Балаларда сөйлеуді дамыту мен ұсақ моториканы жетілдіруде саусақ ойындарының педагогикалық маңызы

Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту.

Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әріүлкен мәні бар мәдени шығармашылық.

Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең тақпақ шумағын сахналау болып табылады.

Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып балалар қоршаған ортадағы заттармен құбылыстарды жан-жануарларды, құстарды жіне ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және

Өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады.

Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т. б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.

Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.

Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады.

Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.

Мысалы: « Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық . Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. « Адамдар келеді» оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.

Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады.

Мысалы: «Моншақ»

Қызыл-сары көк моншақ.

Мен жасаймын көп моншақ.

Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.

Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.

Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды


Ұқсас жұмыстар
Ұсақ және жалпы моториканы дамытуның баланың жан-жақты дамуына әсері: теория мен практика
Балабақшада қыс мезгілі: табиғат, қыстық ойындар және жапсыру арқылы ұсақ моториканы дамыту
С дыбысы мен әріпін оқыту: артикуляция, дыбысты қабылдау және ұсақ моториканы дамытуға арналған сабақ жоспары
Балалар ойындарының түрлері мен педагогикалық-дамытушылық ерекшеліктері
Мектепке дейінгі кезеңде балалардың сөйлеу тілін түзетудегі ұсақ қол моторикасының маңызы және дамыту әдістері
Күшіктің туған күні: Дьенеш блоктары арқылы түстер мен пішіндерді меңгерту және саусақ ұсақ бұлшықеттерін дамыту (сенсорика, құрастыру; білінгвалды компонент)
Қазақ ұлттық ойындарының түрлері мен тәрбиелік-спорттық маңызы
Қазақ ұлттық ойындарының салауатты өмірге тәрбиелеудегі педагогикалық мүмкіндіктері
Қазақ ұлттық ойындарының тарихи-этнографиялық негіздері мен тәрбиелік маңызы
Дене тәрбиесіндегі қимыл-қозғалыс ойындарының тәрбиелік және денсаулықтық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz