Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде қазақ сөзінің мағынасы

Астана қаласы
Райымбек батыр атындағы №50 <<Қазғарыш>>
мектеп-лицейінің тарих пән мұғалімі
Байгоринова Алмагүл Төлеуовна
XIV-XV ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті
§35. Сәулет өнері
Мақсаты: 1. Сәулет өнері, кесенелердің ерекшеліктері, қолөнер және түрлі кәсіптер туралы түсінік беру
2. Мақсатқа дербес өз іс - әрекетімен жетуші белсенді
субъектіні қалыптастыру. Танымдық іс - әрекетін белсендіру;
3. Тарихи ескерткіштерді қорғауға, өлке тарихын
құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, тірек - сызбалар арқылы түсіндіру, ізденіс
Көрнекілігі: тірек - сызбалар, карта, тест парақшалары
Пәнаралық байланыс: география, дүние жүзі тарихы
Жүру барысы:
1.Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатын, міндетін белгілеу
2. Үй тапсырмасын сұрау. Тест тапсырмалары таратылады.
1. ХІІІ ғасырға дейін <<қазақ>> атауының қолданып келген мағынасы:
А) Еркін адамдар В) Жауынгерлер С) Көшпелілер D) Бақташылар Е) Егіншілер
2. Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар өздерінің ен-таңбаларын салған жартас:
А) Жетісу В) Таңбалы Нұра С) Алтын Орда D) Арыстан баб кесенесі Е) Ноғай Ордасы
3. <<Алаш>> сөзін жиі кездестіретін қазақ халқының аңызы:
А) <<Жошы ханның жортуылы>> В) <<Қорқыт ата>> С) <<Алаша хан>> D) <<Оғызнама>> Е) <<Ақсақ құлан>>
4. <<Қазақ халқының жүзге бөлінуі, қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде өз жерін қорғау қажеттілігінен туған>>-деп жазған қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы:
А) М.Дулатов В) Ш.Құдайбердиев С) А.Құнанбаев D) Ш.Уәлиханов Е) Б.Көмеков
5. Қазақ халқының құрылымына байланысты <<қазақ>> атауы біржола этникалық сипатқа ие болған уақыт:
А) XIV ғасырдың ІІ жартысында В) XIV ғасырда С) XV ғасырда D) XV ғасырдың І жартысында
Е) XV ғасырдың ІІ жартысы
6. Қазақтың халық болып құрылуына әсер еткен біріккен этникалық топ:
А) қыпшақтар тайпалар одағы және үйсін тайпалар одағы
В) сарматтар тайпалар одағы және үйсіндер тайпалар одағы
С) дулаттар тайпалар одағы және қыпшақтар тайпалар одағы
D) қаңлылар тайпалар одағы және дулаттар тайпалар одағы
Е) үйсіндер тайпалар одағы және қаңлылар тайпалар одағы
7. Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы:
А) қазақ-қырғыз В) өзбек-қазақтар С) қырғыздар D) қыпшақтар Е) еркін кезбелер
8. Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде <<қазақ>> сөзінің мағынасы:
А) зор, күшті, көшпелі В) еркін, азат, алып С) мықты, берік, алып D) көшпелі, алып, еркін Е) күшті, еркін, мықты
9. <<Қазақ>> сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр:
А) XVII ғасыр В) XVI ғасыр С) XVIII ғасыр D) XIV ғасыр Е) XV ғасыр
10. <<Үш жүз>> аңызы бойынша қазақ халқы ру-тайпаларының өз таңбаларын салған жері:
А) Таңбалы Еділ В) Таңбалы Есіл С) Алтын Орда D) Ноғай Ордасы Е) Таңбалы Нұра
3. Жаңа сабаққа кіріспе. Жоспар:
А. Қазақстандағы сәулет өнері ескерткіштері.
Ә. Қолданбалы өнер
4. Жаңа сабақ. Мұғалім төмендегі кестені оқушыларға толтырта отырып түсіндіреді
1.
р/с
Ескеткіш
Орналасқан жері
Ерекшелігі

1

Қожа Ахмет Иасауи кесенесі

2

Көккесене

3

Алаша хан

4

Рабиға Сұлтан Бегім
кесенесі

5

Арыстанбаб кесенесі

2. Тірек-сызбаны түсіндіру:
. 1. __________________________ ______________________3.
Қолданбалы өнер
_________________________ ________________________

________________4.
___________________

2.__________________
__________________

1. Қолданбалы өнердің анықтамасы
2. Күмбез-шатыр жүйесі
3. Ескерткіштің сыртын әшекейлеу. Әйнекті пайдалану
4. Құрылыс материалдарының сапасын арттыру
5. Жаңа сабақты бекіту.
А. Бұл тапсырмадағы сандар алфавиттегі әріптердің реті. Сөзді тауып, мағынасын ажыратыңыз.
15

20

10

1

1

30

17

8

25

13

1

24

1

26

12

Ә. Сөйлемді толықтырыңыз.
* Сәулет өнері Қазақстанда X-XII ғасырларда .......... мемлекетінің кезінде өркендей бастаған еді.
* XIII ғасырдағы .......... шапқыншылығы сәулет өнерінің дамуына үлкен нұқсан келтірді
* Ел аузындағы аңыз бойынша, Арыстанбаб ...... - ..... ғасырларда өмір сүрген.
* Жазба деректерге қарағанда Иассуидің кесенесін салуға ..... 1397 жылы бұйрық берген.
Б. Өзара сұрақ алмасу. Оқушылар тақырып көлемінде сұрақтар қояды.
6. Үйге тапсырма: тақырыпты оқу. Тақырыптың соңындағы сұрақтарға ауызша жауап беруге дайындалу. Кестені толтыру.
7. Қорытындылау. Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
§1. Ежелгі тас дәуірі
Қазақ халқы қалыптасыуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері
Сақтардың мекендеген жері
«қазақ» атауы және қазақ жүздерінің пайда болуы
Қазақ халқының қалыптасуы, 10-сынып
Ерте темір дәуірінде көшпелілер өркениетінің қалыптасуы. 10 сынып
Қарахан мемлекеті. жоспар
Қазақ жүздері туралы
Сақтар.олардың орналасуы
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Пәндер