Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жүйке жүйесі және сезім мүшелері

Қандауырша -- бассүйексіздер класының туысы. Дене ұзындығы 8 см дейін. Денесі ланцет тәріздес, мөлдір, желісі, (хордасы) дененің алдыңғы бөлігінде аяқталады. 7 түрі бар. Нақтылы түрі В. lanceolatum. Ол жылы және қоңыржай теңіздердің 10 -- 30 м тереңдігінде өмір сүреді. Көбінесе теңіздің құмды түбінде, денесінің алдыңғы жағын құмнан шығарып жатады. Қорегі, планктон. Ұрықтануы сыртқы, ашық түрде. Жұмыртқалары суда дамиды. Дернәсілдері суда еркін жүзіп жүреді. Қарапайым желілермен омыртқалылардың арасындағы аралық сатыдағы жануарлар.
--------------------------------------------------------------------------------
Қандауыршаның тіршілігі және сыртқы құрылысы
Теңіздің жағаға таяу таяз суларында құмға көміліп, басын жоғары қаратып жатқан қандауыршаның ауыз төңірегіндегі жиырма шақты мұртшалары тынымсыз қимылдап тұрады. Тұрқы 8 сантиметрден аспайтын қандауырша мұртшалары арқылы су ішіндегі ұсақ жәндіктерді қармап, қорегіне жаратады. Қандауыршаның алдыңғы және артқы жағы сүйірленіп бітеді. Оның арқасын бойлай созылған тері қатпары құйрығын қандауырдың ұшы тәрізді етіп жиектейді, бұл- қандауыршаның арқа және құйрық жүзбеқанаттары.
Қандауыршаның денесі екі бүйірінен қысыңқы келеді. Денесінің соңында- аналь тесігі, ал құйрық жүзбеқанатының құрсаққа қарай көмкерілген жиегінің алдында су шығатын тесігі болады.
--------------------------------------------------------------------------------
Қаңқасы
Қандауыршада ми болмағандықтан, бассүйек те дамымаған, сондықтан ол бассүйексіз жануар болып саналады. Оның арқа жағын бойлай бас пен құйрықты жалғастыратын желі қандауыршаның денесіне тірек болып, ішкі қаңқа қызметін атқарады.Бұл желі қандауырша денесінде өмір бойы сақталады.
--------------------------------------------------------------------------------
Қоректенуі
Қандауырша судағы ұсақ жәндіктермен қоректенеді.Оның асқорыту жүйесі мұртшалармен жиектелген ауыз шұқырағынан басталады.денесін бойлай созылған желінің астыңғы жағында бірнеше бөліктерден құралған асқорыту түтігі жатады. Түтіктің ауызға жалғасқан бөлігі жұтқыншақ деп аталады.Жұтқыншақта көлденең орналасқан бірнеше (жүздеген жұп) желбезек саңылаулары бар. Ол дене мен саңылаулар арасында желбезек қуысын түзеді. Жұтқыншақ- ішекке жалғасады да ішек түзу қалпында аналь тесігімен аяқталады. Қандауыршаның аузына түскен ұсақ қоректік заттар түйіршігі ауыздан жұтқыншаққа, одан түзу ішекке қарай бағытталады.
--------------------------------------------------------------------------------
Тыныс алуы
Қандауырша жұтқыншақтың қабырғасындағы сансыз желбезек саңылаулары арасындағы перделер арқылы тыныс алады. Оның асқорыту және тынысалу мүшелерінің қызметі бірлесіп кеткен. Ауыздан жұьқыншаққа өткен су желбезек саңылаулары арқылы желбезек маңындағы қуысқа барғанда оның қабырғаларындағы қылтамырлар торабына сіңіп, қандауырша денесіне оттегін береді, сондай-ақ қорытылған қоректік заттар денеге өтеді.
Қандағы көмірқышқыл газ суға шығарылады да, газға қаныққан су жануардың су шығатын тесігі арқылы далаға бөлінеді.
--------------------------------------------------------------------------------
Қан айналымы
Қандауыршада жүрек болмайды, түссіз қан арқа және құрсақта болатын ірі қантамырлардың жиырылуы арқылы бір шеңбер жасап, тұйық жүйемен денеге таралады. Мұның қантамырлар жүйесі буылтық құрттардың қантамырлар жүйесіне ұқсас.
--------------------------------------------------------------------------------
Зәр шығаруы
Қандауыршаның зәршығару мүшесі желбезек қуысында орналасады. Бөлінді зат желбезек қуысындағы өте ұсақ өзекшелер арқылы желбезек қуысына бөлініп шығады.
--------------------------------------------------------------------------------
Жүйке жүйесі және сезім мүшелері
Қандауыршаның жүйке жүйесі желі үстінде арқаны бойлай созылып жатқан түтік тәрізді өте қарапайым құрылысты болып келеді. Жүйке түтігінен дененің үстіңгі жағына және ішкі мүшелерге қарай жүйкелер тармақталып таралады. Қандауырша сыртқы химиялық және қарапайым тітіркеністерді сол жүйке тармақтарымен қабылдайды.
Қандауыршаның сезім мүшелері өте нашар дамыған. Оның есту мүшесі және көзі жоқ. Алайда күшті жарықтан қандауырша тітіркенеді. Тепе- теңдік мүшесі болмағандықтан, қандауырша суда жүзген кезде бір бүйірінен екінші бүйіріне аударылып, денесін қалыпты ұстай алмайды. Судың химиялық қасиетін иіс сезу шұңқыры арқылы сезіне алады. Ауыздың төңірегіндегі мұртшалары сипап сезу қызметін атқарады.
--------------------------------------------------------------------------------
Көбеюі және дамуы
Қандауырша дара жынысты, оның жұптасқан аналық безі мен аталықбезі желбезек саңылауының маңындағы қуысында бірнеше қатар бұдыртармақтар түзіп жатады. Сырттай ұрықтанған уылдырықтан тұрқы 3,6-5,2 мм дернәсіл дамып, үш айға дейін сол сатыда тіршілік етеді. Дернәсілдер екінші-үшінші жылы жыныстық жағынан толысады. [1]

Сабақтың тақырыбы Желілі жануарларды жіктеу, Қандауырша
Мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларды желіжануарлардың түрлерімен, ішкі құрылыстарымен, көбею ерекшеліктерімен таныстыру.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды желілерге құстар, балықтардың пайдасын білуге және оларды қорғауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушыларға Желілер типі және бассүйексіздер тип тармағының өкілі, желілерге тән белгілер, жайында білімін тереңдету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: зерттеушілік тұрғыдағы сабақ.
Сабақтың әдісі: тірек сызбамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: география, орыс әдебиеті.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу, түгелдеу
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру
3. Оқушылар назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын сұрау
1. Қазақстанда сирек және жойылып бара жатқан омыртқасыздардың қанша түрлері <<Қызыл кітапқа>> тіркелген?
2. Ауыл шаруашылығын зиянын тигізетін бунақденелілердің қай түрлерін білесіңдер?
3. Бөгелектен қандай сонаның қандай айырмашылығы бар?
4. Ауыл шаруашылығына қолданылатын әдіс әсерлі де тиімді болу үшін нені білу керек?
5. Зиянды бунақденелілерді жоюдың қандай әдістері бар?
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Желілер типі - жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғарғы топ.Арқа жағындағы ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі болғандықтан , олар желілер деп аталған.
Желілер

Ең кішілерінің дене тұрқы 0,5 мм, ал үлкені 33м-ге жетеді. Желілер дене қуысы бар, үш қабатты, екі жақты симетриялы жоғары сатыдағы жануарлар.
Желілерге тән белгілер: ұрығының дамуы кезінде арқа жағында серпімді, әрі тығыз жемісі болады. Желі - төменгі сатыдағы жануарларда оның орнына омыртқа жотасы пайда болады. Қанайналым жүйесі - тұйық.
Желілердің тип тармағы

Бассүйексіздер Қабықтылар Омыртқалылар
Қандауырша - омыртқасы жоқ желілі жануар. Онда желі, жүйке түтігі және желбезек саңылаулары өмір бойы сақталады. Қандауыршаның дене тұрқы 5-8 см. Денесі екі бүйірінен қысыңқы. Құйрық жүзбеқанатының пішіні медицина құралы - қандауырға ұқсас болғандықтан, қандауырша деп аталған. Қандауыршаның терісі жұқа. Оның сыртқы қабаты - эпидермис. Ол грекше <<эпи>> - сырты, <<дерма>> - тері, яғни сыртқы тері қабаты деген ұғымды білдіреді. Терінің ішкі қабаты нағыз тері деп аталады. Қандауыршаның өзіне тән ерекшелік - терісінің сыртында жұқа сірқабықтың болуы. Қандауыршада қаңқаның қызметін әрі тығыз, әрі серпімді желі атқарады.
Асқорыту жүйесі ауыз алды қуысынан басталады. Ауыз көлемді жұтқыншақпен байланысқан. Жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары орналасқан. Қандауыршаның жұтқыншағы асқорыту және тынысалу қызметін атқарады. Жұтқыншақ тікелей қысқа ішекке жалғасады да, артқы тесікпен аяқталады.

Қандауыршады жүрек болмайды, оның қызметін арқа және құрсақ қантамырлары атқарады. Қаны - түссіз. Қанайналым жүйесі - тұйық. Қандауырша жұтқыншағының маңында зәршығару түтікшелері орналасқан. Олардың бір ұшы дене қуысына, екінші ұшы жұтқыншақ маңындағы қуысқа ашылады. Қажетсіз қалдықтар сумен бірге арнайы тесік арқылы сыртқа шығарылады.
Орталық жүйке жүйкесінің қызметін жүйке түтігі атқарады. Қандауыршаның жүйке түтігінің әр жерінде сезімтал жасушалар шоғырланып орналасқан. Олар жарықты ғана ғана сезеді. Сезімтал жасушалар терісінде де бар. Басқа сезім мүшелері дамымаған.
Қандауырша - дара жынысты жануар. Көптеген ұсақ жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан. Көптеген ұсақ жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын көрнекті орыс ғалымы А.О.Ковалевский зерттеді. Ол қандауыршаның басқа омыртқалы жануарлармен туыстық жақын екенін дәлелдеп берді.
Қандауыршалар Атлант, Тынық мұхиттарының жылы теңіздерінде 10-30 м тереңдікте тіршілік етеді.
IV. Жаңа сабақты бекіту
Желілі жануарлардың өздеріңе тыныс омыртқасыз жануарлармен ұқсас және айырмашылық белгілерінің санын тұсын жазып көрсетіңдер.

Желілердің өзіне тән белгілері Желілердің омыртқасыз жануарлармен ұқсас белгілері
1. Дене қуысының болуы 1. Денесі үш қабаттан тұрады
2. Желісі бар 2. Денесі екі жақты симметриялы
3. Қанайналымы - тұйық жүйелі 3. Жүйке түтігі бар
4. Желбезек саңылаулары бар 4. Сырттай ұрықтанады
V. Үй тапсырмасы:
1. §53. Желілі жануарларды жіктеу. Қандауырша.
2. Қандауыршаның ішкі құрылысының суретін салу

Сабақтың тақырыбы: Желілілер типіне қысқаша сипаттама. Қандауырша -- бассүйексіздердің өкілі. Қандауыршаның тіршілік ортасы және құрылысының ерекшеліктері. Табиғаттағы рөлі және практикалық маңызы.
Мақсаты: Оқушыларды желілі жануарлардың құрылыс ерекшеліктерін қандаурышаның мысалында оқып - үйрену;

Күтілетін нәтиже:
* Қандауыршаның құрылыс зерттеп, танып-біледі;
* Желілілер типіне жататын жануарларды атай алады;
* Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылыс ерекшеліктерін ажырата алады;
* Қандауыршаның тіршілік ортасына бейімділігін сипаттай алады;

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы
Көрнекілігі: суреттер, слаид, анимациялар, видео
Құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, қалам, қандауырша моделі
Әдебиеттер:
1. Қ. Қайым., т.б. <<Биология>> 7 класс,-А,-Атамұра, 2012
2.

Пәнаралық байланыс: география, экология,
Сабақтың барысы:

Ұқсас жұмыстар
Сүйекті балықтардың құрылысы және тіршілік әрекеті. 7 сынып
Жарыс сабақ "шеміршекті балықтар класы"
Сүйекті балықтар
Тіршілік негізі, аминқышқылдары мономерлерінен тұратын күрделі биополимерлер
Сезім мүшелері. 3 сынып
Жүйке жүйесі. 8-сынып
Жүректің құрылысы
Жануарлар құрылысының күрделенуі
Дүниетану пәніне-омж, 3 сынып, 1 модуль
§53. Желілі жануарларды жіктеу. Қандауырша
Пәндер