Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Тақырыбы: тіл-тарихтың күре тамыры



Тақырыбы: Тіл-тарихтың күре тамыры.

Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру.
Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Баннерлер, қабырға газеті, ақын-жазушылардың суреттері.

Әдісі: Ашық тәрбие сағаты.

Сабақтың барысы:

Мемлекеттік Гимн орындалады.

1-жүргізуші:
Балалар, қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы
орасан зор жұмыстар жүргізілуде.
1989 жылы, 22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы»
заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді.
1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы
қабылданды. заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген.

2-жүргізуші:
Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін
білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде
сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана
тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер
қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Тіл-тарихтың күре
тамыры» атты мерекелік іс-шараны ашық деп жариялаймын!

1-жүргізуші:

Тілім менің-тірлігім,
Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Тілім менің, тілім менің-тірлігім!
Әрине, тілімзідің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес.
Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық.. Ұлылардан
қалған ұлы сөздерге құлақ асайық. [pic]
1-оқушы: «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді».Ғ.
Мұстафин.

2-оқушы: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да
қол үзеді.» Ғ. Мүсірепов.
3-оқушы: «Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі
әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік». М. Әуезов.
4-оқушы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл
ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».Б. Момышұлы.
5-оқушы: Жарық көрмей, жатсаң да ұзақ, сен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырына
Ақ көңілмен тарта аларсың, сен тілім.

Ортаға Сәңкібай Гүлназымды шақырамыз!
«Қазақ елі осындай» әні орындалады

2-жүргізуші : Тілім менің тірегім, дінім менің,
Тілсіз қандай болады күнім менің.
Өз халқыма жетеді өз мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым менің

6-оқушы: Мұхтар Шаханов. «Төрт ана».
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.
Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері-түп қазығы, айбыны,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасиетті болса да.
Төрт анаға әнін жолдай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
1-жүргізуші: Қазағым тіліңменен жана берші.
Әуендетіп, әніме сала берші.
Мәңгі даңқың түспесін-қазақ тілі.
Көкейімде жатталып қала берші.
Ортада: «Қара жорға» бишілері !
[pic]

2-жүргізуші: Тіл! Тіл-құрал! әсіресе, егер ол өз ана тілін немесе туған
тілің болса. әрбір ұлттың өзінің ұлттық тілі болады. Сол ұлттық тілді әрбір
адам қорғай білуі қажет. Сол сияқты ұлттық тілді қорғау-біздің міндетіміз.

7-оқушы: ана тілім-тірлігімнің тірегі,
Тілмен ғана кірер адам реңі.
Тілсіз қоғам-өлі мынау дүние,
Түсініксіз тылсымменен бір еді.
Ана тілім-әрекетім азығы,
Бар ғаламды танушылық қазығы,
Ой-сананың өсуінің күәсі,
Ғасырлардың кейінгіге өз үні.

1-жүргізуші: Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім!
Көрермендерге көңіл сергіту ойынын ұсынамыз.
Ойынның аты «Сөз құрастыру», ортаға 4 оқушы шақырылады.
Сары киімдерді 4 оқушыға таратып беру, және ойын шартын түсіндіру.
-Сіздердің әрқайсыңа әріптері бар киімдер берілді, менің сұрағым бойынша
осы әріптерден сөз құрауларың керек. Тапсырма түсінікті ме?
1) шай ішетін ыдыс? Кесе
2) қай жануар ақырады? Есек
3) сақалы жоқ адам? Көсе
4)суда жүзеді? Кеме
5) өндіріс орны өндіреді? өнім
6) үйге неден кіреміз? Есік
Тамаша! Орындарыңызға отыруыңызды сұраймыз.
[pic]

Ортаға және 4 оқушы шақырамыз.
Көк киімдерді 4 оқушыға таратып беру, және ойын шартын түсіндіру.
-Сіздердің әрқайсыңа әріптері бар киімдер берілді, менің сұрағым бойынша
осы әріптерден сөз құрауларың керек
1. асыл тастан, ........... жастан? Ақыл
2.Таста өсетін өсімдік? Қына
3. Қыста мінетін көлік шана
4. Зәулім ғимараттары бар елді мекен? Қала
5. Газет атауы «Жас .........»? Алаш

Өте тамаша ойын болды, ойыншыларымызды алғыспен орындарына шығарып саламыз!

2-жүргізуші: «Тіл –ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан
ұрпаққа ұласқан,бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр
ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру-
мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер!
Ана тілің-анаң. Сыйлап өтіңдер!
Туған тілін танымаған көрсоқыр
Болып өтер ертең мәңгі өкінер! дей отыра бүгінгі «Тіл-тарихтың
күре тамыры» атты сабағымызды аяқтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып,
амандықта жүздесейік!
Қош сау болыңыздар!
[pic]

Ұқсас жұмыстар
Отан деп соғар жүрегім. 3 сынып
Тілім менің тірегім, Тілімде бар тілегім
Тіл – халықтың күре тамыры
Ана тілім, ана тілім жүрегім
Тіл мерекесі жайлы ақпарат
Ана тілім-дана тілім
Ұлт - тілі асыл қазына
Қазақ тілінде
Айтылған сөз
Туған жердің тағдыры толғандырады
Пәндер