Әліппемен қоштасу ертеңгілігінің сценарийі және ұйымдастыру жоспары

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
Тақырыбы:Қош бол, құтты ӘЛІППЕ!
Мақсаты:
1. Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
2. Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
3. Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.
Барысы: Атасы немересін жетектеп келеді.
Автор:
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп.
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп»-деп.
Жетпіс келед жүгіріп.

Немере:
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
Мұғалім:
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
І-жүргізуші:
Қайырлы күн, уа, халайық!
ІІ-жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, әнде бүгін шырқалар.
І-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
Мұғалім:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
1-оқушы: - Гүлім
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2-оқушы:- Дамир
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
3-оқушы- Ерназ:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Ән: «Әліппе»
Қане бері қарайық, - Алина
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.

1. Қарсы ал ерте күн көзін-Фариза

Төсегіңді жина өзің

Асықпай іш тамақты

Жалама ыдыс аяқты

2. Астанам, ұлы Астанам, Ұлылыққа бастаған-Елмұрат

Мақтан тұтар өзіңді, кіп-кішкентай жас балаң

3. Зау-зау заңғар, заңғарлар, Замандар бар, заңдар бар-Жаннұр

З-да барлық заңдылық, Заңда з мен заң болар.

4. Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте-Дархан

Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте.

5. Қарағанды көмірі, Қостанайдың егіні, -Мөлдір

Даласындай жомарт қой, қазағымның көңілі

6. Жағасында Ертістің, Семей деген қалам бар-Айгерім

Туған мұнда атақты Абай, Мұхтар бабалар

7. жарақты жаумен жұлқысқан, Қылышты жаумен қырқысқан, -Дильназ

Ең ежелгі астана қасиетті Түркістан

8. Піскен алма топ-топ түсті, топ-топ түсті көптен түсті-Әлфараби

9. Ас біткен анасы қасиетті нан осы-сабина

10. Осы әріптердің барлығын қосқанда қандай сөз шығады екен?-Ақжол

Қазақстан

Ендеше сендерҚазақстан деген ұлы мемлекеттің бақытты балдырғандарысыңдар

1-оқушы:- Ернұр
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған
Екеуінің аттары.
2-оқушы:- Жансая

Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тонбайсың.
3-оқушы:- Толғанай
Астана- Астанам,
Астана-бас қалам.
Ардақтап атыңды,
Аузымнан тастаман.
4-оқушы - Айман
Ас біткеннің атасы
Қасиетті «нан» осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.
«Отан» әні.

1. Келгенде алғаш мектепке, - Айгерім
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны Әліппе.
2. Бұрқыраған білімнің, - Досымжан
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том - том қалың кітаптың,
Басы болар Әліппем.
3. Бар кітапқа бас болған, - Ислам
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы. .
4. Әліппем менің әліппем. - Бекжан
Өмірді көрем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп - көп рахмет.
5. Бүкіл қазақ баласы дәріптеген-
Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған,
Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен
6. Таныстырып 42 әріппен, - Алина
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи жаза білгенің
Сауатты адам қатарына кіргенім
7. Ең алғаш алғанымда «Әліппені»- Дильназ
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?
Ұстазым оның кілтін алып берді
«Бір оңға, бір солға-ән


Ұқсас жұмыстар
Әліппемен қоштасу ертеңгілігінің сценарийі (бастауыш сынып)
Әліппемен қоштасу және Жаңа жыл ертеңгілігінің сценарийі
Әліппемен қоштасу ертеңгілігінің сценарийі мен тәрбиелік-оқыту жоспары
Әліппемен қоштасу ертеңгілігінің сценарийі және оқу-тәрбие мақсаттары
1-б сыныптың Әліппемен қоштасу ертеңгілігінің сценарийі
1-сынып оқушыларының Әліппемен қоштасу ертеңгілігінің сценарийі
Бірінші сыныптағы әліппемен қоштасу ертеңгілігінің сабақ жоспары мен сценарийі
1-А сынып оқушыларының Әліппемен қоштасу ертеңгілігінің сценарийі
1-сыныпқа арналған Әліппемен қоштасу ертеңгілігінің сценарийі мен сабақ жоспары
1-сынып оқушыларына арналған Әліппемен қоштасу ертеңгілігінің сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz