Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Білім мазмұнын таңдаудың принциптері

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ <<АРҚАЛЫҚ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ>> КМҚК

Тақырыбы: <<12 жылдық білім беру әдіснамасы>>

Орындаған : Тарих пәнінің оқытушысы Айтмаганбетова Б.С

Арқалық қаласы 2015жыл

<<Қазақстан - 2050>> жолдауында Президентіміз ел белгісі барысты сипаттай келе <<Ол жаңа асулар мен шыңдарды бағындырудың мақсатында жетелейтін елеусіз, бірақ сенімді соқпақтарды іздестіруде табанды да бірбеткей болуы тиіс>> деген екен.
Сондай елеусіз, бірақ сенімді жолдың бірі жас ұрпақты болашаққа жетелейтін білім мен тәрбие жолы.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарламада тұңғыш рет еліміздің білім беру саласында күрделі реформа жүргізу, 11 жылдық орта білімнен 12 жылдық орта білімге көшу білім беруге бағдарланған оқыту жүйесінен дүниежүзілік үрдіске сәйкес білім беру жүйесіне көшу керектігі негізделген.
Бүгінгі таңда болашақ ұрпаққа білім беруде жас өркеннің болмыс бітімі, талғам таразысы, талап деңгейін айқындай отырып, оларға нені оқыту керек, қандай білім беру керек деген мәселені нақтылап алу қажет. Ол үшін білім мазмұнын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау қажеттілігі туындап отыр. Білім мазмұны тарихи сипатқа ие. Олай дейтін себебіміз, ол қоғам дамуының қай кезеңінде болмасын білім берудің мақсаты мен міндеттерін айқындайды. Білім мазмұны әртүрлі әлеуметтік жүйеде бірдей болған емес. Ол өмір талаптарының ықпалымен, өндірістің және ғылыми білім деңгейінің дамуына байланысты үнемі өзгеріп отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әр жылдардағы халыққа жолдауы-әр адамның жан-жақты дамуына мол мүмкіндік жасайтын мемелекеттік құжаттың бірі. Бұл жолдаудың негізіне түрлі реформалармен қатар білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру, әлемдік білім кеңестігіне толығымен кірігу және қоғамымыздың басты байлығы-жас ұрпақты дамыту үшін қажетті жағдай жасау жолымен оның ой-өрісін кеңейтіп, жан-дүниесін байыту, жалпы және кәсіптік білім алуы үшін мүмкіндіктер жасау туралы мәселелер қойылып отыр.
2007 ж 15 тамызда жарияланған Қазақстан Республикасының <<Білім туралы Заңының>> Білім беру мазмұны - деп аталатын 4 тарауының 13 бабында: <<Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі>> (кешені) - деп атап көрсетілген.
Республика көлемiнде бiлiм беру саласындағы түбiрлi өзгерiстерге сәйкес <<Бiлiм туралы>> заңды жүзеге асыруда бiрқатар шаралар ұйымдастырылуда. Олар: мектепалды даярлық тұжырымдамасы, мектепалды сыныптарының және мектепке дейiнгi ұйымдардың базистiк оқу жопары, мiндеттi мектепалды даярлығын ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулар, мектеп жанында 6-7 жастағы балаларды мектепалды даярлаудың бағдарламасының әзiрленуi. Аталған құжаттарды мiндеттi түрде пайдалануды жүктейтiн бiлiм және ғылым министрлiгiнiң № 96, 97 бұйрықтарында жарияланды.

11 жылдық орта білімнен 12 жылдық орта білімге көшудің басты мақсаттары мыналар: бәсекеге қабілетті, дамыған қоғамда өмір сүруге биім, құзіретті, білімді, жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыру,шығармашыл, өзін көрсете білетін тұлға қалыптастыру.
Білім беруді жаңарту жолдары
oo білім беру мазмұнын қоғамның қазіргі әлеуметтік -экономикалық сұранысына әйкестендіру
oo білім беру мазмұнын ізгілендіруді, оның вариативтілігін қамтамасыз ету,
oo өз бетімен білім алуға, оны практикада қолдана білуге және қажеттілікке тәрбиелеуге бағытталған, негізгі құзырлылық қалыптастыруға ықпал ететін білім беру мазмұнымен
oo қамтамасыз ету
oo білім беру мазмұнын оқушының ғылыми тәсілмен тануына,өз бетімен ізденуіне мақсатты және жүйелі таратуға бағдарлау
oo білім мазмұнын ұлттық мәдениетті құрметтеуге, өзге мәдени бастамаларға бас болуға
oo тәрбиелеуге бағдарлау

12 жылдық мектептің құрылымы:
І саты - Бастауыш білім 1-5 сыныптар. Оқуды бастау жасы - 6 жас,оқу мерзімі - 5 жыл.
Негізгі міндеті - баланың жеке басының қарқынды қалыптасуын қамтамасыз етіп, оның өз бетінше білім алуы және оларды танымдық есептерді шығаруда пайдалану қабілеттері, коммуникативтік іскерліктері дамытылады, оқуға құштарлық, оқу іскерліктері мен мақамдары қалыптастырылады.

ІІ саты - Негізгі жалпы білім. Негізгі мектеп, 6-10 сыныптар. Оқу мерзімі - 5 жыл
Негізгі міндеті - адамдар арасындағы және этносаралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.Бейіналды оқыту енгізіледі.

ІІІ саты - Жалпы орта білім беру. Бейінді мектеп , 11-12 сыныптар.Оқыту ұзақтығы - 2 жыл
Негізгі міндет - бейінді оқыту. Бейінді оқыту - жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын, оқытудың саралануы мен даралануына, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін талабымен, қызығушылық ниетімен сәйкес әлеуметтендіруге бағдарланған бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жасау.

12 жылдық мектептегі оқыту және тәрбие негіздері
oo ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ТӘСІЛ
oo ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒДАРЛЫҚ ТӘСІЛ
oo ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КЕҢІСТІК ОРТАСЫ
oo АҚПАРАТТАНДЫРУ
oo БІЛІМ БЕРУ
oo ҮРДІСІН ТЕХНОЛОГИЯЛАУ

Әлемдік тәжірибе XXI ғасырда білім беру жүйесін қарқынды дамытудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Білім беру қоғам дамуының тұжырымдамасын анықтайды. Сонымен қатар білім беру жүйесінің миссиясын, мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын айқындауға қоғам талабы негіз болып табылады. Қазақстанның қазіргі кездегі геосаяси жағдайы, елдің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану саясаты, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени прогресінің мақсаты жаңа принциптер мен тәсілдер негізінде отандық мектептегі білім беру жүйесін жаңартуды талап етеді. Бұл мектептің жас жеткіншектерді әлеуметтендіруге тиімді дайындауды, оның өмір бойы оқуға қабілеттілігін анықтайтын білім беру жүйесінің негізгі деңгейі болуымен байланысты.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың <<Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері>> (2010 ж.) жолдауында 2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделі табысты жұмыс істеуі үшін қажетті шаралар қабылдануы туралы Үкіметке тапсырма берген болатын.
Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта білім берудің осы Тұжырымдамасы (әрі қарай Тұжырымдама) елдегі орта білім беру жүйесі дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын құжат болып табылады. Тұжырымдама Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының жобасына (2011-2020 жж.), Қазақстан Республикасында Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес дайындалды.
Ұлттық негіздегі білім беру ұйымдарының мәнi өз шәкiрттерiне халқының мәдениетiн терең де жан-жақты үйрету, олардың санасына ұлтына деген құрмет пен мақтаныш сезiмiн сiңiре бiлудi басқа ұлттардың мәдениетiн қадiрлей бiлумен ұштастыру болып табылады. Осы орайда, өз заманымыздағы ғылым салаларынан түгелдей хабардар болған аты әйгiлi ақын, философ, қоғам қайраткерлерi түркi халықтарының мәдени рухани мұраларымен таныстыруды жөн көрген, қасиетті қағидалар мен өсер ұрпаққа өсиет қалдырған Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, Науаи, Қожа-Ахмет Яссауи, М.Қашқари, М.Х.Дулати сынды т.б
ойшылдардың педагогикалық ой тұжырымдарынан нәр аламыз. Өткеннiң тәжiрибесiн бүгiнмен жалғастыра озық өнегелi рухани дәстүрдi ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзу үдерiсi үнемі жүрiп отырады. Бұл үдерiссiз қоғамның өркениеттi елдер деңгейiне жету мүмкiн емес. Ұлт мәдениетiнiң маңызы және оның жеке тұлғаның рухани дамуына тигiзер әсерi, білім беру туралы ой-пiкiрлердiң қалыптасуына Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Т.Шонанов, Ә.Бөкейханов сынды халқымыздың ағартушылары мен өнер қайраткерлерiнiң қосқан үлесi зор болдыжәне өз еңбектерiнде жас ұрпақ тәрбиесiнiң өзектi мәселелерiне байланысты айтқан құнды пiкiрлері әр кезеңдердегі білім мазмұнын жаңартуға негіз болмақ. Педагогикалық теория негіздерінің қалыптасуында Ежелгі Грецияның аса көрнекті философтары Платон мен Аристотель көзқарастарының ерекше маңызы болды. Платон тәрбие мен оқытудың мәні, қоғамдық құрылым мен тәрбиенің қатынасы сияқты аса маңызды педагогикалық ұғымдардың анықтамасын берген. Ол балаларды ерте бастан тәрбиелеудің мемлекеттік жүйесі туралы идеяны ұсынды. Аристотель жеке адамның дене, ақыл - ой және адамгершілік тәрбиесін қамтитын үйлесімді даму идеясын тұжырымдады. Ол тәрбиенің табиғи дарындылығына үлкен мән берді. Ол мектепке дейінгі кезеңді жеке адамның қалыптасуындағы ерекше және маңызды деп бөліп қарады. Бұл кезеңде оның пікірі бойынша, алуан түрлі ойындармен қатар ақыл ойды дамытатын әңгімелер пайдалануға тиіс, ал балаларды бес жасынан бастап мақсатты түрде мектепке даярлау керек - деп тұжырым жасаған болатын.

ІV. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары
Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары мыналар:
> білім беру мазмұнын қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық сұранысына сәйкестендіру;
> білім беру мазмұнын ізгілендіруді, оның вариативтілігін қамтамасыз ету;
> өз бетімен білім алуға, оны практикада қолдана білуге және қажеттілікке тәрбиелеуге бағытталған, негізгі құзырлылық қалыптастыруға ықпал ететін білім беру мазмұнымен қамтамасыз ету;
> танымдық уәждемелерін қалыптастыруға бағытталған білім беру мазмұнын іріктеу;
> білім беру мазмұнын оқушының ғылыми тәсілмен тануына, өз бетімен ізденуіне мақсатты және жүйелі тартуға бағдарлау;
> білім мазмұнын ұлттық мәдениетті құрметтеуге, өзге мәдени бастамаларға ашық болуға тәрбиелеуге бағдарлау.
Отандық және халықаралық мектептердің орта білім беру мазмұнын ұйымдастырудағы тәжрибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының білім беру мазмұны құрамына 8 білім саласы енгізілді: "Тіл және әдебиет", "Математика", "Жаратылыстану", "Қоғамтану", "Технология", "Өнер", "Дене шынықтыру", "Адамтану".
Білім беру саласының мазмұны Мемлекеттік базистік оқу жоспарында қарастырылған пәндер арқылы іске асырылады.
Білім мазмұнына инварианттық компонент (өзінің мазмұны мен жүйесі бойынша мемлекеттік базалық білім беру стандарттарының талаптарына жауап беретін оқу бағдарламасының жалпы міндетті бөлігі) және вариативтік компонент ( оқушылар мектеп ұсынған арнаулы курстардан өздерінің қалауы және таңдауы бойынша игерілетін оқу жоспарының вариативті бөлігі. Мұнда оқушының өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға арналған "Зерттеу мәдениетінің негіздері" атты арнаулы курсы беріледі), жоғары сатыға (11-12 сыныптар) бейіндік компонент (таңдауы бойынша тереңдетіліп оқытылатын, өзінің мазмұны мен жүйесі бойынша бейінді білім стандарттарына жауап беретін оқу пәндерінің, модулдердің, курстардың жиынтығы) қосылады.

Жоғарыдағы анықтамаларды және негізгі идеяларды басшылыққа ала отырып біз зерттеу мәселесіне сәйкес мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту ұғымының анықтамасын ұсынамыз.
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту - балабақшада жас ерекшелігіне сәйкес тәрбиелеу мен оқыту үдерісінде балалар меңгеретін, іріктелген қарапайым ғылыми білім, білік, іскерлік, дағдылар жүйесі және сол
арқылы баланы мектепке дайындап, танымдық қызығушылығын, ақыл-ойын,
жан - жақты дамуын қамтамасыз ету>> деп тұжырым жасадық. Аталған анықтамаларды басшылыққа ала отырып мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші педагогтар жас ұрпаққа білім беруде оның мазмұнын таңдай білуге және ол арқылы баланың танымдық қабілетін дамытуға, алған білімді бойына өмірлік дағды ретінде сіңіруге баса назар аудару қажеттілігі ұсынылды. Мектепке дейінгі жаста баланың дамуы мен тәрбиесінің негізгі құралы білім мазмұны болып табылады. Білім мазмұны бүгінгі қоғамдағы өзгерістерге сәйкес жаңартылып отыруы шарт.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың <<Қазақстан-2050>> стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты>> атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012ж. 14.12.). - Астана, 2012.
2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары /Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 ж. 25.06 №832 қаулысымен бекітілген.
3. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы оқытудың тұжырымдамасы. - Астана, 2010. - Б.12-15.
4. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. - 26 тамыз 1994. Б. 2-4.
5. Қоғамдық-гуманитарлық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері. Әдістемелік құрал. - Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. - Б.3,25,32 - 42.

Кесте - 1 - Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудағы қарама -
қайшылықтар
қайшылықтадың
кезеңдері
Қарама - қайшылықтар
Қоғамдық, әлеуметтік
жағдайларға сәйкестік
- қоғамды жаңғырту және демократияландыру
үдерісінде әр ұлттың өзіне тән рухани өмірінің қайта
саралануы мен өткеннің мәдени - тарихи мұрасын
қайта өркендету мәселесінің білім мазмұнында толық
ашылып берілмеуі арасындағы;
- мектепке дейінгі кезеңдегі және бастауыш
сыныптардағы білім мазмұнының сабақтастығының
сақталмауы;
Білім беру жүйесіндегі
мектепке дейінгі
ұйымдарға
байланысты
- білім беру бағдарламалары мазмұны мен оныңтәжірибедегі талаптарының сәйкес келмеуі;
- біртұтас білім беру бағдарламалары мен білім беру үдерісін ұйымдастыру талаптарының өзара байланысының болмауы;
- білім мазмұнын жаңартуға арналған төл туынды,
авторлық және балама бағдарламалар мен оның оқу - әдістемелік кешендерін заман талабына сай қайта дайындау қажеттілігі;
- білім мазмұнының жеке пәндік мазмұндарға
бөлшектенуі баланың тұтас тәжірибе жинақтауына
кедергі келтіретіндігі;
Арнайы мамандарға
қатысты
- білім мазмұнын жаңартуда тәрбиеші педагогтардың
шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберлігі және
белсенділіктерінің төмендігі;
- арнайы мамандардың жеткіліксіздігі;
Жеке тұлғаның дамуы
мен қалыптасуына
ықпалы
- мемлекеттік стандартпен оқу жоспарларының
талаптарының біржақтылығы мен балаға берілетін
білім мазмұнына қойылатын талаптардың
үйлесімділігінің сақталмауы;
- балалардың танымдық әрекетінің мүмкіндіктерінің
толық ескерілмеуі, педагогтың ғана белсенді әрекетіне15
сүйену дағдысының қалыптасуы;
- балалардың белсенді шығармашылық әрекетін
дамытуға мүмкіндік жасамағандықтан, олардың ақыл-
ойын дамытудың қамтамасыз етілмеуі;
- мектепке дейінгі жастағы баланың денсаулығының
дұрыс болмауы, танымдық қызығушылығы,
шығармашылық әлеуеті бастауыш сыныптарда
жалғаспай қалу тенденциясы байқалады;
- білім беру бағытындағы білім, білік, дағдылар өмірлік
дағды ретінде қалыптастырылмауы;

Аталған қарама - қайшылықтарды жою мектепке дейінгі ұйымдардағы
тәбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңарту ғылыми - теориялық және
әдістемелік тұрғыдан негізделгенде мүмкін болмақ. Білім мазмұны дүние
дамуымен бірге өзгеріп және жетілдіріліп, дүниетанымдық және тәрбиелік
идеялар бір ұрпақтан екіншіге негізінен ұйымдастырылған нақты мақсаты бар
оқыту арқылы беріледі. Білім мазмұны - әлеуметтік тәжірибенің бірінші
элементі болса, оның екінші элементі - әлеуметтік тәжірибедегі іс - әрекет
тәсілдерін балаларға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек
айтқанда адамзат жасаған іскерлік пен дағдыны меңгерту оны өмірлік дағды
ретінде қалыптастыру көзделеді. Сыртқы (тәжірибелік) және ішкі (ақыл - ой)
дағдылары мен іскерліктерді қалыптастыру мектепке дейінгі ұйымдардың
мемлекеттік құжаттарында белгіленген қарапайым білім беруге арналған
пәндер арқылы жүзеге асырылады. Ол арқылы балалар өздігінен дербес әрекет
етуге, салыстыруға, талдауға, қортынды жасауға үйренеді. Сондай ақ, білім
мазмұнының тәжірибелік бөлігінде нақты іс - әрекет жасауға мүмкіндік беретін,
көркемдік, эстетикалық тәрбиеге баулитын музыка, бейнелеу өнері, еңбек,
қарым - қатынас жасау іс - әрекет түрлерінің маңызы зор.
Танымдық іс - әрекет - баланың ой - өрісін кеңейтіп, дүниені танудың
маңызды құралдарының бірі білім алуға, өздігінен дербес әрекет теуге
ынталандырып, ақыл - ойдың дамуына, қарапайым білім негіздерін жүйелі
меңгеруге көмектеседі.
Еңбек іс - әрекеті еңбек ете білуге, еңбексүйгіштікке, материалдық заттар
жасауға, оларды сақтауға, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға
бағтталған. Өзіне - өзі қызмет ету, тұрмыстық еңбек, ауылшаруашылық еңбегі
және қол еңбегімен шұғылдану мағызды болмақ.
Көркемөнер іс - әрекеті - эстетикалық дүниетанымды дамытып, әдемілікке
сұранысты туғызып, әдемі ойлауға үйретіп, нәзік сезімге бөлейді. Болмысты,
қоршаған ортаны танып білуде әсемдікті, сұлулықты сезінуге үйренеді.
Қоғамдық іс - әрекет - баланың әлеуметтік ортаға бейімделуі, үлкендермен,
құрбыластарымен қарым - қатынас жасау мәдениеті қалыптасады. Тәрбиешінің
нұсқауымен, түсіндіруімен жұмыс жасап үйренеді және жаттығулар орындайды.
Білім беру мазмұнының үшінші элементі - шығармашылық жұмыс тәжірибесі.
Мектепке дейінгі жастан бастап баланы тек <<дайын>> білімдерді хабарлау
арқылы қабылдауға, жаттығулар орындауға, үлгіге қарап жұмыс істеумен 16
шектемей шығармашылықпен еңбек етуге баулу қажет. Шығармашылыққа
баулуда баланы өздігінен ізденуге, орындаған жұмыстарға өз үлесін қосуға
бағыт беріп отырған тиімді болмақ.
Білім беру мазмұнының төртінші элементі - тәжірибе, адам, іс - әрекет, құрал,
өзара қатынас. Бұл орайда, адамның дүниеге, іс - әрекетке, айналасындағы
адамдарға, құрбыластарына берген бағалары болады. Сезім мәдениеті -
баланың әлеуметтік тәжірибесі арқылы қалыптасатын ерекше құбылыс. Баланы
білімге, іскерлік дағдыларға іштей сұраныс туғызып, түрлі сезімдерге бөлеп,
білім мазмұнын меңгертуге болады. Білім, іскерлік, дағды, шығармашылық іс -
әрекет эмоцияны тәрбиелейді. Бала сезіміне әсерлі мәтіндер, иллюстрациялар,
сұрақтар мен тапсырмалар да білім мазмұнын қабылдауға ықпал етеді. Егер,
бала өзі айналысатын іс - әрекетіне қызығушылықпен қарайтын болса, онда
олардың оқу, еңбек, ойын іс - әрекеті де табысты болады. Психологтардың
дәлелдеуінше жағымды эмоциялар үлкенді де, кішіні де шабыттандырады.
Еңбек нәтижесіне жеткен бала қуанышқа бөленеді. Ендеше білім мазмұны жеке
тұлғаның негізгі мәдениетінің барлық бөліктері бір - бірімен тығыз байланысты.
Білім мазмұны арқылы іскерлік, дағды қалыптасатын болса, шығармашылық
іс - әрекет белгілі бір білім және іскерліктерге сүйеніп атқарылады, мотивсіз,
сезім, ерік - жігерсіз оқыту дұрыс жүрмейді. Сондықтан, біз зерттеу мәселесіне
сәйкес білім мазмұны - ол мектепке дейінгі жас ерекшелігіне арналған
мемлекеттік стандартта белгіленіп, баланың жек тұлға ретінде қалыптасуына
және әрі қарай дамуына ықпал ететін қажетті білімдер жиынтығы екендігін
айқындап алдық. Енді, мектепке дейінгі кезеңдегі білім мазмұны қандай
қағидаларға сүйеніп таңдалатынын қарастырайық. Оның ең басты негізгілеріне
тоқталатын болсақ: Біріншіден, білім мазмұны дамытушылық сипатта болып,
баланың әлеуеттік мүмкіндіктерін ашуға бағытталуы тиіс. Екіншіден, білім
мазмұнының жүйелілік сақталуымен қоса, оның кіріктірілген болуы да
маңызды. Үшіншіден, білім мазмұнының көп мәдениеттілік тәрбиені
қамтамасыз етуі көзделеді. Төртіншіден, мектепке дейінгі білім мазмұнының
базистік оқу жоспарында іс-әрекеттің алуан түрлерінің қамтылуы және оның
негізгі компоненттері: мақсаты, міндеттері, құралдарын таңдауы, әдіс-
тәсілдерді таба білуі, бақылау жасай алуы т.б қарастырылуы қажет. Бесіншіден,
білім мазмұнын жаңартуда баланың денсаулығын сақтау мен нығайту және
психологиялық тұрғыдан жағымды жағдай жасау қажеттілігі ескерілуі тиіс.
Енді осы білім мазмұнын жаңартудың қажеттілігі не? деген заңды сұрақ
туындайды.
Білім мазмұны балаларға <<Нені оқыту керек?>> - деген сұраққа жауап береді.
Бала тағдыры көбіне оның білімінің көлеміне ғана емес сапасына
байланысты. Білім мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу
жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.С.Скаткин т.б зерттеді.
И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша: <<білім мазмұны дегеніміз-берілетін
білім, іскерлік және дағдылар жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, эмоциялық
қарым-қатынас тәжірибесі>> деп тұжырым жасайды. Ең бастысы, білім
мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамытуға ықпал етеді.
В.В.Краевский: білім, білік, дағдылармен қоса білім мазмұнының құрамына 17
жаңа компоненттері оқытудың дамыту, тәрбиелік қызметі мен шығармашылық
іс әрекеттің тәжірибесін және әлемге және бір-біріне деген эмоционалдық
құндылықтарды қамтиды деп есептеп, білім мазмұнын таңдауда төмендегідей
принциптерді ұсынады.

Кесте - 2. Білім мазмұнын таңдаудың принциптері
Принциптер атаулары
Принциптер мазмұны

1. Әлеуметтік тапсырысқа сай болу
принципі.

Бұл принципте білім мазмұнын білім,
білік, дағды, ғана емес таңдалған білім
мазмұнының мүмкіндіктерін есепке
алып баланың жан-жақты дамуына
ықпал ететіндігі ескеріледі.

2. Оқылатын материалдың ғылыми
және тәжірибелік мәнділігін
қамтамасыз ету принципі.

Мұнда бір жағынан білім мазмұны
соңғы ғылыми жетістіктерге сәйкес
болса, екінші жағынан білім мазмұны
баланы қоршаған ортада тәжірибелік
мүмкіндіктерін қамтуды, яғни теория
мен тәжірибенің байланысын
қамтамасыз етуді көздейді.

3. Оқу процесінің нақты
мүкіндіктерін есепке алу принципі.

Ол білім мазмұнын іріктеуде оны
жүзеге асыратын әдіс-тәсілдерді,
құралдарды, оқыту формалары мен
технологияларын және білімді игеру
деңгейін білім беру ұйымдары
анықтайды.

4. Барлық пәндердегі білім
мазмұнының бірлігін қамтамасыз ету
принципі.
Бұл принципте білім мазмұнының
компоненттерінің үйлесімділігін
сақтау және оқу материалдары әртүрлі
пәндерде қайталанбауын қадағалайды.

5. Ізгілендіру принципі
Аталған принципке сәйкес білім
мазмұны жеке тұлғаны
қалыптастыруда білім беру мәдениеті,
шығармашылық іс - әрекет мәдениеті,
гуманитарлық мәдениет, адам
денсаулығы мен жалпы адамзаттық
құндылықты сақтау, еркін даму және
кәсіби шығармашылықпен
қабілеттілікті дамытуға баса назар
аудару көзделеді.

Жоғарыдағы принциптерге негізделген білім мазмұнын арнайы іріктеудің
Бабанскийдің ұсынған (критерилері) өлшемдері:
1. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру міндетін тұтас
қарастыру. Бұл критерий бойынша оқу бағдарламалары пәндердің мазмұнына 18
сәйкес ғылым мен тәжірибенің теориялық негіздерін, заңдылықтарын,
түсініктері мен зерттеу әдістерін, негізгі іс-әрекет түрлерін, жеке тұлғаның
дамуын, танымдық қызығушылығын арттыруды қамтамасыз етеді.
2. Білім мазмұнының ғылым мен тәжірибедегі мәнділігі. Мұнда оқу
бағдарламалары бойынша білім мазмұнының әмбебаптық және ақпараттық
элементтері қарастырылып, теорияның мәнін ашу үшін ғылымның
заңдылықтары, әдістері оның тәжірибеде қолданылуы қарастырылады.
3. Білім мазмұнының күрделігі балалардың жас ерекшелігіне қарай оқу
мүмкіндіктеріне сәйкестігі. Бұл критеридің сәйкестігі арнайы жүргізілетін
бақылау (срездері), емтихан нәтижелерін талдау, оқу материалдарын меңгеруге
байланысты болуы.
4. Білім мазмұнының көлемінің пәнді оқып үйренуге кететін уақытқа
сәйкестігі. Аталған критери бойынша лабораториялық эксперимент барысында
оқу материалын меңгерудің оған кеткен уақытқа сәйкестігі.
5. Қазіргі мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-әдістемелік және материалдық
базасының білім мазмұнына сәйкестігі. Қажетті құрал - жабдықтар мен
әдістемелік еңбектердің жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілуі.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру жолдарын
қарастырған ғалым О.А.Сафонова: Мұнда пән аралық байланысты: кибернетика,
синергетика, ситуациялық және кешенділік тұрғыда пайдаланған. Мектепке
дейінгі білім беру сапасын арттыруды басқару обьектісі ретіндегі кіріктірілген
моделін жасаған. Мектепке дейінгі ұйымдарды басқару сапасын арттырудың
тиімді жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеген. Сондай-ақ, білім мазмұнын
қамтамасыз ететін ұйым ретінде жаңа білім мазмұнымен және оның негізгі
принциптерін айқындаған. Осы принциптерді басшылыққа ала отырып, білім
мазмұны заман ағымына, қоғам дамуына сәйкес үнемі өзгеріс үстінде болып,
жаңартылып отыруы заңды құбылыс. Бұл өзгерістерге сәйкес мектепке дейінгі
білім мазмұнын жаңартуға ықпал ететіп, педагогикалық ұжым тарапынан
өзгеріс жасауға болатын төмендегідей ішкі, маңызды факторларды атап айтуға
болады:
- балаларға арналған арнайы дамытушы ортаның жабдықталуы және
оңтайлы мүмкіндіктердің жасалуы, білім беруде жеке тұлғаның
қажеттіліктерінің ескерілуі;
- білім берудің жалпы адамзаттық құндылықтары мен гуманитарлық
бағыттарының тереңдетілуі;
- оның әмбебаптылығы, қоғамдағы білім берудің интеграциялануы;
- нарықтық экономиканың дамуы;
- әлеуметтік қажеттіліктің көбеюі;
- білім берудің азаматтық қызметінің рөлінің көтерілуі;
- жеке тұлғаның кәсіби шеберлігіне қойылатын талаптың жоғарылығы;
- білім беру мазмұны мен оны меңгеру тәсілдері;
- педагогтің балалармен өзара әрекеттерінің типтері;
- мектеп жасына дейінгі балалардың өмірі мен әрекеттерін ұйымдастыруы;
- мамандармен қамтамасыз ету және материалдық базаны жабдықтау, оқу-
әдістемелік, қаржылық қорларды нығайтуы;19
- білім беру үдерісінің санитарлық-гигиеналық шарттары мен дәрігерлік-
сауықтыру бағыттары;
- білім беру үдерісіне психологиялық қолдау көрсетілуі;
- педагогтар мен жетекшілердің кәсіби құзыреттілігі;
- педагогикалық ұжымның әлеуметтік институттармен өзара әрекеттері;
- балаларды тәрбиелеу, оқыту мен дамыту мәселесінде мектепке дейінгі
ұйымдар мен отбасының бірлескен әрекеттері;
- мектепке дейінгі ұйымдарды инновациялық басқарудың ұйымдастыруы;
Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңарту - негізінен білім мазмұнының
мәнін ашу және оны дұрыс таңдай білу, бiлiм мазмұнын жүйелеу, білім сапасын
арттырумен және оны қалыптастыруда дәстүрлі әдіс- тәсілдердің орнына жаңа
педагогикалық технологияларды пайдалана білумен де тығыз байланысты.
Мұнда Ресейлік ғалымдар: В.В.Рубцов, А.Г.Асмолов, <<балалар көп нәрсені тек
қана үлкендерден ғана емес, бір-бірімен қарым-қатынас арқылы да үйренеді>>
десе, А.П.Усова, Н.Н.Поддьякова, А.Н.Поддьяков, <<балалар әр түрлі обьектіні
өздігінен зерттеп, қарап көру барысында, тәжірибелік іс-әрекетте жан-жақты
дамиды>>-деп дәлелдейді.

Ұқсас жұмыстар
Сабақтың мақсаттарын талдау
Таңдаудың маңызы
Математиканы оқытудың әдістері
Өзін-өзі танудағы мониторингтің жүйесі
Ақпараттық модельдеу
Көрнекілік қағидасы
Сабақтың ортасы. Сабақтың басы
Тіл мәдениеті. арнайы курс. 7 сынып
Мамандық таңдаудың маңыздылығы
Сабақ типі. Сабақтың тақырыбы
Пәндер