Тапқыр достар форматындағы биология пәнінен кластан тыс сайыс жоспары

«Тапқыр достар»(биология пәнінен кластан тыс шара)

«Ел арна» телеарнасынан өткізілетін телебағдарлама желісімен ұйымдастырылған биология пәнінен кластан тыс шараны ұсынып отырмын.

Бұл шара сайыс түрінде екі топ (әр топта үш ойыншыдан ) арасында, 5- кезеңде өткізілді. Сарапшы қазақ тілі пәнінің мұғалімі болады.

І кезең : «Таныстыру» екі топ өздерінің топтарын және өздерін таныстырады. (10 балды екі топқа бөліп бағалайды)

ІІ кезең : «Сөз тапқанға . . . » конверттегі сөздерді таңдап алады, 30 секунд ішінде осы сөздерден сөйлем құрап, артық сөзді табады.

І топқа : Жалбыздан, ашады, қашады, жылан, аузын, қасқыр, жалбыз

( «Жылан жалбыздан қашады, жалбыз аузын ашады»)

Артық сөз : «қасқыр»

ІІ топқа : Қоздырғышы, нәруыз, фермент, тіршіліктің.

(«Фермент -тіршіліктің қоздырғышы»)

Артық сөз : «нәруыз»

ІІІ кезең : «Сен білесің бе?» Ұяшықтардағы ұпайды ашады, ұяшықтарды әр топ таңдап, ашылған суреттерге мақал -мәтел құрайды.

«Алма» суреті- «Алма піс, аузыма түс»

«Балапан» суреті - «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»

«Терек» суреті - «Бір тал кессең, он тал ек»

«Жылан» суреті - «Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады. »

«Құралай» суреті- «Құралайды көзге атқан мерген»

«Ауыз» суреті -« Ішің ауырса, аузыңды тый»

«Көз» суреті - «Көз қорқақ, қол батыр. »

«Бақа» суреті- Бақа көлін сүйеді, бұлдырық шөлін сүйеді . т. б

ҮІ кезең : «Кім жылдам ?» берілген сөздерді ыммен көрсету, синоним сөздер арқылы.

Ү кезең : «Өнерпаз болсаң . . . » әуені жіберіледі, кім орындап жатырғандығын айтады, бір шумағын орындап береді.

«Құстар қайтіп барады?», «Үш қоңыр», «Маралдым», «Саржайлау», «Жезкиік», «Қарылғаш», «Алатау» т. б әндер жіберіледі. Әр тур сайын сарапшы пікірі тыңдалады


Ұқсас жұмыстар
7-сыныпқа арналған информатикадан сыныптан тыс сайыс сабақ жоспары Тапқыр достар
Тапқыр достар мектептік зияткерлік сайыс бағдарламасы
Тапқыр достар сайыс сабағының жоспары: мақсаттары, кезеңдері және тапсырмалары
Тапқыр достар: оқушыларға арналған танымдық және логикалық сайыс бағдарламасы
Тапқыр достар сайысы: сабақтың әдістемелік жоспары
Қызықты биология: сыныптан тыс интеллектуалды сайыс сабақ жоспары
Информатика пәніне арналған Тапқыр достар интеллектуалды ойынының әдістемелік сабақ жоспары
2 А сынып оқушыларына арналған интеллектуалдық-танымдық сайыс Тапқыр достар
4-сыныпқа арналған Тапқыр достар сайыс сабағы: ақпараттық-компьютерлік білімді жүйелеу және дамыту
Дарабоз-2010: 11 сыныпқа арналған биология пәнінен сайыс сабақының әдістемелік жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz