Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қымбатты мектеп бітіруші түлектер
Қарағанды облысы,Ұлытау ауданы
<<№11 Қоскөл орта мектебі>> КММ
директордың тәрбие ісінің орынбасары Айгуль Серікқызы
ЖҮРЕКТЕРДІ ТЕРБЕГЕН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СЫҢҒЫРЫ
Соңғы қоңырау.........
Бұл күн бәріміз үшін де қуанышты. Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады. Ал ата-аналар кешегі бірінші сыныпқа барған баласының ержеткеніне қуанады. Соңғы қоңырау сыңғыры мектеп түлектері үшін соңғы рет қағылып, оларды жарқын өмірге шығарып салса, бірінші сыныптықтарға білім айдынында еркін жүзуге шақырады. 2014 жылғы 25 мамыр күні сағат 10.00-де <<№11 Қоскөл орта мектебі>>КММ-де 2013-2014 оқу жылының аяқталуына арналған <<Сыңғырла соңғы қоңырау,құлақтан үнің кетпестей>> атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.Бұл салтанатты жиынға мектебіміздің 73 оқушысы қатысты.Оның ішінде 4-еуі мектеп бітіруші түлектер. Төменде осы кештің өтілуін сіздерге ұсынып отырмын.
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!
1-жүргізуші: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
2-жүргізуші: Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, тынымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен, <<Соңғы қоңырау>> мерекесімен құттықтаймыз!
1-жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.
2-жүргізуші: 2013-2014 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған
<<Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау>> атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
Оқушылар түзеліңдер!Түзу тұрыңдар!Қазақстан Республикасының туына сап түзейік! Қазақстан Республика туын көтеру құрметі 11-сынып оқушысы Әбдібеков Сайранбекке беріледі.(Әнұран ойналып,ту көтеріледі)
2-жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Ұшырдым көкірегімнен жыр кептерін,
Мерекең құтты болсын, түлектерім!
Қол соғып ортамызға шақырайық,
Бүгінгі мектеп бітіруші түлектерін! - деп алтын ұя
мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші: Қуаныш көп болуда сүйікті елде,
Ақылды адам-бәрінен биік пенде.
Сайранбек,болашағың жарқын болсын,
Жұлдызың болсын әркез биіктерде.
Әбдібеков Сайранбек Шахмаранұлы.
2-жүргізуші: Жаның бай,өзің сұлу ертегісің,
Мінекей ұшып барады ерке құсым.
Мектебінің мақтанышы бола білген,
Салтанат,сен-елімнің ертеңісін.
Оқу озаты,мектебіміздің активисті,аудандық олимпиада жеңімпазы,Қарағанды қаласында өткен облыстық олимпиаданың ІІІ-орын иегері Бекетова Салтанат Серікқызы.
1-жүргізуші: Ерасыл,мықты маман болуды армандайсың,
Ержетіп бүгін сен де қалғандайсың.
Мектеп берген білімнің арқасында,
Асқақтап болашаққа қол бұлғайсың.
Өмірзақ Ерасыл Серікбайұлы
1-жүргізуші: Түлектер,айтар сөзім,тілегім бар,
Көп жинап,білім деген тірегіңді ал.
Елдос,сенің көңілің ақ,жүзің жылы,
Кең дархан сәбидей пәк жүрегің бар.
Құланбай Елдос Жомартұлы
1-жүргізуші: Бүгінгі жас түлектермен мектеп табалдырығын бірге аттап,тоғыз жыл бірге оқыған балалық балдәурен шақтың қызығын бірге бөліскен,9-сыныптан кейін арнаулы оқу орындарына түсіп,жолдары бөлінген достары бүгінгі жүрек толқытып,сезім тербететін <<Соңғы қоңырау>> сәтінде бірге болу үшін арнайы келген екен.Сол достарын ортаға шақырайық.
1)Жезқазқған Биснес және көлік колледжінің 2-курс студенті Жұмағали Бостан Жомартұлы
2) Жезқазқған Биснес және көлік колледжінің 2-курс студенті Шәкір Тасқын Бақытжанұлы
2-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.
Өмірде өлшенбейтін іс - балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол - болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым деп түсінген мектебіміздің басшысы Бралин Әбдіманат Саматұлына алғашқы құттықтау сөз береміз.
1-жүргізуші: Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,
Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.
Өмір теңіз толқындарын көргенде
Асыл аға тілегіңді аңсармын, - демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарына сөз береміз:
1_ауыл әкімі Жаналин.Х.А_
2. аудандық маслихат депутаты Сейітбеков М.С
3.ардагер ұстаз Мұқашова.Б
1-жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп,
құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.(1-сынып оқушылары )
(Жас Ұлан ұйымы)
1-жүргізуші: Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында - деп жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.
(11-сыныптардың мерекелік бағдарламасы)
Ән: <<Ұстазым,менің ұстазым>>
Сайранбек: Мектебім - алтын ұям, құт босағам,
Білімге бастау алдым осы арадан
Жалықпай табасың деп сен үйреттің
Шешуін қиындықтың тосар алдан.
Мектебім - жұмбақ бағым, құтты мекен,
Ұшырсаң көкке самғап менде кетем.
Анамның құшағындай елжіретер,
Шуақты сендей сұлу жер бар ма екен?
Ерасыл: Үлкен өмір - тым қатал сынақтардай,
Біздерге әлі беймәлім сұрақтардай.
Өз жолыңды өмірде табу үшін
Жармасайық жолына құлап қалмай.
Қош бол енді, мектебім - думанды өмір,
Шарықтайды сан арман қуған көңіл.
Сан тарауға кеткенмен сапар шегіп,
Түбі бізді күтеді туған өңір.
Ән: <<Мектебім,аяулы мектебім>>
Елдос: Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім.
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп, анам боп та көріндің.
Салтанат: Асқан сайын өмір - жолдың өткелін,
Жастық шағың - сағындырар көктемің.
Тілекшің боп тұрады ылғи анаңдай
Алыстағы алтын ұя мектебің...
Жас түлектер қақты бүгін қанатын,
Сәулелік күн жүрекке от жағатын.
Кім ұмытар қоңыраудың сыңғырын
Жүрегіңе мәңгі ұялап қалатын!
1-жүргізуші:Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.
Шақырайық вальске түлектерді
Қоштасудың вальсін айтып тұрып.
<<Қоштасу вальсі>>. Ортаға бітірушілер ән әуенімен шығып , вальске билейді.
1-сынып оқушылары: Сіздерге жалын жүрекпен,
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын.
Сапарларыңыз оң болсын.
2-жүргізуші:Жас түлектер 1-сынып жас бүлдіршіндеріне сыйлық тапсырады.
2-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз беріледі.
1-жүргізуші: Әлі есімде әліппені ашқаным
Есіміңді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып - деп,түлектердің алғашқы ұстазы
Бралина Нүрия Саматқызына сөз беріледі.
1-жүргізуші: Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі - жетекші бапкерлерде деп, келесі сөз кезегі ұлағатты ұстаз, түлектердің сынып жетекшісі Түсіпбекова Әсел Доскенқызына беріледі.
2-жүргізуші: Бүгінгі күн - алтын ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентерлік сәт!
2-жүргізуші: Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11-дің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады, - деп, білімнің алтын кілтін бітіруші түлек, 10-сынып оқушысы, оқу озаты Бекетова Ақжарқынға тапсырады.
(Музыка әуенімен)
1-жүргізуші: Соңғы қоңырау.
Қымбатты мектеп бітіруші түлектер!
Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер.Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау.
Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.
2-жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу салтанаты 11-сынып оқушысы Өмірзақ Ерасыл Серікбайұлы мен 1-сынып оқушысы тапсырылады.
/Қоңырау соғылады /
1-жүргізуші: Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.
2-Жүргізуші:
Бұл соңғы қоңырау үні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні.
Өмірде ілбіп, тек көшпей,
Жүретін сергек жол мынау.
Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау,
Сыңғырла, соңғы қоңырау! - деп мектеп түлектерін жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз.
1-жүргізуші:Білімді шәкірттерін аялаған;
Жақсылығын ешкімнен аямаған.
Саялы бақ,жанашыры жас ұрпақтың,
<<Ұстаз>>деген аяулы,ардақты адам.
Сөз кезегі түлектерді құттықтау үшін оқу ісінің меңгерушісі Тлеуова Шайзат Дүйсенқызына беріледі.
1-жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
<<Сәт - сапар>> деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе,
Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
2-жүргізуші: Қазақ елі қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені. - демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонағы,ауылымыздың ақсақалы Тәуекел атадан бата сұраймыз.
1-жүргізуші: Осымен 2013-2014 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz