Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Балаларға өздері көрген пішінін сезіне отырып саз балшықтан, ермексаздан мүсіндеудің әдіс тәсілін меңгерту

Мүсіндеу оқу іс -әрекетінің жас ерекшелігі бойынша әдістері.
1-сәбилер тобында: Алғашқы сабақта саз балшықпен мүсін жасау жұмыстарымен басталады.Мұнда тәрбиеші балаларды мүсіндеуге қолданатын құрал-жабдықтар мен және саз балшықтың қасиетімен таныстырады. Оның жұмсақтығы, қолмен жақсы иленетінін, оны бөліп алуға, қайтадан біріктіруге болатыны түсіндіріледі.Одан илеп әр түрлі заттар жасалатынын, тақтайшаның үстіне салып илеп жұмыс істеуге,бүтін саздың бір кесегін бөліп алып кішкентай заттың пішінін мүсіндеуге және оны өзгертуге, қарапайым заттарға ұқсастық табуға үйренеді.Тәрбие арнайы ойын әдісімен құра отырып тәрбиеші нақты заттың өзін немесе ойыншық, шағын көлемді мүсіндерді көрсетіп,сипаттап, сұрақ-жауап арқылы түсіндіреді. Балалардың назарын сол затқа аудара отырып , оның мүсінін жасау әдіс тәсілдерін түсіндіріп айта отырып көрсетеді де, балалардан бірлесіп жасауды өтінеді.Тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері: кесек балшықты үзіп бөліктерге бөлу , үзіп алған кесекті алақан арасына салып ерсілі-қарсылы есу( тақтайша үстіне қойып есуді көрсету) . Есілген заттарға ат қою,мысалы:бағаналар, таяқшалар,карандаштар.т.б. Бұдан кейін саз балшықты авлақан арсына салып айналдыру тәсілдері үйретіледі. Домалақ пішінді заттардың тегіс болып бейнелеуін қадағалайды. Мұндай заттар: доп, алма,апельсин.т.б. Қыс мезгіілде қардан аққала, ақшақар, сырғанақ жасауға болатынын суық аязда қататынын, күн жылына еріп кететінін түсіндіреді.Оқу жэылының аяғына қарайқарапайым заттарды мүсіндеу күрделене береді. Мысалы: Саңырауқұлақ,қуыршаққа қолшатыр.

Екінші сәбилер тобында: Мүсіндеу жұмыстары бойынша бұл топта 2-3 бөліктен тұратын заттарды мүсіндейді. Жасаған бейнелерді нүктелермен безендіреді . Алдыңғы іскерліктері мен дағдыларын жетілдіре түседі. Бірінші тоқсанда: алғашқы сабақтарда саз балшықты алақан арасына салып тігінен есу, алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін меңгереді.Біріңғай пішінді бірнеше зат жасауды,бірнеше бөліктер тұратын заттарды мүсіндейді.Мысалы <<Мүсіндеуді үйренеміз>> дегн тақырыпта балалар бұрынғы іскерліктерін жетілдіре отырып әр түрлі пішіндегі заттарды жасайды.Қолдың қимыл қозғалысы дамытылады.көкөністер, жемістер, ұлттық тағамдар,тоқаш, нан. Екінші тоқсанда алдымен домалақ пішіндерді жасап оны бір-біріне біріктіру, бірнеше бөліктерден тұратын қоян бейнесін сәбізімен қосып жасауға болады.Мүсіндеуден үйренгендерін бекіту мақсаты дербес әрекет ету үшін <<Қуыршақты қонаққа шақырамыз>>-деген тақырып ұсынылады.Үшінші тоқсанда бірнеше бөліктен тұратын заттарды, біріңғай пішінді немесе әртектес заттарды жасап бір-біріктіреді (шарлар, цилиндр,конус пішінді және диск тәрізді ұқсас заттар)Мүсіндеу сабақтары да ойын түрінде өткізіледі.Негізі жұмысқа кіріспесбұрын заттықарау,толық және жеке бөліктіреді бейнелеп көрсету .Дөңгелектерден қуыршақ жасайтын болса алдын ала ойншық қуыршақты қарайды ,бөліктерін талдайды. Жасалу жолдарын көрсетеді, жаңа тәсілдерді міндетті түрде нақты көрсету қажет. Мысалы таяқшамен безендіру тәсілі.Балалармен алдымен жүргізілетін жұмыстар; көркем шығармаларды оқып берушағын мүсіндерді,иллюстрацияларды қарау өте маңызды.Сабақ соңында ойынға айналдыру өз іс-әрекетің нәтижесін көруде тиімді тәсіл.Жолдастарының жақсы шыққан жұмыстарына назар аудару.Тапсырманы тиянақты орындағандар мадақталады,жұмыстың мазмұнына назар аударады .Мүсіндеу кезінде құрал-жабдықтармен ұқыпты жұмыс істеу дұрыс пайдалана білуге үйрету.

Естияр топтары: мүсіндеудің әдіс-тәсілідерін меңгеруде алақан арасына салып айналдыра домалақтау,қысып басу арқылы жалпақтау,есу, шымшып созу тәсілдерін меңгеруді үйретеді.Саз балшықпен жұмыс жасауда саусақтардың,қолдың,иықтың бұлшық еттерін жетілдіре отырып,қимыл қозғалыс үйлесімділігін дамытады. Құрлыс қарапайым бірнеше бөліктен тұратын заттар мүсіндеуге жаттықттырады.Біртектес бірнеше бейнелерді жасайды. Заттардың бейнесін жасауда әшекейлеуге, әрлеуге таяқшаларды пайдалану, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып бастаған істерін аяқтауға ,еңбек нәтижесіне жете б ілуге үйретеді.
Ересек тобы: Тәрбиешімен шеберлікпен әрбір іс-әрекетке тікелей басшылық етуі қажет.Бұл топта мүсіндеу іс әрекетімен айналысу үшін алдын ала арнайы мақсатты серуендер, саяхаттар ұйымдастырылып , тарихи оқиғаларға байланысты іргелі ескерткіштерді қарап көру , шағын көлемді мүсіндерді қарап, талдау арқылы мүсін өнері жайында қарапайым түсініктер беріледі. Балаларға өздері көрген пішінін сезіне отырып саз балшықтан, ермексаздан мүсіндеудің әдіс тәсілін меңгерту.Жеке заттарды мүсіндеуді меңгергеннен кейін біртектес бірнеше заттарды , содан соң әртектес әр түрлі заттарды мүсіндеп, мазмұн бере білуге үйрету. Кесек саз балшықтан көз мөлшерімен үзіп алып заттың бөліктерін жеке жасап оны біріктіруге, таяқшаларды>>стек! Пайдаланып тегістеуге,қырнап жонуға, бедер түсіруге, заттың негізгі белгілеріне қарай сипатын көрсете білуге машықтандыру.Мүсіндеген заттың бір біріне беріктігн қадағалау және тұғырға дұрыс орналастыруды үйрету.Әдіс-тәсіл: Шымшу, есу, домалақтау, жалпақтау. Мүсін жасалған заттарды сулы шүберекпен тегістеу.Қазақ халқының ыдыс аяқтары: тостаған,табақ,құман, торсық, астау.т.б.өрнектеуде үстіне үстемелеп ермексаз қосу,бедерлеу,оймыштап бедерлеу,саз балшықпен жасалған заттарды кептіріп бояумен әшекйлеу дағдыларын меңгертеді. Релефті бейнелерді бедерлеуде сандық бетін,, жүк аяқ, дөңгелек үстел беттерін әшекейлеу машықтарына жаттықтыру.

Ұқсас жұмыстар
Мүсіндеудің түрлері
Саз балшықтыв
ҰОҚ Ермексаз әлемі
Мүсіндеудің әдіс - тәсілдері
Мүсіндеу
Оқушылар анаграмма
Хайуанаттарды мүсіндеу
Жылдық жоспар. даярлық тобы
Балалар мынау қандай ойыншық
Ойыншықтар әлеміне саяхат
Пәндер