Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жас Ұлан ұйымының Ұланбасын сайлау алды жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімділігі
Баяндама тақырыбы:
<<Жас Ұлан>> ұйымының Ұланбасын сайлау алды жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімділігі
Қазіргі таңда мектеп қабырғасынан бастап оқушыларды көшбасшылыққа үйретуде, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде <<Жас Ұлан>> ұйымы ерекше рөл атқарады. Ұйым оқушыларды бір ту астына жинап, бірлікке,достыққа, ұйымшылдыққа, қайырымды істер жасауға,мәдени-қоғамдық шараларды өздігінен ұйымдастыруға үйретеді.Соның ішінде <<Жас Ұлан>> ұйымының Ұланбасын сайлау кезіндегі атқарылатын шаралар ұйым мүшелерін одан сайын жақындастыра түсіп,бірлесіп жұмыс жасауға ұмтылдырады. <<Жас Ұлан>> бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы>> Республикалық қоғамдық бірлестігімен бекітілген 2012ж 10 қыркүйектегі <<Ұланбасы>> сайлау туралы ережесін басшылыққа ала отырып, Ұланбасын сайлау алды жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерімен тиімділігіне тоқталуды жөн көрдім.Бұл ереже Қазақстан Республикасы мектептерінде <<Ұланбасыны>> сайлау жұмысын ұйымдастыру мен өткізуге байланысты іс-шараларды реттейді.
<<Ұланбасы>> - <<Жас Ұлан>> көшбасшысы, оқушылардың өзін-өзі басқару органының жетекшісі болып есептеледі, мектеп оқушыларының қоғамдық қызметін басқарады, оқушылар мен мектеп әкімшілігінің өзара қатынастарын жүзеге асырады, мектеп қызметін жақсарту мақсатында өзінің және оқушылардың атынан ұсыныстарды енгізеді, оқушылар мен ұстаздар арасында туындаған мәселелерді шешуге араласады, түрлі әлеуметтік жобалар мен шараларды ұйымдастырады.Мектептердегі <<Ұланбасы>> сайлауы жасырын дауыс беру арқылы жалпыға ортақ, бірдей және тікелей сайлау құқығын негізге еле отырып өткізіледі.
Өзімнің іс-тәжірибем бойынша сайлау алды жұмыстардың оқушыларға, соның ішінде мектеп көшбасшыларына берері мол деп білемін. Мектептің көшбасшысы болуға, өзін алдыңғы қатарлы оқушылар қатарынан көрсетуге, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға ұмтылады, жауапкершілгі артады. Өзіне сенімін артқан оқушылардың сенімін ақтауға тырысады. Ендеше өзімнің іс-тәжірибеммен бөлісе отырып,сайлау алды жұмыстардың тиімділігне тоқталып өтейін. Алдымен мектептің сайлау комиссиясы құрылады. Бұл сайлау комиссиялары тиісті мектептерде <<Ұланбасы>> сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді қатамасыз етеді. Мектептегі сайлау комиссиясының құзыреттік мерзімі: сайлау өткізілу уақыты т.б.Мектептегі сайлау комиссиясы құрамына 5 адам кірген <<Жас Ұланның>> мектептегі кеңесі арқылы тағайындалады. Сайлау комиссиясының құрамына ауылдық округтің бас маманы, ата-аналар комитетінің мүшесі, мектеп диркторының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ұйым мүшелері кіреді.
Сайлау комсииясы тағайындалғаннан кейін қазан айының 1 аптасында 8-9 сынып оқушылары арасынан Ұланбасына үміткерлер тіркеледі. Тіркелу кезінде үміткерлер мыналарды басшылыққа алады:
1. мектептік сайлау округі бойынша сайлануға үміткер өтініші;
2. үміткердің өмірбаяны;
3.ұстаздар, сынып жетекшісінен, достарынан мінездемелер (3-тен кем емес);
Ұланбасына үміткерлер тіркеліп болғаннан кейін 1 апта сайлау алды бағдарламаларын жасақтауға уақыт беріледі. Белгіленген уақыттан кейін олардың бағдарламаларын сайлау комиссиясының мүшелері тексеріп,тақтайшаға ілінеді. Бағдарламаны жасақтау барысында үміткерлер мыналарды қамтиды:
1. Мақсаты,ұраны,жетістіктері, бағдарламаның басым бағыттары, үгіт-насихат жұмыстарын ұйысдастыру барысында өткізілетін шаралары т.б.
Сайлау алды бағдарламалары жарияланғаннан кейін, сайлау күні белгіленеді. Дауыс беруді өткізу мен дауыстарды есептеу үшін <<Жас Ұланның>> мектеп кеңесі оқу орындарының әкімшілігімен келісе отырып мектептік сайлау бөлімшелерін дайындайды.
Әрбір үміткерлер өздерінің көмекші мүшелерін тағайынап, 2 апта бойы ақпараттық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Сайлауалды ақпараттық насихат жұмысы келесі бағыттарда іске асырылады:
1. көпшілікке арналған сайлауалды шаралар өткізу арқылы (сайлауалды жиналыстар, көпшілік алдында сайлауалды пікірталастар ұйымдастыру);
- ақпараттық материалдар басып шығару және тарату арқылы.
2. Үміткерлер өзінің болашақ әрекеті туралы сайлауалды бағдарламаларымен таныстырады.
Сайлауалды ақпараттық насихат жұмысытарын қорытындылау барысында үміткерлер арасында қорытынды кеш оздырылып, өздерінің сайлау алды бағдарламаларын нақты айтып өтіп, дауыс беруін сұрап сөз сөйлейді.Бұның өзі көпшіліктің алдында жауапкершілгін одан сайын арттыра түседі.
Сайлау күнінен бір күн бұрын өтетін орын дайындалып, сыныптардың тізімдері жасақталып,сайлау бюллетендері саналып, комисся мүшелеріне тапсырылады.Сайлау жәшігіне мөр соғылып, бекітіледі.Арнайы орынға қойылады.
Сайлау күні барлық оқушылар таңғы сағ 7.30-8.30 дейін дауыс береді. Дауыстарды есептеу сайлау комиссиясының мүшелерімен үзіліссіз дауыс беру нәтижелерін анықтағанға дейін жүргізіледі. Әр үміткерге берілген дауыстар жеке саналады. Дауыстарды есептеу нәтижесі сайлау комиссиясымен тексеріліп, сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қоятын хаттамаға тіркеледі. Сайлау қорытындысы мектеп стендінде және мектепішілік баспасөзде жарияланады. Ең көп дауыс жинаған үміткер <<Ұланбасы>> атанады.
Сол күні салтанатты жиын оздырылып, комиссия төрайымы немесе төрағасы дауыстың қорытындысын жариялап, салтанатты түрде Ұланбасына лента тағылып, оқушылар алдында ант қабылдайды. Салтанатты жиынның соңында мектеп директоры, шақырылған қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, өзінің көшбасшылық қасиетін ұштай отырып, алдыңғы қатарлы оқушылардың бірі болуға тілектестігін білдіреді.Бұдан кейін бұрыңғы оқу жылының көшбасшысы ұйымның туын салтанатты түрде табыстайды.
Қорыта айтқанда, осыншалықты тартыспен келген ұйымның Ұланбасы өзінің жауапкершілігінің артқанын түсініп, оңайшылықпен қарамайтын болады.
Батыс Қазақстан облысы ,Жаңақала ауданы,Пятимар ЖОББ мектебінің тәлімгері Измагамбетова Зухра Амангелдіқызы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz