Қазақстандық туризмді дамыту: ресурстар мен стратегиялық әлеуеті

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - БҮГІНГІ КҮН ТАЛАБЫ

Конусова Алтынай Исаевна

география пәні мұғалімі, Барқытбел орта мектебі

ШҚО, Үржар ауданы, Барқытбел ауылы

Егеменді ел болып, тәуелсіздік туын биік көтерген қазақ елінің бүгінгі таңдағы алдына қойған мақсаты - дамыған өркениетті ел қатарына қосылу. Бұл мақсатқа жетудің бір жолы - қай сала болса да барынша еңбек етіп, қазақтың материалдық, рухани байлықтарын әлемге танытуға әрекет жасау.

Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа терең біліммен бірге өзінің атақонысының табиғатын, өзен, көлін, тауы мен сахарасын танып білуде туризмнің атқарар рөлі ерекше. Табиғат - ананы жақсы білген баланың бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік молынан қалыптасып, отаншылдық рухы жоғары болады.

Қазақстан - Еуразия кіндігінде орналасқан, шығыс пен батыс дәстүрлерін байланыстырушы дәнекер жол. Елдің көне мәдениеті мен көркі әркімді де өзіне тартып тұрады. Бүгінде Қазақстан туризмнің барлық түрі бойынша, нақтырақ айтсақ танымдық, сауықтыру, этникалық, экологиялық, шипа-жай-сауықтыру, жасөспірімдер мен балалар, аңшылық т. б. түрлері бойынша қызмет ете алатын дәрежеде. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстан көне замандардан бүкіл түркі әлеміне танылған тарихи мекен. Сол себептен бірегей табиғаты ғажайып қорықтар, емдік су көздері, археологиялық және тарихи ескерткіштер, қалалар әу бастан саяхат пен туризм көздері саналған. Соңғы кездері әлем бойынша елімізге туристік бағыт алатын туристер саны қарқынды өсіп келеді. Бұл еліміздің жат жұрттарға таныла бастағанының белгісі. Шетелдік сарапшылар Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім туристік саланың дамуына оң әсерін тигізіп отыр деп баға беруде. Қазақстанға әзірге туризм саласындағы жетекші елдермен бәсекелесу мүмкін болмай отыр. Қазақстан иммиджі елдегі туристік кластер мен инфрақұрылымды дамыту, туристік кадрларды даярлап, серпінді жобаларды іске асыру және еліміздің туристік иммиджін қалыптастыру болашағынан зор үміт күттіретін мақсаттар. Туризмнің дамуына саяси иммидждің де зор ықпалы бар. Қазақстанда туризмнің кез-келген түрінің дамуына толықтай мүмкіндік бар. Шұрайлы жеріміздің төсінде аспанмен түйіскен таулар альпинистік және қысқы туризмнің дамуына себеп болса, тұнық та мөлдір су қоймалары мен өзен-көлдер, теңіз туризмінің дамуына негіз - жазғы туризм десек те, қысқы туризм десек те, әйтеуір қазақ даласы отандық және шетелдік туристердің ерекше ықыласын туғызып, ең бастысы дүниежүзіне ұмытпастай етіп қазақты таныстырамыз ғой.

Статистикаға көз жүгіртсек Эйфель мұнарасын көру үшін ғана жұрт Парижге ағылса, жылына отыз миллион халық Түркияда демалады екен. Қазір Қазақстан беделді ұйымның атқару комитетіне мүше болып қабылданды. Көкшенің табиғатына түйсініп, Алатау аршасына сүйсінетіндер енді көбейе беретін болады, сырттан келу екі есеге ұлғаяды, ал Қазақ елі Орталық Азиядағы іргелі мемлекетке айналып, әлемдік туризмдегі мамандардың назарын өзіне аударады, тұтас экономикалық кеңістік пен Еуразиядағы экономикалық қоғаммен бірлесіп, туризмнің жаңа келбетін қалыптастыруға мүмкіндік туады. Шетелдік сарапшылардың Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім туристік саланың дамуына оң әсерін тигізіп отыр деп баға беруі осының дәлелі іспеттес.


Ұқсас жұмыстар
Бөрітастаған жартасының туристік әлеуеті мен дамыту мүмкіндіктері
Батыс Қазақстандағы туризмді дамыту: Шалқар көлі мысалында
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық әлеуеті мен эстетикалық тәрбиесін дамыту
Елбасының 2014 жылғы Жолдауы: мазмұны және стратегиялық бағыттары
Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер мен ресурстар
Түркістанның туристік және рухани-мәдени әлеуеті мен даму мәселелері
Қазақстандағы баламалы энергия көздерін пайдалану: әлеуеті, мәселелері және даму стратегиясы
Қазақстандық Флоренс Найтингейл медалі иегерлерінің тарихы мен тағдыры
Қазақстандық қоғам мен табиғат: көпұлттылық, ұлттық идея және экологиялық жауапкершілік
Қазақстандық кәсіби композиторлар: Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz