Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақтарымда оқушылардың өздеріне бағалаттым

<<Биология пәнін жаңа форматты оқытудың тиімділігі>>

Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,
ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.
/ К.Д.Ушинский./
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы <<Білім туралы>> Заңының 8-бабында <<Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу>> деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: <<Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім>>. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Француз қайраткері <<Адамға оқып - үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет>> дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру. Жас ұрпаққа сапалы білім беру ісі - әрбір мемлекеттің дамуында ерекше маңызды орын алады. Ғылым мен технология, ақпараттық-коммуникация, элек - тронды техника орасан зор қарқынмен дамыған кезде оларды өзінің экономикалық өркендеуіне оңтайлы пайдаланып, іске жарату кез келген мемлекеттің мұраты болуға тиіс. Сондықтан да алдымызда отандық білім беру жүйесінің барлық сала - сын әлемдік деңгейге сәйкестендіру бойынша ауқымды істерді атқару міндеті тұр. Ел президенті Н.Ә. Назарбаев отандық білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру бүгінгі өмір талабы екенін сөз ете отырып, <<Жаңа формацияға жаңа педагог қажет>> , - деп атап көрсетті. Демек, еліміздің қазіргі мектептеріне жаңа заманға лайық <<жаңа мұғалім>> дайындау қажет. Бұның түпкі мақсаты - мұғалімдердің тәрбиешілік, педагогтік әлеуетін, қабілетін кеңірек ашу. <<Жаңа мұғалім>> бүгінгі заманның жаңаша ойлайтын, уақыт ағымымен үндес жұмыс істейтін, ең бастысы, жас ұрпақтың нағыз тәрбиешісі болғаны абзал. Еліміздің ертеңі - сапалы білім мен озық технологияны игерген жас ұрпақтың қолында. Білім беру ісін дамыту сол себептен де әрқашан бірінші орында болып келеді. Қазір мұғалім мәртебесін нығайту мәселесіне үлкен мән беріліп отыр. Білім беру жүйесінің барлық саласын - да педагог, мұғалім - шешуші буын және ең басты тұлға.
Осы Бағдарламаның негізгі міндеті - қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мән мәтінмен өзара байланыста қарастырылады. Бағдарлама барысында педагогиканың әртүрлі аспектілері талқыланады. Осы Бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелері мен кіріктіру болып табылады. Жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген страгегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.
Модульдер:
1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2) Сыни тұрғыдан ойлауғаүйрету.
3) Білім беру үшін бағалау жәнеоқуды бағалау.
4) Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5) Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады.
Модульдер
Басқару, көшбасшылық
Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту
Талантты, дарынды балаларды оқыту
Бағалау
АКТ
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Диалог

Әр сабақтарымда аталған <<жеті модульді>> тиімді, жиі пайдаланудамын. <<Жануарлар селекциясы>> тақырыбында әр топ өзінің жобаларын қорғаған кезде диалогқа түсіп, өз идеяларын тиімді қорғады. Берілген флипчарттарын қорғаған кезде көру, сөйлеу дағдылары арқылы материалды терең меңгеруге қол жеткізді. Топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме, әңгіме - дебат жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өзіндік ойын, өз пайымдауда не білгенін, нені жасай алатынын, олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін не істегісі келетінін түсінуге тырыстым. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. Выготский балалар әлеуметтік қарым - қатынас процесінде қабілетті оқушылармен араласу, мәдениеті қалыптасады. Сабақтарымда көбіне диалогтық әдісті қолданамын. Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталағн пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс - әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізу. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан - жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі заманның оқушысы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне үлкен мән беремін. Сабақ барысында шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға, шығармашылық белсенділігі жоғарылайды. Ұжымдық ойласу, ұжымдық тұжырымдамалар жасауға белсене ат салысады, қорытынды шығаруға өз үлесі бар екенін сезініп қуаттана марқаяды, тіл байлығын жетілдіреді. <<Генетикалық инженерия>> сабағымда сызба, сурет бойынша оқушылар өз ойларын салып, соңында қорытынды жасалды. Инженерия сөзінің мағынасын, басқа ғылымдармен байланысын айтып өтті. Гендік инженерияның қоғамдағы пайда, зиянына тоқталып қорытынды шығарды. Бұл жерде мағынаны тану әдісі жүргізілді. Ой толғаныс әдісінде <<Бірге ойланайық!>> суретінде жануарлар, адамдарға гендік тәжірибені жүргізу тиімді, тиімсіз жақтарын топта өзара талқылап ойларын талқылады. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез - келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай - ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін - өзі бағалау, қабілеттілік және күш жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Бағалау - білім алу шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Сабақтарымда оқушылардың өздеріне бағалаттым. <<Микроорганизмдер селекциясы>> тақырыбында рефлексиялы бағалады, тиісті критерийлеріне байланысты оқушылар өздерінің түстерін тапты. Неге ол түстерді, бағалаудың мағынасын ашты. Оқушылардың көбі жасыл түсті таңдап, бағалаулары әділ болды. Ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Өткізілген сабақтарымда АКТ- ны пайдаландым. Интерактивті тақта арқылы сабақтарды түсіндіру, флипчарттар құру, тапсырмалар орындалды. <<Микроорганизмдер селекциясы>> тақырыбында суреттер беріліп, оның мағынасын ашты. <<Тарауды қайталау>> сабағымда топтастыру, адасқан әріптерден сөздер құрау, жылдарды сөйлету кезінде интерактивті тақтаның көмегі мол болды. Жалпы, оқушыларда естігеннен көрі, көріп тыңдаған есте жақсы сақталады. АКТ - ң мұғалім үшін өте қажет құралдың бірі болып табылады. Мектебімізде интернет желісі жаңадан қосылды оқушылар ізденіс жұмысына жеңілдік болды. Сабақтардың тақырыбына сай оқушылар үйден слайд құрып, презентацияларын қорғады. Осындай қосымша жұмыстар оқушының өз бетіндік жұмыстануға баулиды. Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Сыныптағы дарынды оқушыларды анықтау, зерттеу мақсатында сабақта есте сақтау қабілеттерін тексеру үшін суреттер, тірек - сызба жұмысын бердім. Сол жұмыстарды атқару кезінде дарынды, талантты оқушылар анықталды. Лидер оқушыларым Исай Анара, Уразаева Лунара, Мұрат Жанслу, Дошев Әлібек қатынаспай отырған оқушыны өздерімен ілестіріп отырды. Флипчарттар құрған кезде шығармашылық жағынан көрінген оқушылар Айпбергенов Нұрсейіт, Қажымұрат Мадияр, Ғайса Айнагүл. Генетикалық инженерияның қоғамдағы орны туралы, гендік модификациялы тағамдардың тірі ағза үшін маңызын айтып өтті. Одан кейін сабақтан тыс уақытта дарындылықты анықтау мақсатында абстракт суреттер арқылы оқушыларға тапсырма беріп көрдім. Әрбір оқушы өздері жеке тапсырмалар алып сурет бойынша әңгіме құрып, не көріп отырғаны жөнінде өз ойларын білдірді. Бір таңқаларлығы сабақ беретін сыныптардағы орташа оқитын оқушыларым Қаршыға Жанбота, Жақсыбаев Нұржауған, Хамидуллин Еркебұлан сурет бойынша өз ойларын тым тәуір жеткізе білді. Флавелл мен оның әріптестері метасана қабілеті жасқа байланысты өзгереді және жасы үлкенірек балалар метакогнитивтік ақпаратты көптеген мөлшерде игергендіктен олардың үлгерімі жоғарырақ деп тұжырымдалған. Менің ойымша жасының үлкендігіне қарап олай деуге келіспеймін. Кейбір бала ақпаратты тез қабылдайды, кейбір оқушы жай қабылдайды. Оған мысал қазіргі кішкентай баланың өзі сандық технологияны үлкендерден жақсы меңгерген. Сондықтан оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту үшін әр сабағымда болмағанмен кейбір сабақтарымда деңгейлік тапсырмалар беріп отырдым. Венн диаграммасын толтырған кезде әр оқушы өз деңгейінше толтырды. Инсерт әдісін қолданған кезде оқушы Не білгенін? Не білгісі келетін? Нені үйренгіндігін! толтырған кезде жас ерекшелігіне, оқушының деңгейіне байланысты жауап бердім. Қазіргі кездегі оқушы екі сөздің басын қосып айта алмайды, сондықтан оқушыны сөйлету мақсатында диалог, сұрақ жауаптарды кеңінен пайдалану керек деп есептеймін. Мен сабақтарымда оқушы мен оқушы арасындағы диалог, топтың арасындағы диалогті қолданудамын. Сыныптағы шамалы оқитын оқушыларды бұрын сөйлете алмасақ, енді топтың алдына шығып диалог құрып, флипчарт қорғап, үйден ізденіп, амандасу түрлерін көрсетіп, өздерін-өздері реттей бастады.
Міне, осы орайда, біз де осы бағдарлама шеңберінде <<Жаңа мұғалім>> атағына сай болатындай жұмыстар жүргізуіміз қажет деп ойлаймын. Оқушыларды еркін сөйлету, олардың әңгімелесуі, топтасып, жұптасып, қызыға жұмыс жасауы, танымдық қабілеттерін дамыту, сергіту сәттерін тиімді ұйымдастыру, қабілеттерін ұштау, сергіту, сыныптағы жақсы психологиялық ахуал туғызу, сыни көзқарастарын қалыптастыру, жаңа әдіс - тәсілдерді әрбір сабаққа шебер қолдану - мұның барлығы кәсіби қызметімдегі өзгерістер деп айта аламын. Тәжірибе кезінде оқушыларымды асыға күтемін, олардың әрқайсысы бүгін қандай көңіл күймен келетінін ойлаймын. Себебі сабақ бастамас бұрын оқушыларымның сабаққа де - ген көңіл күйін білу мақсатында түрлі тренингтер ұйымдастырып жақсы психологиялық ахуал туғызуға жұмыстанудамын. Оқушыларымның көкірегі ашық, жүрегі жұмсақ, олар маған сенеді. Бұл сондай жауапкершілік! Таңғажайып ба - лалар әлемін тереңірек танып, өз өмір тәжірибемнің, мейірімнің дәндерін қондыру - менің жұмысымның мәні. Балалармен жұмыс жасау - үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, ешнәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді. Пәк көңіл балаларыммен ара-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы - әр ұстаздың бақыты деп ойлаймын. Жалпы, мектептегі тәжірибеден өте отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін қолдана от - ырып, оқушылардың сыни көзқарастарын қалыптастырып, сынып ішінде еркіндік беру, сыныптастарымен әңгімелесуге мүмкіндік беру, оқушыларды бір-біріне бет - пе - бет отырғызу, сергіту сәттерін тиімді ұйымдастыру, сабақта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, оқушылардың өзін - өзі бағалауын, топтардың бір -бірін бағалауын жүзеге асыру, сыныптағы талантты және дарынды оқушылармен жұмыс, АКТ тиімді пайдалану, сыныптың жас ерекшеліктеріне сай жұмыстарды жоспарлау, өткізетін сабақты жан - жақты әзірлеу, талдау жұмыстарын жүргіздім.
Я.А.Коменский балаларға білім беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады: << Мұғалім - мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес>>. Мұғалімде Шульман <<үш көмекші>> деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады. Олар:

Бас
Тұғырлы теориялық білімге негізделген және оқыту мен оқушылар туралы жеткілікті білім болуын талап етеді. Сондай ақ тәжірибені түсіну, дамыту /жетілдіру үшін дәлелдер/ зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді.
Бұл ілім жұмыс жүргізу, демонстрациялау, түзету және оқытуды бағалау сияқты тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін білуді талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтар кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет. Жоғарыда аталған дағдылар болған жағдайда, мұғалім сабақ Қол
үстінде оқушылардың оқуға ынтасы мен жоғары және сәйкес деңгейлерге қол жеткізуге ұмтылатындай қолайлы ортақалыптастырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз етері анық.

Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдік
құндылықтарынұстанады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді;
оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете білетін әділ
Жүрек
адамдар.
Ендеше, еліміздің болашақ иелеріне заман талабына сай білім беріп, бәсекеге қабілетті, өз ойы бар, интелектісі жоғары жеке тұлға дайындауда аянбай, талмай қызмет жасайық, әріптестер!

В.И.Шубин атындағы Правда жалпы білім беретін орта мектебі

Ұқсас жұмыстар
Оқытудағы критериалды бағалау тақырыбы бойынша коучинг сабағы туралы есеп
Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу
Географиядан орта мерзімді жоспарлау 7-сынып
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫНЫҢ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТА ОТЫРЫП, СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі
Оқушылар мин
Бағдарлама аясындағы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері
Менің тәжірибемде көп кездесетін басты қиыншылық әдебиет сабақтарында
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивті есеп
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін сабақта тиімді қолдану
Пәндер