Lesson Study әдісін енгізудің талдауы: 3-ә сыныбында білім сапасын арттыру және оқушылардың өз бетінше жұмыс дағдыларын дамыту

«Lesson Study» -дің талдауы

Lesson Study - бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study -ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейді.

Осы орайда ақпанан айында 3"Ә" сыныбында білім сапасын көтеру, АДАТ әдісін ендеру, сонымен қатар пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын, кәсіби шеберлігін, бақылау дағдыларын дамыту мақсатында "ЗЕРДЕ" кәсіби қауымдастық мүшелері мен сынып жетекшісі Ә. Абилевамен бірлескен түрде Lesson Study өткізілді.

Неге осы сынып таңдалып алынды? Себебі менің қарамағымда бақылауды 3- сыныптар болатын. Зерттеу жүргізу үшін мұғалімдерінің бірлесуімен дүниетану сабағында Lesson Study-ді өткізу жоспары құрылды.

Біз қатысушылар үш А, В, С деңгейіндегі оқушыларды таңдап алдық. А деңгейіндегі оқушы «Үлгерімі өте жақсы» А. есімді оқушы, В деңгейінде «Үлгерімі жақсы» Н. есімді оқушы, С деңгейінде «Үлгерімі орташа» А. есімді оқушыны таңдап алып, талдау жұмыстарын жүргіздік. Әрбіреуіне мінездеме беріліп, жан-жақты қарастырдық. Зерттеуге қатысушы мұғалімдер төменде берілген карта бойынша оқушыларды бақылап отырды.

Нәтижесінде Lesson Study өткізу үшін «Білім сапасын арттыру мақсатында жаңа тәсіл ендірен отыра, оқушылардың өз бетімен жұмысын жетілдіру» тақырыбы таңдалып, келесідей күтілетін нәтиже анықталды:

-Оқыған материалдарына сүйене отырып, жоспар құра алады;

-Берілген мәтіннен таныс емес сөздерді анықтап, оларды түсіндіруге тырысады;

-Берілген мәтіннен негізгісін сұрыптай алады;

-Оқыған материалдары бойынша сұрақтар құрастыра алады;

- Өздіктерінен жұмыс жасай алады;

-Білім сапасы артады.

Lesson Study үш цикл бойынша өткізілді. 1-циклде алғашқы зерттеу сабағы бірлесіп жоспарланып, өткізілді, сабақ соңынан оқушылармен сұхбат жүргізіліп, олардың пікірлері ескеріле отырып, зерттеу жүргізуші мұғалімдер бірлесе талдау жасап, келесі зерттеу сабағы бірлесе жоспарланып отырды. Осындай іс-әрекет әрбір зерттеу сабағынан кейін қайталанып отырды.

Алғашқы зерттеу сабағын талдау барысында оқушыларға өз бетімен орындау үшін деңгейлік тапсырмалар дайындау ұсынылды. Екінші зерттеу сабағы алғашқы сабақтың қорытындысындағы ұсыныс ескеріле отырып құрылды және өткізілді. Сабақта оқушылар деңгейлік тапсырмалармен жұмыс атқарды, сабақты талдау нәтижесінде үшінші зерттеу сабағына шығармашалық тапсырмаларды күрделендіріп беруге ұсыныс жасалды. Алдыңғы сабақтан соңғы ұсыныс, оқушымен сұхбат нәтижесі ескеріле отырып, мұғалімдердің бірлесуімен үшінші зерттеу сабағының жоспары құрылып, өткізілді.

3 цикл аяқталған соң мұғалімдердің бірлесуімен Lesson Study қорытындыланды. Нәтижесінде жалпы сыныптағы әр түрлі деңгейдегі оқушылар бойынша өзгерістерді анықтап, төмендегідей қорытынды жасалды:

С деңгейіндегі оқушы:

- Берілген мәтінмен жұмыс жасай алды;

- Жеңіл сұрақтарға жауап беріп, өздіктерінен жұмыс жасауға ынталанды.

В деңгейіндегі оқушы:

- Алған білімдерін қолданып, қосымша материалдармен жұмыс жасай алды;

- өздіктерінен білім алуы үшін жоспар құра алды.

А деңгейіндегі оқушы:

- Проблемалық сұрақтарды анықтап, жауап табуда ізденді. Өз білімдерін шығармашылық тапсырмаларды орындай алды.

Сабақтарының нәтижесінде біз мынаны ұқтық. А деңгейіндегі оқушы берілген тапсырманы орындап тастап, қасындағы оқушыларға көмектесе бастағаны, В деңгейіндегі оқушы да топпен жұмыс кезінде оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасап, не болғанда да қатарынан асуға тырысып бақты. Ал С деңгейіндегі оқушы басқа оқушыдан көшіріп алуға тырысып, бірақ та ойын сабақтарын өткізген кезде, суреттер салу болған кезде қызығушылық танытып, сабаққа аралсақандығын байқадық.

Бұл зерттеу жұмысы тек оқушылардың білім сапасын көтеруге ғана бағытталып қойған жоқ, сонымен қатар, бастауыш сынып мұғалімдерінің ойлап тапқан АДАТ( Асем, Дина, Арай, Теңдік) жаңа әдісті тиімді ендіріп, қолдану құзыреттіліктерін жетілдіруді мақсат еткен болатын. Осыған байланысты, пән мұғалімдеріне төмендегідей ұсыныстар жасалды:

- Өз бетімен жұмыс белгілі бір мақсатқа бағытталған, оқушы орындай алатындай етіп таңдалуы тиіс;

- Тапсырма бар ынтасын салып жұмыс істейтіндей, қызықты етіп әзірленуі керек;

- Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай бағытталуы керек;

- Тапсырмаларды дайындау барысында көп алмау;

-Мұғалімге уақытты үнемдей алу;

- Оқушылардың берген жауабын мұқият тыңдап, қатесін түзетіп отыру;

- Өткізілген зерттеу бойынша педгогикалық кеңесте мектеп ұжымымен бөлісу.

3 "Ә"сыныбында жүргізілген Lesson Study-ді қорытындылай отырып, сабақтағы өз бетімен жұмысты жетілдіруде оқушылардың деңгейін міндетті түрде ескерілу керек, қалыптастырушы бағалауды түрлендіре отыра, әр сабақта мұғалімге оқушылардын кері байланыс алу міндетті түрде керек деген түйін жасалды. Жеке жұмысты берер алдында, оқушылар тақырыпты топта талдаса жақсы нәтижеге жетуге болады


Ұқсас жұмыстар
Lesson Study әдісін сабақта қолданудың тиімділігі мен іске асыру жолдары
Сын тұрғысынан ойлау модулін пайдалана отырып оқушылардың ойлау белсенділігін арттыру: коучинг, тәлімгерлік және Lesson Study тәжірибесі
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын арттыру
Бастауыш сыныптарда оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік негіздері
Технология сабақтарында интерактивті әдістер мен сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру
География мұғалімдеріне арналған Lesson Study тәсілін енгізу: коучинг сабақ жоспары
Мұғалімнің әлеуетін дамыту арқылы оқушылардың ҰБТ-ға дайындық сапасын арттыру
Жаңартылған оқу мазмұнында математика сабағында оқушылардың білім сапасын арттыру: қалыптастырушы бағалау мен инновациялық әдістер
Lesson Study әдісінің мектеп сабақтарындағы рөлі мен маңыздылығы
Lesson Study: сабақ зерттеуінің анықтамасы, мақсаттары және кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz