Нашар еститін оқушыларға арналған қазақ тілі сабағы: Жемістер - Ө дыбысына фонетикалық жаттығу және ауызекі сөйлеуді түзету

ШҚО, Семей қаласы,

нашар еститін балаларға арналған №4 мектеп-интернатының

қазақ тілі пәні мұғалімі, дефектолог

Каримова Маржан Жұмабекқызы

Сабақтың тақырыбы: Жемістер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды жеміс түрлерімен таныстыра отырып, фонетикалық тұрғыдан білімдерін толықтыру, мысалдармен бекіту.

Дамытушылық: 1) ойлау, есте сақтау, есту мен көру қабілеттерін дамыту

2) сөздік және ауызекі сөйлеу дағдыларын байыту

3) пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу

Коррекциялық: ауызекі сөйлеу кезінде тіл кемістігін түзету

қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтылуын қадағалау

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Табиғаттану

Сабақтың амал-тәсілдері: 1) баяндау

2) сұрақ-жауап

3) қайталау

4) түсіндірме

5) аударма

6) пысықтау

Сабақтың көрнекі құралдары: 1) жемістердің муляжі

2) себеттер макеті

3) сусындардың суреті

4) тапсырмалар тізбегі

Сабақтың оқу құралдары: 1) Дыбыс күшейткіш аппараттары

2) Экран

3) Тірек кестелері

4) «Ө» дыбысына фонетикалық жаттығу сызбасы Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сыныппен сәлемдесу

- Сыныпты кезекші арқылы түгендеу (экран арқылы)

- Дыбыс күшейткіш аппараттары тексеріледі (сұрақ-жауап арқылы)

- Андрей, қазір жылдың қай мезгілі?

- Мөлдір, жыл мезгілдерін ата

- Ира, ай аттарын ата

- Вадим, апта күндерін ата

ІІ. Фонетикалық жаттығу: Кезекші дыбыс «Ө» дыбысы

Мақсаты : ауызекі сөйлеу кезінде қазақ тіліне тән «ө» дыбысын дұрыс, таза айтылуын қадағалау

Пысықтау сұрақтары : (тірек кестелері)

  • Біз не істейміз ?
  • Біз оқимыз

БӨ-МӨ-КӨ-КӨЗ (глаза)

ӨК-ӨТ-ӨР-ӨРТ (огонь)

Оқыту түрі : топпен

жұппен

тізбектеп

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Сусындар»

Сусындардың суретін пайдалана отырып, сусындардың қазақша атауларын сұрау. Сусындар атауларын қолданып, ауызша сөйлемдер құру.

ІV. Жалаңаш құлаққа жаттығу:

Қолданатын сөздер : айран, сүт, қатық, шұбат, қымыз, шай, шырын

Мақсаты: нашар еститін оқушының есту дәрежесін анықтау, есту қабілетін қалыптастыру мақсатында құлақты жаттықтыру.

V. Жаңа тақырыпты меңгерту : «Жемістер»

Меңгерілетін сөздер: Алма-яблоко

Алмұрт-груша

Шие-вишня

Жүзім-виноград

Өрік-слива

Дәмді-вкусный

Тәтті-сладкий

Қызыл-красный

Сары- желтый

Меңгерілетін сөздермен жүргізілетін жұмыс түрлері:

Оқыту түрі:

1) Мұғалім дауыстап оқиды

2) Оқушылар топпен оқиды

3) Оқушылар жұппен оқиды

4) Оқушылар тізбектеп оқиды

5) Жемістердің суретімен танысып, қазақша атауларын қайталайды

Пысықтау сұрақтары : (тірек кестелері)

  • Біз не істедік ?
  • Біз жаңа сөздермен таныстық

Фонетикалық тапсырмалар:

  1. Жаңа сөздерді жуан және жіңішке сөздерге бөлу
  2. Аталған сөздерді буынға бөліп айту, неше буыннан тұратынын анықтау

Меңгерген сөздерді пысықтау үшін «Не артық ?» ойынын жүргіземін.

Мақсаты: нашар еститін оқушылардың есте сақтау, ойлау, есту мен көру қабілеттерін дамыту .

Алмұрт Дәптер Қызыл

Шие Өрік Дәмді

Қалам Алма Тақта

Жүзім Алмұрт Тәтті

Тақтамен жұмыс:

№1 тапсырма: Сөйлемді жалғастыр, орыс тіліне аудар.

  • Мынау не ?
  • Мынау алмұрт
  • Алмұрт қандай ?
  • Алмұрт . . .

Пысықтау сұрақтары : (тірек кестелері)

  • Біз не істедік ?
  • Біз тақтаға сөйлемдер жаздық. аудардық.

№2 тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті дыбысты қойып жаз.

Алм . . . рт, өр . . . к, ж . . . зім, ш . . . е, а . . . ма, қ . . . зыл, д . . . мді, т . . . тті, сар. .

Тақырыпты бекіту: «Базарда» атты ойынын жүргізу

Мақсаты : Меңгерген сөздермен сөйлемдер құрай білу, ауызекі сөйлеу мен тілдік қорларын байыту.

Сатып алушы: Мынау не ?

Сатушы: Мынау-алма

Сатып алушы : Мынау қандай алма?

Сатушы: Мынау- дәмді алма

Сатып алушы: Мынау қандай шие?

Сатушы: Мынау- тәтті шие

Сабақты бекіту:

  1. Біз қандай жеміс атауларын білдік?
  2. Жемістерді атап, орыс тілііне аударып, себетке салыңдар

VІ. Үй тапсырмасын беру: Сөздіктерді жаттау, жемістерге байланысты екі сөйлем құру, жемістерге қатысты жұмбақ жаттау

VІ І. Білімдерін бағалау


Ұқсас жұмыстар
Нашар еститін балаларға арналған қазақ тілі пәнінің нәтиже сабағы: Қазақстан - фонетикалық және тілдік дағдыларды бекіту
2-сынып қазақ тілі сабағы: Достық - диалогтық оқыту арқылы ауызекі сөйлеуді дамыту
Ағылшын тілі: Жемістер тақырыбы - лексика мен ауызша сөйлеуді дамытуға арналған сабақ жоспары
3-сынып қазақ тілі сабағы: Ең ыстық айлар (жаз айлары, сөздік және фонетикалық жұмыс)
Қазақ тілі пәні: жемістер мен көкөністер тақырыбына арналған технологиялық карта
5-сынып: ауызша сөйлеуді дамытуға арналған ағылшын тілі қайталау сабағы
4 «б» сыныпқа арналған қазақ тілі ашық сабағы: Қыстырма сөз (189-192 жаттығу)
3-сынып қазақ тілі сабағы: Сөйлем мүшелері (14-21 жаттығу)
Қазақ тілі сабағы: Қыс тақырыбы - грамматикалық ережелерді пысықтау және ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту
Ашық сұрақтардың қазақ тілі сабағында оқушылардың ауызекі сөйлеуін дамытуға әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz