Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Отбасы әліппесі
Отбасы әліппесі
Балаңыз өзіңізден де артық болсын десеңіз...
Бала жетістікке жету үшін, ең әуелі үлкендер өздері отбасында қарым - қатынас, іс - әрекет, мінез - құлқымен үлгі болуы тиіс.
Ал, отбасы - қоғамдық құбылыс екені белгілі. Ол балаларды тәрбиелеуде қызмет етіп келеді , қоғам рөлінде үлкен қызмет атқарады. Отбасы ұжымы мектептегі сияқты баланы тәрбиелеу , оның қабілетін, еңбекқорлығын дамытуға жақсы қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. Қателігін түсініп, түзеп отырудың балаға әсері үлкен. Әр кез ата - ана балаларының үй ішімен, достарымен қарым - қатынасына көңіл бөліп, мән бергені дұрыс. Мысалы, балаңыз дауыстап сөйлесе, тез ашуланса, жылап немесе ыржақтап күліп жауап берсе , ерсі көрінбей ме?. Мектеп табалдырығын аттап әліппені қолға ұстаған бала сиырды-тиыр, шананы - сана, араны - ала деп отырса ше?. Бұндай жағдайда кейбір ата - аналар, ол еркелік, өсе бара кетеді немесе менің бірінші балам да осындай болған, деген сылтаулармен уақыт өткізіп алады. Бала тәрбиесінде бұндай қателіктерге бой алдырмау керек.
Ол үшін отбасы мектеппен бірігіп оқу-тәрбие мәселелерін өмір талабына сай шешіп отыруы қажет. Қазіргі таңда мектепте пән мұғалімдерімен бірге әлеуметтік педагог, психолог, логопед , дефектолог мамандар бала тәрбиесімен қоса жеткілікті дұрыс қалыптасып дамуына түзету жұмыстарын жүргізуде.
Ата - аналар баланың дамуында өздеріңіздің де атқаратын басты рөлдеріңіз зор. Сондықтан да ата-аналар жиналысына қатысып, қажетті мамандардан консультациялар алып, түрлі өткізіліп жатырған дөңгелек үстел, тренингтерге қатысып отыруларыңыз қажет. Бір сөзбен айтқанда ата-ана мектеппен тығыз қарым-қатынаста болуы керек.
Сонымен қатар үй тапсырмасын орындауда баланың білімін толықтырып отыру, білмегенін түсіндіру де ата-ананың міндеті. Үй жұмысын орындау - бала өміріндегі өзіне толық жауапкершілікті сезінетін алғашқы әрекеті. Үй тапсырмасына көмек көрсету үшін ата-ана педагогикалық-психологиялық жағынан дайын болуы керек. Сондықтан төмендегі кеңестер сіздер үшін.
Үй тапсырмасын орындау - маңызды әрі жауапты іс.
Оқушының өзі дәл осындай сенімде болуы тиіс.
> Балаңыз жақсы жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасаңыз.
> Сабақтар күн тәртібіндегі қатаң бекітілген уақытта, толық тыныштықта орындалуы керек.
> Отбасының барлық мүшелері бұл еңбекке деген құрметін білдіруі тиіс, ешкім және еш нәрсе баланы алаңдатпауы керек.
> Бала міндетті түрде жарық, таза және ыңғайлы орындықта жұмысын орындауы керек. Еденде, асүйде, төсекте сабақ оқу тәртіпке жатпайды, керсінше бұл - баланы осындай маңызды үдеріске деген алаңғасарлыққа тәрбиелейді.
> Үй тапсырмасын орындау кезінде теледидар, компьютер сөндірулі болуы керек. Бұл баланың ықыласын алаңдатады және материалды тиімді игеруге , тапсырманы түсіну мен орындауға кедергі болады.
> Балаға күнделікті сабақ оқу кезінде алдымен құралдарын дайындап барып отырған жөн. Себебі қайта-қайта орнынан тұрған баланың ойы бөлінеді, сабақ оқуға деген ынтасы жойылады.
> Дұрыс қолдау жасау .
Сізге, <<Қиын тапсырманы шешуге көмектесіңізші>> - деген өтінішпен келгенде, Сіз: Баладан, оның ойынша бұл есептің жауабын табу үшін не қажет екенін сұрап көріңіз, есепті шығару амалын байқап көруін ұсыныңыз. Ережелерді еске түсіру, өткен тақырыптағы есептердің шығару жолдарын қарауға нұсқаңыз. Есептің шығаруын өзіңіз шешіп бірден кірісіп шығарып бермеңіз, баланың ойлауына мүмкіндік беріңіз.
Егер тапсырманы түсінбесеңіздер оқулықтың бетін жауып қана қоймаңыз, тапсырманы қалай да орындау жолын іздестіріңіз. Мысалы: мұғалімімен хабарласу т.б.
> Үй тапсырмасы - бұл оқыған тапсырмаңды үйден еске түсіре отырып жаңғырту болып табылады.
> Мақсат - кешегіден қарағанда жақсылап істеу, ал оқушы үшін қателерді табу, түсіну және түзету керек. Бұл жағдайда ұрысқаннан гөрі мақтаған жақсы.
> Аз ұрысып көп мақтаңыз.
Балаңызды мақтауда сараңдық танытпаңыз. Әрқашан да мақтауға болады , неге десеңіз - бала жұмыс істеді емес пе! Көтермелеудің баланы баурап алатындай әдістерін табыңыз. Мысалы: Жұмсақ сөздер. Бала періште ғой! Ұрысқаныңды тез ұмытып артынша еркелеп жатады.
Жоғарыдағы кеңестер қарапайым мысалдармен келтіріліп айтылды. Баласы өздерінен артық болып өсіп келе жатқан ата-аналарды бірінші орынға бала тәрбиесін қойған , даму жолына түскен жандар деп ойлаймын. Балаларымыз - болашағымыз. Ал болашағымыз бапты, бақытты болғанға не жетсін.
Қашан, қай жаста болса да бала тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды, кеште болса жалғастыру керек. Алайда, бала өскен сайын тәрбиелеу тәсілдері де қиындай беретіні жасырын емес.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz