Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы, тұтастану тарихы

А. А. Джалитова

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін

мектебінің тарих пәні мұғалімі

«Қазақстан халқы мәңгілік ел мұратының бастауы, ұлт мұрасы».

«Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы, тұтастану тарихы.

Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық»

Н. Ә. Назарбаев

Сарыарқаның кең даласын жайлаған қазақ халқы, аяулы алаш жұрты тарихы терең батыр халық. Басынан сан қилы заман өткерген, осынау жұрт не көрмеді десеңізші?!

Сонда да әлсіздік танытып, тарих сахнасынан жойылып кеткен емес. Тәуелсіздіктің арайлы ақ таңы атты, жұртымыз аман, еліміз тыныш. Бірақ, осынау, «Тәуелсіздік» деген алып құс біздің басымызға қалай қонды? Қанша азап пен төгілген тердің өтемі болды? Міне, осы сұрақтарға бейбіт елдің ұрпақтары жауап бере ала ма? Бүгінде, елім деп еңіреген, жұртым деп жұдырық алып жүгірген ерлердің еңбегеі ақталып жатыр ма? Иа, қазіргі бейбіт заманның кілтін қолымызға ұстатқан ата - бабамыздың сан мың еңбегі үлкен мәртебе мен зор құрметке лайық. Елбасымыз Н. Ә Назарбаев бір сөзінде «Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл- азаттық үшін алысқан мың - мыңдаған азаматтардың қанының өтеуі. Бұл- бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейлінің қайтарымы » деген еді. Бұл риясыз шандық. Жапан далада мал соңынан көшіп, көшпелі тірлік кешкен, қойдай момын, жайдары халықтың басына, маңдайы жарқыраған, дана, дара хандар біткен еді. Қазақ хандарының бес ғасырға созылған шерлі шежірелерінде жиырмадан астам хан билік құрған екен. Ел билігін қолға ұстаған бұл тарихи тұлғалардың талайының тағдырлары да сан қилы, билік құрудағы қабілеттері де әр деңгейде болды. Мемлекет іргесін нығайтып, туған халқының мәңгілік сүйіспеншілігіне бөленгендері де, елін тоздырып, дұшпанға таба қылғандары да жоқ емес. Кешегі өткен заманда, Қозыбасыға алаш туын тіккен - Керей мен Жәнібек, ескі жолды саралаған - Есім, адамзаттың данасы атанған - Тәуке, қазақ даласын кеңейткен - Қасым, сыртқы күресте жан аямай күрескен - Хақназар, «Алтын ғасырдың» иесі - Абылай, үш жүздің басын біріктірген - Кенесары хан. Бұлардың барлығы қазақ хандығы үшін есімдері алтын әріптермен жазылатын тұлғалар. Осы хандардың арасында қазақ хандығының көркеюіне үлес қосқан немесе еңбегі еленбей, ұрпақтарына аты аталмай, құпияда қалған хандар да бар. Олардың ішіне : Тахир, Бұйдаш, Мамаш, Қожа Махмұт, Тоғым, Ахмет, Наурыз - Ахмет сынды хандар кіреді. Бүгінде, олардың есімдерін кітап түгілі, мұрағаттан да әрең табасың. Тіпті, оларға арналған ескерткіш, не көше атауының да жоқтың қасы. Биыл қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Бес ғасыр бойы қиын қыстау заманда басынан өткерген халықтың нағыз шарықтайтын жері, міне, осы!

Түбі бір түрік баласының ежелден атқа қонып, ел үшін, жер үшін күрес жүргізгені белгілі. Сол сияқты III - IV ғасырлардағы әлем империясы Римді құлатқан Аттеладан бастап, - Түрік қағанаты, Шыңғыс хан, Әмір - Темір, ең соңғы құлаған түрік империясы, Осман патшалығын санамағанда, жер бетіндегі ең жоғарғы билікті қолдан бермеген. Алайда тарихта «Араб тілі - ғылым тілі, парсы тілі - поэзия тілі, түрік тілі - әскер тілі» деген сөз бар. Біздің аталар жаугершілікпен қай халықтың жоғары билігін өзіне қаратпаған? Себебі, Еуразия даласын мыңдаған жылдар бойы еркін жайлаған Түрік халқына тең келетін, онымен бәсекеге түсетін жау болмағандықтан өзді - өзі қырқысып, бөлшектеніп, бас - басына хандық құрып, атақты аңыз - Абылай түсіндегідей әуелі арыстан, бірте - бірте жолбарысқа, одан аюға, одан түлкіге. . . құрт - құмырсқаға айналып, ақыр соңында бөлшектеніп - бөлшектеніп, келегі құл - құлтанның тілімен мәдениетіне бас ұрып отырған жағдайға қалай түскенін байқамай қалды. Нәтижесінде қазаққа - өзбек емес, айдаладағы орыс жақын болып көрінетін заманға жеттік. Ал егер түбі бір түрік ұландары бірігер болса, АҚШ пен Қытай болмаса да, орысты орнына қоярымыз анық. Тілі мен діні, салт - санасы ұштасатын, осынау, дархан ұлт кемелі тасыған шақта, бар мәдениетімен, даналығымен, батыр ата - бабаларымен мақтануға құқылы. Қазақтың маңдайына біткен шоқ жұлдызы басшымыз Н. Ә. Назарбаев жүргізген кемел саясат «Мәңгілік ел» мұратын ел санасына қайта жаңғырта отырып, асқақ мұраттың « XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры» екенін дәлелдеді. Нұрсұлтанның «Нұрлы жолы» да қазақ елін көшбасшылыққа бастайтын даңғыл жол, жарқын бастама. Нұрлы да, шұғылалы келешегіміздің үкілі үміті. Халқымыздың ертеңіне деген зор құрметі, сенімі, жастарымыздың отаншыл азамат болып жетілуіне жасалған мемлекеттік қадам болып табылады.

2015 жыл қазақ халқы үшін мерейлі жыл болмақ. Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында мемлекет тарапынан көптеген іс - шаралар өткізу көзделуде. Соның бірегейі қыркүйек айында өткізілетін Қозыбасы жерінде өтетін мерей той болмақ. Бұл тойға алыс - жақын шет елдерден қонақтар шақырылып, қазақ халқының салт - дәстүрлерінің қасиеті, сана - сезімнің биіктігі қонақ жайлылығы көрсетіледі. Осындай игі шаралардан біздің мектепте тыс қалған жоқ. Атап айтар болсақ: мектебімізде қазақ хандығының 550 жылдығына арнайы стенд ұйымдастырылды және осы мерекеге орай «Менің елім - мәңгілік ел» атты патриоттық әндер байқауы өтті осы тақырыпта көрме ұйымдастырылып, 7 - 9 сыныптар аралығында конференция оздырылды. Осы іш - шаралардың ішінде 7 а сыныбына « Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы» атты ашық сабақ өткіздім. Бұл іс - шаралар өсіп келе жаттқан ұландардың ұлтымызға, тарихымызға деген құрметін арттыра түседі деп ойлаймын.


Ұқсас жұмыстар
Ұлтты тану - ұрпақ борышы
Нені оқыту, қалай оқыту
Көздегені көк аспан
Испанияның бірігуі
Крит - микендік мәдениет туралы білу
Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің құрылуы
Анамның тілі - алтыным менің
Көпсалалы Ұлағат Қызылорда колледжінің тарих пәнінің оқытушысы
Музыка және қолданбалы өнер, 10 сынып
§1. Англиядағы капитализмнің жеңісі және орнығуы Англиядағы азамат соғысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz