Жасөсіпірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлық: себептері, белгілері және алдын алу шаралары

« № 4 орта мектебі » ММ

Жасөсіпірімдер арасындағы суицидтік

мінез-құлықтың алдын алу

(б а я н д а м а )

Дайындаған: Н. С. Жанисова

Шалқар қаласы

Біздің Конституциямыз «Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі» деп басталады. Ендеше сол қымбат қазынаны көзіміздің қарашығындай етіп қорғау әрбір азаматтың алдындағы, сондай-ақ жалпы қоғамның алдында тұрған өзекті мәселе. Біздің қазақ көз ашқалы адам шығынын көріп келе жатқан халық. Арғы тарихты айтпағанда, соңғы бір ғасырдың ішінде ғана шұбырып жатқан қалың алаштан ұлтарақтай ұл аман шықты. Бестен үш бөлігін аштыққа берсек, қалғанын болашағымыз үшін деп жүріп құрбандыққа шалдық. Аумалы төкпелі заманның өзі солай етуге мәжбүр етті. Ал енді елге тыныштық орнаған мына бейбіт заманда біздің Қазақстан адам шығыны жағынан әлем бойынша алдыңғы қатарда тұр. Оны біреулер денсаулық сақтау саласының нашарлығымен де байланыстырып жатады. Алайда бір таң қаларлығы- біздің еліміз суицид бойынша да, яғни азаматтардың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша да «көшбасшы» елдердің бірі екенбіз.

Расында да бұл мәселенің маңыздылығы өте үлкен. Мәселен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылы халыққа жолдауында қазақстандықтардың өмір жасын ұзарту үшін қолдан келген шараның барлығын жасау қажет екендігін айтты. Ал статистикаға үңілетін болсақ, қазақстандықтардың орташа өмір жасын келте етіп көрсетіп отырған негізінен осы суицид оқиғалары екеніне көз жеткіземіз.

Суицидке барудың негізгі себебтері:

Әлеуметтік психологиялық тұрғыдағы себептер : ортамен қарым қатынастың бұзылуы; психологиялық климаттың балаға жағымсыз әсер етуі; отбасындағы басқару стилі; үлкендер тарапынан күш көрсетілуі; ата-анасы тарапынан балаға тиісті көңіл бөлінбеуі және мейірімсіздік, қаталдық көрсету; балаларға қол жұмсауы; ата- анасының айырылысуы; құрбы құрдастары, көше мен ауланың жағымсыз әсерлері мен қысымдары, т. б.

Педагогикалық психологиялық тұрғыдағы себептер : балалардың проблемалары жағдайларда өз өздерін басқара алмауы, қиын жағдайлардан шығуда өзін дұрыс бағыттай алмауы; кері әсерлерге қарсы тұра алмауы, өзіндік ішкі қорғаныс бағытының, алға жетелейтін мақсаттың жоқтығы, эмоциялық күйлердің тұрақсыздығы, фрустрацияға, стресске бейімділігі; ҰБТ жағдайларында, әсіресе теріс не төмен нәтижеге ие болғанда өздерін ұстай алмауы, т. б.

Экономикалық психологиялық тұрғыдағы себептер: балалардың құрбы- құрдастары қатарынан қаржы қаражат, киім киісі, ақша жарату, материалдық тұрмыстық жағдайы жағынан жетіспеушілік көруі, т. б.

Жоғарғы суицидтік тәуекел зонасында жүрген адамдардың қатарына:

-депрессиядағы жасөспірімдер;

-ішімдік және наша қолданатын жасөспірімдер;

-суицидтік ұмтылысқа (попытка) барған жасөспірімдер немесе отбасы адамдарының ---

-ішінде өз өзіне қалай қол салғанына куә болған жасөспірім.

-дарынды жасөспірімдер.

-мектепте оқу үлгерімі төмен жасөспірімдер;

-аяғы ауыр қыздар;

-зорлық зомбылықтың құрбаны болған жасөспірімдер;

-религиялық сектаның, қалыптан тыс ықпалына түскен жасөспірімдер

Қазіргі жастарды жіті қадағаламаса болмайды. Жауапкершілікті мектеп мұғалімдері мен психологтарына итере салу - жауапкершіліктен құтылудың ең оңай жолы. Бала тәрбиесіне ең әуелі ата-ана мүдделі болуы қажет. Бала мектептен тыс уақытта немен шұғылданатынын, қайда барып, не істейтінінен хабардар болып, бағыт-бағдар беріп отыру - әрбір ата-ананың қасиетті парызы. Балалар психологиясы ахуалына бірден-бір себепші отбасындағы жағдай.

Ел аман, жұрт тынышта балаларымыздың өзін-өзі өлтіруіне жол бермеуіміз керек.

Суицид белгілері:

Сыртқы түрі мен мінезінде:

Сағынып, мұңайып жүргендей түр

Баяу қимылдау

Монотонды дауыс (естілер естілместей)

Сөйлеудің баяулауы

Қысқа жауаптар

Жауап бермеу

Сөйлеудің жылдамдауы

Екпіндеп сөйлеу

Ұқыптылықтың шектен шығуы

Іс әрекетсіздік

Қимыл қозғалыстың артуы

Ұйқысы келіп жүргендей

Эмоциялық жағынан бұзылуы:

Зерігу

Ашулы

Кекті

Қоршаған ортаға өшпенді қарым қатынас

Өзінің сезіміне сенімсіздік

Мақсатсыз үрейлену, қорқыныш

Қуанышты сәттерге қуана алмау

Секемшілдік

Ешнәрсеге мән бермеушілік

Қайғылы түр

Психикалық аурулар:

Депрессия

Себебсіз қорқынышты байқататын невроздық

Шизофрения

Өз өмірін бағалау:

Өткен өміріне пессимистік баға беру

Өткеннің жағымсыз сәттерін көп еске алу

Жаңа жағдайларға құлықсыз, төмен баға беру

Болашақ туралы жоспарларының болмауы

Тәулік барысындағы динамикалық жағдайы:

Кешке қарай көңіл күйінің көтерілуі

Кешке қарай көңіл күйінің төмендеуі.

Қоршаған ортамен араласуы

Ортамен араласудан қашқақтауы

Көмекті қажетсініп ортамен қарым қатынас жасауға ұмтылыс, қолдау күту

Вегативтік ауытқулар:

Көздің жасаулары

Көзқарашығының үлкеюі

Ауыздың құрғау

Тахикардия

Қан қысымының көтерілуі

Ауаның жетіспеуі, тұншығатындай күйде болу

Тамақта бір нәрсе тұрғандай болуы

Бас ауруы

Ұйқысыздық немесе ұйқышылдық

Кеуде тұсының ауруы, дене бөлшектерінің ауруы

Іш қату

Салмағының төмендеуі немесе артуы

Тәбетінің азаюы, дәм сезуінің төмендеуі

Менструалдық циклдің бұзылуы.

Демонстративті қылық:

Демонстративті суицидті қылықтын көрінуі көбіне тамыр кесу, улы емес дәрімен улану, дарға асылуды көрсету.

Аффективті суицидтік қылық :


Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдердегі суицидальды мінез-құлық: себептері, диагностикасы және мектептегі алдын алу шаралары
Өмірді қадірлеу және оқушылар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу тренингі
Жасөспірімдер арасындағы суицид: себептері мен мектептегі алдын алу шаралары
Оқушылардың девиантты мінез-құлығын анықтау және зерделеу: мектептік практика мен алдын алу шаралары
Нашақорлық - ғасыр дерті: себептері, зардаптары және алдын алу шаралары
Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауы: себептері мен алдын алу шаралары
Алматыдағы смог: себептері, денсаулыққа әсері және алдын алу шаралары
Тыныс алу мүшелерінің аурулары: себептері, жұғу жолдары, белгілері, емдеу, алдын алу және темекі зияны
Темекі шегудің зияны және жасөспірімдер арасындағы алдын алу шаралары
Темекінің зияны мен жастар арасындағы алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz