Жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі 2014 - 2015 оқу жылы

Тасқала аудандық білім бөлімі
ЖББ Амангелді орта мектеп - балабақшасы
«Ағылшын тілін ойын арқылы үйренеміз»
(мұғалімге көмекші құрал)
5-6 сыныптар үшін
Құрастырушы: Койшыгалиева В. Х.
Жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
2014-2015 оқу жылы
Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ. Ойындар
1. «Choose your pair» ойыны. Form: 6
2. «Don’t say "Yes" or "No"» ойыны. Form: 5
3. «Find who…» ойыны. Form: 5
4. «Refresh 3 forms of the verb» ойыны. Form: 5
5. «Auction» ойыны. Form: 6
6. «Double or quits» ойыны. Form: 6
7. «Football» ойыны. Form: 5
8. «Animals» ойыны. Form: 5
9. «Memory games» ойыны. Form: 6
10. «Parts of the body» ойыны. Form: 5
11. «Let’s draw a Rainbow!» ойыны. Form: 5
12. «At the Zoo» ойыны. Form: 5
13. « Family» ойыны. Form: 6
14. «Don`t say “no” and “yes” » ойыны. Form: 5
15. « Invisible Words. » ойыны. Form: 5
16. «Good morning» ойыны. Form: 5
17. «Who is the cleverest?» ойыны. Form: 6
18. « Whose birthday is today?» ойыны. Form: 6
19. «To write» ойыны. Form: 5
20. «Colours» ойыны. Form: 5
21. «Lottery» ойыны. Form: 6
22. «Think and write» ойыны. Form: 5
23. «Who is the last to finish the phrase?» ойыны. Form: 5
24. «True and false chair» ойыны. Form: 5
25. «Correcting mistakes» ойыны. Form: 6
26. «Fulfill the order » ойыны. Form: 5
27. «Have you ever…? When did you…? » ойыны. Form: 6
28. «Find who» ойыны. Form: 5
29. «Roll the ball» ойыны. Form: 5
30. «Noughts and crosses» ойыны. Form: 5
31. «Interpreter» ойыны. Form: 5
32. «Where is it ?» ойыны. Form: 5
34. «Super secretary» ойыны. Form: 6
35. «Who reads a lot?» ойыны. Form: 6
ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Ағылшын тілін оқытудың мақсаты-оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.
Тілді меңгертуде жетістікке жету жолы - оқушылардың оны қалай меңгергенін дер кезінде анықтап білу.
Ағылшын тілі сабағында әр оқушының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, шетел тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады.
Ойын -ақыл күші мен ерекше ұйымдастырылған эмоционалды серпілісті талап ететін сабақ түрі.
• Ойын қалай істеу керек, не айту керек, қалай жеңу керек сияқты шешімдерді қабылдауға көмектеседі. Oсы сұрақтарды шешуге талпыну арқылы ойыншылардың ақыл-ой әрекеттерін дамытады.
• Ойын тілді жан-жақты әлеуметтік қолдануда маңызды рөл атқарады.
• Ойын шеберлік мүмкіндіктерін ашады, оқушылардың танымдық және кәсіби қызығушылығының қалыптасуына әсер етеді.
• Ойын шынайы қарым-қатынас жағдайын туғызады.
Ағылшын тілі сабағында ойын әдістерін қолдану кез келген жастағы оқушылардың психикалық дамуы үшін аса маңызды екені дәлелденген. Жан-жақты ойластырылған және жақсы жүргізілген ойын тілдік материалды енгізуді және бекітуді жеңілдетеді, дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Ойын-балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Сондықтан да шетел тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттыруда маңызы зор.
1. «Choose your pair» ойыны. Form: 6
Мақсаты: бұрыс етістіктің формаларын дұрыс қолдана білу;
Қажетті нәрселер: бұрыс етістіктің екінші және үшінші формасымен жазылған сөйлемдер;
Ойын барысы:
Барлық карточкаларды араластырып, әр оқушыға бір-бір сөйлемнен алу ұсынылады. Оқушылар алған карточкаларындағы сөйлемді іштей оқып қай формада екенін табады. Егер сөйлемде етістіктің екінші формасы болса, оқушы үшінші формасы бар сөйлеммен оқушыны табу керек және керсінше. Оқушыларға орындарынан тұрып, өз жұбын табуға рұқсат етіледі. Екі форманы да тапқан оқушылар жұп құрайды. Олар өз сөйлемдерін оқып, етістіктің негізгі формасын айтады.
Карточкалар үшін мынадай сөйлемдер алуға болады. Мысалы:
2. «Don’t say "Yes" or "No"» ойыны . Form: 5
Мақсаты: жалпы сұраққа толық жауап беруді үйрету;
Қажетті нәрселер: Present Perfect және Past Simple сұрақтары бар карточкалар;
Ойын барысы:
Сынып 3 немесе 4 оқушыдан топ құрайды. Әр топтан 1 оқушыдан тақтаға шығады. Мұғалім Present Perfect және Past Simple қолданып, сұрақ қояды. Оқушылар сұраққа толық жауап берулері керек, бірақ «Иә» немесе «Жоқ» сөздерін қолданбаулары керек. Немесе ойынды жалпы сыныппен де өткізуге болады, әр оқушыға кезек-кезек сұрақ қою арқылы.
Мысалдар:
1. Have you seen your friend today?
2. Did you go to the cinema on Sunday?
3. Have you been to Astana this year?
4. Did your parents take you to Almaty last year?
5. Have you written any letters this week?
6. Did you get many presents for your birthday last year?
7. Did mother give presents on holiday to you?
8. Did father come home at 8 o’clock in the evening yesterday?
9. Did your family have fish for supper yesterday?
10. Have you eaten bananas this week?
11. Has your classmate given you a book today?
12. Did you fly to the Black Sea in summer?
13. Has your sister ever seen the Caspian Sea?
14. Did your brother swim in the Ural in August?
15. Has your grandmother ever told you about her childhood?
16. Have you made your bed today?
17. Did you drink tea with milk for breakfast?
3. «Find who…» ойыны. Form: 5
Мақсаты: Past Simple және Present Perfect формасында жалпы сұраққа толық және дұрыс жауап беру;
Қажетті нәрселер: әр оқушыға арналған тапсырмалар;
Ойын барысы:
Сынып 2 топқа бөлінеді: А және Б. А тобындағы әр оқушы тапсырма алады. Бұл топтың мақсаты Б тобындағы оқушылардың берілген тапсырмадағы іс-әрекеті орындағаны немесе істегені. А тобының оқушысы Б тобының оқушысынан сұрайды: «Did you go to the library yesterday?» әлде «Have you gone to the library this week?» т. б.
Егерде Б тобының оқушысы «иә» деп жауап берсе, А тобының оқушысы оның атын өз қағазына жазады. Берілген уақыт ішінде кім көп ат жасса, сол жеңеді. Ойын соңында барлық оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім бірнеше сұрақтар қойып, оқушылардың толық жауап берулерін қадағалайды.
Мысалдар:
4. «Refresh 3 forms of the verb» ойыны. Form: 5
Мақсаты: етістіктің 3 формасын дұрыс қолдануды үйрету;
Қажетті нәрселер: етістіктің 2-ші және 3-ші формалары жазылған карточкалар (мұғалім үшін), етістіктің 1-ші формасы жазылған карточкалар (оқушылар үшін), фишкалар.
Ойын барысы:
Ойынды барлық оқшылармен немесе топпен өткізуге болады. Оқушылар бір-бірден етістіктің негізгі формасы жазылған карточкалар мен фишкаларды алады. Карточкаларда әр түрлі етістіктер беріледі. Мұғалім өз карточкасын алып, 2-ші немесе 3-ші формасын айтады. Оқушылар оның 1-ші формасын тауып, өз карточкаларында болса фишкамен жабады. Өз карточкасындағы барлық етістікті бірінші жауып болған оқушы «Bingo» деп айқайлайды және ол жеңімпаз болып саналады. Мұғалім карточканың дұрыс толтырылғанын тексереді.
Мысалдар:
Оқушылар үшін:
Мұғалімдер үшін:
Мұғалімнің әр карточкасында келесі етістіктер жазылып тұрады: sung, put, shut, sat, written, won, broken, bought, saw, told, left, stood, spent, drew, met, ran, found, built, ate, shown, gave, gone, were, knew, heard, lost, caught, said, could, had, came, flew, made, drunk, did, got, read, brought, swam, fought, begun, slept.
5. «Auction» ойыны. Form: 6
Мақсаты: етістіктердің дұрыс формасын тауып, оларды қатесіз қолдана білу;
Қажетті нәрселер: балға, сөйлемдер жазылған аукцион қағаздары, оқушылар үшін нөмірлер, «ақша» және сөйлемдер жазылған карточкалар әр оқушыға;
Ойын барысы:
Ойынға барлық оқушылар қатынасады. Әр ойыншы нөмір, белгілі мөлшерде «ақша» алады. Оған олар тақтаға ілінген сөйлемдерді сатып алады. Бұл ілінген сөйлемдердің кейбіреуі дұрыс, кейбіреуі қате. Ойыншылардың мақсаты-тек қана дұрыс сөйлемдерді сатып алулары керек.
Сөйлемнің бастапқы бағасы-200, әрі қарай ойыншылар бағаны көтереді, ал мұғалім санайды: «Three hundred-one, three hundred-two», енді «Three hundred-three» деген де, сөйлем сатылады. Ойыншы «ақшасын» төлеп, сөйлемді алады. Қай ойыншы көп сөйлем жинаса, сол жеңімпаз атанады. Ойын аяқталғаннан кейін барлық сөйлемдер талданып, түсінік жұмыстары жүргізіледі.
Мысалдар:
1. Have you had coffee for breakfast?
2. He has already finish his work.
3. I got this letter yesterday.
4. Were you ever in Astana?
5. He has been to London this year.
6. The children have found a kitten two days ago.
7. They have already built the bridge.
8. Where you spent your last summer?
9. He met his brother at the station yesterday.
10. My friend give did me an interesting book.
11. He not spent his childhood in the village.
12. Have they bought this newspaper never?
13. Erlan has made many mistakes in his work.
14. We wrote two tests this month.
15. Who has lose the pen?
16. Aisha hasn’t seen him today.
17. He has become a driver last month.
18. Who have sung this famous song?
19. Bolat already read this book.
20. He hasn’t visited his friend for two years.
21. Who did come to you yesterday?
22. She has just left.
23. We have studied English since 1998.
24. They haven’t saw their uncle for years.
25. Did you buy the carpet this week?
Жауабы:
Берілген сөйлемдердің ішінде дұрысы: № 3, 5, 7, 9, 13, 16, 20, 22, 23.
6. «Double or quits» ойыны. Form: 6
Мақсаты: сөйлемнің дұрыс құрылғанын анықтау;
Қажетті нәрселер: сөйлемдер жазылған карточкалар, қағаз тиындар;
Ойын барысы:
Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топтың мақсаты-көбірек тиын жинау. Мұғалім бір топ үшін сөйлем оқиды. 20-30 секунд талдаудан кейін топ сөйлемнің дұрыс құрылғанын тапса, екі тиын алады. Егерде топ сөйлемнің құрылғанының дұрыс емес екенін тауып және сол сөйлемді дұрыстап құрса 5 тиын алады. Қандай жағдайда топ қате жіберсе, ойынды екінші топ бастайды. Көп тиын жинаған топ жеңімпаз атанады.
Мысалдар:
1. Did you listen to the concert yesterday?
2. Are you born in 2005?
3. He have had this dog for 3 years.
4. Have you already spoken to Samat?
5. When have you come home yesterday?
6. I saw this film two years ago.
7. Askar didn’t find the scarf yet.
8. We was at home after dinner.
9. Who did make breakfast today?
10. I have just broken my pencil.
Жауабы:
2. Were you born in 2005?
3. He has had this dog for 3 years.
5. When did you come home yesterday?
7. Askar hasn’t found the scarf yet.
8. We were at home after dinner.
9. Who made breakfast today?
7. «Football» ойыны. Form: 5
Мақсаты: сөйлемдегі етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтау және оны үйрету;
Қажетті нәрселер: футбол алаңының суреті, 2 доп салынған сурет, 2 ине, сөйлемдер жазылған карточкалар;
Ойын барысы:
Футбол алаңы салынған сурет тақтаға ілінеді, жолдын ортасы ойынның басы болып белгіленеді. Сол жерге ине мен доптар бекітіледі. Сынып екі топқа бөлінеді. Мұғалім әр топқа бір-бір сөйлемнен оқиды. Әр топтың ойыншылары сөйлемде етістіктің қай шағы қолданып тұрғанын айту керек. Егер топ дұрыс жауап берсе 1 бал алып, өз доптарын алға жылжытады. Қай топтың добы қарсы топтың қақпасына бірінші жетеді, сол топ жеңімпаз атанады.
Мысалдар:
- Last week I gave a present to my friend.
- He had dinner with his sister two days ago.
- Jack has already done his homework.
- We lost our books last week.
- I have cut my finger with a knife.
- What games have they played today?
- Who has left the red scarf?
- We have never spoken about it.
- John took the pen, sat down at the table and began to write.
- Did you swim last summer?
- Have you brought your drawings?
- Have you ever read books by Christie?
- She didn`t understand the text yesterday.
- She hasn`t worn this dress since 1996.
- Who came to you yesterday?
Жауабы:
- P. S. 9. P. S.
- P. S. 10. P. S.
- P. P. 11. P. P.
- P. S. 12. P. P.
- P. P. 13. P. S.
- P. P. 14. P. P.
- P. P. 15. P. S.
- P. P.
8. «Animals» ойыны. Form: 5
Мақсаты: оқушылардың жан-жануарларды дұрыс айтуға жаттықтыру, to be етістігімен өздік есімдіктерді дұрыс қолдануды үйрету.
Қажетті нәрселер: жануарлардың маскасы немесе ойыншықтар.
Ойын барысы:
Ойыншылар шеңбер құрып тұрады. Әр ойыншы бір жануардың маскасын киеді немесе қолына сол жануары бар ойыншықты ұстап тұрады. Бастапқы ойыншы оң жағында тұрған көршісі туралы айтады және өзін таныстырады.
Мысалдар:
- P1: He is a rabbit. I`m a monkey.
P 2 : He is a monkey. I`m an elephant. Etc.
B) Оқушылар өз жануарын атап, кез келген ойыншыға доп лақтырады.
P 1 : I`m a monkey. You are a cat.
P 2 : I`m a cat. You are a crocodile. Etc.
9. «Memory games» ойыны. Form: 6
Мақсаты: A) Оқушыларды адам келбетін бейнелеуді, суреттеуді үйрету;
B) «Жүзі», «Киім үлгісі» туралы сұрақ қоюды үйрету;
Ойын барысы:
- Мұғалім тақтаға екі оқушыны шақырып, бір-біріне кішкене уақыт қаратады, содан соң бір- біріне теріс қарап келбеттерін суреттеп бастайды. Соңғы сөйлемді аяқтаған оқушы жеңімпаз атанады.
- Оқушылар бір- біріне теріс айналып тұрған соң қалған оқушылар оларға сұрақтар қояды.
Мысалдар:
- P1: He has got blue eyes.
P 2 : She has got black hair.
P1: He has jeans on.
P 2 : She is wearing a black skirt. Etc.
- Ps:P1- What colour are P2`s (his, Pete`s) eyes?
P1: His eyes are blue
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz