Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Эстафеталық ойын

Пәні: Дене шынықтыру Сыныбы: 3а-3ә
Сабақтың тақырыбы: <<Эстафеталық ойындар >>
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын
арттыру, эстафеталық ойын түрлерімен таныстыра
отырып ,оны ойнау әдістерін үйрету.
2. Оқушылардың ептілігін, шапшаңдығын ,төзімділігін
қимыл - күш қабілеттерін дамыту.
3. Ойын кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауға,
татулыққа ,ұйымшылдыққа ,бірін - бірі сыйлай
білуге тәрбиелеу.
Түрі: Эстафеталық ойын.
Өтілетін орны: Спорт зал.
Көрнекілігі: Доптар , шар, жалауша , кедергілер, секіргіш жіп , ысқырық,
эстафета таяқшасы ,эстафеталық ойындар жазылған плакат.
-Құрметті мұғалімдер және оқушылар! Бүгінгі <<Эстафеталық ойындар>> атты спорттық жарысымызға хош келдіңіздер! Бұл ойын эстафеталық жарыс түрінде өтетін болғандықтан жарысқа екі топ (3сынып оқушылары ) қатынасады. Сонымен жарысқа қатысқалы отырған екі топты :
3а-сыныбынан құралған <<Жас ұлан >>тобын , 3ә сынып құралған
<<Жас қыран>> тобын қошеметтеп ортаға шақырайық .
Жарысқа қатынасушы топ мүшелері <<Қаражорға>> биімен дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

Ал ,құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділқазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!, дей отырып сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық .

Спорттық жарысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

<<Қазақстанның Республикасының Гимні>> орындалады.

Сайыстың бағдарламасы :

I. Таныстыру. /Топтың аты , ұраны/
II. <<Эстафета таяқшасын алып жүгіру>>. Қолында эстафеталық
таяқша бар алғашқы ойыншы кедергілер арасымен жүгіріп өтіп ,
белгіленген жерге жеткен соң таяқшаны келесі ойыншыға
береді,осылай ойын жалғаса береді..
III. <<Кім жылдам?>> Допты кедергілер арасымен алып белгіленген
жерге ұрып барып , қайтарында жерге ұрып алып қайтып ,әріптесіне
беру.
IV. <<Секіртпемен жүгіру>> Секіртпемен секіріп жүріп , кейін қайтады да
келесі ойыншыға береді.
V. <<Кім мерген?>> Допты көтеріп алып жүріп ,қабырғадағы шарды
жарып қайтып допты келесі ойыншыға беру.
Сергіту сәті: <<Шеңбердегі тілек>>
Оқушылардың шығармашылығына кезек берейік.
(1а сынып оқушысы Айболұлы Аслан )

Қорытынды:
Сөз әділқазыларға беріледі. Командалар сап түзеп қатарға тұрады.
Ұпай санын есептеп ,жарысқа қатысқан командаларды марапаттау.

Алматы облысы
Ұйғыр ауданы
<<Сүмбе орта мектебі мектепке дейінгі
шағын орталығымен>> коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Дене шынықтыру пәнінің
мұғалімі: К.Алиева

Ұқсас жұмыстар
Эстафеталық жүгірулер
Спорт - біздің досымыз. 5 сынып
Эстафеталық ойындар жайлы ақпарат
2030 жылға сапар атты эстафеталық ойын
Эстафеталық ойындар. 3 сынып
Эстафеталық ойын. ұлттық ойын «хан талапай»
Эстафеталық ойындар.
Эстафеталық жүгіріс 4х60 м
Эстафета 4*100 м жүгіру
Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау
Пәндер