байрон, Пушкин, Толстой сынды көркем ой алыптарының шығармаларынан нәр алды. Олардың қырдағы білікті насихатшысы болды. Бұрынғы өзі емін-еркін меңгерген түркі тілдеріне қоса араб, парсы, орыс тілдерін онан әрі тереңдей үйреніп жоғарыдағы әйгілі жазушылардан тамаша аудармалар жасады.

Ақын қырықтан кейінгі бүкіл саналы өмірін әдебиет, тарих, жаратылыстану, жағырафия, психология, музыка өнері сияқты пәндерді тереңдете жүйелі оқып-зерттей отырып, ұстаз ұлы Абай дүние танымына құлаш ұрады. Ұстаз ой-арманын әрі қарай жалғастырады.

Ақынның талассыз ізденістері мен қажырлы еңбектері нәтижесінде; «Түрік, қырғыз-қазақ һэм хандар шежіресі» (Орынбор, 1911жыл), «Мұсылмандық шарттары» (Орынбор, 1911жыл), «Үш анық»(Алматы «Қазақстан» 1991жыл), «Иманның» - өлеңмен жазылған философиялық трактат сияқты ғылыми еңбектер, «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Нартайлақ пен Айсұлу», «Ләйлі-Мәжнүн», «Дубровский» сынды эпикалық поэмалар, көптеген лирикалық өлеңдер, жиырма шақты әндер дүниеге келіп, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің алтын қорына қосылды, халқымыздың рухани қазынасына айналды.

Ғылым-білім жолына біржола бет бұрған Шәкәрім Құдайбердіұлы, дамылсыз ізденісте болып, жер көріп, ел аралады. Ол 1903 жылы қазақ даласындағы сол кездегі бірден бір ғылыми-зерттеу орны болған Императорлық географиялық орыс қоғамының батыс сібір бөлімінің Семей бөлімшесіне мүше болып қабылданды. Шәкәрімнің аталған мекемеде атқарған қызметін тереңдей зерттеп білу, оның өмірбаянына қосар дерегі мол әрі қажет жұмыстардың бірі.

XX ғасырдың алғашқы жылдары Шәкәрім шығармашылық қызметінің өрлеу жылдары болды. Ақын 1911 жылы Орынбордан екі кітабын, «Түрік, қырғыз қазақ һэм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарттарын» бастырып шығарса, 1912 жылы Семейде «Ярдем» баспасынан, «Қазақ айнасы», «Қалқаман Мамыр», «Жолсыз жаза» («Еңлік-Кебек»), үш бірдей кітабын бастырып шығарды.

Шәкәрім өмірінің толысқан кезі бүкіл Ресей мен Қазақ даласында болып өткен не бір ірі оқиғалар мен зор өзгерістерге тұстас болды. Ресейдегі 1905 жылғы, 1907 жылғы революциялар мен Столыпин реакциясының көп жылғы ауыртпалығы, 1916 жылгы қазақ даласындағы дүрбелең оқиғалар, 1917 жылгы Ақпан қазан төңкерістері, сонымен бірге ақын өскен Шыңғыстау, Семей өңіріндегі Қолчак ылаңы, аласапыран алмағайып заманда туған халқының тағдыр-талайына арашашы болған интеллигенциясының алаш қозғалысы, қазақ даласында Кеңес өкіметінің орнау, оның саясатындагы адам төзгісіз бұрмалаулар мен асыра сілтеулер; 1920-1921 жылғы ашаршылықтар, аша тұяқ қалдырмауға бекінген 1928 жылғы конфискация науқаны осылардың барлығы да ақын көзқарасына, болмысына өз ісін қалдырды, әуреледі, азаптады. Алайда, туған халқына қызмет етуді мақсат еткен ол, бұл оқиғалардан сырт қалған жоқ. Оның өмірге, қоғамдық мәні бар өзгерістерге көзқарасы да бірқалыпты қалып қоймай, өзгерістерге көзқарасы да бірқалыпты қалып қоймай, өзгерістерге ұшырады, тіпті жасы ұлғайған қарт қаламгердің түңіліп, жалғыздық көрген тұстары да болды.

Ақын опат болғаннан кейін, тоталитарлық кеңес өкіметі ұзақ жылдар бойында буржуазиялық ұлтшыл «Алаш» партиясының қызметінде болды, коллективтендіру науқанында бай кулактармен ниеттес болып, кеңес құрылысына қастандық жасады деп заңсыз, дәлелсіз қаралап келді, тек 1988 жылы ақталып Шәкәрім Құдайбердіұлы халқымен қайта табысты.

2. 2 Шәкәрім-лирик ақын


Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлының Еңлік - Кебек поэмасы
Кебектің Еңлікпен кездесуі
Абай құнанбаев. табиғат лирикасы
Шәкәрімнің Адамдық борышың өлеңі
Шәкәрім құдайбердіұлы
"еңлік-кебек" дастаны
Шәкәрімнің «еңлік –кебек » поэмасы
Абай "күз"
«абай дәстүрі және шәкәрім»
Шәкәрім құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz